Біз серуенге шығамыз



бет42/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Ортаңғы топ


№ 24


Ұяны бақылау


Жұмбақ
Ши түбінде шым кесе.
(Ұя)
Тақпақ
Құстар ұя салады,
Жасауға жұмсақ ұяны.
Жабағы жүнді жияды,
Жайлы қып жасап ұяны
Жұмыртқасын салады.
Бақылау:
Шатыр астындағы ұяны бақылау, ағаштардағы құстар ұясының ерекшелігін белгілеу. Құстар ұяны жасайды. Өздері ағаш бұтақтарынан, жүннен, шөптен құрайды. Балапандарын ұрғашы құс басады, ал еркегі тамақ тауып, ұяның жаныңда ән айтып отырады.


Қимылды ойын: «Кім шақырды?»
Белгі арқылы шеңберге тұруға дағдыландыру. Жолдасының дауысын тануға үйрету, ойын шартын орындату. Жануардың дауысын салу, бұйрықсыз бұрылмау. Есте сақтау мен төзімділік қабілетін арттыру.


Еңбек: Жер қазу жұмысы. Гүлзарлар қазу.
Гүлзар жұмысында тәрбиешіге көмектесу, еңбек ету тапсырмаларын орындату. Ересектерге көмектесу, бастамасын мадақтау.


Өз бетімен ойындар:«Ғарышкер»
Балалар құрылыс ойынында зымыран құруға үйрету, жағдай жасау, керек заттар мен ыңғайлы орын дайындау. Ойында татулық қарым қатынасын тәрбиелеу.




Ортаңғы топ


№ 25


Өсімдіктердің бірінші көктеуін бақылау(Ақселеу)


Тақпақ
Үлбіреген бақбақ, Үлпілдеген аппақ. Уф!-десем бақбақ, Ұшасың ғой қаптап.
Бақылау:
Назар аударыңыздар: жердің жылуымен жаңа өсімдіктер пайда бола бастайды. Өсімдіктер алдымен күннің жылы қызуымен өседі. Бір-екі өсімдіктерді айыра білу. Өсімдіктерді аялауға тәрбиелеу.


Қимылды ойын: «Күшік пен мысықай»
Гимнастикалық қабырғада 4 аяқтап өрмелеу қабілетін арттыру. Ептілік пен төзімділікке тәрбиелеу.


Еңбек: Гүлзарға гүл тұқымын себу.
Өз еркімен таяқшамен қуыс жасауды және суаруды үйрету. Өз еңбегіне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.


Өз бетімен ойындар: Құммен ойын
Алдын ала келісім арқылы өзара жұмыстарды бөлісу, бір-бірінің жұмысын үлестіру және біріккен жігермен нәтижеге жетуге үйрету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет