Жүргізуші : Бүгін екі топ жарысқа түседі. «Мергендер», «Жүйректер»
Эстафеталық жарысымыз 6 бөлімнен тұрады: 1 бөлім- «Таныстыру»
2 бөлім- «Жарыс түрлері»
3 бөлім- «Қимылды ойын»
«Мергендер»
Мерген ,мерген,мергенбіз,
Бәрін көздеп жеңгенбіз.
«Жүйректер»
Топты бастап жүретін,
Жүйректерміз біз алды.
Жеңісті қолдан бермейтін
Жүйректерміз біз мықты.
Жүргізуші : Ал, қане бір-бірімізді қостаймыз
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
1-ойын «Допты шапшаң бер» Әр топтың алдыңғы жағынан 6-8м қашықтықтан шеңбер сызылады. Шеңберде топ басшысы допты ұстап тұрады. Жүргізушінің берген белгісі бойынша топ басшы өз жағының 1-ойыншысына лақтырады да, өзі жүгіріп барып саптың соңына тұрады. 1-ойыншы қолына доп тиісімен шеңберге жүгіріп келіп, допты келесі ойыншыға лақтырады. Ойын осылайша ақырғы ойыншыға дейін жалғасады. Топ басшысы шеңберге қайта келгенде ойын аяқталады. Топ басшысы шеңберге бұрын келген топ жеңіске жетеді.
2-ойын «Картобынды егіп кел де, жинап ал» Ойыншылардың алдында арасы 1м қашықтыққа түзу бойынша сызылған 10 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 10картоп болады. Белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2-ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3-ойыншы егеді. Ойын осылай жалғасады. Топ басшысы дорбаны соңғы ойыншыдан алған мезгілде ойын аяқталады.
3. Есекпен кедергілер арасынан өту.Екі командадан, бір-бірден шығып кедергілердің арасымен есекке мініп, жылдамдықпен жарысады, айналып келіп келесі кезектегі балаға есекті солай жалғастырып қатардағы балалардың
барлығы ойнап біткенше ойын жалғасы табады.
Қай топ бірінші келсе жеңіске жетеді.
4. Доппен жарысу Саптың ең алдында тұрғандардың қолында доп болады. Мұғалім белгі берісімен доп ұстаған екі ойыншы жүгіре шығып, допты баскетбол ойынының тәсілімен тездете алып жүріп, орындықты айнала келіп, доты өз командасының келесі ойыншысына береді де, өзі саптың ең соңында барып тұрады. Тапсырманыойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші келсе, сол команда жеңіске жетеді. Доп қолдан шығып кеткен жағдайда, сол жерден қайта жалғастыру қажет. Белгі берілмей тұрып алаңға жүгіріп шығуға болмайды. Допты өз әріптесіне беру мәре сызығында орындалады. Ойынның мақсаты-мәреге өзгеден бұрын жетуге тырысу арқылы жылдамдықты арттыру.