Тақырыбы : «Дене тәрбиесі-денсаулық кепілі»
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Дене шынықтыру
Мақсаты: спорт дене шынықтырудың маңызы туралы түсінік бере отырып, сабақ барысына қимыл қозғалысты енгізу.
Құрал-жабдықтар: спорт түрлері бейнеленген суреттер,ысқырық.
Шаттық шеңбері -балалар ,бүгін біздің сабағымызды жақсы көңіл күймен өткізейік. Олай болса, бір-бірімізге жақсы лебіздер айтып сабағымызды бастайық.
-намысты бол , жігерлі бол, турашыл бол, шешен бол, өнерлі бол, адал бол, күшті бол, мейірімді бол, ақылды бол, қайратты бол, сыпайы бол, көңілді бол.
Негізгі бөлім: -балалар бүгін аптаның қай күні? (бейсенбі)
Бүгінгі сабағымыз қауіпсіздік негіздері.
Балалар, біз күнделікті таңертеңгілік ұйқыдан тұрған соң не жасаймыз? (ертеңгілік жаттығу)
Таңертеңгілік жаттығу, спортпен шұғылдану, денемізді шынықтыру арқылы біз денсаулығымызды, дене бітімізді шынықтырамыз. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне де байланысты. Адамдар әрқашанда қимыл қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып , жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз.
Мақал мәтелдер. Бірінші байлық-денсаулық,
Екінші байлық-он саулық
Үшінші байлық-ақ жаулық. (Алидар )
Денсаулық-зор байлық (Жасмин )
Дені саудың жаны сау.(Сезім )
Жұмбақ Таппайтын тағат,
Тығулы сағат (жүрек)
-Тазалық –денсаулық негізі, денсаулық-байлық негізі.
Адамның ең маңызды мүшесі ол –жүрек. Жүрек сол жақ көкірек қуысында орналасқан. Жүрек қан айналымын реттейтін мүше. Жүрек ауырмау үшін спортпен айналысу қажет. Дене шынықтыру, спортпен шұғылдану, шаңғымен, конькимен сырғанау, суға түсу, таза ауда қыдыру қажет.
(Тақтаға спорт түрлерінің суретін ілінеді)
- Балалар мына суретте спорттың қандай түрлерін көріп тұрсыздар?
- Спортпен , гимнастикамен шұғылданбаса, жиі қозғалмаса, бұлшықеттер, серпінділігін жоғалтады. Әлсірегенше жұмыс істеуге, жүгіруге болмайды, бұлай ету жүректі әлсіретіп алады. Сендердің жүректерің өз жұдырығының көлеміндей. Адамда жүрек біреу ғана, оны сақтау қажет.
Тақпақ Денсаулық ол-күлуің
Көңіл –күйің жадырай,
Денсулық ол-жүруің,
Ешбір жерің ауырмай. (Дастан)
Спорт көркі өмірдің,
Спорт –досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып , өсіп толарсың.( Әлиби )
Шынығу үшін шымыр бол
Шынығамыз шаршамай
Бұлшық еттер шымыр боп
Аламыз сосын тыныс жай. (Дария)