Бақылау сұрақтары:
1. Мотив және мотивация ұғымын сипаттаңыз.
3. Кедейліктен миллиардерлікке қалай жетуге болады.
4. Ой түйсік мәселесі дегенді қалай түсінесіз?
5. Саланы таңдау мәселесі қалай жүзеге асады.
6. Бастапқы капитал ақша салымы мәселесі
7. Мақсат мәселесін қалай түсінесіз?
8. Хабарыңыз бар ұсақ-түйектен немесе шағын нәрседен бастау мәселесі жайлы түсініңіз қалай?
Дәріс №4. Кәсіпкерлік саладағы әлеуметтік-экономикалық мәселелер
Мақсаты: Кәсіпкерлік саладағы әлеуметтік-экономикалық мәселелермен танысу.
Жоспары:
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің тарихы;
– экономикадағы кәсіпкерліктің мағынасы;
– микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылық.
кәсіпкерлік түрлеріне сипаттама
Дәрісті өткізу түрі: пікір алмасу
Кілтті сөздер: кәсіпкерлік, экономика, қаржы, өнеркәсіп.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің тарихы. Қазақстанның оңтүстігі ерте дәуірлерден бері геосаяси, әлеуметтік-экономикалық, этно-демографиялық және мәдени жағынан маңызды аймақ болып табылады. Бұл өлкенің осындай артықшылықтарын қазіргі уақытта тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін, оның экономикалық тарихына, әсіресе, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастаған жергілікті кәсіпкерлікті дамыту нәтижелеріне объективті баға беру қажет.
Кейінгі жылдары отандық тарихнамада кәсіпкерлік мәселесі бойынша зерттеулер жүргізу жандана бастады.
Қазақстанның экономикалық жағдайы ХХ ғасырдың басындағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің еңбектерінде талданды. Олардың ішінде Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев және С.Асфендияровтардың еңбектерінің маңызы зор. С.Асфендияров ресейлік капитализмнің қазақ даласына ену жолдары мен түрлерін айқындау қажеттілігін атап көрсетті және сауда капиталы туралы мәселеге көңіл бөлді.
Кеңестік дәуірдің зерттеушілері патша өкіметінің саясатындағы оңтүстік аймақтың орны мен патшалық отарлау ерекшелігі, жүргізілген әкімшілік реформалар нәтижесі, қазақ қоғамының саяси-экономикалық дамуы, қоныстандыру нәтижелері жөнінде құнды еңбектер жазды.
Түркістан өлкесінің саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайының өзгеруін, өнеркәсіп дамуының отарлық сипатын алғашқылардың бірі болып П.Г.Галузо зерттеді. Ол шаруашылық түрлерінің дамуына, өлкедегі мақта шаруашылығының өркендеуі, ондағы кәсіпкерлердің еңбегіне талдау жасады.
Осы кезеңдегі Қазақстанның этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық тарихын зерттеуге Э.Герасимов және Т.К. Литвиновтар үлес қосты. Революцияға дейінгі Қазақстандағы сауда мәселесінің түрі және сипаты мәселесін Т.К.Литвинов зерттеді. Ол бай қазақтардың шаруашылығы бірте-бірте өзінің натуралдық сипатынан айырылып, сауда айналымына тартыла бастағанын дәлелдеді. ХІХ ғ. 70-80-ші жж. кеңестік тарихнамада кәсіпкерлік тарихына жеке зерттеу арналған жоқ. Дегенмен, капиталистік қатынастарды зерттеу барысында мәселенің жекелеген салалары қарастырылды. Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласына капиталистік қатынастардың ену мәселесін С.А.Сүндетов зерттеді.
Байлардың жаңа әлеуметтік түр алуы, яғни буржуазиялануы туралы мәселе терең зерттеуді қажет еткен мәселелердің бірі болды. С.Е.Толыбеков байлардың жаңа әлеуметтік топ емес, олар монғол шапқыншылығына дейін де өмір сүргендігі жайлы пікір білдірілді. Оның еңбегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық құрылымын зерттеуге арналған маңызды еңбек болып саналады.
Ц.Л.Фридман революцияға дейінгі кезеңдегі банк, несие жүйелерінің пайда болуы мен даму процестеріне талдау жасап, Қазақстан экономикасындағы шетел капиталының үлесін зерттеді.
ХІХ ғ. соңында – ХХ ғ. басындағы Қазақстанның аграрлық мәселесін Б.Сүлейменов зерттеді. Қазіргі кезеңдегі отандық зерттеушілердің еңбектері кәсіпкерлік тарихын зерттеуде маңызды орын алады. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі жаңа даму кезеңіне аяқ басуы, кәсіпкерліктің тарихына деген қызығушылықты арттыра түсті. С.Қ.Игібаевтың зерттеуінде алтын өнеркәсібіндегі жұмысшы табының қалыптасуы мәселесі қарастырылды. Ол, Ресей капитализмінің дамуы, өнеркәсіп төңкерісінің аяқталуының Қазақстанның алтын кеніштерінің техникалық деңгейінің жоғарлауына ықпал еткенін, бірақ оның баяу жүргендігін дәлелдеді. Т.Садықұлының монографиясында өндірістік өнеркәсіптегі кәсіпкерлерлердің қызметі мен мемлекеттің өнеркәсіпті дамыту бағытындағы саясаты бойынша мәліметтер берілген. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, қолөнер кәсіпшілігінің халыққа қызметі туралы талдаулар С. Мадуановтың еңбегінде жасалады. Оңтүстік Қазақстан өлкесіндегі өнеркәсіп мен сауданың дамуы С.Н.Наумов және Ө.Қ.Қожақовтың кандидаттық диссертацияларында қарастырылды. Қазақстан тарихының тарихнамасында қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымын сараптау мақсатында тарихнамалық зерттеулер жүргізілді. Олардың ішінде Д.И.Дулатова және Т.Төлебаевтің еңбектері маңызды болып табылады.
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.
Кәсіпкер иелігіндегі мүлікті т.б. заңды негізде пайдалану жөнінде, өз бастамасы мен шешімін қабылдауға және кез келген іс-қимылдарды жүзеге асыруға құқылы, заңды ұйым немесе жеке азамат. Лицензиялауға тиіс қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін, кәсіпкер белгіленген тәртіппен және мемлекеттің қолданылып жүрген заңды талаптары негізінде лицензия алуға міндетті.
Экономикалық теорияда, кәсіпкерлік термин экономистердің еңбегінде ХҮШ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында қолданыла бастайды. Бірінші болып ағылшын экономисі Р.Кантильнон қолданды. Оның анықтауынша «Кәсіпкерлік» - бұл табыс табу, жеке шаруашылығы, қолөнерші ремесленник, сатушы т.с.с.). Ол табыс табу үшін, басқаның тауарын белгілі бағамен сатып алып, оны белгісіз бағамен сатады, осы үшін тәуекелге барады. Оның негізгі экономикалық қызметі тауар нарығында әрбір тауарларға сұранысты сәйкестендіру. Тауар нарығында классикалық, экономикалық мектептің негізін салушы – А.Смит.
Нарықтық экономикада кәсіпкерлік қызметі француздың ұлы ғалымы Ж.Б.Сәйдің еңбегінде сипатталған, ол адам өзінің шоты үшін күреседі және белгілі бір өнімді өндіру оның айтуынша, кәсіпкерліктің белсенділік ролін арттырады, ол үшін өндіріс факторларын қиыстыру арқылы білімі мен тәжірибелік қабілетін көрсетеді.
Ж.Б.Сәй кәсіпкерліктің өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты бейнеледі, оның табысының бір бөлігі ерекше дарыны үшін беріледі.
Кәсіпкерлік теорияны дамытуға неміс экономисі В.Зомбарт, кәсіпкер және австриялық экономист И.Шумпетер үлкен үлес қосты В.Зомбарттың айтуы бойынша ол «жаулап алушы» тәуекелге дайын, рухани ойы бай, жігерлі және табанды) «ұйымдастырушы» көп адамдар біріктіріп жұмысқа жұмылдыру) және «сатушы» шеберлік тек өз тауарын өткізу емес, тұтынушыларды қызықтыру негізгі мақсаттары).
Достарыңызбен бөлісу: |