Дәріс №8. Кәсіпкерлік мен бизнеске мемлекеттік қолдау Мақсаты: Кәсіпкерлік мен бизнеске мемлекеттік қолдау жайлы мәліметтерді меңгеру.
Жоспары: 1.Бизнес-жоспар.
2.Жаңа қызметкерлерді тартуға арналған бизнес-жоспар
3.Бизнес-жоспар қандай бөлімдерден тұрады?
4.Жеке мүмкіндіктер
5.Клиент.
6.Бизнесті ұйымдастыру.
7.Ақшаның қозғалысы.
9.Тәуекелдер.
Дәрісті өткізу түрі:Кеңес беру Тірек ұғымдар: Пайдаланылған әдебиеттер Мұқаев Д.Т. Бизнеске бағыт. – Нұр-Сұлтан, 2020 ж.-204 б
Жазықбаева, Г.К., Байзакова, Г.Г. Бизнесті бағалау : Оқу құралы.-Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2017. - 63 б.
БИЗНЕС-ЖОСПАР. Бизнес-жоспар дегеніміз не? Жаңа бизнестің қалай жұмыс істейтінін бағалап, оның нәтижелерін болжау үшін кәсіпкер қызметін бастамас бұрын бизнес-жоспар құруы тиіс.
Бизнес-жоспар–сіздің болашақ бизнесіңіздің жан-жақты толық сипаттамасы. Бизнес-жоспарда бизнес туралы айту, қаржылық талдау жүргізу, маркетингтік жоспар және қызметкерлер бойынша жоспар жасау қажет. Сонда жеке бизнестің бейнесі анық және нақты болады. Бизнес-жоспарды дайындау кезінде болашақ кәсіпкер өзі де көп нәрсені түсініп, байқай алады. Бизнес-жоспар сізге, сіздің болашақ серіктестеріңізге, сіз несие алатын банк үшін қажет. Бизнес-жоспардың кімге арналғанына қарай мазмұнын анықтайтын бірнеше себептер бар:
Өзіңізге арналған бизнес-жоспар. Бұл төмендегі сұрақтарға жауап беретін өзіндік бақылау:
Істі ашу үшін не қажет?
Идеяның шынайылығы жеткілікті түрде ме? Несие алуға арналған бизнес-жоспар. Банктер несие беру туралы шешім қабылдау үшін кәсіпкерлерден бизнес-жоспарды талап етеді. Инвесторлардың қаржысын тартуға арналған бизнес-жоспар. Инвесторлар жеке немесе заңды тұлғалар болуы мүмкін. Оларды тарту үшін бизнес-жоспар өте пайдалы болуы мүмкін. Жергілікті жҽне шет елдік серіктестермен бірлескен кҽсіпорынға арналған бизнес-жоспар. Сауатты құрылған бизнес-жоспар сіздің ісіңіздің маңыздылығынасеріктестің сенімін арттырады.