Бизнес және кәсіпкерлік негіздері


Шағын бизнеске салық салудың ерекшеліктері қандай?



бет23/47
Дата29.12.2022
өлшемі5,81 Mb.
#60147
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47
Байланысты:
Дәрістер Бизнес 2021 жанасы (1)

Шағын бизнеске салық салудың ерекшеліктері қандай?Дербес жұмыс жасайтын кәсіпкерлер бекітілген салық салынатын және бекітілмеген салық салынатын кәсіпкерлер болып бөлінеді. Екеуінің айырмашылығын қарап көрейік: Арнайы салық режимi шағын бизнес субъектiлерi үшiн төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін ҚР аумағында және одан тыс жерде алынған (алынуға жататын) барлық кіріс түрлерінен тұратын салық кезеңіндегі кіріске салық салынады. Шағын бизнес субъектілері салықты есептеу мен төлеудің, сонымен қатар олар бойынша салық есептілігін ұсынудың төменде келтірілген тәртібінің бірін ғана таңдауға құқылы:1. шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі, оған кіретіндер :
 Патент негізінде арнайы салық режимі;
 Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимі
1.Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимі;
2. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, балық шаруашылығы өнімін өндiрушi заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнайы салық режимі;
3. Жалпы белгіленгенрежим. Салық төлеуші ҚР Салық кодексіне сәйкес тәртіппен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнайы салық режимін таңдауға құқылы.
Арнайы салық режимі-салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлері (әлеуметтік салық, корпоративтік немесе жеке кіріс салығы, төлеу көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда) мен жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін табыс етудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.
Патенттің ерекшелігі. Патент-жеке табыс салығын (төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік салықты, міндетті зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік аударымдарды төлеу фактісін растайтын электрондық құжат.Патент негізінде арнайы салық режимін мынадай шарттарға сай келетін:
1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
2) жеке кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асыратын;
3) салық кезеңіндегі (жыл) шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 300 еселенген мөлшерiнен аспайтын жеке кәсiпкерлер қолданады (2015 жылы бұл сома 6 409 200 теңгені құрайды).Егер сіз өзіңіз жұмыс істей алсаңыз (қызметкерлерсіз) және сіздің кірісіңіз жылына 6 409 200 теңгеден аспайтын болса (2015 жылдың 1 қаңтарынан –айына 21 364 теңге), сіз патент алып, өз бизнесіңізбен еркін айналысуыңызға болады.Патент болған кезде төмендегілерден басқа кез келген қызмет түрлерімен айналысуға болады:
4) акцизделетін тауарларды өндіру;
5) акцизделетін тауарларды сақтау және көтерме саудалау;
6) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін – бензинді, дизелдікотын мен мазутты саудалау;
7) лотерея ұйымдастыру және өткізу (мемлекеттік (ұлттық) лотереяны қоспағанда);
8) жер қойнауын пайдалану;
9) шыны ыдыстарды жинау және қабылдау;
10) металлды және түсті, қара металл қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеужәне сату;
11) кеңес беру қызметтер;
12) бухгалтерлік есеп жәнеаудит;
13) ақтандыру брокерінің және сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру қызметі және делдалдық қызмет
Патент ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ұсынғанда ғана жарамды.Сіздің патентті 1 айдан кем емесжәне 12 айдан артық емес мерзімге алуға құқығыңыз ба?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет