Бизнес-жоспардың негізгі мақсаттары Бизнес-жоспар мынадай үш негізгі мақсатқа қызмет етеді:
ол инвесторға нақты инвестициялық жобаға қаражат салу керек па екендігіне көз жеткізеді;
жобаны тікелей іске асыратын адамдар үшін ақпарат көзі болып табылады;
кредит беруші кредит беру туралы шешім қабылдардың алдында қарыз алушының бизнесі және кредитті алғаннан кейінгі бизнестің дамуы туралы толық ақпарат алады.
Бизнес-жоспарлар келесі түрлерге бөлінеді:
инвестициялардың бизнес-жоспары – маркетингтік зерттеудің нәтижелерін әлеуетті серіктеске немесе инвесторға баяндау, болжамды нәтижелердің нарықты игеру стратегиясын негіздеу;
компания мен фирманың дамуының бизнес-жоспары – алдағы жоспарлы кезеңге арналған ұйымның даму жоспары;
кәсіпорынның жеке бөлімшесінің дамуының (құру) бизнес-жоспары;
банктен несие алуға немесе грант алуға арналған бизнес-жоспар.
Бизнес-жоспар бірқатар талаптарға жауап беруі тиіс:
қысқа және айқын анықтамаларды пайдалану арқылы қарапайым және түсінікті тілмен жазылуға тиіс;
оның көлемі машинамен басылған 20-25 беттен аспауы тиіс;
барлығын қамтитын сипатта болуы тиіс, яғни жоба бойынша инвестор үшін қызықты болып табылатын барлық ақпаратты қамту;
шынайы фактілерге және дәлелді ұсыныстарға сүйену;
аяқталған сипатта болу, яғни алға қойылған мақсаттарға жету стратегиясын ұстану;
жинақтылық болу, яғни өндірістік, маркетингтік, ұйымдастырушылық, қаржылық қамтамасыз етуді ұстану;
перспективтік сипатта болу, яғни даму сабақтастығын сақтай отырып, одан арғы жоспарлардың негізінде әзірлеу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
әзірленген бағдарламаға түзетулер енгізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге икемді болу керек;
жұмыс кестесінің нақты сипаттамасымен, қадағалау мерзімдері және көрсеткіштерімен байланысты бақылаушы сипатта болуы тиіс.
Ең кең таралған бизнес-жоспар жасау стандарттары:
тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы экономикалық реформалардың үрдісін жеделдетуге жәрдем көрсету бойынша бағдарламалардың аясындағы Еуропалық Одақтың стандарты (TACIS);
Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымның стандарты (UNIDO);
Аудиторлық, салық және консультациялық қызмет көрсететін фирмалардың халықаралық желісі (KMPG);
Еуропа қайта құру және даму банкінің стандарттары (ЕҚҚДБ);