Өнімнің/қызмет көрсетудің сипаттамасы Бұл тарауда ұсынылатын өнімнің тұтынушылық қасиетіне қысқаша сипаттама беріліп, осындай өнімдердің нарықтағы салыстырмалы талдау нәтижелері де көрсетіледі. Қазіргі жағдайда шағын бизнес нарығында монополист болу екіталай. Сондықтан өз өніміңіздің ерекшелігіне көп мән беру керек. Басқа өнімге қарағанда, сіздің өніміңіз неге және немен ерекшеленетінін көрсету қажет. Жеке ерекше сипаттарды көрсете отырып, нарыққа шығуға және клиенттерді тартуға оңай болады. Мұндай ерекшеліктерді ерекше сатылым ұсынысы (ЕСҰ) деп аталып, оны жасап үйрену қажет.
Мысал, біздің бизнес-жобамыздың мысалы бойынша орындаушы Қазақстанда кеңінен таралған отандық Қызыл дала сиырын сатып алуды көздейді.
Бұл тұқымның ерекшелігі Қазақстан климатына, жем-шөбіне жерсінуі, сонымен қатар қансорғыш кенелерге, ауруларға қарсы тұра алуы (тейлериоз и приоплазмоз). ЕСҰ қалай жасауға болады? Бастапқыда 2 сұраққа жауап беріңіз:
1. Сіздің тауар/қызмет көрсету бәсекелестерге қарағанда несімен жақсы?
2. Сіздің тауар/қызмет көрсету бәсекелестерге қарағанда неге жақсы?
Тауар аты
+ Бәсекелестерден Сіз несімен жақсысыз?
+ НЕГЕ?
Қызыл дала сиыры
қансорғыш кенелерге, ауруларға қарсы тұра алуы (тейлериоз и приоплазмоз), жоғары өнімділік
Себебі Қазақстан климатына, жем-шөбіне жерсінуі
Есте сақтаңыз, ең төмен баға сіздің ЕСҰ болмайды. Сіздің бәсекелестеріңіз сізді нарықққа кіргізбес үшін бағасын төмендетіп жіберу мүмкін. 3.«Маркетингтік жоспар» Бизнесті бастағанда бастапқыда барлығы жақсы көрінеді. Бірақ ертеңге, болашаққа жоспар жасап үйрену қажет.
Марк Стивенс
Маркетинг жоспары
«Маркетинг жоспары» нарық құрылымы, бәсекелестердің ұқсас өнімдері, сауда және қызмет көрсету, баға, жарнама салаларының бизнестің барлық кезеңдеріндегі - өнімнің пайда болуынан сатуға дейінгі және сатқаннан кейінгі стратегиясын анықтайды.