1.2 Бизнес - жоспарлаудың негіздері 1. Кәсіпорындағы жоспарлау
2. Бизнес-жоспарды әзірлеудің әдістемесі
3. Бизнес-жоспардың негізгі бөлімдерінің мазмұны мен сипаттамасы
Кәсіпорындағы жоспар – бұл белгілі бір уақытта маркетинг мақсатына жету үшін әзірленген жүйелік және біртұтас бағдарламалар жиынтығы. Нысандандырылған құжат.
Жоспарлар мынадай белгілер бойынша бөлінеді:
қамту аумағы;
іс-әрекеттер ету мерзімі;
мәнділігі;
әзірлеу әдістері.
Қамту ауқымы бойынша жоспарлар үш топқа бөлінеді: жалпы, біріккен (интегрированные) және ерекшелікті. Жалпы жоспарлар маркетингтің барлық бөлімшелерінің мақсаттарын анықтайды, біріккен жоспарлар өнімнің барлық түрлерін қамтыса, ал ерекше жоспарлар маркетингтің әрбір бөлімдері бойынша жасалады. Мысалы, маркетинг жоспары жарнама, өткізу, жаңа өнімдер бөлімшелері үшін жасалуы мүмкін. Жалпы жоспарларды әдетте, өндіріске арналған тауарды өндіруші жасайды, ал біріңғай біріккен маркетинг жоспарын көбіне қызмет көрсететін фирмалар қолданалады. Маркетингтік қызметі өнім түрі бойынша ұйымдастырылған кәсіпорындарда маркетинг жоспарлары әрбір өнім үшін, ал географиялық принципі тұрғысынан ұйымдастырылғанда - әр аймаққа арналып жасалады.
Іс-әрекеттер ету мерзіміне байланыстымаркетинг жоспары ұзақ, орта, қысқа мерзімдік және жобаларды жоспарлау болып бөлінеді. Маркетинг ұзақ мерзімді жоспарларды 5 жылдан 20 жылға дейінгі, орта мерзімді жоспарлар– 2 жылдан 5 жылға дейінгі уақытта, қысқа мерзімді жоспарлар – бір жылға немесе тоқсанға арналып жасалады.
Мәнділігі бойынша маркетинг жоспарлары стратегиялық және тактикалық болып бөлінеді. Стратегиялық маркетингтік жоспар басты мақсаттарды анықтайды, ал тактикалық жоспар оларды егжей-тегжей қарастырады.
Нарықтық жағдай мен мүмкіндіктерге негізделген стратегиялық маркетингтік жоспар ғаламдық мақсаттар қойылып, компанияның даму келешегін бейнелейді. Тактикалық жоспар ағымдық мәндеттерді шешуге бейімделген әне бағаны. Жарнаманы, өткізу арналарын, қызмет көрсетуді жоспарлау үшін пайдалынатын әдістер мен құралдардан тұралды.
Стратегиялық жоспар жылдық маркетингтік жоспарға ықпалын тигізеді. Мысалы, жылдық маркетинг жоспарының мақсаттары бесжылдық стратегиялық жоспарда белгіленген мақсаттар арқылы анықталады.
Маркетинг жоспарын жасау кезінде әр түрлі тәсілдер қолданылады. Кейбір кәсіпорындарда өнімнің белгілі бір түрлеріне арналған маркетинг жоспары жасалуы мүмкін, ал басқаларында олар белгілі бір нарыққа ену мақсатымен және оның жағдайын жақсарту үшін құрастырылады немесе жоспарлар өнім түрлерімен әрбір нарық үшін жасалуы мүмкін. Сондықтан маркетинг жоспарлары біріңғай болуы, сонымен қатар оңан жеке ішкі жоспарлар кіруі мүмкін.
Әзірлеу әдістері бойынша маркетинг жоспарлары былай бөлінеді: жоғарыдан төмен жоспарлау, төменнен жоғары жоспарлау, қарсы жоспарлау.
Жоғарыдан төмен жоспарлау әдісінде басшылық маркеринг мақсаттарын анықтар, жоспарды әзірлейді, тиісінше оларды әзірлеу бойынша жауапты болады.
Төменнен жоғары жоспарлау әдісі бойынша маркетинг бөлімі өз мақсаттарын айқындап, маркетингтік жоспар әзірлейді оны жоғары басшылық бекітеді. Мұндай жағдайда қызметкерлер жоспарлау мен басқару барысына шығармашылық түрде қатысып, белгілі бір жауапкерішілікті көтереді.
Қарсы жоспарлау әдісінде жоғарыдан төмен мақсаттар анықталып, төменнен жоғары жоспарлау жүзеге асырылады. Жоғары басшылық фирманың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін анықтап, бір жылға арналған жалпы мақсаттарды белгілейді. Олар негізінде жоғары басшылық бекітетін маркетинг жоспары әзірленеді.
Ең ақырында кәсіпорынның тұтас жоспары жасалынады.
Кәсіпорындағы жоспарлардың жіктелуі