Бизнес жоспарлаудың негіздері


Өткізу бойынша көмекшілер



бет7/10
Дата02.12.2023
өлшемі41,47 Kb.
#131882
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
5 апта дәрісі. Бизнес жоспар.Жеке бизнес құрудың құрудың негізгі кезеңдері

Өткізу бойынша көмекшілер






  • 3



  • 4




  • 5

  • 6



  • Сурет 1. Өткізу арналары


    Тауар өндіруші фирмалар өткізу арналарын қолдану интенсивтілігін анықтайды. Интенсивті өткізуге байланысты және нарықтың берілген тауармен қанығуына байланысты эксклюзивті, таңдамалы (селективті) және интенсивті өткізу қарастырылады.


    Эксклюзивті тарату мен өткізуде фирма географиялық аймақта көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындар санын күрт азайтады, нақты сауда ауданында бір-екі ғана бөлшек сауда дүкенін қолданады. Эксклюзивті өткізуде өндіруші делдалды белгілі аймақта тауар өткізу құқығымен марапаттайды. Фирма өткізу арнасын толық бақылауға алып, шамалы жерде үлкен пайда табуға тырысады. Егер өндіруші өз тауарын жоғары сапалылығы мен беделдігі жағынан саралайтын болса, бұл стратегия тиімді болып табылады. Мысалы, Қазақстандағы “Бутя” компаниясының “Жилетт”, “Адидас”, “Хайнц” фирмаларымен ынтымақтастығы.
    Таңдамалы (селективті) өткізу кезінде фирма көтерме және бөлшек сауда дүкендерінің орташа санын қолданады, сауда делдалдарынан құралатын арнаны басқара алады, сату көлемі көп және пайдасы жоғары. Таңдамалы өткізу фирманы арнайы бөлшек сауда дүкендері арқылы тауар ассортиментін сатуға талап еткізеді (әйгілі өндірушілердің аяқ-киімі, джинсілер). Мысалы, таңдамалы өткізу түрін “Пьер Карден” фирмасы қолданады, ол өзінің фирмалық тауарларын арнайы дүкендерде ғана сатады.
    Интенсивті өткізу нарықты тұтынушыларға қажет барлық тауарлармен қанықтыруды, сол арқылы тұтынушыларға таңдауды жеңілдендіруді қарастырады (сүт тағамдары, конфет, нан және т.б.). Интенсивті өткізуде фирма көтерме және бөлшек сауда дүкендерінің көп санын қолданады. Оның мақсаты – өткізу нарығының кеңдігі, жалпылай өткізу, жоғары пайда. Бұл стратегия тұтынушылардың көп санына бағытталады. Мысалы, “Кока -кола” АҚ өз өнімін елдің барлық түкпірлерінде өткізеді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет