Саудаделдалдары - бұл компанияға клиенттер iздеп, оларға µздерi сатып, көмектесетiн iскер адамдар. Сауда делдалдарының көптеген түрлерi бар: агенттер, брокерлер, коммивояжерлер, консигнаторлар, дилерлер, дистрибьюторлар, джобберлер.
Агент - өндiрушi мен єр түрлi тұтынушылар арасындағы делдалдар. Ол белгiлi аймақта өз фирмасының тұрақты өкiлi ретiнде де қызмет етедi.
Брокер - қызығушы тараптар - клиенттер арасындағы мємiленi клиенттердің тапсырмасы бойынша жєне белгiлi-бiр сыйақы үшiн солардың есебiнен жасайтын делдал.
Коммивояжерлер - iрi сауда фирмаларының жылжымалы өкiлдері, сатып алушыларға тауарды өздерінде бар үлгiлерi бойынша ұсынады.
Консигнаторлар - тауарларды консигнациялық қоймалар арқылы сатуға бейімделген делдалдар. Делдалдың қоймасына түскен тауарға, жеткізуші тауар тұтынушыға сатылған мезетке дейін меншiк иесi болып табылады. Тауарды сақтау мен сатуға дейiнгi дайындау жеткізуші есебiнен жүргiзiледi.
Диллерлер - өз атынан жєне өз есебiнен тауарды қайта сатумен айналысатын тұлғаның немесе фирманың жалпылама түсiнiгi.
Дистрибьюторлар - iрi өндiрушi фирмалармен көтерме сауда жүргiзу арқылы өткiзудi iске асыратын iрi делдал-фирмалар.
Дистрибьютордың джобберден ерекшелiгi, iрi фирмалардың иелiгiнде өздерiнiң қоймалары мен тауар өндiрушiлермен ұзақ мерзiмдi келiсiмдерi болады.
Джобберлер, керiсiнше, тауардың жеке партиясын жылдам қайта сатып жіберу үшiн сатып алады.
Өткізу – өнімді кеңестік пен уақыт ішінде жылжытып ауыстыру жөніндегі іс-әрекет түрлерінің жиынтығы, сондай-ақ меншік құқығын өндірушіден тұтынушыға беру. Қысқаша айтқанда: өнім мен қызметтерді тұтынушыға жеткізу.
Өткізу арнасына қатысушылардың міндетті қызмет аясы (5):
Ақпараттық-маркетингтік зерттеулер жүргізу, ақпаратты жинау және оларды тарату.
Коммуникациялық-жарнамалық ақпаратты жасау және тарату.
Тауарларды бейнелеу – тауарларды сатып алушының талабына сай ыңғайлау (өндіріс, іріктеу, құрастыру және орау).
Байланыстарды орнату – мүмкін болатын сатып алушылармен байланысты орнату және қолдап отыру.
Келіссөздер жүргізу – тауар меншігін иемденуге беру әрекетін жүзеге асыру үшін бағаны және басқа да шарттар туралы келіссөздер жүргізу.
Тауар қозғалысын ұйымдастыру – тауарды тасымалдау және қоймаға қою.
Қаржыландыру – арнаның қызмет атқаруына қажетті шығындарды жабатын қаржыны іздеу және пайдалану.
Тәуекелге бару – өткізу арнасының жауапкершілігін өз міндетіне алу.
Төлем жасау – тауарды өндірушіден алуға және тұтынушыға сатуға байланысты операциялар.
Меншік құқығын табыстау – тауарларды иемдену құқығын бір жеке немесе заңды тұлғадан екінші бір тұлғаға табыстау.
Өткізу арнасын қалыптастырудың кезінде басты мәселе – оған қатысушылар саны. Өткізу арналарының деңгейі – бұл тауарды өндірушіден тұтынушыға жылжыту бойынша тізбектегі қайсыбір жұмысты орындайтын кез келген делдал. Өткізу арнасының ұзындығы арнаның аралық деңгейлерінің санымен анықталады, осыған байланысты өткізу арналары қысқа және ұзын болып қалыптасады.
Нөлдік деңгейдегі арна. Бұл арна тұтынушы мен өндірушіден ғана тұрады. Ол екеуінің арасында өткізу деңгейі болмайды, сондықтан тікелей маркетинг деп аталады. Тікелей маркетингке шығарып сату, үйде сату, телемаркетинг, пошталық сауда және тағы басқалары жатады.
Бір деңгейлі арна. Құрамына бір делдал кіреді. Тұтыну нарығында делдал ретінде әдетте бөлшек сатушы, ал өндірісте пайдалану тауарлары нарығында – өткізу жөніндегі агент, дистрибьютор және дилер атқарады. Мысалы: тұрмыстық техниканың негізгі түрлерін, жиһазды, теледидарды өндірушілер өз өнімдерін ірі бөлшек сатушыларға сатады, ал олар оны түпкі тұтынушыларға өткізеді.
Екі деңгейлі арна. Құрамында екі делдал кіреді. Тұтыну нарығында – көтерме және бөлшек саудагерлер, өндірістік құралдары нарығында – дистрибьютор және дилерлер. Мұндай арналарды әдетте азық-түлік, дәрі-дәрмек өндірушілер және тағы басқалары қолданады.
Үш деңгейлі арна. Құрамында үш делдал: көтерме, ұсақ көтерме және бөлшек саудагер болуы мүмкін. Мысалы, ет өңдеу өндірісінде көтерме сауда және бөлшек сауда сатушыларының арасында ұсақ көтермелеуші орналасады.
Өткізу жоспары әртүрлі уақыт кезеніндегі кәсіпорынның сату стратегиясын көрсету керек. Өнімдер бағасы, баға белгілеу әдістері, өнімді сату сызбасы (аванспен, несиеге, экспортқа), шегерімдер мөлшері, өткізуге берілетін уақыт, сату шарттары, төлемді тоқтата тұру уақыты көрсетіледі. Ал, баға белгілеу кезінде бағалардың жалпы құрылымын әзірлеу, бағалардың өзгеруі мен шегерімдер саясаты, баға стратегиясының жалпы пайдаға әсері есепке алынады.