Маркетинг жоспары. Маркетинг-бизнестиі табысқа жетелейтін маңызды жол. Көптеген кәсіпорындар тұтынушыға шын мәнінде керек, тартымды өнімдер өндіргенмен, маркетингтің жоқтығынан сәтсіздікке ұшырап жатады. Сондықтан бизнес-жоспарды әзірлеу кезінде осы бөлімге ерекше назар аудару керек. Бұл бөлімде маркетингтің мақсаты, міндеттері мен стратегиясы, баға белгілеу, өнімді өткізу және оны ынталандыру әдістері, клиенттерге сатудан кейінгі қызмет көрсетуді ұйымдастыру, кәсіпорын және оның өнімдері туралы жақсы қоғамдық пікірді қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Әсіресе тұтынушыларды тарту стратегиясы, өткізу көлемі мен бағаны белгілеу жолдары кеңінен сипатталу керек.
Өнімді өткізу және тарату өзінің меншікті өткізу қызметі не болмаса делдалдар, дистрибьюторлар, диллерлер торабы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Егер өзінің өткізу қызметін құратын болса, төмендегі сұрақтарға жауап беру керек:
Өнімді жеткізумен нақты кімдер айналысады?
Олар қандай қағида бойынша іріктеледі?
Ынталандыру жүйесі қандай?
Өткізу бөлімінде қанша адам жұмыс істейді?
Арнайы дайындау (оқыту) қажет пе?
“Өткізу” ұғымы өнімді тұтынушыға толық көлемде, тапсырылған ассортиментте, сәйкес сапамен жеткізуді іске асыруды атайды.
“Тарату” ұғымы өнімнің кеңістік және уақыт бойынша жылжуында, сонымен қатар өндірушіден тұтынушыға оған меншік иесінің ауысуы жайында атқарылатын іс-шараларды жасау мен реттеуді біріктіреді.
Дайындаушы кәсіпорынмен қатынасының деңгейі бойынша өткізуді ұйымдастыруды орталықтандырылған және орталықтандырылмаған деп бөледі.
Өткізудің орталықтандырылған ұйымдасуы сауда бір орыннан жүргізіледі, мысалы, бас кәсіпорынның саудалық бөлімі немесе нарықта өз атынан және өз есебінен қызмет ететін заңды тұлға еншілес өткізу компаниясы арқылы жүргізіледі.
Өткізудің орталықтандырылмаған ұйымдасуы бірнеше мүмкіншіліктерге ие:
- кәсіпорынның жеке меншік өткізу жүйесі, яғни бас кәсіпорынға қатысты, бірақ құқығы мен экономикалық тұрғысы шектелген сату жөніндегі филиалдар, заңдылық дәрежесі болмағандықтан өз бетінше шешім қабылдай алмайды;
- кәсіпорынмен экономикалық байланысты өткізу жүйесі, құқығы жағынан дербес, бірақ бас кәсіпорынмен кадрлық-ұйымдық және экономикалық байланысты кәсіпорындар;
- өткізу жүйесі құқықтық және экономикалық қатынаста дербес ұйымдармен іске асады, олар дербес өткізу фирмалары.
Тарату арнасы - өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолда жеке меншіктік қатынаста немесе құқықты бір-біріне беру арқылы идеяларды, тауарлар мен қызметтерді жылжытатын және айырбастайтын фирмалар мен жеке тұлғалардың жиынтығы.
! (әдебиеттерде тарату арнасы, өткізу арнасы, тауар жылжыту арнасы бір ұғым ретінде қарастырылады).