Стратегиялық жоспарлау
Тактикалық жоспарлау
Оперативті-күнтізбелік жоспарлау
Бизнес-жоспарлау
Жоспардың міндеті бойынша
Директивті жоспарлау
Индикативті жоспарлау
Жоспарды дайындау сатысы бойынша
Бастапқы
соңғы
Жоспарды жасау типі бойынша
Мақсатты жоспарлау
Ізденушілік жоспарлау
Іс әрекет функциялары бойынша
Маркетингтік жоспар
Өндірістік жоспар
Табыстар мен шығыстар жоспары
Қаржылық жоспар
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде жоспарлау жетекші орын алады. Қазіргі экономикалық жағдай фирма ішіндегі жоспарлаудың жаңа озық тәсілдерін қолдануды талап етеді. Ал, бизнес-жоспар фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады және ол ағымдағы немесе болашақтағы жағдайды талдауға мүмкіндік береді.
Бизнес-жоспар- жоспарланған істің нақты іске асатындығын көрсететін экономикалық тұрғыда негізделген аналитикалық құжат. Ол бизнестің жаңа сферасын құруға немесе кәсіпорын қызметінің жаңа сферасын меңгеруге қажетті кәсіпорынның даму жоспары. Тәжірибеде бизнес-жоспардың келесідей түрлері бар: ұйымның бизнес-жоспары; несие алуға арналған жоспар; инвестициялық жобаның бизнес-жоспары; құрылымдық бөлімшенің бизнес-жоспары; грантқа арналған бизнес-жоспар; өңірді дамытудың бизнес-жоспары; мекеменің бизнес-жоспары және т.б.
Бизнес-жоспар әлеуетті әріптестердің, инвесторлардың, банкирлердің назарын аудартатындай сауатты түрде жасалуы керек. Ол кәсіпорынның не кәсіпкердің өзін, оның бизнесін көрсететін жарнамалау құралы ретінде кәсіби сипатта көрінуі тиіс. Сондықтан оның мазмұнына ғана емес, сыртқы түріне де назар аудару керек. Бизнес-жоспар қарапайым, түсінікті, сауатты жәні пайдалануға қолайлы болуы керек.
Бизнес-жоспардың құрамы, құрылымы мен көлемі оның мақсатына, кәсіпорынның мөлшеріне, қызмет түрінің өзгешелігіне байланысты анықталады. Бизнес-жоспар белгілі бір бөлімдерден тұрады. Мұнда бизнестің негізгі идеясы мен мақсаты ашылып көрсетіледі. Кәсіпорын мен саланың даму жағдайы, кәсіпорында өндірілетін өнімдердің өзгешелігі, нарықтың қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігі сипатталады, сонымен қатар кәсіпорын персоналдары мен басқару жүйесі, маркетингтік, өндірістік, қаржылық жоспарлар қарастырылады.
Бизнес-жоспардың құрылымы шартты түрде төмендегі бөлімдерден тұруы мүмкін:
Резюме
Кәсіпорынның сипаттамасы
Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) сипаттамасы
Нарықты талдау
Ұйымдастырушылық жоспар. Персонал және басқару
Өндірістік жоспар
Маркетинг жоспары
Тәуекелді бағалау
Қаржылық жоспар
Қосымшалар
Бизнес-жоспарды дайындау оның сыртқы бетін (титул) дұрыс рәсімдеуден басталады және ол бетте төмендегі мәліметтер көрсетілуі керек:
Фирманың толық ресми атауы. Егер фирмалық белгісі бар болса, фирманың атауынан кейін орналастырылуы керек
Фирманың ұйымдық-құқықтық нысаны
Заңды мекен жайы, яғни кәсіпорынның тіркек құжатында көрсетілген мекен жайы;
Нақты почталық мекен жайы
Телекоммуникациялық реквизиттер: электрондық почта; телефон; факс номерлері
Жобаға жетекшілік ететін фирма қызметкерінің аты-жөні және лауазымы.
Одан кейін Резюме немесе қысқаша шолу бөлімі дайындалады. Резюме бизнес-жоспардың мәнін ашатын, бірнеше пункттен тұратын қысқаша нысанда сипатталады оның көлемі 1-2 беттен аспау керек. Резюмеде бизнес-жоспардың барлық бөлімдеріндегі ақпараттар қамтылғандықтан, жоба толық дайындалып біткеннен кейін жасалады.