Өнім
| | | | | | | |
Қапталған тұтыну тауарлары (дүкенде сатып алуға болатын, тұтынушыларға үнемі қажет және жиі сатып алатын: азық-түлік өнімдері, тұрмыстық химия, гигиена құралдары және т. б.)
| | | | |
Ұзақ уақыт пайдаланылатын тұтыну тауарлары (тұтынушылар бір рет сатып алып, ұзақ уақыт пайдаланады: тұрмыстық техника, ыдыс және т. б.)
| | | | | | | | | |
Өндірістік мақсаттағы өнімдер (яғни, станоктар, жабдықтар және т. б.)
| | | | |
1-тапсырма
Маркетингтік коммуникациялардың маңыздылығы тауарлардың келесі түрлері бойынша неліктен дәл осылай бөлінгенін ойлап көріңіз және түсіндіріңіз (жоғарыдағы кестені қараңыз).
ЖАРНАМАДАҒЫ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕР
Қазіргі заманғы нарық классикалық ATL - және BTL-коммуникациялардан басқа, event-marketing, вирустық маркетинг және партизандық маркетинг сияқты креативті маркетингтік шешімдерді пайдаланады.
Оқиғалар маркетингі ( Event Marketing) - қандай да бір маңызды оқиға арқылы компания мүддесін алға бастыру тәжірибесі: шынайы немесе ойдан шығарылған, кеңінен танымал немесе нақты бір компания үшін құрылған. Оқиғалар маркетингі – есте сақталып қалатын ғана емес, бірқатар жағдайларда жаңалық бола алатын арнайы іс-шаралар мен акциялар кешені.
Вирусты маркетингке адамдардың айналасындағылармен ақпаратпен бөлісу әдеті жатады. Оның әдістерінің мәні - қызметтерді немесе тауарларды сатып алған тұтынушылардың олар туралы өздерінің достарына және таныстарына айтып беруіне, осы арқылы "жарнамалаушы" болуына жағдай жасау.
Вирустың автономды таралуы бірінші қараған-оқыған адам екіншісіне жіберетін сілтеме арқылы іске асырылады. Вирусты маркетингті газеттерге, содан кейін теледидар экранына өздері туралы қауесеттер мен өсек тарататын шоу-бизнес жұлдыздары белсенді пайдаланады. Содан кейін оқиғаны қатардағы адамдар қағып алып, оны бір-бірімен талқылайды.
Бүгінде вирустық маркетинг тарату үшін жаңа арна тапты, ол - интернет, ол жерде пайдаланушылар бір-бірімен видео, фотосурет, сүйікті музыкаларын алмасады. Блогтар, форумдар, қауымдастықтар, әлеуметтік желілер - жарнама вирусының "көбеюі" үшін бұдан артық жерді табу қиын.
Достарыңызбен бөлісу: |