РеспубликалыҚ оҚу-Әдiстемелiк ЖуРнал мазмҰны содеРЖание Ө. Шеденов., а аРна



жүктеу 0.9 Mb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата26.12.2016
өлшемі0.9 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

1

РеспубликалыҚ

оҚу-Әдiстемелiк 

ЖуРнал 

мазмҰны - содеРЖание

Ө.Шеденов., а.аРна.Қазақстандағы жастар саясатын іске асыру 

бағыттары...................................................................................................2



б.тҰРсынбаева. Оқыту және оқу тәжірибесіне Бағдарламаның жеті 

модулі.....................................................................................................................5



п.мустафина.Дарынды балалармен жеке жұмысты ұйымдастыру.......6

Г.толыбаева.Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу жүйесі................8

Г.кунанова. Жаңа технология- жаңаша үдеріс............................................9

Г.еРниязова. Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары және оның 

тиімділігі....................................................................................................................10



к.абдуалиева ., е.есенЖолов. Об особенностях изучения угла 

и его величины в начальной школе.........................................................13



б.казкеева. Обучения сочинения в начальных классах...........................16

б.баймҰханов., Ж.ахмедова. Өндірістік мазмұндағы математи-

калық  есептерді  шығару.......................................................................................19



б.баймҰханов.,д.хамытхоЖаева.Логикалық  есептер  шығару 

оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру құралдары.............20



б.калкеева. Жас математиктер сайысы.......................................................23

Қ.ШағыРбаева. Шеңбер және дөңгелек....................................................24

Р.еРеменко. Разноуровневые самостоятельные работы по 

алгебре........................................................................................................25



Г.Шайкакова. Вычитание рациональных чисел ............................26

Ж.Жандыкенова.Жер-Анаға сүйіспеншілік туған өлке

топырағынан басталады...........................................................................28



Ә.РахымЖанова. Оқушылардың өздігінен ізденісін 

қалыптастыру ...........................................................................................30



а.нуРтазина ., б.еРденбаева.Менделеев-Клайперон теңдеуі.32

Г.мҰсатай.  Ток күші, Амперметр тақырыбы бойынша қысқа

мерзімді  жоспарлау...................................................................................33



а.альханова. Фотоэффект.Уравнение Эйнштейна для

фотоэффекта..............................................................................................35



а.умиРзакова.Delphi  бағдарламасында тест дайындау.....................37

м.исатаева. Моделдің түрлері......................................................................39

т.ҚыдыРбаева. Әз Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы...............41

б.китатов. Жүрегімнің түбіне терең бойла ......................................43

Г.хайРуллина., а.ЖамиШева. Нақты ғылымдар кеші............46

Қазақстан Республикасының Мәдениет 

және ақпарат министрлiгi Ақпарат және 

мұрағат комитетiнде 2012 жылдың 

30 мамырында тiркелiп, №12770-Ж 

куәлiгi берiлдi



бас редактор  Ж.аРна

ақылдастар алқасы:

Г.балабекова, а. кӘкiтаев, 

Ж.ҚайыҢбаев, Ө. Шеденов,

т.хакимова .

Журнал зарегистрирован Министерством 

культуры и информации Республики 

Казахстан. Свидетельство о постановке на 

учет №12770-Ж от 30.05.2012 г.

Главный редактор Ж.аРна

адрес редакции

050031.  г.Алматы,

Аксай 3А-62-25

тел.: 8(727)291-65-40.

моб.: 8-705-815-32-62.

е-mail:elem@mail.kz

            elek_mek@mail.ru

Собственник:  ИП «Арна Ж.А» 

Меншiк иесi: ЖК «Арна Ж.А»

Теруге 24.05.2015 жiберiлдi

Басуға 03.06.2015 қол қойылды

Көлемi 84х108 1/16, Қағазы 2 офсеттi

Шартты б.т.-3.0. Таралымы-1000

Индексi 74553. Тапсырысы 0315

«Нұр Принт» ЖШС баспаханасында ба-

сылды. Алматы қаласы, Л.Хамиди

көшесi, 4 үй, тел. 397-72-93



«Электрондық мектеп

 Электронная школа»

 

№3, 2015



 №3(17) 2015

лектРондыҚ мектеп

лектРонная Школа

Э

мамыР-маусым

май-июнь

2012 жылдың шілдесінен бастап шығады.Жылына 6 рет шығады.

Издается с июля 2012 года. Выходит 6 раз в год.

Республиканский 

учебно-методический 

ЖуРнал


2

Бүгінде        еліміз       өзінің        алдына       әлеуметтік    

жаңғыру,    үдемелі    инновациялық-индустрияландыру 

және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды 

міндеттер  қойып  отыр.  Тәуелсіздіктің  20  жылындағы 

жетістіктерді бекіте отырып, Қазақстан XXI ғасырдың 

үшінші  он  жылдығында  әлемнің  дамыған  30 

мемлекетінің қатарына кіруге ниет білдірді.

Бұл  жағдайларда  аға  буынның  жасампаз  істерін 

жалғастыруға,  ұлттық  бәсекелестікке  қабілеттіліктің 

деңгейін  одан  әрі  жоғарылатуға,  Қазақстанның  XXI 

ғасырда  гүлденуі  мен  әлемдік  танылуын  қамтамасыз 

етуге  тиіс  жастарға  үлкен  үміт  пен  жауапкершілік 

жүктеледі.

Елбасымыз  «Қазақстан-2050»  Стратегиясында  біз 

үшін  маңызды  міндет-қоғамымыздағы  әлеуметтік-

экономикалық  тұрақтылықты  нығайту  деген  бола-

тын.  Ал  әлеуметтік-экономикалық  тұрақтылықты 

қамтамасыз  ету  үшін  елімізде  тиімді  әлеуметтік-

экономикалық қауіпсіздік саясаты қарқынды жүргізілуі 

қажет.  Оның  бір  бағыты  -  жастар  саясатының 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету [1].

Жастар саясаты туралы заң бойынша жастар - 14-29 

жас аралығын қамтиды. Жастар саясаты - бұл мемлекет 

жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған 

әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық 

және құқықтық шаралар жүйесі қызметінің аясы [2].

Жалпы  алғанда,  Қазақстан  Республикасының  жа-

стар  саясаты  әлеуметтік  саясаттың  аса  жас  бағыты 

болып  отыр.  Мәселен,  «Қазақстан  Респубикасының 

Жастар саясаты туралы концепциясы»  1999 жылы 28 

тамызда қабылданған.

Елбасы  айтуынша,  төрт  базалық  элемент  -  кәсіби 

жақсы  білім,  жақсы  төленетін  тұрақты  жұмыс,  от-

басы  құруға  арналған  жеке  үйі,  салауатты  өмір  сал-

тын  жүргізуге  арналған  мүмкіндіктің  болуы  жастар 

мәселесін шешудің қадамдарының бірі. Тәуелсіздіктің 

алғашқы жылдарынан бастап жас ұрпақтың ойдағыдай 

әлеуметтенуі  мемлекет  назарында  болды  және  қала 

береді.


2001 жылдан бастап бірқатар бағдарламалар, оның 

ішінде  «Қазақстан  жастары»,  «Жастар  саясатының 

2003  -  2004  жылдарға  арналған  бағдарламасы»,  «Жа-

стар  саясатының  2005  -  2007  жылдарға  арналған 

бағдарламасы», сондай-ақ Қазақстан Республикасының 

азаматтарын  патриоттық  тәрбиелеудің  2006  -  2008 

жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылды[3].

Аталған  бағдарламалардың  бәрі  жастардың 

білім, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау 

саласындағы  әлеуметтік  кұқықтарын  қамтамасыз 

етуге,  шығармашылық  әлеуетін  дамытуға,  жастарды 

ауқымды  әлеуметтендіру  және  қоғамда  орын  алуы 



Қазақстандағы жастар саясатын іске асыру бағыттары

 

 

Ө.Шеденов,

э.ғ. докторы, әл-фараби атындағы Қаз Ұу-нің профессоры

а.аРна

мүмкін қауіп-қатерлерден           қорғау           үшін           

жағдай           жасауға           бағытталған.

«Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  жа-

стар  саясаты  туралы»  2004  жылғы  Қазақстан  Респу-

бликасы  Заңының  қабылдануы  жастар  саясатын  одан 

әрі  іске  асырудың  институционалдық  негізіне  айнал-

ды.  2010  жылдан  бастап  жастар  саясаты  Білім  беруді 

дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасының  шеңберінде  іске  асырылуда. 

2008  жылы  «Нұр-Отан»  халықтық-демократиялық 

партиясының  «Жас  Отан»  Жастар  қанаты  I  съезінің 

қорытындысы  бойынша  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  жанынан  Жастар  саясаты  жөніндегі 

кеңес құрылды [3].

2011  жылдан      бастап  «Қазақстан  жас  депутат-

тарының  қауымдастығы»,  ал  республиканың  бүкіл 

өңірлерінде  -  жастар  мәслихаттары  жұмыс  істейді. 

2011  жылы  «Жас  Қыран»  және  «Жас  Ұлан»  балалар 

мен  жасөспірімдерге  арналған  жаңа  ұйымдар  пайда 

болды, олардың басым міндеті патриоттық тәрбиелеу 

болып  табылады.Бірқатар  жастар  бағдарламалары 

мен  бастамалары:  «Жастар  тәжірибесі»,  «Жасыл  ел», 

«Дипломмен  ауылға!»,  «Жастар  кадрлық  резерві», 

«Мемлекеттік  қызмет  мектебі»,  «Жастар  -  Отанға!» 

іске асырылуда.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жа-

стар ұйымдарының бастамаларын қолдау мемлекеттік 

жастар  саясатының  басым  бағыттарының  бірі  болып 

табылады, өткен 8 жылда оның көлемі 10 еседен астам 

өсті. Білім және ғылым министрлігінің құрылымынан 

Жастар ісі комитеті мен Астана, Алматы қалаларының 

және облыстардың жастар саясаты мәселелері бойынша 

басқармаларының  құрылуы  мемлекет  пен  жастардың 

өзара  іс-қимыл  жасау  үрдістерін    жетілдірудің  келесі 

кезеңіне айналды.

Тұтастай  алғанда,  қазіргі  уақытта  әлеуметтік-

экономикалық  жағдайды  жақсартуға,  болашақ 

ұрпақтың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына арнайы 

жастар бағдарламалары ғана емес, сол сияқты бүгінде 

елімізде іске асырылып жатқан білім беруді, денсаулық 

сақтауды, тілдерді дамытудың, үдемелі индустриялық-

инновациялық  дамытудың  ауқымды  мемлекеттік 

бағдарламалары:  «100  мектеп,  100  аурухана»,  «Бала-

пан»,  «Бизнестің  жол  картасы  -  2020»,  «Қолжетімді 

тұрғын үй - 2020» бағдарламалары бағытталған.

Ағымдағы  жылы  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан 

Назарбаев  жастардың  мемлекеттік  және  қоғамдық 

өмірге  белсенді  қатысуын,  олардың  әлеуметтік 

инфрақұрылымға қол жетімдігін қамтамасыз етуге, жа-

стар  саясатын  іске  асыруда  мемлекеттік  органдардың 

жауапкершілігін 

жоғарылатуға 

бағытталған 



3

«Мемлекеттік  жастар  саясаты  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  Заңына  қол  қойды.  9  ақпан  2015 

жыл. Заң 5 тарау, 31 баптан тұрады.

Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  жа-

стар саясатының мақсаты жастардың толыққанды ру-

хани,  мәдени,  білім  алып,  кәсіби  және  дене  бітімінің 

толыққанды  дамуы,  шешімдер  қабылдау  үрдісіне 

қатысуы,  ойдағыдай  әлеуметтенуі  және  олардың 

әлеуетін  елді  одан  әрі  дамытуға  бағыттау  үшін 

жағдайлар жасау болып табылады.

мемлекеттік жастар саясатының міндеттері:

♦  Жастардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін 

қорғау;

♦  Жастарды  елдің  әлеуметтік-экономикалық  және 



қоғамдық-саяси өміріне тарту:

♦  Азаматтыққа  тәрбиелеу  және  қазақстандық  па-

триотизм  сезімін  нығайту.  Мемлекет  жастар  сая-

сатын  жүзеге  асыруда  мынадай  негізгі  бағыттарды 

айқындады:

♦♦♦Қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз 

ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту;

♦ Денсаулық сақтау және нығайту, саламатты өмір 

салтын қалыптастыру;

♦  Жұмысқа  орналасу  және  жұмыспен  қамту  үшін 

жағдайлар жасау;

♦ Жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту;

♦♦♦  Жас  отбасылар  үшін  қолжетімді  тұрғын  үй 

жүйесін дамыту;

♦ Құқықтық   мәдениет   деңгейін   арттыру,   сы-

байлас      жемқорлық      көріністеріне  төзбеушілікке 

тәрбиелеу және т.б [4].

Сонымен  қатар,  заңда  мемлекеттік  органдардың 

жастар  саясатын  жүзеге  асырудағы  кұзыреттері 

белгіленген.  ҚР    Үкіметі  мемлекеттік  жастар 

саясатының  негізгі  бағыттарын  әзірлеп,  оның 

жүзеге  асырылуын  ұйымдастырса,  уәкілетті  орган 

белгіленген саясатты қалыптастырады және іске асы-

рады.  Бұлардан  басқа  білім  беру,  ғылым,  денсаулық 

сақтау, еңбек, кәсіпкерлік, мәдениет, дене шынықтыру 

және  спорт,  діни  қызмет  және  қоршаған  ортаны 

қорғау  сапаларындағы  уәкілетті  мемлекеттік  орган-

дар, Ішкі істер органдары, Қорғаныс министрлігі, БАҚ 

саласындағы  уәкілетті  орган,  жергілікті  өкілді  және 

атқарушы органдар мемлекеттік жастар саясатын іске 

асыруға қатысады. Жастар жыл сайын республикалық 

және жергілікті деңгейлерде форумдар өткізеді.



Республикалық  форум  -  өңірлік  форумдар-

да  сайланған  жастардың  уәкілетті  өкілдерінің  жыл 

сайынғы және жалпыұлттық деңгейде мемлекеттік ор-

гандар мен жастардың арасындағы өзара іс-қимылдың 

тиісті  деңгейін  қалыптастыру  мақсатында  өткізілетін                                                                                                                

форумы.


 Өңірлік форум - өңірлік деңгейде мемлекеттік ор-

гандар мен жастардың арасындағы өзара іс-қимылдың 

тиісті  деңгейін  қалыптастыру  мақсатында  өткізілетін 

жастардың уәкілетті өкілдерінің форумы.

Жастар  мен  жастар  ұйымдарын  қолдау  және 

дамыту  үшін  қызметтер  көрсету  мақсатында  жа-

стар  ресурстық  орталықтары  құрылады.  Олар 

жастардың  бастамаларын  ақпараттық-әдістемелік, 

консультациялық  сүйемелдеу  мен  қолдауды,  жастар 

арасындағы  ахуалдың  мониторингін  және  оны  тал-

дауды жүзеге асырады. Ал мемлекеттік жастар саяса-

тын іске асыруды ғылыми қамтамасыз ету үшін «Жа-

стар»  ғылыми-зерттеу  орталығы  құрылады.  Қазіргі 

жаһандану  жағдайында  жастар  саясаты  саласындағы 

халықаралық ынтымақтастықты дамыту өте маңызды. 

ҚР  мемлекеттік  органдары  жастар  мен  жастар 

ұйымдарын ҚР мүшесі болып табылатын халықаралық 

ұйымдардың  қызметіне  тарту,  тәжірибе  алмасуға, 

достық  және  іскерлік  қарым-қатынастарды  дамытуға 

ықпал  ететін  іс-шараларды  ұйымдастыру  арқылы 

жәрдем көрсетеді. Елімізде жастар саясатын қаржылық 

қамтамасыз  ету  мемлекеттік  бюджет  қаражаты  және 

ҚР  заңнамасында  тыйым  салынбаған  өзге  де  көздер 

есебінен  жүзеге  асырылады.  Жастар  да  өз  тарапынан 

жастар ұйымдарын құру, волонтерлік қызмет жүргізу, 

өзін-өзі басқару арқылы мемлекеттік жастар саясатын 

қалыптастыруға және іске асыруға қатысады.

Ел  тұрғындарының  26  %-дан  астамын  14-29  жас 

аралығындағы  Қазақстан  жастары  құрайды.    2015  

жылы  олардың  саны  4,4  млн.    адамға  жақындады.  

Облыс,  сондай-ақ  республикалық  маңызы  бар 

қала  тұрғындарының  жалпы  санынан  жастардың 

ең  қомақты  үлес  салмағы  Астана  және  Алматы 

қалаларына, сондай-ақ Ақтөбе облысына тиесілі, мұнда 

14-29  жас  аралығындағы  жастар  29  %-ды  құрайды.

Тұрғындардың жалпы санынан жастардың ең аз үлес 

салмағы  еліміздің  солтүстік  аймағына  тиесілі,  шама-

мен, 22-24% аралығында келеді [4].

Ел  жастарының  бүгінгі  таңдағы  әлеуметтік  хал-

ахуалын зерттеу бірқатар мәселелердің барын аңғартты.

Әлемдік экономикалық дағдарыс, діни экстремизмнің 

таралуы  жастардың  бүгінгі  күннің  қауіп-қатерлері 

мен  әлеуметтік-экономикалық  және  қоғамдық-саяси 

өмірдегі  өзгерістерге  айтарлықтай  дайын  еместігін 

көрсетті.

Әлемдік  тұрақсыздықтың  басты  қауіп-қатері  - 

жұмыссыздықтың әркелкі деңгейі. Қазақстанда да жа-

стар арасында еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және 

еңбек төлемі саясатын жаңғырту мәселесі тұр. Жұмысқа 

орналасуда  бәріне  бірдей  тең  қол  жетімділіктің  бол-

мауы  жастар  арасындағы  жұмыссыздыққа  әкелуде, 

бұл  олардың  материалдық  жағдайына  теріс  әсерін 

тигізуде.

Еңбек және жұмыспен қамту саласында мемлекеттік 

жастар  саясаты  жастарды  жұмысқа  орналастыру, 

қоғамдық жұмыстарды дамыту және жастарды кәсіптік 

даярлық  пен  біліктілікті  жоғарылату  курстарында 

оқыту бағдарламаларын іске асыру арқылы жүзеге асы-

рылады.

Қазіргі кезде жоғары оқу орындарын аяқтаған сту-



денттер жұмыс өтілінің болмауынан жұмысқа орнала-

са алмай жатады. Жастар тәжірибе жинау үшін жұмыс 

істейтін болса, жоғары деңгейдегі білім алып шыға ал-

майды. Қоғамда орын алып отырған кері құбылыс жа-

стар жоғары оқу орнын аяқтаған соң бірден жалақысы 

мен  статусы  жоғары  жұмысқа  орналасқысы  келеді. 

Мысалы,  батыс  аймақта  жастар  мұнай  саласында 

жұмыс  істеуге  ұмтылады.  Алайда,  барлығын  бірдей 

жалақысы жоғары мұнай компанияларына орналасты-

ру мүмкін емес.

Үкімет жастарды жұмыспен тұрақты және нәтижелі 

қамту  және  олардың  табысын  арттыру  мақсатында 



4

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асы-

рып  жатыр.  Елдің  әр  азаматы  мынадай  бағыттардың 

бірі  бойынша  қатыса  алады:  оқыту  курсынан  өту, 

мамандық бойынша жұмыс табу немесе өз бизнесіңді 

ашу  немесе  кеңейту.  Яғни,  жұмыспен  қамтуда 

жастардың  кәсіпкерлігін  қолдау  да  маңызды  болып 

отыр.  Жарқын  идеялар  мен  керемет  ойлар  жастардан 

шығатындықтан орта және шағын бизнеске жастардың 

қол жеткізу мүмкіндіктерін мемлекет барынша қолдап 

жатыр.  Аймақтық  «Даму»  кәсіпкерлікті  дамыту 

корының шаралары да жастарды кәсіпкерлікке тартуға 

бағытталған.

Көптеген  жастар  үшін  негізгі  мәселе  тұрғын  үйге 

қолжетімділік болып кала береді.

Бүгінгі күні Қазақстан азаматтарына, оның ішінде 

жастарға да баспанаға қол жеткізудің бірден-бір жолы 

бұл ипотекалық несие арқылы баспана алу. Біріншіден, 

Қазақстанның  кез-келген  банктарынан  ипотекалық 

несие  кемінде  13%,  14%,  15%...  берілсе,  екіншіден 

табысы  кемінде  200-250  мың  теңге  болуы  керек. 

Үшіншіден, алынатын пәтердің құнының 20%-дан кем 

емес мөлшері қолыңызда болуы керек. Немесе кепілге 

қоятын  қосымша  жылжымайтын  мүлік  болу  қажет. 

Төртіншіден,  бір  жылдан  кем  емес  тұрақты  жұмыс 

орныңыз болғаны шарт т.б. Нәтижесінде аталған есеп 

бойынша  бір  бөлмелі  пәтер  10-20  жылға  орта  есеп-

пен айлық төлемі 100 мың-150 мың теңге болатындай 

ипотекалық  несие  беріледі.  Бірақ  осы  жол  арқылы 

баспанаға қол жеткізу басым жастар мен жас отбасы-

лар үшін мүмкін емес болып отыр. Сондықтан, аталған 

қиындықтарды  қазіргі  таңда  шешуге  мемлекет  ерек-

ше  мән  беруде.  Мәселен,  Құрылыс  жинақ  банкінде 

қарастырылған  арнайы  бағдарламалармен  төмен  пай-

ызбен, бірнеше жылдық жинақ нәтижесінде баспанаға 

қол жеткізу.

Сонымен  қатар,  «Самрұқ-Қазына»  АҚ  ұсынып 

отырған  «Қолжетімді  баспана-2020»  бағдарламасы 

аясында  жалға  берілетін  баспана.  «Нұрлы  жол  - 

болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің халыққа 

Жолдауында  баспана  мәселесіне  баса  мән  берілді. 

Мемлекет  әлеуметтік  жалдамалы  баспананы  салып, 

оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ 

мерзімді  жалға  ұсынады.  Баспананы  тікелей,  делдал-

дарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну 

оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. 

Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен 

пайыздар  баспананы  қазақстандықтардың  көптеген 

жіктері  үшін  қолжетімді  ете  түседі  делінген  жолдау-

да.


Қазақстан Республикасының өзекті болып отырған 

демографиясын да көтеру үшін ең алдымен халықты, 

соның ішінде жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету 

керек.


Жастар  саясатын  іске  асыруда  тағы  да  мынадай 

үсыныстар  жасауға  болады:        Жастарды  тұрақты 

жұмыспен қамту үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 

шектеу  қою  тиіс.  Қазір  елімізде  26  мың  шетелдіктің 

еңбек  етуіне  рұқсат  берілген.  Бұл  санды  жыл  сайын 

қысқартып  отыру  қажет.  Кезең-кезеңмен  жалақыны 

көтеру. Төмен жалақы сыбайлас жемқорлықтың себебі. 

Қалаларға  көші-қон  үдерісін    азайту  үшін    ауылдық 

жерлердің    инфрақұрылым  жүйесін  дамыту  керек. 

Кәсіпкерлікті дамыту және бизнесті қолдау жөніндегі 

бұрын 

қабылданған 



барлық 

бағдарламаларды  

ықпалдастыру. Бюджеттік  қаражатты  жұмыссыздардың 

және  кірісі      аз      жастардың        көрсеткіші      жоғары   

өңірлерге      бөлу      тетіктерін      әзірлеу.  Еуропалық 

мемлекеттерінің  басым  көпшілігінде  (Германия,  Ав-

стрия,  Ирландия,  Ұлыбритания  т.б)  қаржыландыру 

аймақтық  қажетіліктер  бойынша  орындалады.  Оны 

Қазақстанда  қолдану  бойынша  жастар  әркелкі,  мы-

салы  Алматы,  Астана  секілді  ірі  қалаларда  жастар 

көп  шоғырланған,  соған  байланысты  осы  қалаларды 

қаржыландыру да басым болу керек. Мемлекеттік ор-

гандар  тарапынан  бақылауды  күшейту.  Еліміздің  әр 

аймағындағы жағдай орталық басқарушы органдардың 

назарында болуы тиіс. Қоғамды    жаңарту    және     ада-

ми        капиталға        қойылатын        талаптардың        өсуі 

жағдайларында  мемлекеттік  жастар  саясаты  елді 

дамыту  және  қайта  жаңарту  құралына  айналып 

отыр.  Бұл  жастардың  әлеуметтік  қалыптасу  үрдісіне 

қатысушылардың  бәрінен  жастарды  өз  проблемалары 

мен жалпы ұлттық міндеттерді шешуге тікелей тартуға 

бағытталған  тәсілдерді  дәйекті  іске  асыруды  талап 

етеді.

Мұндай ауқымдағы мемлекеттік жастар саясатының 



міндетін  жастардың  ойдағыдай  әлеуметтенуіне, 

мемлекеттілікті 

дамыту 

басымдықтарына 



қол 

жеткізуге  бағдарланған  жобалық  тәсілді  қолдану 

арқылы ғана шешуге болады. Мұның бәрі жастар мен 

бүкіл халықтың өзіндік ұйымдасуы, Қазақстанның ал-

дында  тұрған  міндеттердің  ауқымына  сай  келетін  ба-

стамаларды дамыту - азаматтардың әл-ауқатының өсуі 

және қоғамдық катынастарды жетілдіру үшін орнықты 

шарттарды қалыптастырады. Мемлекетіміздің жүргізіп 

жатқан саясаты жастардың ілгері дамуына зор серпін 

болатыны сөзсіз. 



пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ө.Қ.Шеденов.  Әлеуметтік-экономикалық  қауіп-

сіздікті басқару.- Алматы, «Қазақ Университеті», 2014 

ж.- 219 б.


Каталог: data
data -> С. торайғыровтың публицистикасы
data -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
data -> Байдалиев Д. Д
data -> «Қазақ» газетіндегі ұлт-азаттық көтеріліс туралы мақалалардың маңызы
data -> Сборник материалов Международной научно-практической конференции
data -> Бағдарламасы бойынша ескертпе (сайтқа орналастыру үшін)
data -> Литература Межрегиональной олимпиады школьников «Высшая проба» по праву для учащихся 10 классов
data -> Урок русского языка в 11-м классе по теме: "Сложные предложения с различными видами связи"


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет