Әрбір бизнес үшін сату мәселесінің маңыздылығы сонша, біз сіздермен клиенттерді тарту, ұстап қалу және олардың санын көбейту тәсілдерін талдаған соң, қазіргі бизнесмендер пайдаланатын сату техникасы туралы бөлек әңгімелейміз.
Бірақ оған дейін – сіз нақты не сатасыз деген маңызды сәтке тоқталып өту керек. Егер сізде шаштараз болса, клиенттермен сөйлесе отырып, сіз шаштараздың өзін емес, оның қызметтерін сатасыз. Дәл қандай қызметті сататыныңыз - өзіңіз сөйлесіп отырған клиентке байланысты. Егер сіз өзіңіз туралы ештеңе естімеген клиентпен сөйлесіп отырсаңыз, онда оған шаштаразыңыздың қаншалықты керемет екені, ондағы жиһаздың тамашалығы, мықты шеберлер жұмыс істейтіні және т.б. туралы айтудың мәні жоқ. Мұның бәрін сіз шаштараздың өзін сатқан кезде айтсаңыз орынды болады. Бірақ сіз қызметті сатасыз. Сондықтан, егер сіз жас баланың анасымен қарым-қатынас жасап отырсаңыз, сіз балаларға арналған шаш қию қызметі бар екенін, қызметтің баланың ішін пыстырмай жылдам көрсетілетінін, баланың көңілін аулау үшін мультфильмдер қойылатынын және т.б. туралы айтсаңыз болады. Егер сіз шашы боялған жас қызбен сөйлесіп отырсаңыз, шаш бояу және мелирлеу қызметтері бар екенін, балаяж шаш бояу техникасы және т.б. туралы айтып берсеңіз болады. Егер сіз ер адаммен сөйлесіп отырсаңыз, оған ерлердің шашын қиятын қызметтер және т. б. туралы айтып бере аласыз.
1-тапсырма
Сатудың түрлі түрлерін және техникасын зерделеуді бастағанға дейін өз стартап командаларыңызбен жиналып, 5 минуттық брейнсторминг өткізіңіз және нақты не сататындарыңызды анықтап алыңыздар.
САТУ ТҮРЛЕРІ
Бизнес - негізі сатудан құрылатын өзара қарым-қатынастан тұратыны белгілі.
Бірде Coca-Cola компаниясының сату жөніндегі менеджері америкалық кинотеатрлардың ең ірі желілерінің біреуімен шарт жасамақ болады. Нәтижесінде оның ұсынысы қабылданбайды – бұл желі олардың басты бәсекелесі Pepsi-мен шартқа отырмақшы екен. Менеджер әңгімелесушісінен былай деп ашық сұрайды:
— Мен сізге ұсыныс жасағанда нені ұмыт қалдырдым? Мен сіз үшін маңызды қандай мәселені айтпай кеттім?
- Біз кинотеатрлардың холдарына реконструкция жасағалы жатқанбыз, сіздің бәсекелестеріңіз сол туралы біліп алыпты және бізге материалдық көмек көрсетеміз деді, - деп желі менеджері ашығын айтты.
— Оны біз де жасап бере аламыз. Егер сіз бізді таңдасаңыз, міндетті түрде жасап береміз!
Мысалы, сіз балет киімін сатасыз, сізді іздеп тапқан клиенттердің сіздің өніміңізді сатып алатыны айдан анық және оларды тауарды сатып алуға үгіттеудің қажеті жоқ - сыпайы қарым-қатынас жасасаңыз әрі дүкеніңіз тым қашықта орналаспаса болғаны.
адал сату - ұзақ мерзімді әрекеттестікке бағытталған сату;
Мысалы, егер клиент компанияға телефон шалып, хабарласа алмаса (мысалы, жұмыстан тыс уақытта), оған қоңырау шалып, болған жағдайдың есесіне бонус беруге болады. Бір жағынан, сіз ештеңе беруге міндетті емессіз, себебі жұмыстан тыс уақыттың болуы қалыпты жағдай. Бірақ екінші жағынан клиент сіздің компанияға өтініш жасады, ал сіз үшін бұл - маңызды.
Сондай-ақ, сіз бір жыл мерзімге келісімшарт жасасқан жағдайда компанияларға жеңілдіктер ұсына аласыз. Бұл - оларды тұрақты клиентке айналдырады.
агрессивті сату - бір жолғы пайда алуға бағытталған сату;
Менеджер (М.): Сәлеметсіз бе! Менің атым .... Мен фитнес-орталықтан хабарласып тұрмын.... Айтыңызшы, сіз біздің сайттағы ... тегін курсымызды пайдаландыңыз ба?
Клиент (К.): Иә.
М.: Бізге сіздің курс туралы пікіріңіз өте маңызды. Сіз тесттің бірнеше сұрақтарына жауап бере аласыз ба, бұл небары бірер минут қана уақытыңызды алады?
К.: Иә. Жақсы.
М.: Сіз: а) салмақ тастау, б)толысу в) дене сымбатыңызды сақтауға арналған біздің тегін видеомызды қарадыңыз ба?
К.: Арықтауға арнлаған видеоны қарадым.
М.: Жаттығуларды қаншалықты жиі орындайсыз?
К.: Аптасына 3 рет.
М.: Қанша мерзім бойы?
К.: Бір ай ішінде.
М.: Сіздің нәтижеңіз қалай?
К.: Әзірге тек 2 килограмм салмақ тастадым.
М.: 2 килограмм аз, арықтау курсын жылдамдатуға болады. Қалай жылдамдатуға болатынын білгіңіз келе ме?
К.: Иә, білгім келеді.
М.: Біздің фитнес-орталықтар желісінде біздің жаттықтырушымыздың "Бірге арықтаймыз.Интенсив" деген авторлық курсына жазылу жүріп жатыр. 3 айдан кейін қатысушылар 12-ден 20 келіге дейін салмақ түсіріп, ал белдері 5-10 сантиметрге жіңішкеріп, әп-әдемі болып шыға келді. Бағдарламаны біздің жаттықтырушымыз патенттеген - сіздің арықтайтыныңызға кепілдік береміз. Бұл екінші лек — арықтау нәтижелері туралы естіген көптеген адамдар келіп жатыр, ал орындар саны шектеулі — 20 қыркүйекке дейін жазылу керек.
К.: Бірақ бұл қымбат шығар?
М.: Бізде қыркүйек айында акция жүріп жатыр - барлығына 50% жеңілдік беріледі. Сіз дәл осы акцияны пайдалана аласыз. Егер сіз қазан айында жазылсаңыз, курс ... тұрады, ал қазір жазылсаңыз — 3 айға небары ... болады. Бұл өте қолжетімді баға. Қанша орын қалғанын қарайын.
М.: Сіз қайда тұрасыз?
К.: …
М.: Сізге ...көшесіндегі .... немесе ..... көшесіндегі біздің орталықтарға барған ыңғайлы бола ма?
К.: ....көшесіндегі
М..: ....көшесіндегі орталықта бір топта әзірге бір орын бар екен, сізді жазайын ба? Сіздің нөміріңіз ... Тегін бірінші сабақ 23 қыркүйекте сағат 18.00-де. Жаттығуға спорттық киім мен аяқ киім ала келіңіз. Жаттықтырушаның аты ... Тағы да бір айтарым, жаттығуға кешікпеңіз, себебі сабақтың басында маңызды жайттар айтылады.
К.: Жақсы, мен уақытында келемін.
М.: Уақыт бөлгеніңіз үшін рахмет айтамын. Сізге ұнайтынына сенімдімін. Сізді 23 қыркүйекте сағат 18.00-де күтеміз. Сау болыңыз.