RIFLE,AKIN,KDIGO ұсынымдарына сәйкес азотемияның өрлемелі деңгейі мен несеп шығарудың бұзылуы.
Уремиялық уланудың клиникалық көріністері: жүрекқаптық сұйықтық немесе энцефалопатия.
Түзетілмейтін метаболизмдік ацидоз (рН<7,1, түбегейлердің тапшылығы -20 және одан көп ммоль/л, НСОЗ<10 ммоль/л).
Гиперкалиемия >6,5 ммоль/л немесе ЭКГ-дағы айқын өзгерістер (брадиаритмия, ырғақтың диссоциациясы, электр өткізгіштігінің ауыр дәрежедегі бәсеңдеуі).
дәрі-дәрмектік емге (диуретиктерге) төзімді артық сулану (күпсек).
Гемодиализдің екі түрі бар:
Интермиттирлеуші:
БТЕ-нің 8 сағаттан аспайтын уақытқа созылатын, үзілісі кезекті сеанстың ұзақтығынан көп болатын (орташа алғанда 4 сағат), кезектесетін (үзік-үзік) әдістемесі
Бұл – гемодинамикасы тұрақсыз пациенттер үшін идеалды нұсқа. Қысқа мерзімді диализ үшін құрсақ қуысына кіндіктен 5-10 см төмен деңгейде, алдыңғы құрсақ қабырғасы арқылы ригидті диализдік катетер ендіреді. Құрсақ қуысына 1,5-2,0 л стандартты ішастарлық диализдік ерітіндінің алмастырушы инфузиясын жүргізеді. Мүмкін болатын асқынулар катетерді енгізу кезіндегі ішектің перфорациясы мен перитонитті қамтиды.