ГЕРОЛЬД БЕЛЬГЕР
«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ»
САУАЛНАМАСЫ (үзінді)
Сұрақ: - Қандай қаламгерлерді немесе әріптестеріңіздің шоқты биік дүниесі өз дәрежесінде
бағаланбай жүр деп ойлайсыз? Жауап: - Е-е, бағаланбай жүрген қазақ аз ба? Оларға орыс, неміс,
жебірейді қосыңыз. Мен бұл орайда үш-ақ есіммен шектелейін. Есенбай Дүйсенбайұлы деген
ақын бағаланып жүр ме? Ал, мен айтайын, бұл азаматтық ұстамы берік, түйсік-түсінігі терең, талан-
ты қуатты керемет ақын. Атыраулық ақын, аудармашы, тарихшы, философ Бекет Қарашинді кім
бағалап жүр?! Кентаулық прозашы, эссеист, дүниетанымы бөлектеу Игілік Әйменді Әбіш Кекіл-
баев екеумізден басқа қай қазақ түсініп жүр?! Назар аудармаймыз, көзімізді жұмамыз, қолымызды
сілтейміз, көңіл бөлмейміз, жайбарақаттыққа салынамыз. Бар пәле – мәдениетіміздің төмендігінде,
ой-өрісіміздің тарлығында.
«Қазақ Әдебиеті» № 124, қараша 2006 ж
С. ХАЛЫКОВ
ЖЫР-ЖЕБЕНІ
ПУШКИН ТІЛІНДЕ СӨЙДЕТКЕН
АУДАРМАШЫҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Аудандық әкімияттың мәжіліс залында өткен шығармашылық кешке жиналғандар көп болды. Және
оның басым бөлегі жастар болуы шығамашылық топты ерекше куантты. Махамбет акынның
шығармаларын орыс тіліне аударған жерлесіміз Бекет Мүқанәліұлы Қарашиннің. 50 жасқа толуына
арналған шараны аудан әкімінің орынбасары Д. Мендігереев ашып, ауданға келген шығамашылық
топты таныстырып, кешті жүргізуді Қазакстан Жазушылар одағының Атырау бөлімшесінін жетек-
шісі, ақын, «Казакстан Мәдениеті қайраткері» Қойшығүл Жықышиевке берді.
Ол Дендер топырағы мен ару Жайықтың перзенттері Малайсары,Сырым, Махамбет,
Мүраттан калған шығармашылық рухтың туын жықпаған талай талантарды еске алып, бұл жолды
жалғастырушы қазақ сатирасының тарланын Есенжол Домбаев, ақын жігіт ‘Табылды Досымовтың
есімрдерін атап өтті. Осы топтағы еңбегіне ел сүйсініп жүрген азамат Бекет Мүқанәліұлының да-
уылпаз ақын Махамбеттің барлық өлеңін орысшаға аударып, семсер жырларларды Пушкин тілінде
сөйлетуі ерлікпен тең іс деп бағалады. Философия ғылымдарының кандидаты, экономист жігіттің
сан қырымен қатар жастайынан шаңырағында Махамбет есімі мен ерлігін жадына түйіп өскен ұр-
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ ЖЫР-ЖЕБЕСІ
РЕЦЕНЗИЯЛАР, ПІКІРЛЕР, ҮНҚОСУ
СТИХОСТРЕЛЫ МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
222
пақтың перзенттік парызы екені де айтылмай калмады. Жасыратыны жоқ, Махамбет Өтемісұлының
өршіл патриоттыққа толы жырларын аударуға күлшыныс білдіргендер көп болғанымен олар бірді-
екілі өлеңдерін ғана тәржімалаумен шектелген. Өйткені ұлы акынның сан қырын терең тану үшін
де терең зерде, тынымсыз ізденіс керек. Оны әркезде талай зерттеушілер мойындаған, бұл бүгінгі
күнде де өз мәнін жойған жоқ, қайта әлі өткір түр. Қазакстан Жазушылар одағы өкілінің бүл пікірін
сөз алған зейнеткер, танымал әдебиетші - үстаз Ғани Ғабдуллина апамыз жалғастырып, аудармашы-
ның өскен ортасы, ата-анасы туралы жып-жылы естеліктерге ерік берді.Осы жиынға қатысып оты-
рған Бекеттің анасы зейнеткер-үстазды көпке таныстырды. Мерейтой иесінің әкесі Мүқанәлі қарт та
кұрдастары арасында философ атанғанан, өлеңнен қаражаяу еместігін еске алып, оның аяқ астын-
да шығарған бір шумағын атып берді. Махамбет мерейтойы алдында оның үлы Бекеттің ақыннын
74 өлеңін аударып, енгізген «Жыр-жебе» жинағының бүгінгі ұрпақка тигізер пайдасын әңгімеледі.
Караой жазығында өткен «Поэзия күнінің» қызығын еске алып, онда өзгелермен қатар тұрып жер-
лесіміздің де өлең окығандығын мактанышпен атады. Б. Қарашиннің атақты Бейбарыс сұлтанды
жан-жақты зерттеп жазған еңбегінің де маңызы ерекше екендігіне тоқталды.
Х.Досмүхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті, жас ақын Гаухар
Шыныбекова тебірене түрып «Елге сағыныш», «Арман»» деген өлеңдерін оқып берді. Ш. Уәлиха-
нов атындағы орта мектептің директоры Қабижан Қапиздің «Ел болып мазар түрғызсақ, сіз өлең-
дерін аударып акынға әдеби ескерткіш түрғыздыңыз» деп салыстыра тастаған ойы ерекше естілді.
Шығармашылық кеште сөз алған аудандык ардагерлер алкасының төрағасы Мақсым Елеуов, «Көк-
тем» мектебінін казақ тілі мен әдебиеті пәні мүғалімі Орынша Ділмұқашеваның пікірлері де мерей-
той иесіне арналды.
Көпшілік сұрақ-жауап бере отырып еркін катысқан кеште оны жүргізуші Қ. Жылқышиев
«Жыр-жебе» кітабының шығуына мемлекеттік деңгейде жағдай жасап, колдаған мемлекет кайрат-
кері Иманғали Нүрғалиұлы Тасмағамбетовтың алғы сөзінен үзінді оқып, ел атынан ардакты аза-
матқа қол соғып ризашылық білдіруге шақырды. «Мақсатымыз -үлы ақынды әлемнің тануы, рухы
мен жалынды сөздерінің мәнгі өлмес қазынасынан өзгелер де сусындаса деген ниет», -деген пікір
көпшілік көкейінен орын тепті. Сонымен қатар ол Махамбет баба тойын өз дәрежесінде өткізуге
жағдай жасап қомай оның, соңына ерген халықтан шыққан батырлар есімдерін ұлығылаған аудан
әкімі С. Лүкпановқа толы ортада рахметін айтты. Және өзі осы жердің түлегі есебінде «Жамантау»
деген өлеңін окыды.
Шығармашылык кеште өлең оқылып, пікір-естеліктер тыңдалып қоймай өнерпаздар Қ. Аза-
нова, Ж.Өтепқалиева, Л.Қалиева, Ө.Құрманғали ән шырқап, қызықты молайтты.
Ал мерейтой иесі Бекет Мүканәліұлы ақын өлеңдерін аудару барысында алған әсерімен
бөлісіп, арқалы жырлар әсерімен өзінің де өлең жазғанын жасырмады. Сол ретте оқылған «Махам-
беттің монологі» атты өлеңін оқырмандар жылы қабылдады. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады»
дегенді ұстанып, өзінің жастайын оқу -білімге деген қүштар болып өскенін әңгімеледі. Сондай-ақ
Махамбет ақынның «Мен едім», «Славный воин Махамбет» өлендерін оқып беріп, өз атына жылы
лебіз айткандардың бәріне ризашылығын білдірді. Ақьн ағаларына жылы лебнін аудандық мәдениет
бөлімінің меңгерушісі Табылды Досымов та білдіріп, аудармашыға өзінің жинактарын да ұсынып,
сый-сияпатын көрсетіп калды.
Шығармашылық кешті аудан әкімі С. Лұқпанов қорытындылап, аудармашы, әрі ақын жер-
лесімізге баба рухын ардақтаған ісіне рахметін айтып, игі табыстар тілеп, иығына шапан жауып,-
бағалы сыйлық ұсынды. Сондай-ақ «Ауданның Құрметті азаматы атағын беруі аудандық әкімият
пен аудандык мәслихатқа ұсынатынын жариялады. Аудармашы әрі ғалым жерлесіміздің 50 жаска
толу мерейтойына арналған шара соңы оқырмандардың қолтаңба алуына жаласты. «Дендер», 8
желтоқсан, 2003 жыл
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ ЖЫР-ЖЕБЕСІ
РЕЦЕНЗИЯЛАР, ПІКІРЛЕР, ҮНҚОСУ
СТИХОСТРЕЛЫ МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
223
СИСЕНБАЙ МҰСТАФИН
«Жарсуат» өндірістік кооперативінің шопаны
ЖАТЫРМЫСЫҢ ҚАРОЙДЫ
КҮҢІРЕНТІП
Жатырмысың Қаройды күңірентіп,
Семсер жырың ұрпағынды тебірентіп.
Бар қолымнан келері батыр баба,
Рухынды көтеремін желбіретіп.
Батыр бабам елі үшін жанын киған,
Тәуелсіздік, азаттық деп қол да жиған.
Арыстандай азулы хан Жәңгірге,
Қайсарлықпен, карсы сөйлеп, каймықпаған.
Тойланады ЮНЕСКО бойынша,
Махамбеттің 200 жылдык тойы да.
Қазақ емес, бүкіл әлем қолдапты,
Қуанышым сыймай отыр қойныма.
Жүректерді тебірентер жырларың,
Жырларыңды жаттар әрбір үрпағың.
Болашаққа кадам басқаң еліңді,
Рухыңмен, аруағыңмен қолдағын.
Ойшы, ақын Бекет ағам жырларды,
Кітап қылып орысшаға аударды.
«Жыр-жебе»-деп аталған сол кітабы,
Ұрпағыңа Махамбет боп оралыды.
Бұл өлең де саған деген парызым,
Мекеніңде жатсың ба аунап арысым.
Батыр баба, ақын баба алдында,
Өміріммен, олеңіммен қарызбын.
«Дендер», 8 қырқүйек, 2003
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ ЖЫР-ЖЕБЕСІ
РЕЦЕНЗИЯЛАР, ПІКІРЛЕР, ҮНҚОСУ
СТИХОСТРЕЛЫ МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
224
АХМЕТ ИХСАНҰЛЫ
зейнеткер
ТАЛАБЫҢ ТАУДАЙ БОЛСЫН, БЕКЕТ!
Екі ғасыр бойы неше бір ғұлама, ақын-жазушылардың өлеңдерін орыс тіліне аударамын
деген талпынысы ойдағыдай іске аспай, жолдары болмай келген болатын. Осы семсер тілді жыр
сарбазының мәңгілік мұрасын орыс тілінде тұңғыш сөйлете алған өз бауырым, жерлесіміз Бекет
Мұқанәліұлы Қарашин болды.
Бекет осы кітапты шығаруға бес жылдай тынымсыз талпынды. Еңбегі еш кетпеді. Кітап ба-
сыларында оның ел Премьері Иманғали Тасмағамбетовтан алғы сөз-баға алуы қандай ғанибет! Ай-
налайын Бекет, талабың таудай болып, ел игілігіне өрлей түс, Қазақтың намысты ұлы болып қала
бер!
«Атырау», 21.12. 2002
Г. К. ГИЛМАНОВА
студент
ТҰСАУ КЕСЕР
БҚМУ-дынң концерт залында Бекет Қарашиннің «Махамбет. Жыр- жебе. Стихострелы»
атты Махамбет өлеңдерінің орысша-қазақша басылган Жыр Кітабының тұсау кесер кеші болды.
Кешті Ғ. Қүрмангалиев атындағы облыстық ұлт-аспаптар орекстрі Н.Тілендиевтің «Махамбет» по-
эмасы әсем күйімен ашты. Филология ғьлымдарының докторы, профессор Шарабасов Серікқали
агайдың Махамбет туралы жан тебірентерлік сөзінен кейін филология факультетінің студенттері
батыр бабамыздың өлеңдерін екі тілде жарыстыра оқыды. Акиық ақын Қатимолла Бердігалиевтің
«Мен, мен едім», «Аспанда ұшқан бозторғай», қазақ, драма театрының әртісі, филармония әншісі
Қанатқали Қожаковтың Махамбет операсынан айтқан «Махамбеттің үндеуімен» термелер кешті
одан әрі жандандыра түссе, С. Сейфуллин атындағы №11 қалалық орта мектебінің оқушысы Айбек
Орынғалиев орындаған күй жиналған дүім жұртгы тағы бір серпілтіп тастады. «Ана тілі» газетінің
редакторы Мереке Құлкенов те сөз кезегінде Бекет Қарашинның бұл аталмыш жыр кітабының сәтті
туғанын айтып, ақынга творчестволық табыс тіледі.
Шынында да Бекет ағамыздың бүл кітабы сәтті дүние, себебі Махамбет өлеңдерін бұган дей-
ін де өзге ақын-жазушыларымыз аударып көрді. Бірақ, орыс тіліндегі өлеңдер кұрылысына жақыны
Бекет Қарашинның жинағы.
Кеш соңында сөз алған ағамыз ақын өлеңдерін екі тілде оқып, жыр құрылысын ерекшелік-
терімен аудармадағы қиыншылықтары туралы сөз қозады. Ақын сөзімен айтқанда «Махамбет.
Жыр-Жебе» мәңгілік болашаққа ұмтыла үшқан жебе. Дауылды жылдардың жалынды жыршысы
атанған ақын өлендерінің әрбір сөзінің астарынан аттың дүбірі естілетіндей әсер қалдырды.
БҚМУ университеттік «Өркен» газетасы, № 18 (777), мамыр, 2003. 2.
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ ЖЫР-ЖЕБЕСІ
РЕЦЕНЗИЯЛАР, ПІКІРЛЕР, ҮНҚОСУ
СТИХОСТРЕЛЫ МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
225
ГЕННАДИЙ МИРОШНИЧЕНКО
Академик, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі (Тула қаласы)
«ПОЭТИЧЕСКОЕ БРАТСТВО» -
ХАЛЫҚТАР БАУЫРЛАСТЫҒЫНЫҢ ҚӨПІРІ
2010 жылы халықаралық «Ақындар бауырластығы» байқауына заманауи қазақ ақыны Бекет
Қарашиннің өлеңдер жинағы келіп түскен болатын. Оның өзіндік, дала еркіндігімен тыныстаған
өлеңдері әділқазы мүшелерінің жүректерін бірден жаулап, олар бір ауыздан авторға байқау лауреаты
және «Ақындар бауырластығы» халықаралық клубының Құрметті мүшесі атағын берді.
Бекет поэзиясында философиялық ноталар айқын білінеді: өмір мәнін іздеу, қоршаған әлемді
тануға деген талпыныс, адам жанының толғанысы, күреске шақыратын және адам рухын көтеретін
әнұрандар мен мінажаттар.
Автор өзінің рухани энергиясымен, күшімен таңдандыра отырып, оқырманды шексіз кезең-
дерге, алыс қияндарға саяхатқа жетелейді, сондай-ақ, өмірде кездесетін кедергілерден шығудың
оңай жолын көрсетпейді, керісінше мәселелер мен сауалдар тудыра отырып, оған жауап пен шешімді
оқырманның өзі қабылдауына мүмкіндік береді.
Оның барлық өлеңдері ой мен әрекеттің субъектісі болып табылатын, осынау өткінші, аума-
лы-төкпелі заманда лайықты орын мен еркіндік үшін күресетін адамзат жаратылысына арналған.
Меніңше, Бекет ақын ретінде Ресей және өзге де советтік үкімет елдерін қоса алғанда замана-
уи ортадан өз шығармашылығына тілектес және сүйсінуші оқырмандар тапты. Өйткені оның өлең-
дер жинағы ХХІ ғасырдың орыс халық поэзиясы Антологиясында лайықты орын алды, сондай-ақ,
аталмыш жинақ Тула Мемлекеттік Университеті баспасы арқылы шығарылып, ТМД елдерінің ең
үлкен кітапханаларын толықтырды.
Бекет Қарашиннің 60 жылдығы қарсаңында халықаралық «Ақындар бауырластығы» клу-
бы атынан Атыраудың дарынды қазақ ақынына ұзақ өмір тілеймін, алдағы уақытта да бәрімізді өз
шығармашылығымен қуанта берсін, ақындар бауырластығы арқылы біздің бауырлас халықтардың
мәдениеті мен әдебиетін жақындастыра түссін деген тілек айтқым келеді.
«Тула литературная» альманахының бас редакторы Г. Мирошниченко
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ ЖЫР-ЖЕБЕСІ
РЕЦЕНЗИЯЛАР, ПІКІРЛЕР, ҮНҚОСУ
СТИХОСТРЕЛЫ МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
226
ГАЛИНА ШУКЕ
филолог, лингвист, түркітанушы (Латвия, Даугавпилс қаласы)
ХАЛЫҚТЫҢ ШӘКІРТІ ЖӘНЕ ҰСТАЗЫ
Адамның ең үлкен байлығы –оның білімі. Ерте замандарда білімді бойына жинақтап, оны
адамдарға беретін абыздар болатын. Олардың неғұрлым данышпандары мен дарындыларының есім-
дері өзі тіршілік еткен жерлерінің, өмір сүрген елдерінің шеңберінен шығып, атақтары алыс шарта-
рапқа тарап кететін. Қазіргі әлемде ағартушылық қызметін қаламын серік еткен жандар-жазушылар
атқарады. Жазушы халқының ұстазы және қызметшісі. Ол өмір бойы үйренеді және үйретеді, өзі
неғұрлым көп білген сайын адамдарға да соғұрлым мол рухани азық бере алады. Ол – мәңгі оқушы
және ұстаз.
Бекет Қарашин өз халқының талантты, қажымайтын оқушысы, әрі ұстазы болып келе жатыр.
Ұлы абыздардың тек өз халқы үшін ғана емес, өзін қажетсінгендердің барлығына қызмет қылға-
нындай, Бекеттің шығармашылығы білім іздегендердің бәріне, жер шарын мекен еткен халықтар-
дың арасындағы ешқашан үзілмейтін жанды байланыстарын көре білетіндердің барлығына қызмет
етеді.
Бекеттің шығармашылығы терең, әрі адамгершілікті, сондықтан тек зерттеуші оқымысты-
ларға ғана емес, мейірімді және бейбіт тату адамзат қоғамында өмір сүргісі келетін күллі адамдарға
қызмет етеді және солай болуы тиіс.
Бекет бәріне ғашық: табиғатты, оның перзенттері –құстар мен жануарларды, тіршіліктің бір
бөлігі – адам баласын. Бұл махаббат оған жинақталған білімімен және өзінің ашқан жаңалықта-
рымен үнемі бөлісіп отыруға күш-жігер және ұмтылыс береді. Өзі жазған тақырыптарына деген
сүйіспеншілік оның шабыттанған жүрегінен өлең болып өріліп шығады. Оның сүйіспеншілік сәу-
лесінің нұрымен көмкерілген туындыларын бір деммен тамсана оқып шығасыз.
Табиғат оған заманалардың тұңғиығына еніп кету қабілеті бар және басқаларға көруді жаз-
бағанды көре алатын таңғажайып бір түйсік сыйлаған. Сөз өнеріне деген ғашықтық оған көкке кө-
теріліп қалықтайтын, бәріне де уақыттың биігінен, оқиғалар мен тағдырлардың заңғар көгінен қа-
рауға мүмкіндік беретін қанат бітіреді. Бекеттің шығармашылығы–махаббаттың ғажайып ән-жыр
шашуы, адамның өмір жолында кездесетін барлық ізгілікке арналған мадақтау. Күллі келеңсіздіктер
мен көлеңкелі сәттер жазушының барлығын қапысыз аңғаратын жанарларының мейірімді шұғы-
ласының сәулелерінен әлсіреп буалдыр тартып жоғалып кетеді, себебі, ол түптің түбінде адамзат
ақыл-ойының жеңісті салтанат құратынына сенеді.
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ ЖЫР-ЖЕБЕСІ
РЕЦЕНЗИЯЛАР, ПІКІРЛЕР, ҮНҚОСУ
СТИХОСТРЕЛЫ МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
227
ЖҰМАБЕК ҚАРАБАЛАЕВ
АУДАРМАШЫҒА АРНАУ
(Махамбет өлеңдерін орыс тіліне тәржімелеген Бекет Қарашинге)
Жерлесім Бекет Қарашин,
Биікке өрлеп барасың.
Махамбеттің аруағы
Енді әлемге тарасын.
Білемін ғой, білемін
Қазақтың жүрек жарасын...
Тұншығып келді талай жыл
Көкейде қатып қорғасын.
ЮНЕСКО берді ақыры,-
Махамбеттің бағасын!!!
Алты Алаштың баласын,
Қалай айыра аласың?
Мекендеген ежелден,
Қыпшақтың кең даласын...
Кейбір жандар таппай жүр
Атасының моласын...
Айта беріп қайтейін,
Көңілімнің наласын.
Бабалары жебесін
Қазағымның баласын...
Үрлеп солар қыздырар,
Өшкен оттың шаласын.
Көрсетпесін біздерге,
Қас-душпанның табасын.
Түлпар болсаң егер де,-
Кермеге дейін шабасың!...
Өтемістің баласын...
Ақындардың бабасын...
Жақияның ағасын...
Нарын деген даласын...
Еділ мен Жайық саласын...
Ақтабан мен Тарланның,
Шыңғырған жан-жарасын...
«Стихострелы» жинағынан,
Оқысаңыз - табасың...
Махамбетті мәңгіге,-
Пушкин-тілде сөйлеткен,
Жарайсыз, Бекет Қарашин!!!
«Атырау», 8 қараша 2003 жыл
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ ЖЫР-ЖЕБЕСІ
РЕЦЕНЗИЯЛАР, ПІКІРЛЕР, ҮНҚОСУ
СТИХОСТРЕЛЫ МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
228
V. РЕЦЕНЗИИ, ОТЗЫВЫ, ОТКЛИКИ
ИМАНГАЛИ
ТАСМАГАМБЕТОВ
Премьер-министр Республики Казахстан
ВМЕСТО ПРЕДИСЛОВИЯ
«Имя Махамбета известно едва ли не каждому казахстанцу, чего нельзя утверждать о его
творчестве. Творения Махамбета дошли до нас не в полном объеме, но собран¬ные и опублико-
ванные, его стихотворения требуют к себе внимания со стороны исследователей, языковедов. Это
ка¬сается, прежде всего, переводов стихострел поэта, появля¬ющихся от случая к случаю и почти
неизвестных русско¬язычному читателю.
В этом отношении, беру на себя смелость утверждать, что поэтические творения Махамбета
нуждаются именно в авторизованных переводах, которые, однако, не должны чрезмерно «отрывать-
ся» от первоисточника, терять адек¬ватность смыслу переводимого, разрушать гармонию фор¬мы
и содержания, цельность идейного и художественного замысла и т. д. С позиции этих принципов и
выполнены предлагаемые на суд читателей переводы стихов Махамбе¬та на русский язык, автор
которых — Бекет Карашин.
Следует отметить, что данный труд представляет собой первый опыт системного подхода к
творчеству Махамбета: Б. Карашин перевел почти все имеющиеся на данный момент стихи поэта,
кроме стихотворной загадки, адресован¬ной акыну Шерниязу. О качестве переводов, конечно же,
судить читателям и поклонникам Махамбета. Тем не ме¬нее, по отзывам многих знатоков, перево-
ды данного авто¬ра, не являющегося профессиональным специалистом в этой области, выполнены
вполне удачно.
Полагаю, что этот опыт не останется единичным и под¬вигнет поклонников Махамбета на
новые переводы, кото¬рые будут способствовать делу приобщения русскоязычно¬го населения к
культуре и поэзии казахского народа. Наша цель - чтобы стихи Махамбета узнал весь мир, чтобы и
другие читатели могли испить из этого могучего духовного источника».
Отрывок из предисловия к книге Б. Карашина «Махамбет. Жыр-жебе. Стихострелы»,
Алматы, 2002
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ ЖЫР-ЖЕБЕСІ
СТИХОСТРЕЛЫ МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
РЕЦЕНЗИИ, ОТЗЫВЫ, ОТКЛИКИ
229
МАЛИК ИСАБЕКОВ
философ, публицист, социолог-аналитик,
литературный критик, Алматы
ЕСЛИ ДРУЖЕН ТЫ С ДОСТОЙНЫМ…
(отрывки из эссе)
* * *
В начале 70–х, Бекет ещё, будучи на срочной службе в армии, «заразился» поэзией. Мы все к это-
му времени переболели этой «возрастной немощью». Юношеские потуги стихоплетства о любви и
дружбе, слава богу, уже тогда покинули наши мужающие души. И это хорошо, так как писать стихи
нужно не тогда, когда хочется, «а когда не можется без этого». Бекет же сохранил в душе поэтиче-
ский зов, и в дальнейшем стал переводчиком акынов и жырау, а это, как известно, требует поэтиче-
ского таланта. Сейчас Бекет Карашин – самостоятельный, признанный и в Казахстане, и за рубежом
поэт, автор нескольких поэтических сборников. А закладывалось всё это в те студенческие годы…
* * *
Наши с Бекетом студенческие и аспирантские годы пришлись на начало семидесятых и середину
восьмидесятых годов. Философско–экономический факультет КазГУ (легендарный ФЭФ) во вто-
рой половине 70 и начале 80–х годов был элитным и маленьким факультетом, поступить на который,
было очень трудно. Он «ковал» идеологические и партийные кадры для всей Средней Азии и не
только. Преимущественным правом при поступлении пользовались серьезные ребята, прошедшие
армию. Бекет пришел на факультет зрелым человеком, после отличных показателей в школьной
учёбе и спорте, годичной учёбы в Казахском политехническом институте и службы в армии, начи-
танный массой томов зарубежной литературы и некоторыми философскими трактатами, готовый
глубоко овладеть многовековой мудростью мыслителей прошлого. Что отчасти и позволило ему
окончить факультет с отличием. Вообще, значение философского фундаментального образования в
жизни и творчестве моего друга трудно переоценить. Для тех, кто серьезно знаком с его творчеством
в области культурологии, тюркологии и даже поэзии не могут не заметить особого мировоззрения
автора. Он всегда идет «к истокам». Принцип единства исторического и логического присутствует у
него явно (в науке) или «втуне» (в поэзии). В студенческие годы Бекет серьезно «пахал» в библиоте-
ках и «кельях» отшельника - съёмных квартирах, чтобы обособиться и отгородиться от бурной жиз-
ни общежитий, осваивая в одиночестве и тишине вековые мудрости философов прошлого. Недаром
его любимым предметом была история философии, а путеводной нитью афоризм Гегеля: «Филосо-
фия и есть её история». Вот этим-то и объяснялись его исчезновения из среды праздно веселящихся
студентов и аспирантов. Бекет копил знания… Этими знаниями он блещет до сих пор, умело встав-
ляя в своё многогранное творчество цитаты классиков философии и воплощая собой философское,
несколько экзистенциальное отношение к «жалған дүние» - преходящей жизни…
* * *
В Караганде, где Бекет достаточно долгое время преподавал философию в Высшей школе МВД
СССР (а затем РК, даже в одно время бывшей и высшей школой КНБ) в его квартире, которая была
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ ЖЫР-ЖЕБЕСІ
СТИХОСТРЕЛЫ МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
РЕЦЕНЗИИ, ОТЗЫВЫ, ОТКЛИКИ
230
«холостяцким приютом» для коллег и командированных со всего Союза, радушно привечаемых хо-
зяином, образовался некий кружок любителей словесности. Бекет там явно лидировал. Меня, пом-
ню, тогда очень удивила эта странная «реинкарнация». Во-первых, непривычно было видеть его в
военной форме. Во–вторых, - дисциплину в жизни и работе. Но это оказалось внешней атрибутикой.
Всё было сложнее. Казалось бы, читай свой курс философии, получай приличную зарплату, так как
платили ещё и за звездочки, получай периодически эти самые звезды на погоны, пользуйся льготами
и уважением к офицерскому званию и живи в свое удовольствие. Но, какой–то червь сомнения грыз
его изнутри. И вдобавок он испытывал муки творчества. Вот тогда я понял, что всё это надолго, а
точнее на всю оставшуюся жизнь.
* * *
Я читал его неизданный сборник военных очерков, записок, заметок и воспоминаний - «По горным
Достарыңызбен бөлісу: |