МҰРАТ ӘУЕЗОВ
РОМАНТИК және ЖАҺАНГЕР
(видеосұхбаттан алынған үзінділер)
Мен Бекет Қарашинмен жеке таныс екеніме өте қуаныштымын. Біздің бәріміз, соның ішінде менің
өзім оның жасаған Махамбеттің аудармаларын өз мезгілінде оқығанымды өмірде кәдімгідей жолым
болғаны деп санаймын. Әрине, Герольд Бельгер әбден дұрыс айтқан, Бекет Махамбеттің тек тілдік
ерекшелік құрылысын сақтаумен қатар, оның рухын да тұтасымен жеткізе білген, ал бұл болса – ау-
дарманың ең басты шарты болып табылады. Яғни, аудармашыда шығармашылық ынтымақтастыққа
деген қуатты ұмтылыс болды, ол Махамбетті осы шығармашылық ынтымақтастықтың қалауымен,
тіпті бәсекелестікпен аударды, ал бұлай икемделу Махамбет тектес адамның ғана қолынан келеді
деп айтар едім. Бекетте бұл бар, ол дәл осы қасиеті арқылы ерекшеленеді.
... Бекет өзі, өзінің жаратылысы бойынша сондай... аса мықты дене жаратылысы бар және өте ру-
хани табанды адам. Оның алдында әлі де алатын талай асулары күтіп тұр, оған қоса Бекеттің рухы
өте берік, Махамбетпен тектен-тек айналысқан жоқ. Ал Махамбеттің өзі де қарапайым жай тұлға
емес, өзімен байсалды айналысқан адамға ол да өз жан дүниесінің және ұлы рухының қайталанбас
ерекшеліктерін дарытады. Бекетке бұл толық көлемінде тән.
Алайда бір нәрсе бар... Махамбет те өмірінің белгілі бір жылдарында Исатайды, серіктестерін жоғал-
тып, өзінің мүлде жалғыздығын құсалықпен қапысыз сезінген, «жалғыздықпен дос болған», Абай
да сондай бір кезеңдерде өзінің әбден жалғыздығын түңіле сезінген. Бұл туралы оның шарасыздан
«жартасқа барып күнде айғай салғанда», олардың да жаңғырықпен ғана жауап бергендігі туралы
күйінішті өлең жолдарынан да көреміз.
Мен Бекетке және бәрімізге де ХХ ғасыр жүктеген және ХХІ ғасыр артып отырған тым күрделі
мәселелердің алдында жападан жалғыз қалмауды тілек етер едім. Соның ішінде өміршең табиғат-
тың және дана тарихтың күш салуымен жаратылған Бекет сияқты адамдар туралы айтуға келгенде
тіптен осылай бағамдаймын. Біз бір-бірімізді аялап сақтауға, көңіл бөлу арқылы сыйлауға, олардың
қоршаған орта және қоғам, мәдениет пен адамдар үшін қажет екендігін сезіну арқылы ардақтауға
тиіспіз.
Сондықтан, бар жан дүниеммен Бекетті сүйіп қадірлей отырып, оның мен үшін, әсіресе біздің ортақ
мақсатымызға өзінің жалынды рухын бағыттаған құдіретті жаһангер сарбаз ретінде тым қымбат
екендігін айтқым келеді.
Сұхбат жүргізген Мәлік Исабеков. 2013 жылғы 7-ші ақпан
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ ЖЫР-ЖЕБЕСІ
РЕЦЕНЗИЯЛАР, ПІКІРЛЕР, ҮНҚОСУ
СТИХОСТРЕЛЫ МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
214
ТІЛЕКҚАБЫЛ БОРАНҒАЛИҰЛЫ
(Алматы)
ЕКІНШІ АТҚА ЕР САЛМАЙ
Махамбет жылының бір мақсаты — ақыңды алысқа әйгілеу болатын. Дара дарынды қазақтан
басқаға танытуға деген талап пен талпыныс өткен жылы шындап байқалды. Қуанарлық кубылыс —
әдебиетке Махамбет аудармашыларының тұтас бір легі — ушінші буыны келіп қосыдды.
Өткен ғасырдың отызыншы жылдары Махамбет шығармашылығына ден қойған Николь-
ская бул тұрғыда әрі ізашар, әрі сол алғашқы буынның бірден-бір өкілі еді. Ғасыр белортасының
арғы-бергі белесінде мәскеулік қаламгерлер М.Фроман, Д.Приймак, Вс.Рождественский, В.Цы-
бин, кейінірек қазақстаңдық В.АНТОНОВ пен А.Устинов секілді әдебиетте аты мен атағы барлар
Махамбетті аударуға атсалысты. Бүгінгі буынның ерекшелігі — тәржімашылар түгелдей өздерін
ақынның рухани шәкірті санайтын төл қаламгерлер. Бүларға жолма-жол аударма — подстрочник де-
геннің қажеті болмай қалды. Махамбетті тапсырыспен, келісім-шартпен аударған ешқайсысы жоқ.
Жүрек қалауымен, жырына табынумен тәржімалап, алдаспан ақынды орыс тілінің төріне оздырған
Б.Қарашин, Б.Қанапиянов, Ә.Қодар, Қ.Жаңабаев, О.Жанайдаров, А.Атабек есімдерін әдеби қауым
кеңінен таныды.
Әсіресе, Бекет Қарашин мен Бақытжан Қанапияновтың мерейтой жылы ақын атындағы
сыйлықтың лауреаттары атануы — оларды Махамбеттің көркем аудармадағы толыққанды суреткер-
лері ретінде мойындағандық.
Аударманын білгірі — Бельгер «Таң-Шолпанның» мерейтойлық айдарында әуелі «Қызғыш
қүстың» бес төлнұскасын, одан соң «Ереуіл агқа ер салмай» мен «Мұнар күннің» үш аудармасын
оқырман таразысына ұсынып, Махамбет үшін де, төл тәржімашылар үшін де баршадан сүйінші
сұрады. («Таң-Шолпан» журналы, №1, 4 — 2003).
Алайда, Махамбет аудармасын байытқан осынша жаңалық пен ізденіс әдебиет сыншылары
назарынан тыс калғандай. Бұл жөнінде баспасөзде байыпты баға байқалмады. Әсіресе, ақын толғау-
ларын толық тәржімалаған Б.Қарашин өз қолтаңбасы туралы мамандардың талқысы мен талдауын
куткендей еді. Махамбет өлеңдерінің төл нұсқасымен тәржімасын бір муқаба ішінде қатар ұсынып,
батылдық жасауын солай түсінеміз. Салыстыра оқып, зейін қойған адам аударманың асылы мен жа-
сығын бірден аңғармақ.
Еділді кәріп емсеген,
Жайықты көріп жемсеген,
Таудағы тарлан шұбар біз едік —
деген Махамбет
Еділ үшін егестік,
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық,
Тептер үшін тебістік...
Со секілді асқан қайраттан
Ойлашы, қане, не таптық? —
дегендегі қайрат пен қайрауды Махамбет жалы-
нымен жеткізу үшін де
ерлігін орыс тілінің ернегін жете меңгерген
Қарашиннің:
Восхищавшиеся Волгой,
Услащенные Уралом,
Мы в горах скакали вольно —
дегеніне салмасақ, қалай танытар едік?
тек Қарашиндей қос тілді тел емген
каламгердің қарымы қажет:
Мы за Волгу волком выли,
За Урал рубак рубили,
За Тептер топтали тропы,
А Кигаш — всегда был наш...
Хоть и бились мы, рубились,
Но чего, чего добились?
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ ЖЫР-ЖЕБЕСІ
РЕЦЕНЗИЯЛАР, ПІКІРЛЕР, ҮНҚОСУ
СТИХОСТРЕЛЫ МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
215
Осы жоддарды енді қайтып басқа аудармашыға киғын келмейді!!! Басқа біреу Қарашиннен
асып Махамбеттің серті мен назын жеткізе алмайтындай көрінеді. Бұл арада «егестік, жандастық,
қырылдық, тебістік» етістіктерінің дәлме-дәл лексикалық баламасын іздеп жатудың реті жоқ. Ма-
хамбетте де олар ауыспалы мағынада, іс-әрекетті ерекше үдетіп, ерлік рух беріп тұрғанын аудар-
машы тап басқан. Ең бастысы, жыр шумағының бейнелік екпіні керемет сақталған.
Бұл да аз, мына бір шеберлікке зер салыңыз: Махамбет: «Еділ үшін егестік» деп — «е» мен
«і» дыбыстары арқылы бір тынысты үндестік ұстанса, Бекет: «Мы за Волгу волком выли» деп — әр
сөзін «в»-дан бастап, «о» мен «ы» кезектесетін буындар тізбектеген. Махамбеттегі: «Жайық үшін
жандастық» — Бекетте: «За Урал рубак рубили». Ақынның «Тептер үшін тебістік» деп жорық
жолын шаңдатуы да Қарашинде «За Тептер топтали тропы» түрінде мағыналас, мәнерлес шыққан.
«Қиғаш үшін қырылдық» дөгенді ішкі ұйқасқа бағындырып: «А Киг аш -всегда был наш» деп тың
жол тапқаны да жарасымды.
Сөз жоқ, Б.Қарашиннің аудармалары — үлкен ізденіс, әдебиетке елеулі үлес.
«Жас Алаш» № 3-4 қаңтар 2004
ҚАДІР ЖҮСІП
филология ғылымыдарының докторы профессор
МАХАМБЕТ ЖЫРЛАРЫН
АУДАРУШЫ ЖӘНЕ АУДАРМА
Тарихқа алтын әріппен жазып, тойлап өткен егемендігіміздің он жылы ішінде Әлем халықта-
ры Қазақ елін бар қазба байлығымен, экономикалық мол мүмкіндіктерімен қабат сана, парасат
дүниесіндегі қүдіреттерін де танып, мойындады. Тек әдебиетті ғана алсақ, әлемдік қауымдастық
«ЮНЕСКО» шеңберінде тойланган Абайдың, Жамбылдың-150; Мүхтардың, Сәбиттің, Ғабиттің-100
жылдық мерейтойларының керемет көрсеткіші - олардың інжу-маржандай ғажайып туындылары-
ның, әлемдік шырқау биікке шығып; Шекспирмен, Гетемен, Пушкин, Толстой, Достоевский, Флобер
сияқты дүние алыптарымен иық теңестіргені.
Міне, алда әдебиет әлемінде тағы бір тарихи оқиғаның куәсі болу бақыты маңдайымызға
жазылыпты. Ол - Махамбет Өгемісүлының 200 жылдығы. Бүл да «ЮНЕСКО» бойынша әлемдік
деңгейде мерекеленіп өтпек. Демек, Махамбет те қазақи ақыл-ой шеңберінен шығып, дүниежүзілік
парасат дүниесінің шалқарына бір алтын арна боп қүйылады. Ұлы ақынның мерейтойы биік дәре-
жеде аталып өтілуі үшін оған дайындықтың тиянақты болуын Елбасы да, үкіметіміз де үнемі назар-
ларында ұстауда.
Махамбетті әлемге таныту әдебиетшілер қауымының көптенгі арманы еді. Ол үшін ақын жы-
рларын орыс тіліне аудару керек болатын. Алғашқы талпыныстарды орыстың талантты ақындары
А.Устинов, В.Рождественский, А.Николъская, В.Цыбин және басқалары байқап көрді. Бірақ олар қа-
зақ тілін білмегендіктен жолма-жол орыс тіліне түсіндірмемен (построчникпен) аударған болатын.
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ ЖЫР-ЖЕБЕСІ
РЕЦЕНЗИЯЛАР, ПІКІРЛЕР, ҮНҚОСУ
СТИХОСТРЕЛЫ МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
216
Бұл аудармалар Махамбетті орысша сөйлете алмай, балдыр-батпаққа батырғандай күй кештірді. Ау-
дармашылар ақын өлеңдерін мүшкіл әдіс қолдану арқылы аударуға келмейтін өте күрделі туынды-
лар екендігін білмеді. Нәтижесінде олардың аудармалары классикалық туындыларды пародияға
айналдыру болды. Сөйтіп, басқа халықтардың аузының суын құртып, мақтаған Махамбеттің
жырларының бар нәрін жеткізу жолы қиындады.
Ғасыр бойына азаттық көтерілісінде Исатаймен тізе қосқан күрескер ақынның ерлігін ай-
тып тамсандырумен ғана тындық. Бұл өзге халықтардың Махамбетті тек біржақты тануы
болатын. Міне, үлы жыршының 200 жылдығы қарсаңында құпиясын бөтенге ашпай келген жы-
рларды орысша шебер сөйлететіндей өз қанымыздан бір перзенттің баспасөз бетінде жарқ етіп
көрінгендігі бізді қуанышқа кенелтті. Ол - қазақтың ділін, дінін, дәстүрі мен тілін бойына ананың
ақ сүтімен дарытқан, Махамбет поэзиясын жан жүрегімен түсінетін, бала кезінен оның өлеңдерін
жаттап өскен, құмына табанының мөрін салып, Ағатай-Беріш үраным деп бала кезінде «соғыс»
ойынын ойнаған, орыс тілін де ана тіліндей меңгерген жігіт - Бекет Қарашин. Ол ана тілінің
нәрімен сусындаса да, мектепте және жоғары оқу орнында білімді орыс тілінде алып, екі тілді
қос қанатындай сезінген адам. Атырау жерінің перзенті Бекет - философ, тарихшы, ақын. Қазақ
тілінде майын тамыза шебер сөйлесе, орыс тілінде шебер жазады.
«Бейбарс: эпоха и личность» атты тарихи мәнді ғылыми монографияның авторы, қанатты
қиял иесі, орыс тілді ақын, бір томдық әсем өлендер жинағының авторы. Ол философия аспиран-
турасын тәмамдаған, жоғары оку орнынң ұстазы. Бекет Махамбет поэзиясын аударумен айналысуды
бес жыл бұрын бастаған. Сөзбен арпалысқан талай ұйқысыз түндер, тынымсыз күндер өз жемісін
берді. Өзі қалада түрса да, ата-анасының мекені - Индерге қайта-қайта барып-келу мақсаты да Ма-
хамбет жырларындағы сәздердің сырына жетудің қамы болатын.
Аудармаларын сыннан өткізу үшін өзінінң орыс тілін ана тіліндей сезінетін жолдастарының
да сыны мен талқысына салды. Бірқатарын Атырау облыстық «Прискаспийская Коммуна» газетінің
бетінде топтап жариялап, халыққа таныла бастады. Ұлы ақын жырларын шебер аударушы батыл
Бекет еңбегі өнерді жанының жалауындай көтеріп жүретін, әдебиетті жанындай сүйетін Иманғали
Нүрғалиұлының көзіне ілікті. Ақырында, Бекетті жүздесуге шақырып, Махамбетгі түгел орысшаға
аударуды шарытқтау шегіне жеткізіп жинақтап, өз қолына табыстауды ұсыныс еткен болатын. Ау-
дармамен әуелі Иманғали (Премьер-министр кезінде) өзі түгел танысып, қазақ халқың ардақты ақын
перзенті Олжас Сүлейменовке оқытып, содан соң академик Зейнолла Кабдолов және басқа да әдеби-
ет білгірлері кезектесе назар салып, аударма туралы ескертпелер жасап, аудармашыға жетілдіре тү-
суге кеңестерін берген-ді. Сонымен, Махамбеттің орыс тіліне толық аудармасы 2002 жылы Алматың
«Дайк-Пресс» баспасынан Иманғали Тасмағамбетовтің қолдауы және демеушілігімен «Махамбет.
Жыр-жебе. Стихострелы» атты кітап мыңдаған таралыммен жарық көргендігі көңілімізге куаныш
ұялатты. «Махамбетгің жыр-жебесі («Стихострелы Махамбета») деген тақырыптағы И.Тасмағам-
бетовтің алғы сөзімен ақын жырларының қазак тіліндегі нұсқасы мен орысша аудармасы кітапта
қатар берілген. Жинақтағы жырлардың қатар берілуі жыр сүйер қауымға аударма сапасы жайында
өз ұғъшдарын қалыптастыру үшін салыстыра оқуға өте ыңғайлы.
Ақын жырларын орыс тіліне аударудың қиын екендігі рас еді. Өйткені Махамбеттің ай-
шықты, өрнекті поэтикалық тіркестерін тындарман тек түйсікпен қабылдап үғынуы керек. Ондай
орамдар өз тілімізде осылай игерілгенде, оны орыс тілінде қалай сөйлету «тас қамалды» алтандай
қиындық болатын. Мыс: «тебінгі терге шірімей, терлігі майдай ерімей», ер төсектен безінбей, ұлы
түске ұрынбай, түн қатып жүріп, түс қашпай», «туырлығы жоқ түл үйге ту байласаң түрар ма», «ақ
жүмыртқа сары уыз, әлпештеп қолда өсірген», «Еңселігім екі елі, егіз қоян шекелі», «еңіреу ұлы
емшек боз», «буыршын мұзға тайған күн, бура атанға шөккен күн», «көк шыбығын қанды ауыздан
жалатқан», «ағыны қатты Жайықты тіземмен бүзып өткенмін» және тағысын тағылар тек сезіммен
кабылдануға тиісті тіркестерді орысша сөйлетуде аудармашы поэтикалық жолдарға мағыналық ау-
дарма бергендігі қызықтырады.
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ ЖЫР-ЖЕБЕСІ
РЕЦЕНЗИЯЛАР, ПІКІРЛЕР, ҮНҚОСУ
СТИХОСТРЕЛЫ МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
217
«Ереуіл атқа ер салмай» деген тіркестің мағы-
насын өте дәл беру үшін «Кто ни разу не седлал
в путь походного коня» деп аударуы, «Мынау
жалған дүние Кімдерден кейін қалмаган?» де-
генді:
«Не забудем только, братцы,
Разве всех не пережил
Этот преходящий мир?!» –
деп аударуы көңілге қонымды.
«Тарланым» деген жырдағы «Құлжадай айбар
мүйіздім» деген бір жол өлеңнің мәні екі тар-
мақпен аударылған:
«Недоступный, гордый, строгий,
Ты - кулжа мой грознорогий!»
Біз бұл мысалдарды аудармашының Махамбет жырларына мағыналық аударма жасағандағы
шеберлігін көрсету үшін келтірдік.
Ұлттық тіліміздің лайланбаған түнығын көкірегінде сылдырата білген аудармашы ерте за-
мандағы қазақ сөздерінің баламасын сол замандағы орыс сөздерінен тауып, кисынды қолдана біл-
ген. Мысалы: «длань, снедь, хлад, рать, владыка, хохол, лъзя, полон, тризна, плаха, саван, треух т.б.
көптеген ескі сөздер қазақтың ертедегі сөздеріне сәйкесті алынған.
Аударманьң тағы бір көзге түсер ерекшелігі автордың өзі талпынып, жаңа сөздер жасауға
батылдық еткен орыс сөздері мен сөз тіркестері: «л(дь-ледень», «отчаяние-репей», «двумат(рый»,
«ханович», «звонаръ-копье», «грознорогий», «цепь-косица», «матерый-нар» және т.б.
Көңіл тоқтатарлық тағы бір жай сөздерді, тіркестерді қолданудағы еркіндік пен үндестік,
үйқастардың әдемі болып шығуы.
Аудармашы өзінің поэтикалық талантын сарқа пайдаланъп, ойдан шығарушылық, көркем
айшықпен ойлау қабілетінің ерекшелігін, өзіндік ақындық қолтаңбасымен көрсеткен.
Бекет Қарашиннің орыс тілді ақын екендігін айтқан болатынбыз, орыс тілінде өлең жазудан
өмір бойы қаламы кұрғап көрмеген. Бірақ сол дүниелерін альбомдық күйде сақтап, жарыққа шығар-
маған. Тек соңғы жылдарда ғана бірен-саран туындылары облыстық «Прикаспийская Коммуна»,
«Ақ жайық» газеттерінің беттерінде көріне бастаған еді. Өзінің ақындық таланты бар екенін өзі
қарапайьм, атақ-даңқты қаламайтын ініміз еріксіз енді ғана мойындауда.
Меніңше, Бекет өзі XIX ғасырдың I жартысында өмір сүріп, Махамбетпен бір тыныспен дем
алып, бір ырғақпен қанын тасырарлықтай сезініп отырып тудырған аудармалары халықтың көңілі-
нен шығады деген ойдамыз. Махамбеттей ақынымыз бар деп қанша мақтанғанмен оның жырларын
өзге халық өкілдеріне толық түрде үғындыра алмай келе жатқан едік. Ұлы ақын жырларын әлемге
танытуды түгелдей өз мойнына алып, халық алдындағы қасиетті борышьшдай сезініп, Бекет ақын
абыроймен орындап шықты.
Баба жыраудың даңқын дүние жүзі халықтарының поэтикалық сусынына айналдырудың ал-
тын көпірі салынды. Енді орысша аудармасы арқылы ақын жырлары ағылшын, француз, неміс, қы-
тай, үнді, жапон тілдеріне аударылатынына еш күмән жоқ. Сөйтіп, Махамбет адамзат баласының
Пушкин, Гете, Шекспир, Абай, Мицкевич сияқты ортақ ақынына айналады. Бұл Махамбетті XXI
ғасырда қайта туғызғандай, жарқырата, жаңғырта көрсеткендей үлы іс. Сөйтіп, ақын ұлылығы XIX
Сол өлеңдерінің бірінде ол бы-
лайша төгілген:
Духу предка,
беззаветно,
буду предан,
Кем бы, где бы
Я ни был, -
деген жолдары халық алдында
берілген анттай естілсе,
Махамбет бабасының жырла-
рын толық аударып болғаннан
кейін, «уһ» деп бір өзіне көңілі
тола дем алғандай шалқып,
тағы да былай депті:
Махамбета,
Как поэта,
Как победу,
С того света возродил.
Шебер аудармашы Махам-
бет бабасына философиялық
толғаныспен былайша қысқа да
нүсқа мінездеме берген:
«В боях, стихах непримири-
мый, великий воин и поэт,
смог примирить ты лук и лиру,
мой славный предок
Махамбет!»
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ ЖЫР-ЖЕБЕСІ
РЕЦЕНЗИЯЛАР, ПІКІРЛЕР, ҮНҚОСУ
СТИХОСТРЕЛЫ МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
218
ғасырдан бастау алып, ғасырдын-ғасырға өткен сайын биіктей беретіні ұрпақтық мерейімізді өсіре
түседі.
Қадір Жүсіптің «Алмас жыр» кітабынан, Атырау, 2003, 90-96 бет
НҰРАЛЫ ӘЖІҒАЛИЕВ
ақын
МАХАМБЕТТІ ОРЫСША
СӨЙЛЕТКЕН БЕКЕТ. ОЛ КІМ?
А.Пушкиннің: «прозадағы аудармашы - автордың құлы, ал поэзиядағы аудармашы - автордың бәсе-
келесі» дегені бар. Махамбет тәрізді құдіретпен бәсекелес болу, әрине, оңай шаруа емес. Дегенмен,
кезінде орыстың ірі-ірі ақындары А.Устинов, В.Рождественский, А.Никольская, В.Цыбин, А.Возне-
сенский, т.б. Махамбеттің біраз жырларын орыс тіліне аударып көрді. Бірақ, Махамбетті тұтастай
аударушылар болған жоқ. Жоғарыда аталған аудармашылар да Махамбетті үзіп-жұлып жолма-жол
аударма арқылы әрекеттенді. Оның өзі Махамбет жырларының табиғатынан, рухынан аулақтап ке-
туге апарып соқтырды. Бірқатар аударушылар Махаң өлеңдерінің мағынасын ұйқас жолына құр-
бан етсе, бірқатар аударушылар керісінше жасады. Сөйтіп, орыс тілінде жай ғана өлеңші Махамбет
болғанмен, адуынды, айбарлы, алдаспан Махамбет болмай келді.
Жақында Атырау қаласында тұсауы кесіліп, тіл мамандарының, оқырмандардың жоғары бағасы-
на ие болған Бекет Қарашиннің «Махамбет. Жыр-жебе. Стихострелы» атты аударма кітабы осы
олқылықтың орнын толтыруға бір табан жақындатқандай. Өйткені, екі тілді де жетік білетін, бала-
лық шағы Махамбет дамылдап жатқан Қараой төңірегінде өткен Бекет Қарашин өз аудармасында
оқырмандарға Махамбет жырларының мазмұнын, мағынасын, рухын, ұйқасы мен ыргағын, пафо-
сын, бейнелілігін барынша тұтас күйінде жеткізуге күш салыпты.
Аруақты да ақ берен ақын
Махамбет есімінің мәңгілікке жол тартуына перзенттік үлесін қосқан жерлесіміз Бекет Қарашин
кім?
Ол 1953 жылы Индер ауданында өмірге келіп, орта мектепті көршілес Орал облысындағы Тайпақ ау-
данында ойдағыдай бітірген. 1979 жылы ҚазМУ-дің философия-экономика факультетін тэмәмдай-
ды. 1986 жылы кезіндегі Қазақ ССР Ғылым академиясы философия және қуқтану институтының
аспирантурасын аяқтап, ғылыми және жазушылық жұмыска бет бурған. 2001 жылы Алматыдағы
«Өлке» баспасынан Бекет Қарашиннің орыс тілінде жазылған «Бейбарс: Эпоха и личность» деп
аталған кітабы жарық көрді. «Жыр-жебе.»Стихострелы» аудармасы атыраулықтардың қолынан
түспейтін дуние болары даусыз. Бүл күнде анасы Ағилаш Молдашева, зайыбы - Нейлә Юсупова,
қызы Ақсана, ұлы Әлімуқанмен алдағы жаңа жылды бақытты шаңырағында қарсы алып отырған Б.
Қарашин, «Ұлым Әлімуқанды әкем Мүқанәлінің аты жаңғырсын (палиндром) деп атадым» деуі де
даналыққа бастар жол болмақ.
Қазір Бекет Қарашин жақында Атырауда ашылған «Алшы» әдеби-тарихи-мәдени қорына қүрыл-
тайшы болып, осы игі бастаманың болашағы үшін күш салып отыр.Махамбеттің бізге жеткен
Шерниязға айтқан жумбағынан басқа 79 өлеңі бар. Осыларды Б.Қарашин түгелге жуық орыс тілі-
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ ЖЫР-ЖЕБЕСІ
РЕЦЕНЗИЯЛАР, ПІКІРЛЕР, ҮНҚОСУ
СТИХОСТРЕЛЫ МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
219
не аударыпты.- Мен білікті ұстаздың отбасында дүниеге келіп, сөз өнерін, поэзияны қастер тутқан
ортада тәрбиелендім. Әкем марқум Махамбеттің барлық жырларын жатқа білетін. Оның Махамбет
жырларының орыс тіліндегі аудармаларын түпнүсқамен салыстырып, шуқшия тексеріп отырғанын,
кей тұстарда бас шайқап, орнынан тұрып кеткенін талай көргенмін. Махамбетті орыс тілінде Ма-
хамбетше сейлету бала арманым еді. Соңғы бес жылымды осы аудармаға жұмсадым, - дейді Бекет
Қарашин.
Біз де Б.Қарашин аудармасын түпнүсқамен салыстыра, шүқшия оқып шықтық. Аудармадағы өлең
жолдарының саны түпнұсқадағы жолдар санынан кейде артық, кейде кем болып жатады (мәселен,
«Жалган дүние» - түпнұсқада 19 жолдан түрса, ол «Мнимый мир» болып аударылғанда - 22 жол
болып «Арғымақтың баласы» түпнұсқада - 23 жол болса, «Гордый отпрыск аргымака» болып -ау-
дарылғанда - 28 жол болып кет-кен). Солай болуы да заңды. Ең керегі - Б. Қарашин аударған өлең-
дерден Махамбет лебі есіп түр.Махамбеттің 200 жылдық тойы қарсаңында ақберен ақынның жыр-
ларын орыс тіліне аударушы іздеп, жан-жаққа хабар салып жатқанымызда, ондай аударушының өз
ортамыздан, Махамбетке мәңгі мекен болған топырақтан шыға қалуы елең еткізер оқиға. Енді орыс
тілді оқырмандарымыз да Махамбет әлеміне еркіндей енетін болады.
«Атырау», 1 қантар 2003
ЖҰМАБАЙ ТӨЛЕГЕНОВ
журналист
МАХАМБЕТ МҰРАЛАРЫ
ӘЛЕМГЕ ҚАНАТ ҚАҚТЫ
Махамбет Өтемісұлының ЮНЕСКО шеңберінде тойланатын 200 жылдық мерейтойы қарсаңында
қалың оқырман қауымы тағы бір қуанышқа кенелді. Алматыдағы «Дайк-Пресс» баспасынан жер-
лесіміз, аудармашы Бекет Қарашиннің «Жыр жебе - Стихострелы» деген жаңа кітабы басылып
шықты. Жақында Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда ер Махаңның өршіл рухтағы өл-
мес те өшпес те өлеңдері, семсер жырлары қазақша, орысша екі тілде қатар берілген аталмыш кітап-
тың салтанатты жағдайдағы тұсау кесер рәсімі болды.
Тұсау кесерді ашып жургізіп отырған Махамбет Өтемісулының 200 жылдық мерейтойын
дайындап, өткізу жөніндегі облыстық штабтың жетекшісі, ақын К,ойшыгүл Жылқышиев аудармашы
Бекет Қарашинның жаңа еңбегі шыққанын қуанышпен жариялай отырып, алғашқы қүгтықтау сөзді
облыс Әкімінің орынбасары РАШИЛА МУРСАЛИЕВАҒА берді. Ол бүгінгі мерейлі сәттің иесі Бе-
кеттің бүған дейін де Бейбарыс сұлтанның 775 жылдығы қарсаңында ол туралы жазыған кұнды дү-
ниелерді орыс тіліне аударып, кітап етіп шағарғанын айте келіп; жерлесімізге атрыаулықтар атынан
ақ алғыс білдірді.
Ал, қолымызға осы кеште ғана тиген Бекет Қарашиннің «Жыр жебе. Стихострелы» атты ау-
дарма кітабына «Махамбеттің жыр-жебесі» деген та-қырыппен алғы сөз жазған ҚР Премьер-мини-
стрі Иманғали Тасмағамбетов: «... Махамбеттің поэзиялық туындылары аворландырылған тәржі-
маға зәру екенін айту ләзім, сондай-ақ олар түпнұсқадан тым алшақ кетпеуі, мағынасын жоғалтып
алмауы, түрі мен мазмұн үйлесімділігін, идеялық және көркемдік мән-мағынасын бұзбауы тиіс.
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ ЖЫР-ЖЕБЕСІ
РЕЦЕНЗИЯЛАР, ПІКІРЛЕР, ҮНҚОСУ
СТИХОСТРЕЛЫ МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
220
Міне, осы тұрғыда оқырман талқысына Махамбет жырларының Бекет Қарашин орысшага аударған
нүсқасы ұсынылып отыр.
Б. Қарашин Махамбеттің Шернияз ақынға арналған жұмбақ өлеңінен басқа осы кезге дейінгі белгілі
барлық жырларын орысшаға аударып шықты.
Сапасын оқырман бағалай жатар. Десек те, көптеген білгір мамандардың пікірінше, аударма
сәтті шыққан. Осы тәжірибе одан әрі жалғасын тауып, Махамбет шығармашылығы орыс тілінде оқы-
рман арасынан өз табынушысын табады, сондай-ақ қазақ мәдениеті мен гюэзиясына қызығушылық
танытады деген сенімдемін.
Мақсатымыз - ұлы ақынды әлем тануы, рухы мен жалынды сөз-
дерінің мәңгі өлмес қазынасынан өзгелер де сусындаса деген ниет» - деп қолын қойып құптаған
тілегін білдіруінен де бұл кіпаптың бағасын салмақтай саламыз.
Тұсау кесер рәсіміне сонау Алматыдан арнайы келген жерлес жазушымыз, республикалық
«Ана тілі», «Таң Шолпан» газетөжурналдарының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының
хатшысы, Республикалық Махамбет қорының тетеөпрезиденті Мереке Құлкенов жаңа кітап тура-
лы Иманғали Тасмағамбетовтың оның авторы Бекет Қарашин мен атыраулық оқырмандарга жу-
рек жарды қуанышын жолдағанын хабарлап, рес-публикалық қордың президенті (төрағасы) акаде-
мик-жазушы Зейнолла Қабдоловтың атынан Бекет бауырымыздың иығына шапан жауып, кітаптың
ерекшелігіне тоқталды. Махамбет жырлары сонау 1936 жылы орысшаға алгаш рет аударылған.
Оның өзінде де Махамбет өлеңдерінің асқақ рухы өэ биігінде көріне алған жоқ.
Жерглікті жазушы-драматург Берік Қорқытов сахна төріне шығып, жаңа кітапқа жол болсын
айтты. - Махамбет жырларын орысшаға аудару өте қиын. Бейнелеп айтсақ ойранды іс, - деді ол,
- Махамбетті аудару оң жаңбасқа салатын дуние емес. Неге десек, Махамбеттің әр сөзі оқ болып
құйылатын қорғасындай, небір нәрлі, семсер ұйқас, балама, теңеулерден тұрады.
Осыған келсек, бұл кітап үлкен еңбек, үлкен қайрат арқасында дүниеге келгендігі даусыз.
Кітаіптың сапары сәтті, гуммры ұзақ болсын.
Автор Бекет Қарашин 1953 жылы Индер ауданында туған. Мамандығы - философ. Ол Ма-
хамбет өлеңдерін түіелдей орыс тіліне аударып шығуға шыққанын облыстық білім басқармасы ба-
стығының орынбасары Серік Сапанов, профессор Қадір жүсіп, Бекеттің әріптес, жазушы достары
Малік Исабеков, Махамбет Хакімов, жергілікті ақындар Қаршыға Көшеков, Жұмабек Қарабалаев
және басқалар ақ жарма тілектерімен көпшілік алдында жария етті.
Бұл тұсаукесердін тағы бір ерөкшелігі - оны жүргізген ақын-жазушы Қ.Жылқышиевтың да
шабытты шеберлігін танытқаны. Жас таланттар Ж.Аманова, А.Сидорова, А. Тоқсанов, С.Байбаты-
рова, Д.Сапаров, белгілі өнер Әзидолла Ескалиев, Нариман Үлкенбаев және басқалар Махамбет
жырларын мәнерлеп оқыды, батыр бабның өз күйлері мен оған арналған шығармаларды орындады.
Тұсау кесердің шырқау шыны кітапқа алғы сөз жазып жасаған Иманғали Тасмағамбетовтың
анасы Ділдә апайдың сахна төріне шығуы болды. Оның «Айналайын Бекетжан. Арыңды ешкімге
берме. Ар тазалығы қашанда қастерлі. Тіліңнен де, көзіңнен де айналдым» - деуі барша аналардың
ақ батасындай болды. Әсіресе ділдә апайдың Әлібек би туралы айтқан аңызыекеркше әсер калдыр-
ды.
Зал толы жиналған оқырмандарының, жерлестері мен тілеулестерірің өзіне білдірген ыстық
ықыласына ризалық алғыс сезімін айтқан аудармашы, аватор Бекет Қарашин бұл күні құшағы гүлге
толды.
«Атырау», 19.12.2002
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ ЖЫР-ЖЕБЕСІ
РЕЦЕНЗИЯЛАР, ПІКІРЛЕР, ҮНҚОСУ
СТИХОСТРЕЛЫ МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
221
|