|
Ойынның тақырыбы
|
Сағаты
күні
|
Мақсаты
|
Шарты
|
Көрнекілігі
|
1
|
«Әдемі гүл»
|
1
|
Түстер туралы ұғымын бекіту,түстердің атын білуге машықтандыру,түрлі түсті бояудағы түстерді сәйкестендіруге үйрету,саусақ моторикасын дамыту
|
Топқа гүл тістеген күшіктің кіруімен ғажайып сәт ұйымдастырылады. Күшік аузына тістеп кірген гүл шоғын терең дем алып иіскейді де, тыныс шығарған кезде гүлдер шашырап кетеді. «Ой балалар, мына гүлдерім шашылып қалды ғой, сендер маған көмектесесіңдер ме?» -деп сұрақ қояды. Ол үшін гүлдердің түстерін анықтайық. Әрқайсың жерден жинап алған гүлдің түсін атауларың керек. Енді осы түстерге сәйкес көбелектерді қондырайықшы-деп ұсыныс жасалады
|
Түрлі –түсті гүлдер, көбелектер
|
2
|
«Әуе шарлары»
|
1
|
Берілген үлгіге қарап түстерді сәйкестендіріп таңдау жолдарымен таныстыру
|
Балаларға «Әуе шарлары» ойынын ойнайтындығы айтылады. « Балалар,түрлі түсті әуе шарлары мен осы түстес жіптеріміз бар.Қазір фланелеграфта жіптер пайда болады» -деп бірдей арақашықтықта тігінен алты жолақшаны фланелеграфқа орналастырады. «Енді әрбір жіпке түсіне қарай шарларды байлаймыз» -деп 1-ін көрсетіп,қалғандарын балалардың өздеріне жасау ұсынылады.Әрі қарай балалар үлестірмелі заттармен жұмыс жасайды
|
Магнитті тақта немесе фланелеграф, жіңішке картон жолақшалары (15х0.5 см) 6 түсті, диаметрі 10 см 6 түсті дөңгелек,
Үлестірмелі заттар: әртүрлі жолақшалары бар ақ парақты жолақша
|
3
|
«Не қайда тұрады?»
|
1
|
Ойын арқылы балалардың тілін, ой-өрісін дамыту
|
Балаларға иттің, қоянның, қойдың,торғайдың т.б суреттерін көрсетіп сұрақтар қою арқылы , әрқайсының тұру орталарына орналастыру қажеттігі түсіндіріледі (итке-үйшік, торғайға ұя, қойға-қора, қоян-қоршауға)
|
Жануарлардың және олардың тұратын орталарының суреттері
|
4
|
«Суреттерді құрастыр»
|
1
|
Талдау және біріктіру қабілетін, кеңістік арақатынастарының заңдылықтарын құру, үлгіні көшіру іскерлігін дамыту
|
Балаларға кез-келген кесілген суреттер таратылады да, осы суреттерден бүтін суреттер құрастыру керектілігі түсіндіріледі
|
әр түрлі суреттер: жемістердің,көкөністердің немесе ойыншықтардың суреттері
|
5
|
«Жемістерді жина»
|
1
|
Қалыпты көлемдегі заттарды берілген үлгіге қарай көз мөлшермен анықтауды дамыту
|
Тәрбиеші балаларға алма ілінген ағашты көрсетіп: - «Балалар кішкентай алмаларды кішкентай кәрзеңкеге,орташаны орташа кәрзеңкеге, ал үлкен алмаларды үлкен кәрзеңкеге салуларың керек» -деп ортаға 3 баланы шығарады,алмаларды үзуді тапсырады.Ойын аяқталған соң алмалар қайтадан орнына ілініп, ойын әрі қарай жалғасады
|
3-түрлі көлемдегі үлкен,орташа,кішкентай,
3-кәрзеңке үлкен,орташа,кішкентай,
картоннан қырқылған алма және алма ілінген ағаштар
|
6
|
«Үлкен-кіші»
|
1
|
Түстер туралы білімдерін бекіту,заттарды көлеміне қарай айыра білуге үйрету.Үлкен-кіші, ұқсас емес деген сөздерді қолдана отырып, зейінін, есте сақтауын, ойлауын дамыту
|
Әр түрлі көлемдегі ойыншықтар мен жануарлардың суреттерін атай отырып көлемдерін ажыратады
|
Ойыншықтар мен жануарлар суреттері
|
7
|
«Түсіне қарай таңда»
|
1
|
Түстер туралы ұғымдарын кеңейту,ойынға қызығушылығын арттыру
|
«Балалар, бүгін біз «Түсіне қарай таңда» ойынын ойнаймыз.Сендердің қолдарыңда түрлі түсті бөліктері бар кілемшелер бар. Қараңдаршы, қандай әдемі ойыншық» -деп көк машинаны көрсетеді. Бұл көк түсті машина. Ал мынау не?-қызыл түсті машина. Бұлардың айырмашылығы неде? (түстерінде) Ал енді кілемшенің ұяшықтарына түстері сәйкес келетін ойыншықтарды таңдаңдар-деп балаларға тапсырма береді. Енді біздің машиналарымыз кілемшелерге жасырынып қалды деп, ойынды әрі қарай жалғастырады
|
30х20 см картон кілемше 6-бөлікке бөлінген. Бөліктері 10х10 см
|
8
|
«Сипаттамасы бойынша тап»
|
1
|
Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту
|
Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншықтар қояды. Әрбір ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып, ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады. Мыс.: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық» -бұл қай аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады. Егер ол жұмбақты дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады.
|
Жануарларды бейнелейтін ойыншықтар
|
9
|
«Түрлі түсті сарафан»
|
1
|
Балаларға түстердің өзгеруін көрсету арқылы,бір түстен екінші түске көшу және түстер арасындағы байланысқа назар аударту
|
Балаларға айналмалы тұғыр және әр түсті қағаздан қырқылған дөңгелек пішіндер таратылады.Тәрбиеші: «Балалар, бүгін бізге көңілді биші қыз қонаққа келді. Қараңдаршы оның үстіндегі сары түсті сарафаны қандай әдемі! Қуыршақтың бұдан басқа да түрлі- түсті сарафаны өте көп екен» -деп қағаздан қырқылған дөңгелектерді көрсетеді. Балалар бұл сарафандар жәй сарафан емес,сиқырлы сарафан екен,ол билеп кетсе болғаны сары-жасылға, қызыл-күлгінге айналады екен деп тұғырды айналдыра отырып көрссетеді
|
Орамал мен сарафаны бар қыздың бейнесі орналастырылған тұғыр, диаметрі 4.5 см қызыл,сары,көк түсті қырқылған дөңгелектер
|
10
|
«Таныс пішіндер доминосы»
.
|
1
|
Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру
|
Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар суретке сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді
|
Пішіндер бейнеленген суреттер
|
11
|
«Қуыршақ қонаққа дайындалуда»
|
1
|
Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға жаттықтыру
|
Қуыршақ қонаққа барады, киімін киюге, шашына бантик таңдауға көмектесуді ұсыну. Көп бантиктердің арасынан ұзындығы бірдей екі бантикті табу керек. Әдемі бантиктермен қуыршақтың шашын әсемдеу
|
Ұзындығы , жуандығы, түсі әртүрлі ленталар
|
12
|
«Әдемі пішіндер» ойыны
|
1
|
Баланың шығармашылық іздену іс-әрекетін белсендіру, фантазиясын дамыту,геометриялық пішіндерден түрлі бейнелер құрай білуге үйрету
|
Ойын үшін алдын ала геометриялық пішіндер жинағы дайындалады. Тәрбиешілер балаларға геометриялық пішіндерден түрлі заттар бейнесін жасауды сұрайды, мысалы, геометриялық пішіннен жануар бейнесін жасайды
|
Геометриялық пішіндер
үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек,сопақша
|
13
|
«Суретті тіз»
|
1
|
Сөздегі бірінші дыбысты анықтап үйрету
|
Тәрбиеші балалардың алдына суреттерді қояды да атайды. Сосын оларды бірінші дыбысын есітуіне қарай топтастыруын сұрайды. Мыс. : с- сабын,сүлгі,сурет,сиыр,сарымсақ
п-пальто,піл,пияз,парақ,парта т.б
|
Әр түрлі дыбыстан басталатын заттық суреттер.Әр дыбысқа бірнеше суреттер
|
14
|
«Кім не жейді?»
|
1
|
Логикалық ойлауды,сөйлеуді,
талғамды,байланыс құруды және түсіндіре білуді дамыту
|
Өсімдіктер мен жануарлары бар кәртішкелер жинағын дайындайды. М/ы: шөп-қоян-қасқыр: шаян-балық-итбалық-ақ аю:шырша бүршігі-тиін-сусар:өсімдік (шырын)-көбелек-бақа-құтан және т.б. Балаларға кәртішкелер таратылады.(кәртішкелерді лайықты суреттермен бетперделермен ауыстыруға болады)
|
Өсімдіктер мен жануарлар бейнеленген суреттер
|
15
|
«Шыршаны безендіреміз»
|
1
|
Түстеріне қарай топтастыруға үйрету
|
Балаларға шырша ойышықтарының силуэттері таратылады. Мольбертке шырша бейнесі бейнеленген планшет орналастырылады. Тәрбиеші: -«Балалар жақында бізде жаңа жыл мерекесі келе жатыр.Соған біз шыршамызды түрлі түсті ойыншықтармен безендіріп қояйық»-деп ұсыныс тастайды. Әрқайсыларыңның қолдарыңда белгілі бір түсті ойыншықтарың бар, мен қазір бір түсті атаймын, сол түс кім де бар , сол бала шыршаға келіп ойыншықты іледі.Бірінші қызыл түс,сонан соң сарғылт,сары,жасыл, көк,көгілдір т.с.с
|
Планшет 30х50 шырша бейнеленген.
Түрлі түсті қағаздан қырқылған 2 шт шырша ойыншықтары
|
16
|
«Апта күндері»
|
1
|
Апта күндерін атап, есте сақтай білуге үйрету
|
Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, таныстыру. Апта күндерін атату, карточканы таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын білу керек. Тәрбиеші бұйрығымен, «дүйсенбі» бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу керек. Бұдан соң балалар кезекпен ауысып тақтаға шығады
|
Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1-ден 7-ге дейін дөңгелектермен дайындалған карточка
|
17
|
«Сипатына қарай шешуін тап»
|
1
|
Заттарды қасиетіне қарай айыра білуге тәрбиелей отырып, байқампаздыққа баулу
|
Тәрбиеші суреттер көрсетеді. М/ы: ақшақардың суреті – «Балалар сендердің алдарыңда ақшақардың суреті бейнеленген кәртішкелер бар. Бір қарағанда олардың бәрі бірдей сияқты,бірақ анықтап қарасаңдар оларда өзгешеліктер бар.Осыған байланысты сендерді суреттегі ұқсастықтар мен өзгешеліктерді байқап тез анықтауға шақырамын». Ақшақардың бетінде қандай өзгірістер бар?
-екі көзі,бір қызыл мұрыны бар
-бастарында ше?
-біреуінде шелек,екіншісінде кастрюль
-қолдарыңда қандай өзгерістер көріп тұрсыңдар?
-сыпырғыш,күрек,таяқшалар біреуінде оң, ал екіншісінде сол қолдарында
-түймелері нешеу?
-үш,төрт т/б
|
Заттық суреттер:ақшақарлар,
жиналмалы қуыршақтар,жатпайтын қуыршақтар,көбелектер,
аюлар, біркелкі мөлшерде әр түрлі өзгерістерімен
|
18
|
«Түрлі түсті моншақтарды тізу»
|
1
|
Түстеріне қарай кезектестіріп тізуге үйрету
|
Қонаққа қуыршақ немесе аю келеді , өзімен бірге моншақтарды әкеліп, әдемі моншақ жасауға көмектесулерін сұрайды.
Тәрбиеші екі түсті моншақты қолына ұстай отырып,бірінші қызыл, сонан соң ақ моншақты тіземіз –деп көрсете отырып балалардың орындауларын қадағалап отырады
|
Ақтүсті -8 қызыл түсті -8 моншақтар, диаметрі-2 см. Жіптер және қорапшалар
|
19
|
«Иісі бойынша анықта» ойыны
|
1
|
Сезім түйсігін, қоршаған ортаға қызығушылығын дамыту
|
Тәрбиеші баланың көзін таңып байлап, табаққа кезекпен түрлі жемістер мен көкөністерді салады, мысалы: алма, лимон, пияз, қызылша, сәбіз және т.б. Бала бұл қандай жеміс немесе көкөніс екенін исі бойынша анықтап, оларды атайды
|
Жеміс-жидектер
|
20
|
«Гараждар»
|
1
|
Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту, жағымды көңіл-күйлерін қамтамасыз ету
|
Ойынның мазмұны: балалар жүргізуші болады. Қолдарына суреті бар рульдерді таратып беру. Белгі бойынша балалар көліктерін жүргізіп ойнайды. «Көліктеріңді гараждарыңа апарып қойыңдар» - деген кезде, рульдегі суретіне ұқсас суреті бар гараждың жанына барып тұра қалады
|
Бала саны бойынша суреті бар рульдер, дәл сондай суреті бар гараждар
|
21
|
«Кімге не керек»
|
1
|
Түрлі мамандықтың еңбек құралдарын танып айта білуге үйрету
|
Тәрбиеші тақтаға әр түрлі мамандық иелерінің суретін орналастырады.Үстел үстінде мамандықтарға қажетті құрал жабдықтар бейнеленген кәртішкелер. Тәрбиеші осы бейнеленген кәртішкелерді сәйкестендіріп, өз мамандық иелерінің қасына орналастыру керектігін түсіндіреді.
М/ы: тігіншіге-ине,құрылысшыға-қалақ, мұғалімге-кітап т.б
|
Әртүрлі мамандыққа қажетті құрал-жабдықтар бейнеленген карточкалар
|
22
|
«Бұлар нелер?»
|
1
|
Әрбір үй жануарларының төлдерінің аттары мен жабайы жануарлардың аттарын үйрету
|
Балаларға суреттер көрсету арқылы олардың атауларын, немен қоректенетінін, тіршілігін айту.
М/ы: мысық-сүт-үй жануары, қасқыр-ет-жабайы аң т/б
|
Үй және жабайы жануарлар суреттері
|
23
|
Құстар.
|
1
|
Құстар туралы ұғымдарын кеңейту
|
Суреттерге қарап, қай құс қандай дыбыс шығаратынын аңықтап, олардың қимылдарын келтіріп, музыкамен қимылдау.
|
суреттер
|
24
|
«Қане, сөйлесейік» ойыны
|
1
|
Ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік сезімдерін арттыра отырып, қуанышты көңіл-күй сыйлау, байланыстыра сөйлеу қабілетін жетілдіру
|
Тәрбиеші нақты тақырыпты таңдайды. Мысалы, анаңның туған күніне сыйлық таңдау. Тақтада әр түрлі сыйлықтар орналастырылған.
Тәрбиеші балаларға осы тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды:
-Бүгін сендердің аналарыңның туған күні делік, сен анаңа не сыйлар едің?
- Сен неліктен осы сыйлықты таңдадың?
- Бұл затпен не істеуге болады,сен қалай ойлайсың?
|
Гүл,күн,ыдыстар,шаңсорғыш,еттартқыш,жихаздар т/б
|
25
|
Жыл мезгілі
|
1
|
Балалардың тілін дамыта отырып, байқампаздыққа баулу. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін ажырату
|
Мольбертте 4 жыл мезгілінің суреті орналастырылған. Балаларға 4 жыл мезгіліне байланысты табиғат құбылыстары бейнеленген кәртішкелер таратылып беріледі.Тәрбиешінің сұрағына байланысты қай зат қай мезгілде қолданылады, кәртішкелерді соған сәйкес орналастырады
|
Табиғат құбылыстары бейнеленген кәртішкелер
|
26
|
«Әркімге өз үйі»
|
1
|
Қолмен саусақ ұштарының қимылдарын және сенсамоторлық кеңістікті «көз», «қол» үйлесімділігін дамыту.Түстерді ажыратуға үйрету
|
Балаларға аңдардың суретін көрсетіп сұрау:
-Сендер мына аңдарды білесіңдер ме?
-Аңдарға үйлерін табуға көмектесеміз бе?- деп дайын үйлер терезесіне бейнеленген аңдарды орналастырады
|
6-түсті (қызыл,сары,жасыл,көк,қоңыр,қызылсары) үй және аңдардың (қоян,қасқыр,аю,түлкі,кірпі,тышқан) суреттері
|
27
|
«Әр құсқа өз орны»
|
1
|
Суда жүзетін,жыртқыш және батпақта болатын құстар жайлы қысқаша хабарлама жасау
|
Тәрбиеші таблицадағы құстар жайлы шағын әңгіме тыңдауды ұсына отырып, құстардың аяқтарының құрылымдарына,тұмсықтарына,ерекше назар аударуларын сұрайды. Өйткені бұл сипаттамалар құстардың тіршіліктерінің белгілері болып табылады.
Бүркіт туралы әңгіме
Бүркіт –жыртқыш құс.Ол құстармен аңдарды аулап өмір сүреді.Ол биікте отырып , жердегі қорегін аңдиды.Ол бүгілген тырнағы мен мықты аяғы және иілген мықты тұмсығы арқылы өз қорегін жібермей ұстайды.
Тырна
Өзен , көл жағалауындағы батпақтарда өмір сүреді.Оның мойыны,тұмсығы, аяғы ұзын болып келеді. Ол көлдердегі су жәндіктерімен қоректенеді.
Қаз
Өзен,көлдерде жабайы қаздар болады.Олардың аяқтарының табан асты бұлшық еті болады. Қаздар сондықтан суда тез жүзе алады. Ұзын мойынын суға тығып өз қорегін табады.
Сонан соң тәрбиеші балаларды бір-бірлеп қасына шақырады. Әр бала бір суреттен алып бүркіттің,тырнаның немесе қаздың қасына орналастырады. М/ы: жапалақты бүркіттің қасына орналастырдым,өйткені ол да жыртқыш құс т.б
|
1).9 бөлікке бөлінген таблица,бірінші қатарда:бүркіт,тырна,қаз
2).Құстар бейнеленген суреттер(жапалақ-жыртқыш құс,тырна батпақта, аққу,үйрек-суда жүзетін)
|
28
|
«Дүкен» ойыны
|
1
|
Заттарды сипаттай алу, оның бар белгілерін табу, затты сипаттамасына орай тануды дамыту
|
Тәрбиеші балаларды жартылай шеңбер бойына отырғызып, балаларға айтады: «Бізде жаңа дүкен ашылды. Онда қандай жаңа ойыншықтар бар екенін көрейік. Сендер ойыншық сатып аласыңдар ма? Ол үшін ереже сақтау керек. Ойыншықтың атын атамай, көрсетпей, сипаттап беру керек». Сипаттауға қарай сатушы өзі тауып, алып береді. Қысқа санамақтың көмегімен балалар сатушыны таңдайды. Тәрбиеші ойыншықты сатып алу ережесін көрсетеді. Тәрбиеші: - «Мен ойыншық сатып алғым келеді. Қоңыр, маймақ аяқ, балды жақсы көреді». Сатушы сатып алушыға ойыншық аюды береді. Ойын барлық қатысушылар өздеріне ойыншық алып болғанға дейін созылады.
|
Ойыншықтар, суреттер
|
29
|
«Мені кім шақырды?» ойыны
|
1
|
Өз құрбы-құрдастарының дауысын тани білуді дамыту
|
Балалар шеңбер бойына тұрады, бір балаға шеңберден шығуын сұрайды, бірнеше қадам жерде шеңберге арқасымен тұруы тиіс. Тәрбиеші шеңберден шыққан баланы шақыратын баланы таңдайды. Шыққан бала қайта келіп, кім шақырғанын айтуы керек:
- Мені шақырған сен, Аңсар.
Егер бала дұрыс тауып, бірақ есімін ұмытып қалса, шақырған баладан сұрауына болатындығын тәрбиеші айтып ескертеді. Әдетте балалар ең алдымен саусақпен көрсетеді. Сондықтан тәрбиеші қадағалап, толық жауап беруін талап етуі тиіс
|
|
30
|
«Қалай жүріп, нені тапқың келеді?»
|
1
|
Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту
|
Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді: «Алдыңда қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың келеді?»
|
Кез-келген ойыншықтар немесе суреттері
|
31
|
«Үйдің есігін жабайық»»
|
1
|
Заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту
|
Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну
|
Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері
|
32
|
«Кім есінде көп сақтайды?»
|
1
|
Көзбен көріп есте сақтауын дамыту
|
Тәрбиеші балаларға кезекпен бірнеше суреттер көрсетеді, онда әртүрлі заттар бейнеленген. Балалар мұқият қарап, 1-2 минут аралығында есте сақтайды. Содан кейін тәрбиеші суреттерді алып тастайды да, балаларға оларды атау керектігін, яғни кім қайсысын есінде сақтағанын сұрайды. Кім көп атаса, сол – жеңімпаз болады
|
Алма,жүзім, банан, өрік т.б жемістердің суреттері
|
33
|
«Бақша да ма,бау да ма?»
|
1
|
Жемістер мен көкөністер туралы мағлұмат беру.Олардың айырмашылықтарын түсіндіру
|
Тәрбиеші балаларға жемістер мен көкөністердің суреттерін көрсету арқылы олардың атауларын айтқызады.Сонан соң көкөністердің жерде, жемістердің талда өсетінін түсіндіру арқылы сұрақтар қойып, балалардың ойынға қызығушылықпен қатыстырады
|
Жемістер мен көкөністердің суреттері
|
34
|
«Сыпайы болу» жаттығуы
|
1
|
Ойлауды, сөйлеуді дамыту, ересектерге және құрдастарына сыпайы қатынас жасауға және өтініш білдіруге үйрету
|
- Балалар, сиқырлы сөздер бар, яғни олар көңіл-күйді көтеруге көмектеседі. Бүгін біз дұрыс және сыпайы өтініш жасауды үйренеміз.
- Сіздің өз құрдасыңызға өтініш білдіргеніңізді елестетейік. Оны қалай жақсартуға болады? Қалай ойлайсыздар?
Міндетті түрде атын атап, көзіне қарап, «өтінемін» сөзін ұмытпау керек. Байқап көрелік:
- Аңсар, өтінемін, допты маған берші.
- Гүлнәр, егер қиын болмаса, ойыншықтарды жинауға көмектесші.
- Арай, маған түймемді салуға көмектесші, өтінемін.
- Ал, енді көшеде бейтаныс адамнан дүкеннің қайда екенін сұрау керек болса, былай айтуға болады:
Ғафу етіңіз, ...
Кешіріңіз, ....
Маған көмектесіп жіберіңізші, өтінемін....
Жағдайға байланысты бірнеше нұсқаны ойнап көрсету керек.
Егер тәрбиешіге, анаңызға немесе ересектердің бірінен сұрағыңыз келсе, ал ол кісі сол сәтте басқа біреумен сөйлесіп отырса, не істеуге болады?
«Кешіріңіз, өтінемін, сөзіңізді бөлейін, Сізді бола ма?»
«Кешіріңіз, Сіздерге кедергі келтіргеніме, сұрақ қойсам бола ма?»
Сіздер сыпайылық ережесін және жақындарыңызға қуаныш сыйлауды ұмытпайсыздар деп сенемін
|
|
35
|
«Кім қандай, айтып бер» ойыны
|
1
|
Жануарлардың ерекше белгілеріне, сыртқы пішініне, әрекеттеріне назар аударуға үйрету
|
Тәрбиеші балаларға әртүрлі жануарлар бейнеленген суреттерді көрсетіп, қандай жануар екенін, не істей алатынын айтады. Мысалы: Түлкі, қызыл-сары, өте қу, айлакер. Ол орманда, далада өмір сүреді, тышқан, қоян аулайды.
Басқа жануарларға да қатысты сипаттама беріледі
|
Жануарлардың суреттері
|
36
|
«Түрлі түсті заттар» ойыны
|
1
|
Түстеріне қарай заттарды топтастыра білуді үйрету
|
Тәрбиеші балалармен бірге шеңберге тұрады және ойын ережесін түсіндіреді: «Менің қолымда доп бар. Мен бір түсті атаймын да, біреулеріңе допты лақтырамын. Допты кім ұстап алды, сол осы түсті затты атауы керек, содан кейін кез келген түсті атап, тағы біреуге допты лақтырады. Ол қағып алып, затты атайды және т.с.с. Мысалы, «жасыл» (тәрбиеші жасыл түсті заттарды есіне түсіру үшін кішкентай үзіліс береді) және Динаға допты лақтырады. Дина «қияр» деп жауап береді. Дина жауап берген соң, допты келесі ойыншыға «көгілдір» деп лақтырады және т.б. Бір түс бірнеше рет қайталануы мүмкін, себебі бір түсті заттар көп. Ойында тез жауап бере алу керек
|
Доп
|