Мазмұны
Түсіндірме жазба--------------------------------------------------------------- 5
5-6 жастағы балаларға арналған «Бала тілін дамыту» бағдарламасы---------------------------6-13
4-5 жастағы балаларға арналған «Шебер қолдар» бағдарламасы---------------------------------------------------14-22
4. ІІ-сәбилер тобына арналған «Дидактикалық ойындар» бағдарламасы----------------------------------------------------23-39
5. Ортаңғы топ балаларына арналған «Бүлдіршіндердің шығармашылығын дамыту» бағдарламасы---------40-54
6. Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға арналған «Таза ауадағы шынықтыру» бағдарламасы ------------------55-70
7. Мектепалды даярлық тобына (сынып) арналған «Сиқырлы сандар» бағдарламасы---------------------------------------71-78
Түсіндірме жазба
Тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы болып есептелетін мектепке дейінгі білім беруде білім мазмұны балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Соған сәйкес, вариативті компонент бойынша «Бүлдіршіндердің шығармашылығын дамыту», «Дидактикалық ойындар», «Шебер қолдар», «Бала тілін дамыту», «Таза ауадағы шынықтыру» және «Сиқырлы сандар» бағдарламалары дайындалып, оның негізгі мақсаты баланың жас ерекшеліктеріне қарай қызығушылықтары мен қабілеттерін, ой-қиялдарын дамыту тұрғысында құрылды.
Бағдарлама мазмұнында баланы кіші жастан еңбекке баулу, шынықтыру, тілін дамыту, ойын элементтері арқылы логикалық ойлауы мен есте сақтау қабілетін жетілдіру және сахналық қойылымдар негізінде дарынды балаларды анықтау жұмыстарына басымдық берілген.
Облыстық оқу орталығының шығармашылық топ мүшелері дайындаған бағдарламалар негізінде бала бойына еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін сіңіре отырып, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға мүмкіндік мол.
3-4 жастағы балаларға арналған «Бала тілін дамыту» бағдарламасы
Достарыңызбен бөлісу: |