БҚму хабаршы №2-2016ж


БИОЛОГИЯДАН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ЖАСАУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет10/40
Дата06.03.2017
өлшемі3,83 Mb.
#7615
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40

 
БИОЛОГИЯДАН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ЖАСАУДЫҢ 
ӘДІСТЕМЕСІ 
 
Аңдатпа. 
Мақалада 
электрондық 
оқулықтардың 
қасиеттері 
мен 
элементтері  сиппатталған.  Сонымен  бірге  электрондық  оқулыққа  қойылатын 
талаптар  жүйеленіп,  студенттердің  білімін  бағалау  мүмкіндіктері  мен  оқыту 
үдерісінде электрондық оқулықтарды қолданудың ерекшеліктері мен психологиялық-
педагогикалық мәселелері келтірілген. 
Тірек сөздер:  Электрондық оқулық,  ақпарат, интернет, анимация,  технология, 
бағдарламалау, графиктер, бейнеүзінділер, гиперсілтеме. 
 
Қазіргі  кездегі  қарқынды  жүріп  жатқан  жаһандану  үрдісі  әлемдік 
бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 
елдің  қатарына  кіру  стратегиясы  атты  жолдауында  «Білім  беру  реформасы  – 
Қазақстанның  бәсекеге  нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін 
аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті [1]. 
Елімізде  ЖОО-да  білім  беру  саласында  компьютерлік  бағдарламалармен 
қамтамасыз  етуді  жетілдіру  және  ақпараттық-телекоммуникациялық  желілерді 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
96 
дамытуға  арналған  көптеген  жұмыстар  атқарылуда.  Сондай-ақ,  келешекте 
материалдық-техникалық  қамтамасыздандыру  жұмыстары  интернет  желісін 
қолданудың  сапалы  жолдарын  жетілдіру,  пән  дәрісханалары  мен  зертханаларды 
компьютерлендіру, мультимедиалық кабинеттер түрінде жабдықталған электрондық 
оқу залдарын құруға негіздлген. 
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз 
және  толық  деңгейін  бақылау  және    ақпараттық  ізденіс  қабілетін  дамыту».  Білім 
берудің  кез  келген  саласында  электрондық  оқулықтарды  пайдалану  білім 
алаушылардың  танымдық  белсенділігін  арттырып  қана  қоймай  ойлау  жүйесін 
қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды. 
Электрондық  оқулық,  жаңа  бейнедегі  оқу  құралы  тәрізді  ашық  жүйе  болып 
табылады,  яғни  оқулықтың  құрылымы  мен  мазмұнына  өзгеріс  енгізуге  мүмкіндік 
беретін жүйе [2].  
Электронды оқулықтың құрлымы екі негізгі бөлімге бөлінеді: мазмұнды және 
процессті. Сонымен қатар, басқарушы және диагностикалық. Оқулықтың мазмұнды 
бөлімі келесі компоненттерді қосады: танымдық, демонстарциялық. Процестік бөлім 
келесі  компонеттерден  тұрады:модельдеуші,  бақылаушы,  бекітуші.  Танымдық 
компонент  оқушыға  білім  беруге  бағытталған.  Бұл,  мәтіндік  ақпарат  болып 
табылады.  Демонстрациялық  компонент  бұл  –  бақылау  тапсырмалары,  яғни 
танымдық  компонентті  толыққанды  ашушы  бөлім.  Бақылау  –  бекітуші  компонент 
оқушының материалдық қадам  көрсетеді.Бағыттаушы бөлім электронды оқулықтың 
программалық  қабықшасы.  Диагностикалық  бөлім  нақты  программының 
статистикалық ақпаратын сақтайды. 
Электрондық оқулықтың кейбір негізгі элементтеріне тоқталсақ:  
1. Электрондық оқулық өте аз мәтіндік ақпараттан тұруы тиіс, себебі экраннан 
ұзақ  уақыт  бойы  мәтінді  оқу  тез  жалығуға  және  білімді  қабылдау  мен  меңгеруді 
төмендетуге әкеледі. Мұндай оқулықтар көп мөлшерде суретті материалды қамтуы тиіс.   
2. Бейнеүзінділерді қолдану динамикалық процестер мен құбылыстарды айқын 
көрсетуге  мүмкіндік  береді.  Файлдардың  өлшемдерінің  үлкен  болатындығына 
қарамастан, оларды мақсатқа сай қолдану керек, себебі студенттердің қабылдауы мен 
қызығушылығы артады және білім сапасы жақсарады.  
3.  Дәстүрлі  оқытуда  жаңа  материал  ауызша  түсіндірілсе,  ал  электрондық 
оқулықта  аудио-видео  үзінділерді  қолдану  ақпарат  берудің  үйреншікті  тәсіліне 
жақындатуға ғана мүмкіндік бермейді, сонымен қатар жаңа материалды қабылдауды 
жақсартады, ол тек көзбен көру ғана емес, сонымен қатар есту орталықтарын да іске 
қосады.  Ғылыми  мәліметтерге  сүйенсек,  аудиоқабылдауда  ақпараттың  тек  12%-ы, 
визуалды ақпараттың шамамен 25%-ы меңгеріледі, ал аудиовизуалды ақпарат 65%-ға 
дейін қабылданады.  
4.  Электрондық  оқулық,  оқулық  элементтері  бойынша  гиперсілтемелерден  тұруы 
тиіс және басқа электрондық оқулықтар мен анықтамаларға сілтемелер болуы тиіс. 
5.  Ерекше  дидактикалық  мақсатқа  сай  мәтіндік,  графикалық  және  басқа 
материалдар  құрамына  енгізуге  болады.  Жаңа  ақпаратты  қабылдау  сапасы,  талдау 
мүмкіндігі,  есте  сақтау  жылдамдығы,  белгілі  бір  мөлшерде  оқу  ақпаратын  меңгеру 
толықтығы беттегі (компьютер экранындағы) ақпараттың орналасуынан және бірінен 
соң бірі жүретін беттердің сәйкестігіне байланысты. Электрондық оқулық кез-келген 
уақытта  сілтеме  жасауға  мүмкіндік  береді  және  реттілік  сұрыпталып,  сілтеуіштер 
тізімін көрсетіп қою керек.  
Электрондық оқулықта пайдаланылған әдебиеттер тізімі болуы тиіс. Жоғарыда 
айтылғандай,  электронды  оқулық  ЖОО-ның  нақты  оқу  жоспарына  бейімделіп 
жасалады  және  сондықтан  әдебиеттер  тізімінде  кітаптармен  қоса  басқа 
басылымдарды  да  қарастыруға  болады.  Әдебиеттер  тізімі  журналдардан,  ғылыми 
конференция  жинақ-тарынан  және  мақалаларға  сілтеме  берумен  ғана  шектелмей, 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
97 
сонымен  қатар  оқу  электронды  басылымдарды  немесе  Internet  жүйесінен  алынған 
материалдарды енгізуге болады.  
Электрондық оқулыққа тән негізгі қасиеттер: 
–  жинақылық  –  бұл  үлкен  көлемдегі  материалдардың  аз  көлемде жинақы 
түрде берілуі; 
– жүйелілік – ақпараттың белгілі бір жүйеде берілуі; 
–  эстетикалық  безендірілуі  –  мәтінмен  бірге  аудио-видео  бейне  түрінде 
ақпаратты қабылдауы; 
–  жылдамдылығы–  мұнда  студенттің  кез-келген  тақырыпты  тез  әрі  жылдам 
іздеп таба алуы мен қабылдауы. 
 Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар: 
1. Жан-жақтылығы  –  электрондық оқулық арқылы толық, жан-жақты мәлімет 
ала  алады.  Онда  осы  құбылыстарға  негізделіп  жасалған  анимация  немесе 
бейнеүзінділермен жұмыс жасай алады. 
2.  Бейімділігі  –  электрондық  оқулық  өте  аз  тексттік  ақпараттан  тұруы  тиіс, 
себебі  экраннан  ұзақ  текстті  оқу  шаршауға  және  білімді  қабылдау  мен  меңгеруді 
төмендетуге  әкеледі.  Мұндай  оқулықтар  көп  мөлшерде  суретті  материалды  қамтуы 
тиіс.   
3. Тиімділігі – гипермәтіндік түсіндіруден жан-жақты ақпараттық материалдар  
алады;  әрбір  жеке  тұлғаның  білімін,  біліктілігін  әрбір  тараулар  бойынша  тексеруге, 
бағалауға мүмкіндік береді;  
4.  Сабақты  иллюстрациялық  жеке-жеке  материал  ретінде  жабдықтауда 
көмектеседі,  сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытта  өз  бетімен  әртүрлі  деңгейлі, 
шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді [3]. 
Оқыту  үдерісінде  электрондық  оқулықпен  жұмыс  жасау  барысында 
студенттердің білімін бағалау үшін диагностикалық зерттеу жүргізуге болады: 
1. Білім мониторингі – сабақта әрбір студенттің берген жауабына байланысты 
білімін бағалау үшін кесте құрастырады. 
2.  Сауалнамалар  –  арнайы  құрастырылған  сұрақтарға  студент  оқытушының 
сұрақ қоюымен жауап беру арқылы жүзеге асады. 
3.Тесттік  бақылаулар  –  мұғалім  студентке  өткен  тақырыпқа  байланысты 
тесттік тапсырмаларды береді. 
4.Мұғалім жеке тақырыптар бойынша студенттермен әңгіме, пікір алмасу және 
оқыту технологияларын қолдана отырып жұмыс жасайды; 
5.Оқытушының  басшылығымен  жүргізілетін  студенттің  өзіндік  жұмысы  – 
мұғалімнің  қадағалауымен  студенттің  тақырыпқа  сай  орындаған  жұмыстары  
көрсетіледі. 
Электрондық  оқулықты  қолдану  кредиттік  оқыту  жүйесі,  қашықтан  оқыту, 
оқыту  технологиялары  бойынша оқытудың  мақсатын  айқындауға,  студенттердің  іс-
әрекетін  ұйымдастыру  әдістерін  құруға,  тәжірибелік-эксперименттік  жұмыстарды 
жүргізу  мен  нәтижелерін  алудың  негізгі  мақсатына  сай  іс-әрекеттер  түрін 
жоспарлауға жағдай жасайды.  
Электронды  оқулықтың  бір  жетістігі,  студент  компьютермен  сабақтан  тыс 
уақытта жұмыс  істей алуға және үйінде өз компьютерінде  дайындала алады. Қажет 
болған  кезде,  студент  өзінің  жеке  жоспары  бойынша  оқытушының  бақылауымен 
жұмыс істеуіне мүмкіндік алады. 
Электрондық  оқулықты  пайдалану  болашақ  биолог  мұғалімдерінің  кәсіби 
даярлығын  және  оқу  үдерісін  жетілдіруде  міндетті  компоненті  болып  табылады. 
Сондықтан  да  кез  келген  деңгейдегі  білім  беруде  мұғалім  даярлау  үшін  олардың 
болашақ кәсіби әрекетінде электрондық оқулықты қолдану қажет.  
Оқыту  үдерісінде  электрондық  оқулықтармен  оқыту,  оларды  жетілдіруге 
қажетті  жағдайларды  құру,  өңдеу  және  ендіру,  жаңаны  дәстүрлі  әдіспен 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
98 
қиылыстырудың  жолдарын  іздеу  психологиялық-педагогикалық,  оқу-әдістемелік 
мәселелерді шешуді талап етеді. Оларды әртүрлі бағыттарға ажыратуға болады: 

  биологияны  оқу  үдерісіне  электрондық  оқулықты  ендіру  мәселесін    шешу 
үшін бірыңғай ғылыми-әдістемелік кешенді жетілдіру; 

 
практикалық  іс-әрекетте  электрондық  оқулықты  жасаудың  және 
пайдаланудың әдістемесін жасау; 

  электрондық  оқулықпен  оқытатын  болашақ  биолог  мұғалімдерді  даярлау 
және оны оқу процесіне ендіру; 

  жоғары  оқу  орындарын  биология  зертханаларын  материалдық-техникалық 
жабдықтау; 

 биологиядан қажетті әдістемелік қамтамасыздандыруды іздеу, өңдеу және құру. 
Электрондық  оқулық-біртұтас,  дидактикалық,  әдістемелік,  интерактивті 
бағдарламалық  жүйе  және  ол  оқу  материалынан  кездесетін  қиындықтарды  артта 
қалдырады  және  соңғы  мүмкіндіктерді  қолданып,  ғылыми-зерттеу  әдіс-тәсілдерін 
жетілдіреді. 
Электрондық  оқулықтар 

  оқыту  үрдісінде  автоматтандырылған  оқыту 
формасы  болып  табылады.  Электрондық  оқулық  –  мультимедиалық  оқулық, 
сондықтан  электрондық  оқулықтың  құрылымы  сапалы  жаңа  деңгейде  болуы  тиіс. 
Электрондық  оқулық  студенттің  уақытын  үнемдейді,  оқу  материалдарын  іздеп 
отырмай,  өтілген  және  студенттің  ұмытып  қалған  материалдарын  еске  түсіруге  зор 
ықпал етеді. 
Электрондық оқулықтарды пән бойынша мына мақсаттарға пайдалану тиімді:  

 электронды түрде анықтама беруде; 

 оқу материалдарының көрнекілігін жақсартуда (мультимедиалық көріністер т.б.); 

 бейімді оқу құралы ретінде; 

 өздігінен жеке жұмыс жасауда [4, 25 б.]. 
Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі  –  мұғалім. Қазіргі 
уақытта  шығармашылық  ізденіс  қабілеті  дамыған,  жаңа  педагогикалық  және 
ақпараттық  технологияларды  жете  меңгерген,  мамандық  шеберлігі  қалыптасқан 
мұғалімдер қажет.  
Білім  беру  саласында  электрондық  оқулықтарды  пайдалану  студенттердің 
танымдық  белсенділігін  арттырып  қана  қоймай,  логикалық  ойлау  жүйесін 
қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Оқу  материалы 
студентке  компьютер  көмегімен  тез,  жылдам  түсіндіріледі.  Соның  нәтижесінде 
студенттердің  пәнге  деген  қызығушылығы  артып,  шығармашылықпен  жұмыс 
жасауына кең мүмкіндік ашылады.  
Сондай-ақ,  оқытушылар  да  өздеріне  қажетті  әдістемелік,  дидактикалық 
көмекші  кұралдарды  молынан  ала  алады.  Заман  талабына  сай  жас  ұрпаққа  сапалы 
білім  беруде  электрондық  оқулықтарды  пайдалану  -  білім  берудің  жаңа 
технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.  
Электрондық  оқулықпен  оқытудың  ерекшеліктері  өте  көп,  оларға 
төмендегілерді жатқызуға болады: 
–  білім  алушының  талабына  сай  қолдану  интерфейсін  бейімдеу  және 
тиімділігін арттыру мүмкіндіктері  басым. Мұнда электрондық оқулықты өлшемдері 
өзгере  алатын  мәтіндік,  гипермәтіндік  құрылымдағы  оқулық  ретінде  пайдаланып 
және студенттің қалауы бойынша қажетті анықтамалар мен суреттердің мазмұнынын 
кез келген уақытта қолдана алуы.  
–  оқу  материалын  тез  қабылдау  мен  меңгеру  үшін  қосымша  құралдардың 
әсерін қолдану мүмкіндігі. Анимациялық модельдердің мәтінге қосылуы, дыбыстық 
сүйемелдеу көмегінің тиімділігі. 
–  электрондық  оқулықтың  көмегімен  баспа  оқулықтарындай  беттерді 
парақтамай, қажетті бөлімге тез ауысу мен қайтудың мүмкіндігі мол. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
99 
–    электрондық  оқулық  арқылы  керек  материалды  тез  іздеп  табу 
мүмкіндігі ерекше.  

 
студенттердің  білімін  деңгейін  бақылаудың  автоматтандырылған  жүйесін 
қолдану мүмкіндігі оқулықтағы тиісті білім деңгейін жылдам таңдайды. 
–  ақпаратты  есте  сақтау  мен  қабылдауды  жақсарту  мақсатында  меңгерілетін 
материал студенттің білім деңгейіне тез бейімделеді.  
–  электрондық  оқытуда  «студент-мұғалім»  қарым-қатынасының  «субъект-
субъект» болып өзгеріп, мұғалім ұйымдастырушылық және қосалқы рөл атқарады;  
–  электрондық  оқулықтың  негізгі  ерекшелігі  –  студент  пен  оқулық 
элементтерінің интерактивтік байланыста болу мүмкіндігін атап айту қажет [3]. 
Электрондық оқулықтың негізгі элементтеріне жататындар: процестердің өтуін 
демонстрациялық  көрнекілік  ретінде  қолдануы,  табиғат  құбылыстары,  зертханалық 
эксперименттер, техникалық құрылғылардың жұмыстары т.б. 
Электрондық оқулық жасаудың негізгі талаптарына мыналарды жатқызуға болады: 

 электрондық оқулық үшін қажетті барлық материалдарды алдын-ала талдап алу; 

  белгілі  бір  пәнге  байланысты  дайындалған  электрондық  оқулықтың  сол 
пәннің студенттерге оқытылуға тиіс бағдарламасына сәйкес болуы; 

  электронды  оқулықтар  оқытылатын  тараулар  мен  тақырыптарды    толық 
қамтуы тиіс және мәтіндік видео-лекциямен үндесуі; 

  электронды  оқулықтың  дәстүрлі  оқулықтар  мазмұнын  қайталамауы,  яғни 
берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа болуы; 

  биология  пәндеріне  қатысты  анимациялап  көрсету  үдерісінің  оқулықтың 
көркемдік, әдістемелік деңгейін арттыруға әсері; 

  электрондық  оқулыққа  көптерезелі  интерфейс  қолданылып,  әр  терезеде 
ақпараттар бір-біріне сілтемелермен байланыста болуы, жай көріністе қиынға түсетін 
бөлімдер бейне көріністер мен анимация арқылы толықтырылуы. 
Жоғарыда  айтылғандарды  ескере  отырып,  электрондық  оқулықты  жасаудың 
технологиялық ерекшеліктері мынадай  сатылырды қамтуы қажет:  
1)  Электрондық оқулықтың мақсаттарын анықтау және жетілдіру. 

  Электрондық  оқулықты  жасаудың  негізгі  дидактикалық  мақсаты  мен 
мiндеттерін ашу, ақпараттық технологияларды пайдалану жолдарын айқындау. 

 Оқыту мақсатына байланысты электрондық оқулықтың мынадай түрлерін құру: 
– жалпы білім циклы пәндеріне бағытталған электрондық оқулықтар; 
– анықтамалық электрондық оқулықтар; 
– жаттықтырушы электрондық оқулықтар; 
2)  Электрондық оқулықтың құрылымын жетілдіру. 
Электрондық оқулықты дайындау мынадай сатылардын тұрады: 
1. Пәннің құрылымына талдау жүргізу. 
2. Пәннің ақпараттық мазмұнын анықтау. 
3. Электрондық оқулықты компьютерлік бағдарлама тілінде жазу [5, 6-7 бб.]. 
Алғашқы 
екі 
кезеңді 
мұғалімнің 
өзі 
орындайды. 
Ал, 
үшіншісі 
бағдарламашының көмегімен орындалады.  
Анықтамалық  сөздіктерде  құрылым  -  бұл  жалпы  түсiнiкте  (structure 

  латын 
сөзi,  тұрғызу,  орналастыру,  тәртiп  дегендi  бiлдiредi)  объекттiң  орнықтылығын 
қалыптастыратын  берiк  байланыстар  жиынтығы.  Осы  анықтамаға  сүйене  отырып, 
электрондық  оқулықты  жасау  барысында  алдымен  оның  құрылымын,  оқу 
материалының  өтілу  тәртiбiн,  тарау  бойынша  жаңа  түр  өңдеп,  оқулықтың  негізгі 
орнын таңдау қажет. 
Биология  курсы  бойынша  электрондық  оқулықтың  әрбір  бөлімі  мынадай 
құрылымдардан тұруы тиіс: 

 
зерттелетін  эксперименттер  мен  демонстрацияланатын  заңдарды,  
құбылыстарды модельдеу; 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
100 

 тараулар бойынша меңгерілетін материалдар; 

 қорытынды тесттер жасау және білімді игеруді бақылау; 
Оқулықтың мазмұнын бөлімдері және тақырыптары бойынша жүйелеу: 
 

  жеке  тақырыптарды  компьютерлендіру  (оқу  материалын  қабылдау 
қиындығын ескеру; 

 күрделі оқу материалын ұсақтай білу; 

 оқу курсы тақырыптарының өзара байланысын жүзеге асыру; 

  әрбір  тақырыпқа  қатысты  әртүрлі  деңгейде  көп  нұсқалы  практикалық 
тапсырмаларды таңдау; 

  түсініктерге,  тұжырымдарға,  құбылыстарға  қажетті  иллюстрацияларды, 
графиктерді, демонстрацияларды, анимацияларды іріктеу. 
Электронды оқулықты сабақта қолдану қатарлары: 
1.
 
Электронды  оқулық  жаңа  материалды  үйрену,  оқу,  қорытындылау  үшін 
қолданылады.  (  20  мин.  компьютер  алдында  жұмыс  жасау).  Студенттің  алдымен 
дәстүрлік методика көмегімен. Жаңа материалды үйренуге көшерде білім алушылар 
топтасып  компьютер  алдына  отырады,  оны  қосып  құрылым  мен  формулаға  қарай 
оқытушы нұсқауымен тапсырманы орындауға кіріседі.  
2.
 
Электронды оқулық моделі материалды қорытындылауда қолданылу мүмкін. 
Сабақта  жаңа  материалды  қарапайым  тәсілмен  үйренеді,  қорытындылағаннан  кейін 
білім  алушылар  5-7  мин.  Оқытушымен  бірге  тақырыптың  формуласын  тағы  да 
қарастырып, қорытындылайды. 
3.
 
Электронды оқулықтың көмегімен өткен сабақ материалдың оқып-үйренуді 
қайталап және жалпылайды (15-17 мин).  
4.
 
Жеке  өтетін  сабақтар  материалды  қайта  қарастыруға  және  формуласын 
тақырып  бойынша  қорытындылайды.  Бұндай  жұмыс  топтық  құрамда  (3-4  адам). 
Сабақ  соңында  (10  мин.)  білім  алушылар  тақырыптың    мазмұнына  назар  аударып, 
өзінің нұсқасы бойынша салыстырады.  
5.
 
Электронды  оқулықты  білім  алушылар  қорытынды  жасау  үшін  қолданады. 
Онда  электронды  оқулықтаң  құрамына  жүйелі  мониторинг  кіреді.  Білім 
алушылардың  тест  жұмыстарының  нәтижесі  әрбір  пән  бойынша  сараланып 
компьютермен 
тексерілінеді. 
Берілген 
мониторингті 
білім 
алушылармен, 
оқытушымен,  методика  қызметкерлерімен  қолданылады.  Дұрыс  шешілген 
тапсырмалар білімалушылардың жаңа материалды қалай  меңгергенін байқатады. 
Біздің  көзқарас  бойынша,  жалпы  білім  беру  үшін  электрондық  оқулықтарды 
әзірлеу  стандартының  негізіне  қойылатын  педагогикалық  және  техникалық 
талаптардың  үйлесімдігін  ескеретін  қағидалар,  тиімді  ақпараттық  білімдік  орта 
дайындау мақсатымен басып озатын және кешенді стандарттау әдістер.    
Электрондық  оқулықтың  көрінісі  әртүрлi  деңгейдегi  және  қызметтегi 
бағдарлама  құрылымы  шеңберiнде  оқу  курсының  мазмұнын  ашу,  мультимедиалық 
технологиялар компоненттерін пайдалану.  
Электрондық  оқулықты  жасау  процесі  оқу  кадрларының  негiзгi  үлгісін 
құрудан және бағдарламалау тілін таңдаудан басталады [6]. 
Қорыта  айтқанда,  жаңа  ақпараттық  технологияларды  білім  беру  жүйесінде 
қолданудың ең маңызды факторы, негізгі қозғаушы күші адам, сол себепті білімнің 
негізгі принциптері іске асырылады. Осыған байланысты адамның  шығармашылық  
потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасалу керек. 
 «Ешбір адамға білім алу мен жетілу жай беріле салмайды немесе тек айтумен 
ғана  іске  аспайды.  Оған  қол  жеткізуге  тырысатын  әрбір  жан  соған  өз  еңбегімен,  өз 
күшімен  ұмтылуы  тиіс»  -  деп  Дистервег  айтқандай  қазіргі  кезде  білімалушылар 
сабақта  жай  ғана  тыңдаушы  ролінде  отырғысы  келмейді,  оларды  дайын  күйіндегі 
оқытушының  айтқандарын  жазып  алу  қызықтырмайды.  Олар  жаңа  сабақ 
материалдарымен  танысу  кезінде  өздері  жеке  жұмыс  істеп,  ойлау  қабілеттерін  де 
көрсете алатын оқытудың жаңа түрлерін пайдаланғысы келеді. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
101 
 Жоғарыда  айтылған  ой-пікірлерімді  тұжырымдай  келе,  компьютерді  қолдану 
негізінде  пәндердің  оқыту  сапасын  арттырып,  білім  беруді  ақпараттандыру  жүйелі 
түрде іске асады. 
Дидактикалық  заңдылықтар  мен  технологияға  негіздей  отырып,  электрондық 
оқулық жасау білім алуды автоматтандыруға, білімалушы мен оқытушы арасындағы 
байланысты одан әрі сапалы түрде жақсартуға ықпал етеді. 
Болашақтың  адамы  тек  қана  сауатты  емес,  сонымен  қатар  «екінші» 
компьютерлік  сауаттылығы  да  болуы  керек,  себебі  БҰҰ  ХХІ  ғасырды  «ХХІ  ғасыр- 
ақпараттандыру  ғасыры»  деп  атағандықтан  бәріміз  электрондық  оқулық  пен 
интернет желісімен жұмыс жасауымыз керек. 
 
Әдебиеттер: 
1.  «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы.  2007  ж.  27  шілдедегі 
№20,151-құжат.  
2.  Нұрғалиева  Г.К.  Электронды  оқулықтар  -  мұғалім  мен  оқушылар 
қызметін  ізгілендіру  құралы.  //Компьютер  әлемі.  Республикалық  журнал. 

 
2002. 

 №2. 

 Б. 20-21. 
3.  Халықова  Г.  Электронды  оқулықты  дайындаудың  талаптары  //  Ғылыми 
бағыттардың  даму  болашағы  мен  білім  беру  жүйесіне  инновациялық  әдістерді 
ендіру  жолдары»  атты Халықаралық  ғылыми-әдістемелік  конференциясының 
еңбектері. 

 Шымкент. 

2004. 

 Б.21-27. 
4. Сағындықова Ш. Электрондық оқулықтармен жұмыс жасаудың тиімділігі 
// Информатика негіздері. –2002. – №3. 

 Б. 25. 
5. Абуева А.  Электрондық  оқулық  пайдалану  //  Информатика  негіздері.  – 
2006. №4. –  Б. 6-7.  
6. 
Разработка  Института  дистантного  образования  Российского 
университета  дружбы  народов,  2006  /  Технология  создания  электронных  средств 
обучения. 

  URL:  http://www.ido.rudn.ru/nfpk/tech/t1.html.  Пайдалану  уақыты: 
10.12.2015 ж. 
Бимагамбетова Г.А., Даржигитова А.К. 
Методика создания электронного учебника по биологии 
В  данной  статье  характеризуются  обязательные  компоненты  и  свойства 
электронных учебников. Систематизированы требования к электронному учебнику 
и возможности контролирования уровня знаний студентов. 
Ключевые  слова:  электронный  учебник,  информация,  интернет,  анимация, 
технология, програмирование, графики, видеоролики, гиперссылки. 
 
Bimagambetova G.A.,  Darzhigitova A.K. 
Method of creating an electronic textbook on biology  
In this article are characterized obligatory components and properties of electronic 
text-books. The requirements for electronic text-books and possibilities for control the level 
of students’ knowledge are systematized. 
Keywords:  electronic  textbook,  information,  the  Internet,  animation,  technology, 
programming, graphics, videos, hyperlinks. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет