БҚму хабаршы №2-2016ж


МУЗЫКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет23/40
Дата06.03.2017
өлшемі3,83 Mb.
#7615
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40

 
МУЗЫКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 
ҚАБІЛЕТТЕРІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ  
ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ 
 
Аңдатпа.  Мақалада  оқытуда  ииновациялық  технологияларды  музыка 
сабағында  пайдалану  арқылы  шығармашылық  қабілеттерді  дамыту  жолдары 
қарастырылған.  
Тірек  сөздер:  Музыка  сабағы,  технология,  инновация,  оқыту,  оқушы, 
қызығушылық, шығармашылық, қабілет. 
 
Қазіргі  кезеңдердегі  елімізде  оқу-тәрбие  үдерісіндегі  елеулі  өзгерістерге 
байланысты білім берудің жаңа жүйесі жандана түсуде. Мемлекетіміздің болашағы - 
оның    ұрпағы  десек,  мәдениетіміз,  тіліміз  және  салт-дәстүріміздің  қадір-қасиетінің 
артуы  сол  жас  жеткіншектердің  сана-сезімі    болып  табылады.  Сондықтан,  келер 
ұрпаққа  қоғам  талабына  сай  тәрбие  мен  білім  беруде  музыка  мұғалімдерінің 
инновациялық  іс-әрекетінің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  меңгеруі  маңызды 
мәселелердің бірі. Білім берудің мазмұны да жаңарып, жаңа көзқарас пайда болуда. 
Ғылым  мен  техниканың  жедел  дамыған,  ақпараттық  мәліметтер  ағыны 
күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын 
дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр.     
Заман  алға  жылжып,  қоғам    өзгерген  сайын    жаңа    мазмұнды  оқу    жүйесін   
қалыптастыру  өмір  талабына  айналуда.  Бүгінгі  студент-ертеңгі  маманға  қойылып 
отырған  таңдау,  мақсат  та  жоғары.  Бала  тәрбиесі-қоғамның  азаматын  даярлау 
жолындағы  абыройлы іс. Өйткені, жаңалықты ашатын да, табиғатқа қожалық   етіп, 
музыка өнері атты ұлы мұра игілігіне ие болатын да халық және оның жас ұрпағы. 
Қазақстанда  ең  алғаш  «Инновация»  ұғымына  қазақ  тілінде  анықтама  берген 
ғалым  Немеребай  Нұрахметов.  Ол  “Инновация,  инновациялық  үрдіс  деп 
отырғанымыз  –  білім  беру  мекемелерінің  жаңалықтарды  жасау,  меңгеру,  қолдану 
және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Мысалы, 
Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа 
болып табылатын идея”. Майлс “Инновация  – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі 
міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді.  
Ғалым  Н.Нұрахметов  оқытудың  инновациялық  технологияларының  түрлерін  
мынадай  топтарға  бөледі:  білім  мазмұнындағы  инновация;  оқу-тәрбие  үдерісінің 
әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация; оқу-тәрбие 
үдерісін  ұйымдастырудағы  инновация;  білім  беру  мекемесін  басқару  жүйесіндегі 
инновация  [1, 34 б.]. 
Жаңашылдық  –  нағыз  құрал,  ал  инновация  осы  құралды  меңгеру  үдерісі.Ол 
бүгінгі  білім  беру  кеңістігіндегі  ауадай  қажет  жаңару  оқытушының  қажымас 
ізденімпаздығы  мен  шығармашылық  жемісімен  келмек.  Сондықтан  да,  әрбір 
оқушының  қабілетіне  қарай  білім  беруді,  оны  дербестікке,  ізденімпаздыққа, 
шығармашылыққа  тәрбиелеуді  жүзеге  асыратын  жаңартылған  педагогикалық 
технологияны  меңгеруге  үлкен  бетбұрыс  жасалуы  қажет.  Өйткені,  оқу  үдерісін 
ұйымдастыру  жаңа  педагогикалық  технологияны  ендіруді  міндеттейді.  Қазіргі 
кезеңдерде  оқытушылар  инновациялық  және  интерактивтік  әдістемелерін  сабақ 
барысында  пайдалана  отырып  сабақтың  сапалы  әрі  қызықты  өтуіне  ықпалын 
тигізуде. Музыка мұғалімінің инновациялық іс-әрекетінің көрсеткіштері: 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
191 
-  педагогикалық еңбектің тиімділігі; 
-    оқу-тәрбие  үдерісіндегі  мұғалім  мен  оқушы  педагогикалық  талаптары  мен 
бағыттарының бірлігі; 
-  жеке тұлғаның шығармашылық қасиетінің қалыптасуы; 
-  мұғалім беделінің өсуі; 
-  оқушылардың материалды талдау, зерттей білу әдіс-тәсіліне үйренуі; 
-  оқу  мен  тәрбие  үдерісінде  зерттеу  тәсілінің  педагогикалық  қызмет 
үлгісіндегі ашылулары. 
Музыка мұғалімінің инновациялық іс-әрекетінің көрсеткіштері: 
-  педагогикалық еңбектің тиімділігі; 
-  оқу-тәрбие  үдерісіндегі  мұғалім  мен  оқушы  педагогикалық  талаптары  мен 
бағыттарының бірлігі; 
-  жеке тұлғаның шығармашылық қасиетінің қалыптасуы; 
-  мұғалім беделінің өсуі; 
-  оқушылардың материалды талдау, зерттей білу әдіс-тәсіліне үйренуі; 
-  оқу  мен  тәрбие  үдерісінде  зерттеу  тәсілінің  педагогикалық  қызмет 
үлгісіндегі ашылулары. 
Инновациялық  технологияларды  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде 
қолдануда  оқушылардың  жас  және  психологиялық  ерекшеліктерін  ескере  отыра, 
қазіргі  таңда  белгілі  бірнеше  технологиялардың  ішінен  балалардың  танымдық, 
шығармашылық  қабілеттеріне  сай  жоспарлап,  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде 
тиімді пайдалана білу қажет.   
Ал,  жалпы  инновацияны  модификациялық,  комбинаторлық,  радикалдық  деп 
үш түрге бөлуге болады:  
•  Модификациялық  инновация  –  бұл  бұрын  қолда  барды  дамытумен,  түрін 
өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі 
және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.  
•  Комбинаторлық  модификация  –  бұрын  пайдаланылмаған,  белгілі  әдістеме 
элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.  
• Радикалдық инновация  –  білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. 
Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік 
және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.  
Қазіргі көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі 
бойынша  қызмет  етуіне  мүмкіндік  алды.  Бұл  бағытта  білім  берудің  әртүрлі 
нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, 
жаңа  технологиялар  бар.  Сондықтан,  әртүрлі  оқыту  технологияларын, оқу  мазмұны 
әрбір  білім  алушының  жас  және  жеке  дара  психологиялық  ерекшеліктеріне  орай 
таңдап,  тәжірибеде  сынап  қараудың  маңызы  зор.  Ғылыми  -  педагогикалық 
әдебиеттерде  іс  жүзінде  анықталып  табылған  оқыту  үдерісінің  нәтижесін  көретін 
әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады.  
Музыка  сабақтарында  оқушы  қызметін  белсенді  ұйымдастыру  жолдарының 
бірі  ретінде  педагогикалық  технологиялар  түрі  -  деңгейлік  саралау  технологиясы 
элементін  қолдануға  болады.  Жалпы  алғанда,  деңгейлеп  оқыту  технологиясының 
мақсаты:  әрбір  оқушы  өзінің  даму  деңгейінде  оқу  материалын  меңгергенін 
қамтамасыз етеді.  
Бұл технологияны пайдалану: 
1)  әр  оқушыға  өз  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып,  білім  алуына  жағдай 
жасауға мүмкіндік береді.   
2) музыкалық қабілеті әртүрлі балалармен саралап жұмыс жасауға мүмкіндік береді.  
"Оңайдан-қиынға"  негізімен  жеке  тұлғаның  даму  ерекшеліктеріне  қарай 
тапсырмаларды  деңгейлеп-саралап  оқыту  құрылымымен  қарапайым  түрдегі 
түсіндіруден,  өзіндік  талдау-зерттеуге  жетелей  білімді  игеруді  күрделендіре  түсу 
қажет.  Сабақ  мазмұнын  ашу,  түсіндірудегі  әдіс-тәсілдеріне,  сабақтың  нәтижелігіне 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
192 
музыка  мұғалімі  аса  көңіл  бөлуі  тиіс.  Оқушыларды  әртүрлі  деңгейлік  тапсырмалар 
беру арқылы өз бетінше жұмыстануға жетелеп, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 
Мысалы,  ғалым  Ж.Қараевтың  деңгейлеп,  саралап  оқыту  әдісін  пайдалану 
оқушылардың  өздік  жұмысын  ұйымдастырып  өткізуге  көмегін  тигізеді.  Оқушылар 
өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері  бағалап, 
диагностикалауға  қол  жеткізеді.  Ж.Қараевтың  деңгейлеп,  саралап  оқыту 
технологиясы 
бойынша 
шығармашылық 
деңгей-оқушының 
таза 
өзіндік 
шығармашылығын  байқатады.  Жаңа  тақырыпты  оқушылар  шығармашылық  ізденіс 
үстінде өздігінен меңгереді  [2, 28 б.].  
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін жан-
жақты  дамыту  мақсатына  көп  көңіл  бөлінеді.  Мұндағы  музыка  мұғалімінің  басты 
ұстанар  міндет-мақсаты  -  халықтың  өз  бейнесін  ашатын  салт-дәстүр,  әдет-ғұрпына 
тәрбиелеу,  халқымыздың тарихы, әдебиеті мен мәдениетінен пәнаралыө байланыста 
мағлұмат беру. 
Деңгейлеп  оқыту  оқушының  белсенділігін  оятады.  Мысалы,  3  сыныптағы 
музыка сабағында І деңгей: нота дегеніміз не, нота атаулары, негізгі жеті ноталардың 
сызықта  орналасуы  деген  тапсырмалар  беру  арқылы  оқушылардың  елестету,  есте 
сақтау  белсенділігін  арттырып,  білімдерін  дамыта  түсу  көзделеді.  Қосымша 
проблемалық сұрақтар беріледі: неге соль нотасы бірінші сызықта жазылмайды? До 
нотасынан кейін қандай нота, неге?  
Осылайша  қарапайым  тапсырмалармен  оқушылардың  ойлау  қабілетін 
дамытуға  болады.  ІІ  деңгейде  тапсырмаларды  қиындата  түсіп,  ІІІ  деңгейде  өтілген 
материалды қорытындылау бағытында Венн диаграммасын пайдалануға болады. До 
немесе  Соль  ноталарының  айырмашылығы  және  ортақтығы  және  т.с.с.  Әрине, 
сабақта  интерактивті  тақтаның  мүмкіншілігін  пайдаланғана  білген    дұрыс.  Бұл 
ұжымдық,  өзін-өзі  толықтыратын,  барлық  қатысушылардың  өзара  әрекетіне 
негізделген,  сабақта  оқушының  қатыспай  қалуы  мүмкін  болмайтын  оқыту  үдерісін 
ұйымдастыру болып табылады.  
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының  мазмұны мен әдістерінің 
ерекшеліктері: 
• Білім мазмұнын мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт көлемінде оқыту мақсаты; 
•  Білім  Заңы  талаптары  мен  білім  тұжырымдамасына  сәйкес 
заңдылықтарға сай оқыту; 
• Жеке сыныптар мен оқу топтары бағдарламалары негізінде жүзеге асыру; 
• Барлық оқушыны нақты білімге жетелеу үшін олардың мүмкіндіктеріне сай 
үйрету,  іздендіру. 
Музыка  пәні  –  шығармашылық  пән.  Ең  бастысы,  музыка  пәнінен  әр 
құрылымдағы  бағдарламаларды  тиімді  пайдалана  отыра,  ұлттық  музыкалық 
мұраларымызды  жаңа  технологиялар  негізімен  жас  ұрпақ  санасына    жеткізу, 
қызығушылықтарын арттыру болып отыр  [3, 24 б.]. 
Музыка  сабақтарындағы  «Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»  әдісін  қолдану 
арқылы  дәстүрлі  емес  (шығарммашылық)  сабақ  үлгісінен  мысал  келтіре  кетсек. 
Сабақ тақырыбын оқушылардың өздері табуы, қызығушылықтарын ояту мақсатымен 
музыка әуені үнтаспадан тыңдатуға болады. Оқушылар жауаптарын тыңдай отырып, 
үйлену тойы туралы сабақтың тақырыбы ашылады.  
Мағынаны  тану:  яғни,    той  деген  үлкен  жиын  екенін,  белгілі  бір  мейрамдар, 
мерейлі  туған  күндер,  шілдехана  тойы,  үйлену  тойы  және  т.б.  болып  бөлінетінін 
қайталайды.  Сабақтың  мақсаты  халық  әуендері,  халық  композиторларының  әндері 
мен  (халық  әні  "Жиырма  бес",  "Сыңсу",  "Жар-Жар",  Ыбырайдың  әні  "Гакку", 
Мұхиттың  әні  "Дүние-ай"  және  т.б.)  ұлттық  опера  (Е.Брусиловский  "Қыз  Жібек", 
М.Төлебаев  «Біржан  -  Сара»)  әуені  байланыса,  интерактивті  тақта,  слайдтар 
пайдалану арқылы қазақтың салт-дәстүрі туралы түсінік беріліп және бүгінгі күндегі 
жалғасын табуымен байланыстырып оқушылардың білімдерін тереңдету.  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
193 
Музыка  тыңдатуға  "Біржан-Сара"  операсынан  салт-дәстүр  әуендерін,  ән 
үйретуге "Жар-Жар" халық әнін алуға болады.  
Ой  толғаныс  сәтінде  балалардың  өз  ойларын  тиянақтап,  айта  білулері  үшін 
топпен жұмыс жүргізу тиімдірек.   
Мысалы, І топ:  Бата беру. (Босаға, кереге, биік, кең, болсын  – тірек сөздерін 
пайдалана бата беру сөйлемін құрастыру;  
                ІІ топ:  Қазақтың салт-дәстүрі - эссе жазу; 
                ІІІ топ: Берілген бір жағдаяттан шығу жолдарын табу. 
Әрине,  топ  атауларын,  тапсырмаларды  сынып  оқушыларының  қабілетіне 
қарай  өзгертуге  болады.  Ең  бастысы  -  ата-баларымыздан  қалған  өнерімізді,  салт-
дәстүрімізді қастерлеу, әрі қарай жалғастыру  бағытында жұмыстану. Оқушылардың 
ойларын  жинақтау  үшін  уақыт  беру,  жауаптарын  балалармен  бірге  талдау.  
Оқушылардың  меңгерген  білімдерін  тексеру,  жүйелеу  бағытында  сыни  ойлау, 
шешімдер табу мәселесі бойынша балалар өзара пікір алысады, сұхбат жүргізе алады, 
түрлі ақпараттарды табады.                 
Әлемдік  оқу  үдерісінің  өзегі  —  жаңа  технологиялар  екені  мәлім.  Әрбір 
технология  өзіндік  жаңа  әдіс-тәсілдермен  ерекшеленеді.  Әдіс-тәсілдерді  музыка 
мұғалімі    ізденісі  арқылы  оқушы  қабілетіне,  қабылдау  деңгейіне  қарай  іріктеп 
қолданады. 
Мысалы,  модульдік  оқыту  технологиясы  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  дамыту, 
шығармашылық  қабілеттерін  арттыруға  қажетті  іскерліктері  мен  дағдыларын 
қалыптастыратын бірден-бір технология. 
Модульдік  оқыту  технологиясының  тиімділігі:  1)  қысқаша  сызбалар, 
музыкалық  терминдер  арқылы  түсіндірілуі;  2)  оқушылардың  әрбір  сабақта  іс-
әрекетін  бағалау  үшін  диалогтық  қарым-қатынас  негізінде  танымдық  іс-әрекетін 
ұйымдастыру, 3) барлық тақырыптар бойынша тест, қорытынды сынақ жүргізу. 
Музыка  сабағында  заман  ағымына  сай  шығармашылық  жұмыс  барысында 
компьютерді қолдану оқушыға не береді? 
1.  Компьютер  шексіз  ақпарат  әлемінде  енуге  және  ақпаратты  жүйелі  түрде 
талдап,  сараптауға  мүмкіндік  береді.  Ақпаратты  алудағы  жоғары  жылдамдық 
адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды. 
2. Компьютер адамның зерттеу – танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде 
ерекшелінеді. 
3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола 
білуі. Яғни, білімге ұмтылушы адам ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге 
асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, музыка тыңдау әрекеттері. 
4.  Компьютердің  көмегімен  әртүрлі  тапсырмаларды  аз  уақытта  орындау 
мүмкіншілігі туындайды. 
Мысалы,  Finale  бағдарламасымен  өтілетін  әннің  нотасын  жазып,  әуенін 
тыңдату және қосылып орындауға болады.   
Білім  беруде  оқушыны  білім  ақпаратымен  қамтамасыз  етіп  қана  қоймай, 
олардың  бойында  бағдарламалық  дағдылар  мен  икемдерді  де  қалыптастырып, 
шығармашылықпен  жұмыс  істеуге  үйретуіміз  керек.  Тиімді  әдістердің  бірі  - 
электрондық  оқулықтармен  жұмыс  істеу.  Компьютермен  өткізілген  әрбір  сабақтан 
соң оқушы тест, бақылау жұмысы арқылы өз білімдерін бекітеді. Бала өз білімін өзі 
тексере алады, оқушы өз бетінше оқуға қызығады, білімін көтеруге ұмтылады.   
Бейнебаяннан  тыңдалатын  музыка  оқушының  сезімін,  ой-түйсігін  дамытады. 
Тыңдалған музыка бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені, оқушы сұраққа дұрыс 
жауап  беру  үшін  музыканы  ынтамен  тыңдап,  мазмұнын  түсінуге  тырысады. 
Бейнематериалдарды  сабақтарда  оқу  материалы  ретінде  тиімді  енгізу  сабақтың 
сапасын арттырады.  
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
194 
Бұған әсер ететін жағдайлар мынандай: 
-есту және көзбен байқау арқылы қабылдауда оқушының түсінігіне жан-жақты 
мүмкіндік беру; 
-оқушының  дербес  қабылдау  мүмкіншілігін  ескеру  бейнематериалды 
жүргізудің нәтижесінде қамтылады; 
-оқушының  қызығушылығын  арттыру,  көркемдік  және  эмоционалдық 
сипаттарды тудыру. 
Бейнекөріністерді көрсетуде есте сақтауды қажет ететін негіздер: 
-бейне көріністер оқушының жасына, қабылдауына қарай сұрыпталуы керек; 
-бейне көріністер бағдарлама бойынша өтілетін тақырыппен мазмұндас болуы 
шарт. 
Мысалы,  2  сыныптың  ІІІ  тоқсанында  музыка  пәнінен  "Квартет"  тақырыбын  
түсіндіруде  вокалды,  аспаптық  квартетті  түсіндірумен  қатар,  бейнебаянды, 
үнтаспаны тиімді пайдалану керек. 
Жалпы  алғанда,  оқушылардың  музыка  пәніне  деген  қызығушылықтарын 
тудырып, білімін тереңдетудің үш шарты деп:  
а) пәннің мазмұнын  
ә) оқыту тәсілдерін  
б) мұғалімнің іс-әрекетіндегі шеберлігін айтуға болады.  
Музыка  мұғалімінің  сан  қырлы  жұмысы  сабақтарды  және  сыныптан  тыс 
шараларды  қызықты  өткізу  және  музыкалық  шығармаларды    шебер  орындау, 
шығармашылық  үдерістің  тұтастығы,  жеке  тұлғаның  шығармашылық    мүмкіндігін 
дамытумен тығыз байланысты.  
Шығармашылық  деген  нені  білдіреді?  Өзін  дамыту,  пайдалану  адамның 
интеллектуалдық  ерекшелігіне  және  еріктік  бағытта  болатын  әрі  қарай  әрекетке 
дамитын  қабілет.  Бұл  қабілет  жоғары  деңгейде  өзін  дамыта,  ұйымдастыра  алатын 
тұлғаларда  ақыл-ойдың  дербестігі,  өзіне  сенімділігі,  табандылық сияқты  қасиеттер 
арқылы  шығармашылықты  дамытады.  Денсаулық  мәдениеті,  еңбек  қабілеті,  рухани 
байлық қажет, сонда ғана адам өзін-өзі жеңеді, жетілдіреді, бұл жеңістің төресі.    
Шығармашылық  –  өзінің  жаңашылдығымен,  өзгешелігімен  ерекшеленетін 
өнім  алуға  мүмкіндік  жасайтын,  жеке  тұлға  бойындағы  қабілеттіліктің,    білім  мен 
біліктіліктің 
болуы. 
         Музыка мұғалімінің қызметін шығармашылыққа жатқызуға бола ма? Иә, әрине 
болады.  Музыка  мұғалімінің  шығармашылық  қызметін  шығармашылық  үрдістегі 
жалпы педагогикалық қызметінен тыс деп қарауға болмайды. Бұл сұрақтарға келесі 
бір жүйе арқылы жауап беруге болады:  
-
 
шығармашылықтың жалпы сұрақтары;  
-
 
мұғалімнің шығармашылығы, оқыту үдерісінің жетекшісі ретінде көрінеді; 
-
 
мұғалімнің аспапта орындаушылық шеберлігі мен зерттеу жұмысы;  
-
 
мұғалімнің оқушылармен шығармашылық қарым-қатынасы және  т.б. 
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің 
кәсіби  біліктілігіне  және  оның  тұлғалық  қасиетіне  байланысты  екені  айдан  анық. 
Оқушылар  ән  айтқан  кезде  әрі  қарай  алып  кететіндей  орындаушылық  өнері  шебер 
болу керек.  
Шығармашылық  үдеріс  екі  жақты  болып
  келеді:  бір  жағынан,  осының 
негізінде  оқушылардың  шығармашылық  қызметі  пайда  болады.  Екінші  жағынан, 
мұғалімнің орындаушылық шеберлігі педагогикалық түрлендіруге негіз болады.  
  Музыка  мұғалімінің  шығармашылығын  айтқан  кезде  оның  қызметінің  басқа 
жағынан  да  қарастырған  жөн.  Себебі,  музыка-эстетикалық  тәрбиелеу  жұмысы 
музыкалық шығармаларды үйретумен байланысты. Музыка мұғалімінің қызметі  сол 
шығарманың  мазмұнын  білумен  қатар,  оны  сезініп  орындай  білу  керек.  Музыкант-
педагогтың  мақсаты  оқушының  ой,  сезім  ағымдары  арқылы  шығармашылық 
қызметті  дамыту.  Музыка  —  педагогикалық  шығармашылықтың,  құрамды  бөлігі 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
195 
есебінде жеке инновациялық қызмет музыкант-педагогтың кәсіби өсуі, тұрақты өзін-
өзі  жетілдіруі,  озық  тәжірибелерді  зерделеп,  игеруі  бойынша  шығармашылықпен 
өзінің жауапкершілік   сезімін   арттырады. 
Білім  берудің  сапалануы,  бәсекелестікке  лайықты  болуы,  педагогикалық 
әлемде жаңа кұндылықтарды қалыптастыру, қарым-қатынастың жаңа, жетілдірілген 
музыкалық мәдениетін көтеріп, қоғамдағы рөлін дамуын арттырады. 
Оқушыларда 
танымдық 
қызығушылықты 
қалыптастыру, 
олардың 
шығармашылық  белсенділігінің  дамуымен  тығыз  байланысты.  Оқушылардың 
шығармашылық  көрінісі  белсенді  және  біртіндеп  белсенділік  сипат  алу  үшін 
мұғалімге қажет: оқушылардың ассоциациялық ойларын дамыту мақсатында өнердің 
басқа түрлерімен байланыстыру; кез-келген жағдайда әуенді түрлендіре білу; сабақта 
шығармашылық  белсенділікті  арттыру  мақсатында  жұмыстың  алуан  түрлерін 
қолдану арқылы қызықтыру;  әртүрлі шығармашылық тапсырмалар беру;  белгілі  бір 
сабақтың басты мәселесіне сүйене отырып, түрлі шығармашылық қызметті қолдану. 
Мұғалімнің  шығармашылық  ізденісінің  негізі-оқушылардың  қабілетін  ескере 
отырып, олардың шығармашылық белсенділігін арттыру болып табылады. 
Музыка  сабағында  шығармашылық  қабілетті  дамытудың  әдістері  сан  түрлі. 
Оны әр сабақтың тапсырма  орындату бөлімдерінен байқауға болады.  
Мысалы,  орта  буын  сынып  оқушыларының  жұмыс  түрі  –  жеке  тапсырма, 
топтық  тапсырмалар;  жан-жақты  тапсырмалар  –  олар  өз  бетінше  тыңдап  жүрген 
күндегі  музыкалық  шығармаларды  талдап  беру.  Салыстыру  дағдылары,  талдау 
жасау,  шешім  шығару  бақылау,  логикалық  байланыстар  жасау  т.б.  жаңа 
материалдарды  игеру  барысында  жүйелеу,  оқу  материалдарын  пысықтау,  қайталау 
кезінде пайда болады және жетілдіріледі.  
Шығармашылық қабілетті дамыту үшін жас ерекшеліктерін ескеру қажет.  
Музыка  мұғалімі  өзінің  іс-әрекеті  арқылы  оқушысын  шығармашылыққа 
жетелейді, олардың өздері жаңаша ойлауға қалыптасады, бұрын мәлім емес нәрсені  
өз бетінше іздеп  табуымен  де құнды. 
Оқушы  шығармашылығының  тағы  бір  түрі  -  ең  бір  қарапайым  әуенді  өз 
еркімен әуенге  салып айтуынан, берілген текстке әуен өңдеуінен  музыка  әуенімен  
мәнерлі қимылынан көрініп басталуы әбден мүмкін сол сияқты  тыңдаған  музыкаға 
баға  беруінен  әнді  өз  өңдеуі  бойынша  орындай  білуінен  де  байқалады. 
Шығармашылықтың басталуы оқушылардың музыкаға құмарлығын тереңдетуге тиіс.   
Композитор,  педагог  П.И.  Чайковский  педагог-музыкант  жұмысында  ең 
маңызды  нәрсе  -  шығармашылық  бастама  деп  таниды.  Ол  тек  қана  нота  жазбасын 
және  шартты  белгілерін  ғана  оқып-үйрену  емес,  сонымен  бірге  «түсіну»,  «терең 
сезіну»  және  шығарманың  көңіл-күйін  бере  білу  дағдысын  жоғары  бағалайды                      
[3, 28 б.]. 
Қазақтың 
халық 
әуендерін 
классикалық 
музыкамен 
ұштастыра, 
шығармашылықпен  тақырыпты  аша  түсіп,  оқушыларды  музыка  әлеміне  қызықтыра 
білу  музыка  мұғалімінің  өз  ісінде  шеберлігін  талап  етеді.  Негізгі  міндеті  - 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  терең  меңгерген,  өз  Отанын  шексіз 
сүйетін,  білімді,  іскер,  адамгершілігі  мол,  музыкалық  қабілеті  дамыған,  жан-жақты 
жетілген жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. 
 
Әдебиеттер: 
1. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – Алматы, 2007 – 64 б. 
2.  Көшімбетова  С.  Инновациялық  технологияны  білім  сапасын  көтеруде 
пайдалану мүмкіндіктері. – Алматы, 2008 – 47 б.   
3. Меңдаяқова М.  Қарамолдаева Г. Музыка әдістемесі. – Алматы, 1983 – 78 б.  
 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
196 
Жардемова А.Б. 
Развитие творческих способностей учеников на уроках музыки с 
применением  инновационных технологий 
 
Аннотация:  В  статье  рассматривается  развитие  творческих  способостей 
школьников на уроках музыки путем применения ииновационных  технологий.  
Ключевые  слова:  Урок  музыки,  технология,  инновация,  учить,  ученик, 
заинтересованность, творчесто, способность. 
 
Zhardemova A.B. 
Development of creative abilities of students at music lessons with application of 
innovative technologies 
 
The article is considered the development of creative abilities of students at  music 
lessons with application of innovative technologies. 
Keywords: Мusic lesson, technology, innovation, study, student, interest, creativity, ability. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет