БҚму хабаршы №3-2016ж



Pdf көрінісі
бет26/44
Дата06.03.2017
өлшемі4,23 Mb.
#7949
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44

 
Әдебиеттер
1.  Луканин В.М. Обучение и воспитание молодого певца. – Л.: Музыка, 1977. 77 с. 
2.  Виардо П. Упражнения для женского голоса. 2-е изд., испр. – М., 2013. – 144 с. 
3.   Қужақов  Қ.К.  Бастауыш  деңгейдегі  жас  әншіні  қалыптастырудағы 
практикалық жұмыс және дауыс жаттығуларының кейбір мәселелері. – 2008. – 56 б. 
4.   Варламова А.Е. Полная школа пения. 4-е изд., стер. – Лань, 2012. – 120 c. 
5. Овчаренко  Н.А.  Анализ  вокально-педагогической  деятельности  будущих 
учителей  музыкального  искусства  в  концепции  деятельностного  подхода  //  Вестник 
Томского государственного педагогического университета. – 2013. – Выпуск 9. С. 78-82. 
6. Серебрякова  Е.А.  Индивидуально-групповая  форма  вокальной  подготовки 
студентов музыкальных факультетов / Автореферат канд. пед. наук. – М., 2005. – 205 с. 
 
Утегенова Г.Е. 
 Особенности формирования вокальной музыки и развитие певческого 
голоса 
Голосовые  упражнения  являются  неотъемлемой  частью  певческого 
искусства.  Каждому    певцу  перед  выходом  на  сцену,  необходимо  сделать  в 
обязательном  порядке  голосовые  упражнения.  Певица  в  форме,  потому  что 
выполнение голосовых  упражнений являются важным моментом для поддержания 
голоса в форме. 
Ключевые слова: Вокал, распевка, дыхание, глиссандо, стоккато, атака звук, интонация. 
Utegenova G.E. 
To develop of voice of singer and music in forming vocal essence of exercises 
Voice  exercises  is  the  one  of  the  part  of  song  art.  Every  singer  should  do  a  voice 
exercises  before  you  go  on  stage.Because  voice  exercisesis  the  important  part  singer  in 
order to keep in one shape. 
Keywords: Vocal, stokkato, breathing, glissando, attack of sound, Intonation.  
 
 
 
 
 
 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
190 
 
                                       
 ФИЛОЛОГИЯ 
                          ФИЛОЛОГИЯ 
                           PHILOLOGY 
 
 
ӘОЖ:  81'373 
                                               
Исакова С.С. – филология ғылымдарының докторы, профессор,  
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті    
E-mail: sabira-i@yandex.ru 
 
КОГНИТИВТІК  ТЕРМИНТАНЫМДАҒЫ ТІЛ МЕН БІЛІМ МӘСЕЛЕСІ  
 
Аңдатпа.  Мақалада  когнитивтік  терминтанымдағы  тіл  мен  білім  мәселесі 
қарастырылады.  Терминнің    белгілі  бір  ғылым  саласындағы  ғалымның  немесе 
маманның    іс-әрекеті  нәтижесінде  пайда  болған  ғылыми  ұғым  атау  екені  нақты 
мысалдармен  дәлелденеді.  Терминге  атау  беруде  де,  оның  анықтамасын  белгілеуде 
де  арнаулы  сала  маманының  күрделі  ойлау  үдерісі  маңызды  орын  алатындығы  сөз 
болады.  Мақалада  терминнің  дәстүрлі  атауыштық  қызметі,  жаңа  білімді  бекіту 
қызметі, бағыт-бағдар беру қызметіне талдау жасалынады.  
Тірек  сөздер:  Когнитивтік  терминтаным,  тіл  мен  білім,  кәсіби  іс-әрекет, 
атауыштық қызмет, білімді бекіту қызметі,  когнитивтік қызмет. 
 
Терминтанымның  ғылыми-ұғымдық  аппаратының  толығу  фактілері  қазіргі 
терминологиялық ғылымның үздіксіз  даму сипатын айқындайды. Тілдік бірліктердің 
арақатынасы мен оларда бейнеленген кәсіби (теориялық және практикалық) білімнің 
құрылымы арасындағы байланыс терминтанымның басты мәселесіне айналып отыр.  
Терминтанымда  когнитивтік  ұғымдар  мен  терминдердің  ықпалымен  пайда 
болған маңызды идеялар қатарына мыналарды жатқызуға болады:  
1.  «Концепт»,  «концептуалды    құрылымдар»,  «білім  форматы»  сияқты 
ұғымдардың  терминологиялық  айналысқа  түсуіне  байланысты    термин  мен  ұғым 
арақатынасына деген көзқарастар өзгерді. Дәстүрлі құрылымдық-жүйелілік  зерттеу 
үлгісінде термин дегеніміз —  белгілі бір ғылым, білім, техника саласының заттары 
мен құбылыстарының    атауы.   Терминнің өзіндік белгілері: 
1. Терминдер негізінен сөз немесе сөз тіркестері болады. 
2.  Терминдер  негізінен  тілдік  бірліктер  (символ-сөз,  сан, географиялық  таңба 
түріндегі терминдер де бар. Бірақ терминологиядағы олардың үлес салмағы термин-
сөздерге қарағанда әлдеқайда төмен). 
3. Термин – белгілі бір терминологияның мүшесі. 
4. Термин деген – ұғым аты. 
5. Терминнің міндетті түрде анықтамасы (дефинициясы) болады. 
6.  Терминдердің  негізгі  басым  бөлігі  жалпы  есімдер,  сөз  табына  қатысы 
жағынан зат есімдер болады. 
7.  Терминдер  атауыштық  қызмет  атқарып,  негізінен  ғылым  тілінде,  арнаулы 
сала шеңберінде қолданылады [1]. 
Терминге  берілген анықтамадан байқап отырғанымыздай,  терминнің ғылыми 
ұғым  атауы  екені,  тілдік  бірлік,  белгілі  бір  терминология  мүшесі,  оның 
анықтамасының  болатындығы,  негізінен  қандай  сөз  таптарынан  жасалатыны, 
атауыштық қызметі, арнаулы салада қолданылатынына назар аударылған.  Ал термин 
арқылы  берілетін  білім  мазмұны,  оның  ғылыми  таным  арқылы  пайда  болатыны, 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
191 
белгілі  бір  ғалымның  немесе  маманның  ойлау  үдерісінің  нәтижесі  екендігі  туралы 
айтылмаған.  Соңғы  жылдары  пайда  болып,  қарқынды  дамып  келе  жатқан  тіл 
білімінің  жаңа  зерттеу  үлгісі  терминнің  аталған  қырларына  ерекше  назар  аударып 
отыр. Осымен байланысты термин мен оның анықтамасына, жалпы терминдік жүйеге 
деген  когнитивтік  көзқарас  қалыптасып  келеді.  Когнитивтік  тіл  білімі  тілдік 
құбылыстарды  тіл  сөйлерменінің  танымы  мен  ойлау  үдерісінің  нәтижесі  ретінде 
қарастырады.  Егер қарпайым жалпы қолданыстағы сөз тіл сөйлерменінің қоршаған 
ортаны танып, оның ерекше белгілерін негізге ала отырып, күрделі ойлау үдерісінің 
нәтижесінде затқа немесе құбылысқа берген атауы болса, термин белгілі бір ғылым 
саласындағы  ғалымның  немесе  маманның    іс-әрекеті  нәтижесінде  пайда  болған 
ғылыми  ұғым  атауы  болып  шығады.  Терминге  атау  беруде  де,  оның  анықтамасын 
белгілеуде де арнаулы сала маманының күрделі ойлау үдерісі маңызды орын алады.  
Мысалы,  қазақ  тіл  білімінде  құрмалас  сөйлем  туралы  алғашқы  түсінікті  А. 
Байтұрсынұлы «Тіл-құрал. Сөйлем жүйесі мен түрлері» атты еңбегінде береді. Оны 
сыйыса  құрмаласу  және  қиыса  құрмаласу  деп  бөліп  қарастырады.  Автордың 
сыйыса құрмаласу деп берген сөйлемдері (Қарабай мен Сарыбай аңға шықты) қазіргі 
замандағы тілдік таным тұрғысынан талдағанда бірыңғай мүшелі жай сөйлем деп 
танылғанымен,  аталған  сөйлемнің  оны  құрмалас  сөйлеммен  барабар  ететіндей 
әлдебір тілдік заңдылықтың негізінде қалыптасқандығын жоққа шығара алмаймыз 
(салыстырыңыз:  Қарабай  да  аңға  шықты,  Сарыбай  да  аңға  шықты). Қиысқан 
құрмаластарды  салалас,  сабақтас  деп  жіктеп,  салаластарды  мағынасына  қарай 
жиылыңқы,  қайырыңқы,  айырыңқы,  сұйылыңқы  және  қойылыңқы  деп  бөлсе, 
сабақтастарды  бастауыш  бағыныңқы,  анықтауыш  бағыныңқы,  пысықтауыш 
бағыныңқы деп бөледі [2, 300-310 бб.].  
Берілген мысалдан А.Байтұрсынұлы тіл білімінің синтаксис саласының негізгі 
ұғымының  бірі  болып  табылатын  құрмалас  сөйлем  туралы  түсінік  беріп,  оның 
түрлерін  ажыратуы    тілшінің  ғылыми  тәжірибесі  барысындағы  ойлау  үдерісінің 
нәтижесі.  Тіліміздегі  күрделенген  ойды  білдіретін  сөйлемдердің  құрмалас  екенін, 
олардың  мағынасына  қарай  бірнеше  түрлерге  бөлінетіндігін  айқындап  беру 
ғалымның  ғылыми  танымының,  ой-өрісінің,  тілдік  түйсігінің  жоғары  екенін  және 
үздіксіз  зерттеу  нәтижесі  екенін  дәлелдейді.    Айтылғандардан  шығатын  тұжырым: 
термин  –  арнаулы,  ғылыми  білімнің  тілдік  таңбасы,  ол  ғылыми  танымның 
вербалданған  нәтижесі,  шынайы  дүниенің  ғылыми  бейнесінің  көрінісі  және 
маманның  ойлау  үдерісінің  нәтижесіне  тәуелді  бірлік.  Термин  кәсіби  дискурстың 
негізін құрайтын арнаулы тілдік бірлік болып есептеледі. Термин  – арнаулы білімді 
жеткізу құралы.  
Терминнің  дәстүрлі  атауыштық  қызметі  немесе  білімді  бекіту  қызметімен 
салыстырғанда  оның  когнитивтік  қызметінің  маңыздылығы  мойындалды. 
Когнитивтік қызметтердің ішінде барынша маңыздысы терминнің бағыт-бағдар беру 
қызметі болып есептеледі [3, 43-44 бб.]. Атауыштық қызмет тек терминге ғана емес, 
тілдегі сөз атаулының бәріне тән қызмет. Сөз болсын, термин болсын ол өзі белгілеп 
тұрған ұғымды атайды.   
Атауыштық  таңба  ретінде  терминдердің  ерекшелігі  олардың  тек  ерекше 
семиотикалық  кеңістікте,  яғни  белгілі  бір  кәсіби  іс-әрекет  кеңістігінде 
коммуникативті  және  когнитивті  маңызды  заттарды,  құбылыстарды,  қатынастарды 
белгілеу  үшін  жасалынатындығында  жатыр.  Терминді  бұлай  түсінгенде  біз  Б.Н. 
Головиннің  анықтамасына  сүйенеміз:  «Термин  дегеніміз  –  нысандарды,  олардың 
арасындағы қарым-қатынасты белгілі  бір мамандық тұрғысынан тану және меңгеру 
процестерінде  қолданылатын,  кәсіби  ұғымдарды  білдіретін,  жасайтын  кәсіби 
мағынасы  бар  сөздер  мен  сөз  тіркестері»  [4,  218  б.].    Ғалым  Ш.Құрманбайұлы  бұл 
туралы  былай  деп  жазады:  «Кез  келген  ғылым  саласында  жаңа  ұғым  пайда  болған 
сайын бір жаңа термин дүниеге келеді. Ол термин сол ғылым саласындағы ұғымдар 
жүйесінен тиісті орын алып, терминологияның мүшесі ретінде орнығады. Терминдер 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
192 
саны  ұлғайып,  ғылым  дамыған  сайын  терминологиялық  өріс  кеңи  түседі.  Термин 
адам қызметінің арнаулы бір саласындағы ұғым атауы болғандықтан, ол сол ұғымдар 
жүйесімен  тікелей  байланыста  өмір  сүреді.  Адам  баласы  өзі  ашқан  сол  ұғымдар 
жүйесінің  белгілі  бір  шегі  бар.  Ұғымдардың  бір-бірімен  тығыз  байланыста  өмір 
сүретін  шектеулі  аймағы  өріс  болып  табылады.  Термин  тілдік  формасы  бар  ұғым 
атауы  ретінде,  сол  өзі  атау  болып  отырған  ұғым  қатысты  болатын  ұғымдар 
жүйесінде,  яғни  терминологиялық  өріс  ішінде  ғана  терминге  тән  барлық  қасиетін 
сақтай  алады.  Сол  себепті  терминді  терминологиялық  өрістен  бөліп  қарауға 
болмайды»  [5,  69  б.].    Кәсіби  сала  шеңберінде  ғана  терминдер  жүйелі  болып, 
өздерінің  басты  қасиеттерін  көрсетіп,  оларға  жүктелген  көптеген  қызметтерді 
атқарады.  
Егер  жалпы  қолданыстағы  тілдік  құралдармен  алынған  ақпараттың  негізінде 
адамдардың бір-бірімен, ортамен өзара қарым-қатынасы, мамандық шеңберінен тыс 
алынған әр түрлі тәжірибе жатса, терминдерде ең бірінші  адамдардың нақты кәсіби 
іс-әрекет  үдерісінде  қоршаған  дүниемен,  заттар  мен  құбылыстармен  өзара  қарым-
қатынас  тәжірибесінің  нәтижесінде  алынған,  тіл  арқылы  бейнеленген  ақпаратты, 
білімді бекіту  қызметі атқарылады. 
Кәсіби тәжірибе адамға генетикалық жолмен берілмейді. Оны автоматты түрде 
қабылдау  да  мүмкін  емес.  Бұл  -  жеке  тұлғаның  белгілі  бір  мақсатқа  бағытталған 
үздіксіз  әрекеті  мен  еңбегінің  нәтижесінде  келетін  тәжірибе.  Кәсіби  қарым-қатынас 
аясы арнайы тілмен, яғни кәсіби қарым-қатынас тілі арқылы жүзеге асырылады. Бұл 
тілде қолданылатын бірліктер ақпараттың мазмұнына қарай бірнеше топқа бөлінеді: 
терминология,  ауызша  кәсіби  лексика,  кәсіби  жаргондар,  номенклатура.  Кәсіби 
қарым-қатынас  тілінің  мұндай  құрылымы  оны  әдеби  тілдің  функционалды  түрі 
ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. 
Терминдерде  тілдік  бірлік  ретіндегі  білімнің  үш  түрі  жинақталады:  тілдік 
(күнделікті  таным  нәтижесі  ретіндегі)  білім,  рационалды  (рационалды-логикалық, 
энциклопедиялық,  ғылыми)  білім  және  арнайы  (кәсіби  тәжірибеге  негізделген  және 
кәсіби  танымның  нәтижесі  ретінде  пайда  болған)  білім.    Терминде  жинақталған 
тілдік  білімнің  мұндай  түрлері    адам  мен  қоршаған орта  байланысының  белгілі  бір 
тәжірибесіне негізделеді.  
Көрсетілген  білім  түрлеріне  сәйкес  тәжірибенің  төмендегідей  түрлерін  атап 
өтуге болады:  
1) күнделікті қарым-қатынас барысында жинақталған тәжірибе;  
2) формальды оқу процесіне және рефлекстік сана жұмысының қорытындысы 
болып есептелетін дүниені рационалды тану тәжірибесі;  
3)  кәсіби қарым-қатынас шеңберінде жинақталған арнайы тәжірибе. 
Күнделікті тұрмыстық  деңгейдегі  қарым-қатынас белгілі  бір мақсатқа  бағытталған 
сипаттаманы  емес,  бұл  қатынас  барлығынан  бұрын  адамның  әлеуметтік  биологиялық 
қажеттілігін  қолдауға  бағытталған,  күнделікті  тұрмыстық  қатынас  жиынтығын  қамтиды. 
Бұл қатынасқа адам бірте-бірте үйреніп, оны табиғи түрде қабылдайды. 
Ал,  кәсіби  ортадағы  қарым-қатынас  белгілі  бір  әрекетке  бағытталады,  яғни, 
мұнда тілдік құралдарды қолдану шектеулі  болады. Бұл қатынасқа да  адам  дүниеге 
келе салысымен бейімделе алмайды. Оған бейімделу үшін біраз уақыт пен білім қоры 
қажет.  Адам  өзін  дамытып  кәсіби  ортадағы  қарым-қатынасқа  төселуі  үшін  таным-
түсінігін кеңейтіп, сол деңгейге жететіндей білім алуы қажет. 
Кәсіби қарым-қатынас тілін құрайтын барлық бөлімдер
 
денотаттық құрамымен 
ерекшеленеді.  Егер  терминдер  мен  кәсіби  сөздер  жинақталған  денотатты:  заттар, 
құбылыс  және  қарым-қатынасты  білдірсе,  ал  кәсіби  жаргондар  мен  ұжымдық 
бірліктер жалпы құбылыстар мен заттарды білдіреді. 
«Тілдік  тұлға»  деген  түсінік  «тұрмыстық  тілдік  тұлға»  және  «кәсіби  тілдік 
тұлға»  секілді  екі  ұғымды  қамтиды.  Аталған  екі  ұғым  өз  кезегінде  бір-бірін 
толықтырып отырады. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
193 
Кәсіби тілдік тұлғаның жүйесі мен түрлері туралы қарастыратын болсақ, оның 
қоғамдағы бірнеше қызмет саласын қамтитынына көз жеткіземіз. Яғни, ол қамтитын 
қызмет салалары; заң, саясат, медицина, сауда-саттық, білім беру, өндірістік сала т.б.  
Кәсіби  қарым-қатынас  тілін  заң,  медицина  салаларында  қарастыру  заңдылық.  Бұл 
арнайы  кәсіп  саласының  тілі  емес,  нақты  кәсіби  тіл,  яғни  ол  белгілі  бір  кәсіби 
ортадағы тілдік құралдардың кешені.  
Логика-лингвистикалық категория ретіндегі терминдер  кәсіби қарым-қатынас 
тілі  дамуының    кез  келген  сатысында  көрініс  табады.  Бұл  туралы  Б.Н.  Головиннің 
«Терминдерді  теориялық  білім  мен  ғылым  дамыған  кезде  ғана  пайда  болатындай 
қылып көрсету аңғалдық. Өткен кезеңде де, қазіргі кезеңде де кез келген мамандық, 
кез келген еңбектің түрі өз терминдерін туындатты» [4, 261 б.] деген пікірін келтіруге 
болады. 
Аталған  ғалымның  пікірін  қорыта  келе  Е.И.  Голованова  «Терминдер  кәсіби 
қарым-қатынастың  маңызды  элементін  және  кәсіби  ортаға  бейімделудің 
лингвкогнитивтік құралын білдіретін кәсіби ойлаудың вербалданған нәтижесі» деген 
тұжырым жасайды [6, 58 б.]. 
Терминдерде  белгілі  бір  ғылым  саласының  таным  механизмдері  көрініс 
табады. Оны тілдегі тарихи категория ретінде қарастыруға болады. 
«Кәсіби тілдік тұлғаның» маңызды сипаттары қатарына мыналар жатады: 
1.  Арнайы  (кәсіби  саладағы  іс-әрекет)  ғылымның  түрлі  қиындықтарынан 
біртіндеп  өту  арқылы  дүниенің  ғылыми  бейнесін  меңгеру  деңгейіне  байланысты 
жасалатын іс-әрекет; нәтижесінде адам әр түрлі қиындықтағы кәсіби іс-әрекетті істей 
алуға қабілетті болады. 
2. Дүниені түрлі деңгейде меңгеруді талап ететін, бірнеше әлеуметтік рөлдерді 
атқаруға  қабілетті  әлеуметтік  көп  қызметтілік;  әдетте,  бұл  рөлдердің  көпшілігі 
қарапайым  сананы  талап  етеді,  бірақ  әлеуметтік  рөлдерді  орындау  кезінде  міндетті 
түрде адамның санасында дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастырудың арқасында іс 
жүзіне асатын кәсіби рөл болады. 
3.  Білім  алу  үдерісінде  дүниенің  ғылыми  бейнесін  қалыптастыру;  Дүниенің 
ғылыми  бейнесін  қалыптастыру  үдерісі  дүниенің  қарапайымнан  ғылыми  бейнесіне 
қарай біртіндеп өтуді білдіреді. 
Белгілі  бір  кәсіп  саласында  қызмет  ететін  тұлғалар  күнделікті  өмірде 
қарапайым тілден ғылыми сипаттағы тілге жиі ауысып отырады. Мәселен, дәрігерлер 
емделушіге  науқасы  туралы  түсіндіргенде  оны  барынша  қарапайым  тілмен 
түсіндіреді.  Ал  оны  қағазға  мәтін  етіп  түсіргенде  немесе  өзара  кеңестерде  ғылыми 
тілде  талдайды.  Бұл  қатарға  оқытушыларды  да  жатқызуға  болады.  Олар  күнделікті 
аудиториядағы  дәрісте  білім  алушыларға  арнайы  терминдерді  ғылыми  тілмен  қағаз 
бетіне  түсіртіп,  оның  мәнін  айқындауда,  талдап-түсіндіруде  баршаға  түсінікті 
қарапайым  тіл  элементтерін  қолданады.  Әлеуметтік  рөл  мен  тілдік  құрылымдарды 
қажетінше ауыстыра білу тілдік тұлғаның біліміне негізделеді. 
Кәсіби  қарым-қатынас  барысындағы  тілдік  тұлғалар  арасындағы  қатынастың 
негізгі екі типін атап өтуге болады: 
1) ресми, статустық-рөлдік қарым-қатынас. 
2) бейресми, топтық немесе тұлғааралық байланыс. 
Қарым-қатынастың  алғашқы  типі  субординация  ережесін  қалыптастыруға 
жетелейтін  қалыпты  жағдайлардың  шектеулі  жиынтығымен  ерекшеленеді.  Мұнда 
коммуниканттар  кәсіби  білімді  тасымалдаушы  дербес  субъект    ретінде  қарым-
қатынасқа түседі. 
Бұл  қарым-қатынастың  ең  негізгі  мақсаты  -  кәсіби  әрекетті  оңтайландыру, 
оның қысқа және ұзақ мерзімдік бағдарламасын жасау. 
Коммуниканттар,  кәсіби  қарым-қатынас  тілінің  стандартталған,  нормативтік 
бірліктерін 
қолдана 
отырып, 
мәтінде 
вербалданған 
кәсіби 
ақпараттың 
шынайылығына  көңіл  аударады  және  бір-біріне  имплицитті  әсер  етеді.  Қарым-

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
194 
қатынастың  бұл  саласы  коммуниканттардың  жағдаятты  бағалауын  (нәтижені,  әрекеттің 
шынайылығын, әріптестерін, олардың әрекетін, қарым-қатынасын) көрсетпейді.  
Қарым-қатынастың  екінші  түрі  -  бейресми  -  түсіндірудің  көптеген 
формаларына  ие  және  бұл  қатынастағы  жағдаяттардың  жиынтығы  шектеусіз. 
Мұндағы  біріктіруші  бастама,  нақты  бір  жағдаят  шеңберіндегі  мәселенің  шешімін 
табу,  микротоп  шартында  әртүрлі  кәсіби  бағдарламаларды  қалыптастыру  болып 
табылады.  Мұндағы  кәсіби  қарым-қатынастың  бірліктері  объективтенбеген, 
керісінше,  игерілген  білім  субъективтенген.  Оларда    күнделікті,  қайталанатын 
әрекетте  актуалданған  кәсіби  ақпараттың  бөлігі  айқындалған.  Сондықтан  олар 
тәжірибе  арқылы  -  адамның  жеке  әлеміне  жақындап,  оның  айналасындағы 
жақындарының шеңберін құрайды. 
Когнитивтік    терминтанымның    кәсіби    тілдік        тұлға      категориясына   
сүйенуінің      өзектілігі      қазіргі        таңдағы    кез  келген  ғылым    саласында  қарым-
қатынастың көбеюімен байланысты болса керек. Мысалы, қоғамдық   ғылымдарды,  
оның  ішінде  тіл,  әдебиет,  психология,  педагогика,  тарих,      заң    салаларын    алатын  
болсақ,  кәсіби  қарым  -  қатынастың  шеңберінің  күннен  күнге  ұлғайып 
отыратындығын айтуымызға болады.  
Терминнің аталған қызметімен бірге соңғы кездері оның когнитивтік қызметін, 
яғни арнайы білімді алу, өңдеу, сақтау және оны жеткізу қызметін атап көрсетіп жүр 
[7,  24-27  бб.].  Терминнің  бұл  қызметі  адамның  менталды  жүйесімен  тікелей 
байланысты. Басқаша айтқанда терминде  ғалымның немесе маманның ғылыми ойлау 
іс-әрекеті  қалай  бейнеленеді,  қалай  көрініс  табады  дегенге  саяды.  Бұл  туралы  біз     
В.А.  Татариновтың    «Терминология  как  один  из  инструментов  научного  познания 
имеет наиболее тесную связь с мыслительными категориями, являясь одновременно 
как  формой  их  бытия,  так  и  способом  их  осуществления»  [8]  деген  пікірін 
құптаймыз.  
Терминнің когнитивтік қызметінің ішінде бағыт-бағдар (ориентирующая) беру 
қызметін  ерекше  атап  көрсетуге  болады.    Арнаулы  сала  тілінің  негізін  құрайтын 
терминдерді  кәсіби  мамандар  іс-әрекетінің  когнитивтік-коммуникативтік  кеңістігі 
тұрғысынан    қарастыру  оның  когнитивтік  қызметін  анықтауға  ықпал  етеді.  Әрбір 
арнаулы 
когнитивтік-коммуникативтік 
кеңістікте 
терминдер 
маманның 
концептуалды  құралы  ретінде  қызмет  атқарады,  маманның  кәсіби  ойлауына  бағыт-
бағдар береді, кәсіби іс-әрекет пен ойлау үдерісіне түрткі болады, соның нәтижесінде 
ғылымда  жаңа  ойлар,  пікірлер,  ұғымдар  мен  түсініктер,  терминдер  қалыптасады. 
Терминнің  бағыт-бағдар  беру  қызметі  термин  алғаш  пайда  болған  кезден  көрініс 
табады.  Мысалы,  А.Байтұрсынұлының  жоғарыда  атап  көрсеткен  құрмалас  сөйлем 
туралы ғылыми тұжырымының пайда болуына, сөйлемнің түрін ажыратуына әрине, 
ғалымның  тек  қазақ  тіл  білімі  емес  басқа  тілдердің  синтаксистік  жүйесіне  назар 
аударып, олардағы құрмалас сөйлемдердің жіктелуіне, анықталуына талдау жасауы, 
олар  туралы  ой-пікірлерді  қорытындылап,  мысалдармен  дәлелдеп,  қазақ  тілінде 
құрмалас  сөйлем,  оның  түрлеріне  т.б.  терминдерге  ғылыми  анықтама  беріп,  
қалыптастырғаны даусыз. Ғалым аталған терминдерді жасау барысында тек қана өзі 
зерттеп,  талдап,  қорытынды  жасап  қана  қоймай,  басқа  тілші  ғалымдармен  пікір 
алысып, осы  мәселелерді  бірлесе  талқылап,  қазақ  тілінің  табиғатына  тән  атауларды 
термин 
ретінде 
тұрақтандыруға 
тырысты. 
Демек, 
ғалым 
когнитивтік-
коммуникативтік  кеңістікте  кәсіби  іс-әрекет  нәтижесінде  күні  бүгінге  дейін 
қолданылып келе жатқан тіл білімі терминдерін жасады.  
 Терминді  үнемі  даму,  толығу  үстінде  болатын  тілдік  бірлік    ретінде 
қарастырады,  осымен  байланысты  оның  анықтамасы    да  қатып  қалған  нәрсе  емес, 
шартты    болып  табылады  [9].  Мысалы,  А.Байтұрсынұлы  қиысқан  құрмаластарды 
салалас,  сабақтас  деп  жіктеп,  салаластарды  мағынасына  қарай  жиылыңқы, 
қайырыңқы,  айырыңқы,  сұйылыңқы  және  қойылыңқы  деп  бөлсе,  сабақтастарды 
бастауыш  бағыныңқы,  анықтауыш  бағыныңқы,  пысықтауыш  бағыныңқы  деп 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
195 
бөледі.   Құрмалас  сөйлемді  «күрделі  сөйлем»  деп  атаған  Қ.Жұбанов  оны  салалас 
және сабақтас деп жіктеп қарастырады [10, 104 б.].   1936 жылы орта мектептің 
5-7 сыныптарына арналған «Қазақ тілінің программасында» құрмалас сөйлемдердің 
жасалу  жолдары  мен  амал-тәсілдері  көрсетіліп,  мағыналық  түрлеріне  тоқталған. 
Құрмаласты  жасайтын  амал-тәсілдер  салаласта:  алғашқы  сөйлем  баяндауышы 
құрамындағы еді көмекші 
етістігі, 
шартты 
рай 
тұлғасы, 
көсемшенің –
п тұлғасы, да,  және,  сосын  дәнекерлері,  сол  себепті,  сондықтан,  сөйтіп,  бірақ, 
сөйтсе де, я, әйтпесе, не болмаса, үйткені, неге десең т.б. жалғаулықтары, осы, сол, 
бұл есімдіктері; сабақтаста, негізінен, құрамында қатыстық сөздері бар шартты 
рай тұлғалы етістіктерге негізделген.  Салалас құрмаластарды өз ішінде ыңғайлас, 
ереуіл,  талғама,  себеп-салдар,  шарт  жағдай  деп  бөледі  де,  сабақтастарды 
анықтауыш 
бағыныңқылы,  
толықтауыш 
бағыныңқылы, 
пысықтауыш 
бағыныңқылы деп саралайды [11, 359 б.].  
Құрмалас  сөйлемді  зерттеуді  алғаш  рет  практикалық  мақсатта  емес, 
ғылыми тұрғыдан қарастырған С.Аманжолов құрмалас сөйлемдерді салалас, сабақтас, 
аралас және тиянақсыз сабақтас деп төрт түрге бөліп қараса [12, 359 б.],  құрмалас 
сөйлемдерді арнайы зерттеген Н.Сауранбаев бұл мәселеде бірнеше пікір ұсынды: алғашқы 
топтастыруда  құрмаластарды  салалас  және  сабақтас  деп  жіктесе  [13,  46  б.],  кейінірек  
салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және іргелес құрмалас деп топтайды [14, 34-106 бб.], 
ал   соңғы  топтастыруда  құрмаластарды  4-ке  бөледі:  салалас,  сабақтас,  аралас, 
үйірлі мүшелі сабақтастар [15, 520 б.], С.Жиенбаев құрмаластың тек салалас және 
сабақтас  деген  2  түрі  бар  екенін,  ал  аралас  құрмаластың  “өз  алдына  бір  бөлек 
заңдары  жоқ”  екенін  айтады  [16,  33  б.].  Н.Сауранбаев  сөйлемнің   бұл  түрін 
сабақтас,  салалас,  іргелес  деп  үш  үлкен  топқа  бөледі.  Автор  құрмаластың 
жалғаулықсыз байланысқан түрін жеке алып «іргелес» деп қарастырады. 
Берілген 
мысалдан 
ғылымның 
үнемі 
дамып, 
толығып, 
жаңарып 
отыратындығын  аңғару  қиын  емес.  А.Байтұрсынұлы  жіктеген  құрмалас  сөйлемнің 
түрлері  өзінен  кейінгі  тілші  ғалымдарға  ой  салып,  әрі  қарай  тереңірек  зерттеуге 
жетелегені,  соның  нәтижесінде  Қ.Жұбанов  құрмалас  сөйлем  емес  күрделі  сөйлем 
деген терминді ұсынып, оны салалас және сабақтас деп топтастыруға әкеледі. Одан 
кейінгі ғалымдардың осы мәселе бойынша ғылыми ойлау үдерістері мен когнитивтік-
коммуникативтік кеңістіктегі кәсіби іс-әрекеттері құрмалас сөйлемнің анықтамасына  
көптеген  толықтырулар  енгізгенін  байқау  қиын  емес.  Демек,  терминді  кәсіби 
когниция мен кәсіби қарым-қатынастың өзара байланысы нәтижесінде пайда болған 
тілдік бірлік деп тануымыз қажет.  
4.  Терминді  талдауға  деген  көзқарастың  күрделенуі:  оны  жүйелілік-
ұғымдықтан категориалды-матрицалық тұрғыдан түйсіну.   
5.  Терминді  гносеологиялық  (эпистемологиялық)  тұрғыдан  қарастырудан  бас 
тарту,  термин  арқылы  тек  қана  ғылыми  (теориялық)  білім  ғана  беріліп  қоймайды, 
сонымен бірге  кәсіби білім мен тәжірибенің нәтижесі бейнеленеді.  
6.  Терминнің  мазмұнының  дамуы  мен  қалыптасу  үдерісі  туралы  ғылыми 
көзқарастардың  тереңдеуі:  арнайы  білімнің  стихиялық  жиынтығы  ретіндегі 
концептіден оны  теориялық тұрғыдан тұжырымдап, түсінуге жетелейді. 
7.  Ұғым  мен  концептінің  арасында    когнитивтік  негіз  ретінде  тығыз  қарым-
қатынас болады:  ұғым  концептінің негізінде құрылады, уақыт өткен сайын ұғымның 
мазмұны    концептінің  мазмұнына  қосылады,  бұл  өз  кезегінде  ұғымның  әрі  қарай 
дамуына ықпал етеді.   
Демек, когнитивтік лингвистиканың әсерінен  терминологиялық зерттеулердің 
мақсаты  кәсіби  таным,  кәсіби  қарым-қатынас  және  кәсіби  іс-әрекеттермен 
байланысты  терминнің  тілдік  бірлік  ретіндегі  ішкі  мағыналық  табиғатынан 
терминологиялық және басқа арнаулы бірліктердегі білімнің берілу мәселесіне ауысты.  
Когнитивтік  көзқарас  жаһандану  контексінде    арнайы  білімнің  дамуы  мен 
пайда  болуын  талдауға,    адамдардың  құбылмалы  когнитивтік-коммуникативтік 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
196 
қажеттіліктерін  ескере отырып,  терминологиялық (кәсіби)   атау беру үдерістерінің 
механизмдері  мен  себептерін  анықтауға  мүмкіндік  береді.    Осылардың  барлығы 
терминдік  жүйелердегі  тарихи  үдерістерді  тереңірек  түсінуге  ықпал  етеді,  арнайы 
білім  құрылымдары  (және  сана)  мен  тілдік  құрылымдардың    арасындағы  күрделі 
қатынастардың  дамуын    анықтайды.  Сонымен  бірге,  терминтанушы  ғалымдар  атап 
көрсеткендей,  аталған  көзқарас  термин  туралы  толық  және  жан-жақты  түсінік 
қалыптастыруға  көмектеседі,  өйткені  дүниенің  қарапайым  тілдік  бейнесінде  
көрінетін  прототиптік  категорияларды  ескере  отырып,  терминді  «интеллектуалды», 
«толық пісіп жетілген» таңба ретінде таниды және  арнайы қарым-қатынас саласында 
өзінің айқын шекарасы бар ұғым ретінде анықтайды [17, 45-48 бб.]. 
Сонымен,  қазіргі  тіл  білімінің  (антропоцентризм,  неофункционализм, 
экспансионизм)  бейнесін  айқындайтын  жоғарыда  аталған  әдіснамалық  қағидаттар 
қарқынды  даму  үстіндегі  пәнаралық  зерттеу  саласы  болып  табылатын 
терминтанымға да тән.  
Бүгінгі таңда терминдер мен терминдік жүйелер өзімен-өзі зерттелмейді, олар 
адамның  кәсіби  танымы  мен  кәсіби  іс-әрекетіндегі    орнын  ескере  отырып,  онда 
берілген  білімнің  түрлері  мен  қарым-қатынас  аясындағы  қызметтеріне  байланысты  
зерттеледі.    Терминтанымда  алғаш  рет    арнайы  атаулардың  кәсіби  тілдік  тұлға  типімен 
және оған тән когнитивтік стилмен байланысы  мәселесі көтеріліп отыр [18; 17]. 
Термин  өзгермейтін  бірлік  ретінде  емес,  өзі  қолданылып  тұрған  дискурстың 
сипатына қатысты қарастырылады. Дискурстың әрбір типі онда қолданылатын  тілдік 
бірліктердің мазмұны мен формасына өзіндік шектеу қояды.  
Егер  бұрын  терминтаным  терминді  талдаумен  және  оны  бейнелейтін 
терминдік  жүйені  зерттеумен  шектелсе,    когнитивтік  бағыт  терминтанымды  кең 
көлемдегі  пәнаралық    зерттеулерге  «есігін  ашты»,  яғни  терминдер  мен  терминдік 
жүйелерді  мәдени  контексте  зерттеуге  мүмкіндік  берді.  Осыған  орай  С.В.  Гринев 
когнитивтік  терминтанымды  терминологиялық  зерттеулердің  болашағы  бар  бағыты 
деп атап көрсете  келе, оның маңыздылығын  «ғылыми танымның даму ерекшелігін 
зерттеуге  ғана  емес  <...>,  адамзат  мәдениетінің  және  жалпы  өркениеттің  даму 
жолдарын зерттеуде» деп көрсетеді [19, 31-34 бб.]. 
Қорыта айтқанда, бүгінгі терминтаным  фактілер мен құбылыстарды жай ғана 
сипаттап  қоймай,  оларды    түсіндіруге  тырысады,  бұл  қазіргі  ғылыми  білімнің    көп 
үлгілі  ерекшелігімен  байланысты  түсіндіріледі.  Когнитивтік  көзқарас  терминшіге 
ұғымдардың  қатаң  құрылымдық  жүйесінен  шығып,  дүниенің  қарапайым  және 
ғылыми  бейнесінің,  күнделікті  және  абстрактілі-логикалық  білімнің    арасында 
болатын  өзара байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді.  
Осыған байланысты когнитивтік терминтанымды жеке зерттеу бағыты ретінде 
емес,  осы пәнаралық ғылымның  даму кезеңінің заңды жалғасы деп қарастыруға болады.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет