БҚму хабаршы №3-2016ж



Pdf көрінісі
бет25/44
Дата06.03.2017
өлшемі4,23 Mb.
#7949
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44

Литература: 
1.
 
 Ильин Е. П. Психофизиология физического воспитания. – М.: Просвещение, 1980. – 198 с. 
2.
 
Погодаев Г.И., Кузина В.В., Никандрова Н.Д. Физкультура и спорт. – М., 1998. – 495 с. 
3.
 
Сайкина Е.Г., Пономарёв Г.Н. Семантические аспекты отдельных понятий в 
области фитнеса // Теория и практика физической культуры. – 2011. – №8. – С. 6-10. 
4.
 
Сайкина  Е.Г.  Фитнес  в  модернизации  физкультурного образования  детей  и 
подростков  в  современныых  социокультурных  условиях:  монография.  –  СПб.: 
Образование, 2008. – 301 с. 
 
Бессмертнов П. А.,Бессмертнова А. Л. 
Дене шынықтыру сабақтарында фитнес-технологияларды қолдану 
Мақала  авторлары  дене  шынықтыру  сабақтарындағы  дәстүрлі  емес 
сабақтарды  фитнес-технологияларды  қолдану  арқылы  енгізуді  ұсынады.  Дене 
шынықтыру  сабағына  деген  ынталандыру  деңгейін  жоғарғы  сынып  оқушысын 
сауалнама 
арқылы 
тексеру 
барысында 
оқу-әдістемелік 
сабақтың 
әдістерін,аэробика-фитбол  сауықтыру  бағыттарының  бірін  ашты.Мұндай 
сабақтарды спорт залы немесе спорттық жабдықтары жоқ шағын мектептерде 
қолдану  ыңғайлы.  Мақала  дене  шынықтыру  пәнінің  мұғалімдеріне  арнап 
дайындалған. 
Тірек сөздер: Ынталандыру, фитнес-технология, сауықтыру аэробикасы, фитбол. 
 
Bessmertnov P.A.,Bessmertnova A.L. 
Using fitness technologies at the physical culture lessons 
Authors of article offer introduction of nonconventional forms of a lesson with using 
fitness  technologies  at  the  physical  culture  lessons.  They  investigate  motivation  level  to 
physical culture lessons at schoolgirls of the senior classes through questioning and reveal 
a  technique  of  teaching  a  lesson,  one  of  the  directions  of  improving  aerobics-fitball. It  is 
convenient  to  apply  such  lessons  to  small  schools  where  there  are  no  gyms  or  sport 
equipment. The article prepared for the helping to teachers of physical culture. 
Keywords: Motivation, fitness-technology, improving aerobics, fitball. 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
182 
ӘОЖ:784                                                    
Утегенова Г.Е. – оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ  
Е-mail: Gulmirautegenova@mail.ru 
 
ВОКАЛДЫҚ МУЗЫКАНЫҢ ДАМУЫ  ЖӘНЕ ЖАС ӘНШІНІ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ДАУЫС ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Аңдатпа.  Дауыс  жаттығулары  -  әншілік  өнердің  ажырамас  серігі.  Әрбір 
әнші  сахнаға  шығар  алдында  міндетті  түрде  дауыс  жаттығуларын  жасауы 
кажет.  Себебі  дауыс  жаттығулары  дауысты  бір  формада  ұстау  үшін  әнші 
дауысының маңызды бір бөлігі болып саналады. 
Тірек  сөздер:  Вокал,  дауыс  жаттығуы,тыныс  алу,  глиссандо,  стоккато, 
дыбыс шабуылы,интонация. 
 
«Певческий голос -  это замок,  
строившийся в воздухе. 
Воображение – архитектор этого замка. 
Нервы осуществляют задуманное. 
Мускулы – рабочие. 
Душа его исцеляет» 
Франческо  Ламперти 
 
Музыкалық  өнердiң  соның  ішінде  вокалдық  өнерінің  қалыптасуы  сонау  ерте 
заманнан  бастау  алады.    Музыканың  дамуы  әртүрлі    халықтардың  өмір  сүру 
салтынан,    сатылық  ауыз  әдебиетiнен,  сөйлеу  немесе  дыбыстау  мәдениетінен 
туындап,  белгілі  бір  биіктіктердің  үндесуімен  қалыптасқан  болатын.  Музыка 
дауыстың  көтеріліп  түсу  арақашықтығынан  (глиссандо-  скальжение  звуков)  және 
сөздік  мәтіннің  байланысынан  туындады.  Бұл  байланыстардан  музыкалық  жанрлар 
қатар  түзеп,  белгілі  бір    музыкалық  өнер  түрінің  қалыптасуына  алып  келді. 
Музыканы  психологиялық  ойлаумен  жадымызға  сақтаудың  арқасында,  музыкалық 
қабілет интонация пайда болды.  
Вокалдық  музыканың  даму  тарихында  ХVІІІ  ғасырда    Европада  әуенді 
формалар  мен  аспаптар  дами  қоймаған  кезде,  әуен  контрапунктік  күрделендірусіз 
қарапайым аккордтармен сүйемелденген кезде әнші қажырлы еңбегімен өз дауысын 
толық  бағындырып,  вокалдық  техниканың  барлық  қиындықтарын  жеңу  арқылы 
мінсіз  музыкалық  білім  алуы  тиіс  еді.  Ескі  итальян  ән  мектебінің  құдіреті    әншінің 
кез  келген  концонаны  немесе  арияны  орындаудағы  көпшілікке  эмоциялық  әсер 
ететіндігінді.  Сол  кезде  бұл  мектеп  дыбыстың  толыққанды  шығуын,  жылулық  пен 
құштарлықты, тыныс алудың жақсы дамуын, фразалардың мінсіздігін, сонымен қатар 
вокалдық  шығарманы  орындап,  мағынасын  жеткізудегі  дұрыс  түсінікті  талап  етті. 
Бүгінде біз вокалдық шығармалардың өміршеңдігінің бастаушы күші контрапунктік 
және  аспаптық  әсірелеулер  жағына  ойысып,  адам  дауысы  өз  даралығын  жойып 
полифониялық жүйенің бөлшегіне айналғандығына тап болдық. Дирижер – міне осы 
формалардың  шынайы  билеушісі.  Бүгінгі  күні  дирижерлардың  өз  назарын  таза 
вокалдық  құрылымнан  гөрі  музыкалық  драма  формасына  аудартуы  бекер  емес. 
Белгілі болғандай әрбір дәуір өз жаңалығын енгізеді және өткен уақытқа байланысты 
мұнда ешқандай өкініштің болуы мүмкін емес. Вокалдық технологияның тыныс алу, 
вокалдық  қиындықтарды  меңгеруде  дауыс  қозғалтқыштары  техникасының 
толыққанды жұмыс жасауы, ән шырқау жаттығуы  секілді мызғымайтын түсініктері 
қалады.  Аталған  түсініктердің  көпжылдық    мәдениетін  қолдана  отырып  ұлы 
педагогтардың  тәжірибиесі  негізінде    өткен  уақыттағы  әуендердің  орындалу 
жетістіктері  секілді  қазіргі  уақыт  әуендерінің  орындалу  жетістіктеріне  үміт  етуге 
болады. Зерттеу тақырыбын вокалдық музыкаға байланысты болғандықтан вокалдық 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
183 
өнер  тарихына  тоқталуды  жөн  санадым.  Вокалды  өнердің  қайнаған  кезеңі  сонау 
италиядан  бастау  алады.  Себебі  италияның  ұлы  композиторлары  жеке  дауысқа 
арналған  тамаша  туындылар  жаза  бастады.  Италины  опера  өнерінің  отаны  деп 
білеміз.  Сол  кезеңде  вокалдық  өнерін  насихаттайтын  италия  ән  айту  мектептері 
дүниеге  келе  бастады.  Вокалық  техниканың  қыр-сырын    зерттеген  педагог- 
музыканттарда  біртіндеп  көбейе  бастады.  Сондай,    ХVІІІ  ғасырдағы  атақты  вокал 
педагогтарының  бірі,  неополитандық  опера  мектебінің  өкілі,  композитор  Никола 
Порпора  бірде  жас  әнші-кастраттан  былай  деп  сұрапты:  «Мен  сенің  ұстазың 
болғанша маған бағынамын және сөзімді екі етпеймін деп көзіңді жұмып  тұрып сөз 
бере  аласың  ба?»  «Иә,  сөз  беремін  сізге,  маэстро»,  -  деп  жауап  берді  ол.  Сол  кезде 
Порпора  сызықты  қағаздың  бетін  алып,  оған  диатоникалық  және  хроматикалық 
гаммаларды,  жоғары  көтерілетін  және  төмен  түсетін  трелаларды,  групеттоны, 
форшлагтарды, түрлі вокализдардың үзінділерін және қиын интервалдарды белгіледі. 
«Осы бетті әндет»,- деді Порпора өзінің оқушысына.  Берілген бетті оқушы бір жыл 
бойы әндетті. Ақыр соңында оқушы бір нәрсені қайталаудан шаршай бастады, бірақ 
ұстазы оның берген уәдесін есіне салды.  Бұл жаттығулар тағы екі жыл орындалды.  
Төртінші жылдың соңында маэстро бұған артикуляция, декламация және дұрыс айту 
сабақтарын  қосты.  Содан  соң  мезі  болған  оқушы  өзін  әншілік  білімінің  даму 
үстіндемін деп ойлап жүргенде, Порпора оған былай деді: «Ұлым менің, бар, енді сен 
үйренетін  еш  нәрсе  қалған  жоқ,  сен  Италья  мен  әлемнің  бірінші  әншісісің!»  Ол 
шындықты  айтқан  еді  себебі  бұл  оқушы    Каффарелли  есімін  жамылған  Гаэтано 
Майорано  болған  еді.  Аманат  -  өлең  ХҮІІІ  ғасырдан  бастап  монастырларда  шіркеу 
хорының  әншілерінің  орындауынан  қалыптасты.  Бұл  сол  Итальядағы  маэстро 
Н.Порпорадан келді деген наным бар. Бұл туралы 1965 жылы хор регенты Александ-
ро-Невский  лавры  сөз  еткен.  Осы  кезден  бастап  жеке-дара  вокалдық  музыканың 
орындаушылары дүниеге келе бастады [1, 35 б.].  
 
Вокал  –  жеке  тұлғаның  жан-жақтылығын  дамытатын  әсерлі 
құбылыстардың  бірі.  Мұнда  адам  өз  дауысын  басқаруды,  дұрыс  тынысты 
қалыптастыруды,  жалпы    бұл  өнер  түрінен  тән  рахатына  бөленуді  үйренеді
Вокалдық сабақ жеке дайындықьты талап етеді. Вокалдық орындаудың өзі бірнеше 
түрге  бөлінеді.  Олар:  Классикалық,  эстрадалық,  рок  және  джаз  және  т.б  Бірақ 
барлығыда  бір  мақсатты  көздеп,  дұрыс  вокалдық  орындау  мәдениетін 
қалыптастыруды көздейді. Қандайда болмасын вокалдық орындау бірдей вокалдық 
музыканы  меңгертудегі  кәсіби  құзыреттілікке  жетелейтін  әдіс-тәсілдер 
механизіміне сүйенеді  (1-сурет) [2, 10 б.]. 
Жас  әншіні  қалыптастыруда  осы  механизм  міндетті  түрде  сақталу  керек. 
Әрбір жас әншіні қалыптастыруда дауыс бояуы, диапазоны, мүмкіндіктері әртүрлі 
болып  келеді.  Құзыретті  вокал  пәні  мұғалімінің  алдына  қойылатын  мақсат, 
студенттің  табиға  дауыс  деңгейін  жоғары  деңгейге  жеткізу  болып  табылады. 
Әрине  бұл  жерде  тек  мұғалімнің  үйреткенінен  студент  өседі  деуге  болмайды, 
студент  тарапынанда  вокал  пәніне  деген  жауапкершілік  болуы  тиіс.  Ол  бірнеше 
жылдық сабақтарды талап ететін үрдіс. Қиын да күрделі процесті талап ететін 
вокалдық өнерінің бастамасы вокалдық дауыс жаттығуларынан бастау алады. Жас 
әншіні  қалыптастырудың  алғашқы  сатысы  әншінің  физиологиялық  және 
психологиялық  дайындығымен  дене  қалыпын  реттеуден  басталады.  Әнші  алғашқы 
сабаққа  келгеннен  бастап  өзін,  денесін  әншілік  қалыппен  әншілік  аппаратын  еркін 
ұстауды  меңгеруі  керек.    Мұғалімнің  кіріспе  сөзңнен  кейін  әр  сабақ  сайын,  дауыс 
жаттығуларынан  басталады.  Дауыс  жаттығулары  не  үшін  керек?  Дауыс 
жаттығу әншінің кәсіби қалыптасуына септігін тигізетін,  дауыс бояуын ашатын, 
дауыс  арақашықтығын  кеңейтетін,  тембрін  анықтайтын  үлкен  процесс.  Дауыс 
жаттығуының өзі бірнеше сатыдан тұрады. 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
184 
Бастапқы сатыдағы вокалдық жаттығулар: 
 
 
 
 
1.  Ең  бірінші  орындаушының  физикалық  және  психологиялық  дайындықты 
тексеру.  «Ва»,  «ма»  или  «да»  буынында  ыңғайлы  тесситура  іштегі  тыныс 
таусылғанша  дыбыстай  бастаймыз.  Дыбыстау  кезінде  дауыстың  әдемілігімен 
дыбыстың біркелкілігін бақылып отыру керек.   
 
 
 
2.  Әншілік  қалыптың  дұрыс  орналасуын  тексере  отырып,  дауысты  дыбыстан 
құралған  буынды  біресе  forte,  біресе  piano-  да  орындау  керек.  Дыбыстау  кезінде 
әншілік тынысқа,  дыбыс сапасына, таңдайдың еркіндік жұмысын қадағалау;  
 
3.  Бір  нотада  барлық  дауысқы  дыбыстарды  айту  (а,  э,  и,  о,  у;  а,  о,  э,  и,  у), 
асықпай  бір  тыныста.  Дыбыс  сапасын  және  оның  біркелкілігін  тексеріп  отыру.  Бір 
нотада  дыбыстау  артикуляцияның  еркін  жұмысын,  дыбыстың  біркелкі  шығуына 
көмек береді.   
 
4. Ауызды жауып дыбыстау  «м» дыбысы арқылы жүзеге асады. Ол үшін біріні 
ауызды  ашып  әншілік  аппаратты  дұрыс  орнастыру  керек.  Кейін  ерінді  жаймен 
түйістіріп  "ММММ"  дыбысында  дыбыстайды.  Дыбыстау  кезінде  ерінмен  таңдайда 
кішігірім  діріл  және  азғана  қытық  сезілуі  керек.  Дыбыстау  кезінде  тілдіді  еркін 
жатқызамыз, егер тіл көтеріңкі болса бұл сезілмейді. 
5.  Бір  нотада  буындарды  айту.Олар:«ма,  мэ,  ми,  мо,  му».  Дыбыстау  кезінде 
алғашқы буын "М" әріпін созып "ММа" асықпай алдыңғы жаттығудағыдай біркелкі 
дыбысбау  арқылы жүзеге асырылады.  Темпті жай бастаймыз. Бұл жаттығу әншілік 
опораны сезуге, дыбысты алға итеруге қолайлы. 
6.  Атақты  Гарсиа  и  Ламперти  сияқты  вокалисттердің  еңбектерінде  вокалмен 
алғашқы  айналысып  жүргендерге  мынадай  кеңестер  берілген.  Яғни  бір  нотада 
«mamma mia» деген сөзді орындау берілген. 
 
7. Жас әншіні қалыптастыруда дауыссыз әріптің бірі «л».  Мұнда жас әнші бір 
нотада  немесе кіші және кішігірім интервалдарда ла, лэ, ли, ло, ля, лу, ло буындарын 
айту [3, 19-22 бб.]. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
 
 
 
1-сурет.  Жас әншіні ән айтып үйретудегі механизмі 
Вокалдық дағдылар 
тыныс 
алуды 
қадағалау 
Дауыс арақашықтығын 
жетілдіру 
Бұлшықеттерді босаңсыту 
Дикцияның тазарту 
Ырғақты 
сезінуге 
тәрбиелеу 
Орындаушылық 
шеберлікті 
жетілдіру 
Таза 
дыбыстау 
Жас әншіні ән айтып үйретудегі механизмі 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
185 
 
Жас әнші мыналарды білулері керек: 
 1.  Дауыс  жаттықтыру  алдында  әншілік  қалыппен,  әншілік  аппаратты 
қыздыру жаттығуларын; 
 
 
 
 
 
 
 
2. Дауыс жаттығуларының түрлерін;   
- Аааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааа 
- аааааааааааааа веееееееее мариияяяяяяяяя 
- бела ро о о о за, ро о о о за, ро о о о за. 
- Ми,мэ,ма,мо,му ( айту кезінде жарты тонға көтеру): 
- Тру-тру-тру-тру-зи-зизи-зи-тру-тру-тру-тру-тру! 
- М-м-м-м-м-м-м-м-м-м 
- Мииияаамиияаами 
- Мама миа,мама миа, ма, ма, ма,ма,ма,ма,ма 
 - Ла-лэ-ли-ло-лу,да-дэ-ди-до-ду,на-нэ-ни-но-ну 
 «Ра-….Са…Ма…,дауыс жаттығу кезінде әріптер ауысып отыру керек. 
 - Фа – ре – фа – ре – фа – ре – фа – ре – фа 
- соль – фа – фа – ми – ми – ре – ре – до – до 
3. Дикцияға арналған жаттығуларды; ( р-р-р-р-р-р-р-р-р-р-р-р-р-р-р-р…) 
1. На, на, на (соңғы  «на» буынын көбірек ұстаймыз.) 
2.мА-мЭ-мИ-мА-мЭ-мИ-мА-мЭ-мИ…мА-мЭ-мИ-мО-мУ!!  
3. До до-ре-до, до-ре-до,до-ре-до-ре-до-ре до-ре-до-ре-дооо… 
4. Тыныс жүйесін қалыптастыратын жаттығуларды; 
1.Кең тыныс алып мыналарды айту керек:  
- он бірінші этаж 
- тоғызыншы этаж 
- он алтыншы  этаж. Әсіресе 1-20 -шы этажға дейін санап,  кең тыныста орындау керек.  
5. Тынысты бақылауға арналған жаттығуларды; 
Терең демді ішке алып, ссссссс… буынын дем таусылғанша дыбыстау. 
6. Дауыстың тембрлік ерекшелігін жетілдіруге арналған жаттығуларды; 
1.  А-Э-О әріптерінде (10 рет) жаймен дыбыстау. Немесе, до ре ми фа соля си 
ноталарын айту. 
2. иу……..уи……(сигнализация) 
7. «Метро»деп аталатын жаттығуларды; 
1.  Глиссандо    да  бірінші  октаваның  «до»  нотасынан  керекті  жоғары  нотаға 
дейін  дыбыстау.  Кейін  ең  жоғарғы  нотадан  төменгі  нотаға  дейін  орындау.  Бұл 
жаттығу диапозонды кеңейтуге арналған. 
2.и«До-о,  де-е,  ди»    немесе  «Бра  –бре-  бри-  бро  –  бру».  Жарты  тонға  үнемі 
көтеріп отырамыз. 
3.  Іштегі  престі  қатты  үстап.  «О-о»  буынын  секіртпелі  шеге  қаққандай  етіп 
айту. Жарты тонға үнемі көтеріп, басты төмендеу ұстаймыз. 
- калина-лина-лина ,малина-лина-лина ,марина-рина-рина ,карина-рина-рина 
-  ma-me-mi-mo-mu 
- Рррррррооооооооззззза. 
-  Рррррррррррррр, және Тттттттттттттттт. 
Гаммаларды айту. 
- До! До-ре-до! До-ре-ми-ре-до! До-ре-ми-фа-ми-ре-до! До-ре-ми-фа-соль-фа-ми-ре-до! 
8. Дикцияға аранлған жаттығуларды; 
 -  Лам-пам-пумбр,  Лам-пам-пумбр,  Лам-пам-пумбр,  Лам-пам-пумба-пумба-
пумбр, лам-пам-пумбр 
- ырылдау арқылы айту (ыырррр, ыырррр;) 
- Уууууаааааааа, Уууууаааааа. 
9. Мажорлық 3- дыбыстылықты айтуды; 
- Соль- ми-до! кері қарай И-и-и-и- я…я әріптері арқылы 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
186 
- до-соль, ре-соль, ми-соль, фа-соль, ми-соль, ре-соль, до! 
- соль-до, фа-до, ми-до, ре-до, до… 
Ра-а-а-Ро-о-о-Ри (жоғарға до-ми-соль-до, төменге соль-ми-до) 
10. Дыбыс үндестігіне арналған жаттығуларды; 
- пта-пто-пту- птэ- пты- пти; 
- хта-хто-хту- хтэ- хты- хти ; 
- мта-мто-мту- мтэ- мты- мт;и  
- кта-кто-кту- ктэ- кты- кти ; 
- ста-сто-сту- стэ- сты- сти . 
  11. Дикцияны жетілдіругер арналған жаңылпаштарды; 
* У быка бела губа была тупа. 
* Обычай бычий, ум телячий. 
* Купи кипу пик. 
* От топота копыт пыль по полю летит. 
* Пол четверти четверика гороху без червоточинки. 
*  Расскажите  про  покупки.  Про  какие,  про  покупки?  Про  покупки,  про 
покупки, про покупочки мои. 
* На дворе трава, на траве дрова Раз дрова, два дрова, три дрова. 
12. Сәби жасындағы балаларға арналған жаттығуларды; 
1.  «А» дыбысы арқылы (ла, ма, на, ра, па, ба, да, мра, нра) 
до,ре\МИ\ми-фа-ми-ре\ДО 
2.«О»дыбысы (но, мо, ло, до, по, го, со) 
соль-фа-ми-фа\ми-ре, до\ 
3. Жаңылтпаш айту "Жүгіреміз жағалауды, жағалай, жағалай біз жағалауда жағадай." 
4. НИ-нна,НА-нна, спи, моя крошка, 
Пусть заглянут звёзды в окошко. 
МИ,до\МИ,до\ре,до,ре\МИ,до\ 
МИ,до\МИ,до\ре,до,ре\ДО,до\ 
Ой, звоны звонят, злого волка гонят, По болотам, по оврагам, где люди не ходят 
5.Ми,до-до,ре,до\ми-ми,до-до,ре,до\ми-ми,до-до,ре-ре,до-до\ми-ми,до-до,ре,до. 
13. Артикуляция реттейтін жаңылтпаштарды;  

 
Прохор и Пахом ехали верхом. 

 
Галка села на палку, палка ударила галку. 

 
От топота копыт пыль по полю летит. 

 
У быка бела губа была тупа. 

 
Водовоз вез воду из водопровода. 

 
У Фени фуфайка, у Фаи туфли. 

 
На семеро саней по семеро в сани уселись сами. 

 
Цыпленок цыпли цепко цеплялся за цепь. 

 
Пришел Прокоп – кипел укроп.  
Ушел Прокоп – кипел укроп.  
Как при Прокопе кипел укроп, 
 так и без Прокопа кипел укроп. 
14.    Дауысты  және  дауыссыз  дыбыстарды  таза  айтуға  арналған 
жаңылтпаштарды; 

 
Ою ою ойым бар-ды,  
Ойналмастан ойын қалды.  
Орындалмай ойымдағы 
Ойылмады ою-дағы.  
Орашолақ, олақпын ба, 
Оя алмадым оюларды?  

 
Біреуі көрікті кісі, 
Біреуі бөрікті кісі.  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
187 
Көрікті кісі – зорықты, 
Бөрікті кісі – қорықты.  
Міне,  жоғарыда  көрсетілген  міндеттемелерді  меңгерген  болашақ  педагог- 
музыканттың  кәсіби  сапасы  жоғары  болатыны  сөзсіз.  Дауыс  қойылымы  тез 
қалыптасатын  әрекет  емес.  Ол  күнделікті  дайындықпен  іздемпаздылықты  қажет 
етеді. Дауысты жетілдіру кезеңінде міндетті түрде дауыс жаттығуларына қойылатын 
талапты ескеру керек [4, 49 б.].   
 
 
 
Дауыс  жаттығуларына қойылатын талаптар: 
- Негізгі дыбыстарды созып айту; 
- Әнші диапозонын кеңейту; 
- Дауысты біте-бірте жаттықтыру; 
- Дауыстың қатты шығуына жол бермеу; 
- Еркін дауыспен орындауға үйрету; 
- Дыбыстың тазалығына көңіл бөлу; 
- Дыбыстың біркелкілігін бақылау; 
- Дауыстың әдемілігіне көңіл бөлу.Мақалада дауыс жаттығуларының 
түрлерімен әдіс- тәсілдері толығымен көрсетілді. Ендігі кезекте дауыс 
жаттығуларымен қатарлас жұретін әншілік процесс- ол тыныс алу. 
Тыныс алу жасанды түрде жасалған ән салатын тыныс алу, табиғи секілді 
үш сатыдан тұрады: 
 1) дем жұту немесе инспирация; 
 2) алынған демнің кідіруі; 
 3) ішке алма-кезек дем тарту немесе экспирация.  
Жасанды  тыныс  алудың  табиғи  тыныс  алудан  айырмашылығы  ән  шырқауда 
үлкен маңыздылыққа ие және үнемі  жүзеге асыруды талап ететін бүтіндей әрекеттер 
кешенін  құрайды.  Бұлшық  еттер  жүйелі  кернеуге  үйренісуі  үшін    демді  өз  ішіңе 
жаймен тарту керек.   
Дем    алудың  дұрыстығын  сезіну  үшін  тік  тұрып  кеудеңді  алға  жіберіп  сол 
кезде  демді  ішке толтыру керек. Іштің бел бөлігінде қабырғалардың төменгі жағын 
қозғалтып ауаның өз орнын алғандығындай сезінесіз. Содан соң демді ұстап тұрып 
сәл  көтерілу  керек  (жаттығудың  келесі  бөлігі  басталады).  Бұл  бөлік  қажетті 
иілімділікке баулиды. Демді ішке алу демді шығару секілді жаймен, кенеттен пайда 
болған соққыларсыз тығыз жұмылған ерін арқылы  жүзеге асырылуы керек. Еріннен 
шыққан  ауаның  түзулігін  тексеру  үшін  3  см  қашықтықта  саусақты  ұстап    ауаның 
тығыздығын  сезінуге  болады.  Дұрысы  демді  мұрын  арқылы  алған  жөн,  осылайша 
бұлшық  етке  күш  әлсіз  және  жай  түседі.    Бұл  жаттығуды  таңертең  5  минуттан  10 
минутқа дейін жасауға кеңес беріледі.  
 
1-кесте. Жаттығу жасаудың үлгілері 
Демді ішке 
сору 
Демді ұстау 
Демді 
шығару 
Демді ішке 
сору 
Демді ұстау 
Демді 
шығару 
5- секунд 
5-секунд 
5- секунд 
6- секунд 
10- секунд 
6-секунд 
5- секунд 
6-секунд 
5- секунд 
7- Секунд 
10- секунд 
7-Секунд 
5- секунд 
7-секунд 
5- секунд 
8- секунд 
10- секунд 
8-секунд 
5- секунд 
8-секунд 
5- секунд 
9- секунд 
10- секунд 
9-секунд 
5- секунд 
9-секунд 
5- секунд 
10-секунд 
10- секунд 
10-секунд 
5- секунд 
10-секунд 
5- секунд 
10-секунд 
15- секунд 
10-секунд 
Тек  осындай  жолмен  ғана  абдоминалды  яғни  терең  дем  алудың  дұрыстығын 
сезінуге  болады.  Оқушы    абдоминалды  дем  алуды  байқағанда  ғана  кеуденің  алға 
еңкеюін тоқтатуға болады.   Оқушының дем алу тұлғасына қарай педагогтің жеке өзі 
дем алу жаттығуларын таңдай алады.  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
188 
Көптеген  вокалдық  педагогтар  музыка-педагогикалық  репетуардың  бірнеше 
түрін  көрсетеді,  олар:  вокалдық  жаттығу,  вокализдер,  халық  әндері,  көркем 
шығармалар, камералық шығармалар. 
Педагогтің  міндеті  -    дауысты  реттеу,  қалыптастыру,  және  репертуар  таңдай 
білу.  Материалды  таңдау  барысында  белгілі  бір  мақсат  болуы  тиіс.  Педагог  нақты 
материалдарды  пайдалана  отырып  студент  бойында  қандай  вокалдық-техникалық 
қабілеттер  мен  дағдыны  дамытқалы  отырғанын  білуі  керек.  Мақсатсыз  таңдалған 
музыка-педагогикалық  материалдар  әншінің  вокалдық-техникалық  дамуының 
тежелуіне алып келуі мүмкін. 
Заманауи  авторлардың  шығармаларын  таңдауда  ерекше  мұқияттылық 
танытқан  жөн  .Сонымен  қатар  педагог  өз  жұмысында  оқытылып  отырған 
контингенттің  жасерекшелігіне  (15-19  жас)  сай  психофизиологиялық  өзгерістерін 
есепке алуы тиіс. 
Жүйелі түрде сапалы, біріндеп күрделендірілген репертуар қашанда вокалдық-
техникалық және орындаушылық дамуы жағынан оқушыға сәйкес келеді, сондықтан 
да  әншінің  жан-жақты  дамуына,  жұмысына  жақсы  түрткі  болады.  Жүйелендіру 
барлық белгісіне байланысты жүргізілуі тиіс: көркем образдың күрделілігі, музыкалық және 
эмоционалдық мазмұнның күрделілігі, вокалдық-техникалық қиындықтар (диапазон кеңдігі, 
тесситура, қозғалғыштық және т.с.с.) [5, 78-82 бб.; 6, 200 б.]. 
Вокалдық  кеңес: 
1. Интервал ұлғайған сайын көбіне студенттер ырғаққа сенімсіз бола бастайды; 
бірінші дыбысты орындау кезінде келесі дыбысты анық сезінуі қажет.   
2. Егер сіз дыбыс күшін жоғары регистрда сақтап қалғыңыз келсе, онда төменгі 
нота регистрында дыбысты шығындамаңыз, әсіресе интервал ұлғайған сайын. 
3. Ойдан  жасалған  шаршаңқылықтан  өзін  аулақ  ұстау  үшін    студент 
шығармаларды жарты дауыспен жаттап алады.  Бұл әдіс күш жұмсаудың орнына өзін 
сақтап,  жеңіл  әсермен  баурап  алуы  мүмкін.    Сондықтан  да  шығарманы  орындауда 
толық  дауыспен    жаттығу  қажет.  Тек  осындай  жолмен  ғана  мақсатқа  жете  аласыз, 
олай болмаған жағдайда құлдырайсыз.  
4. Әндету өнеріне үйрету вокалдан басталады. Ол екі мақсатты көздейді:  
а) дауысты дамытып барлық вокалдық талаптарға сай ету; 
б) түрлі стильдерде фразалау арқылы сөздің көмегінсіз музыканы орындауға үйрену. 
5. Түрлі тілдік кедергісі бар әншілерге ортақ ереже бар: кейбір дауыссыздардың 
белгіленуі. Бұл әндетудің нақтылығы мен түсініктілігіне көмектеседі. 
6. Бастапқыда  еркін  шықпайтын  дауыстағы  жоғары  және  төменгі  ноталар 
бірінші  жаттығудан  бастап  орталық  регистрды  қолданса  өздігінен  жетілетіндігі 
белгілі. Сонда педагогта да оқушы дауысының шынайы сипаты туралы күмәндар да 
болмайды,  себебі  орталық  регистр  дем  алысқа  тұрады  да  алмасып  отырған  тонның 
нотасы анық қарастырылады.  
7. Қандай  болмасын  белгілі  бір  атақты  әртіске  еліктеуден  сақтаныңыз  және 
сіздің даралығыңыз шынайы еліктеушілердің қалауына айналады.  
8. Әндететін  дауыс  –  аспап, оның қалыптасуы мен дамуы әрбір адамның жеке 
мүмкіндігіне  тәуелді.  Сондықтан  да  дауыс  нағыз  әртістің  жаны  мен  санасына  тән 
сипаттама  болып  табылады.  Бұдан  шығатыны  әдемі  дауысты  иеленген,  бірақ  ақылынан 
алжасқан әнші қашанда орта дауысты бірақ ақылды әншіден төмен тұрады.  
9. Жас әншіге ескерту:  дауыстың тазалығы мен сақталуына жету үшін, барлық 
тапсырмаларды  белгіленген  тәртіппен  орындаған  жөн.  Мұның  қорытындысында 
дауыстың қорытындысы мен нағыз негізі жатыр.   
10.  Мұғалім  өзін  студентпен  рухани  жағынан  да  байланысатынын  есте 
сақтауы  тиіс.  Мұғалімнің  оқыту  ісіндегі  тәкаппарлық  алшақтығы  оның 
қалыптаспағандығының бет пердесі секілді. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
189 
11.  Мұғалімнің  студентін  атақты  етуге  ұмтылысы  өз  ісінің  білгірі  болғанда 
ғана  жүзеге  асады.  Педагог  қаншалықты  кәсіпқой  сауатты  болса,  соншалықты 
қарапайым. 
12.  Мұғалім  сабағын  жандандырып,  үн  жұрғасының  түскенін  байқаса 
студенттерді қолпаштап отыруы тиіс. Бұл жандандыру оқушыға ауысып, мұғалімнің 
сеніміне енуге барын салып кіріседі. 
Сөзімді қортындылай келе ән өмірдің ажары, халқымыздың ғасырдан-ғасырға 
жалғасып келе жатқан қазынасы. Ал жақсы әнді адамзатқа аманат етіп жеткізетін ол - 
Әнші.  Әнші  болу  табиғаттан  беріледі  және  құзыретті  оқытушылардың  білімінің 
арқасында  дамып  жетіледі.  Жас  әнші  вокалдық  білімді  алғаш  үйренген  уақыттан 
бастап,  оқытушының  үйреткен  әдіс-  тәсілдерін,  ескертулерін  естерінде  сақтауы 
керек. Ал, дауыс жаттығулары әншілік өнердің ажырамас серігі. Әрбір әнші сахнаға 
шығар  алдында,  міндетті  түрде  дауыс  жаттығуларын  жасауы  кажет.  Себебі  дауыс 
жаттығулары дауысты бір формада ұстау үшін әнші дауысының маңызды бір бөлігі 
болып саналады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет