БҚму хабаршы №3-2016ж



Pdf көрінісі
бет41/44
Дата06.03.2017
өлшемі4,23 Mb.
#7949
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

Литература
1. Нурпеисова Г. Ласточка казахской музыки // Казахстанская правда, 16 июня 2006 г. 
2.  Кетегенова  Н.  Творческие  портреты  композиторов  Казахстана.  Очерки.  – 
Алматы: Алатау, 2009. – 560 с. 
3. Музыкальное искусство Казахстана. – Алма-Ата: Каз ОГИЗ, 1944. – 77 с.
  
4. Письмо А.Жубанову и Л.Хамиди от З.Р. Пеленичкина // Полевая почта № 
17317 «а», 07.01.1945 г.  
5.  Мир  мой  –  музыка  (статьи,  очерки,  воспоминания)  //  Сост.  и  ред.  Д.А. 
Мамбетовa. – Алматы, 1997. – 262 с. 
6.  Жубанова  Г.A.  Мои  музыкально-театральные  премьеры.  Опера  «Двадцать 
восемь» // Мир мой – музыка. – Алматы, 1997. – С. 21-32. 
Нусупова А., Темиртон (Садыкова) Г.  
Соғыс жылдарының музыкасы әлеуметтік және мәдени құбылыс ретінде 
(Ахмет және Газиза Жұбановтардың мұрасын зерттеу орталығының қор 
және экспозициялық материалдарды негізінде) 
                                                 
3
 Фотографии из фондов Центра по изучению наследия Ахмета и Газизы Жубановых ЦГМ РК 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
309 
Мақалада  қазақ  композиторларының  шығармашылық  үлгісінде  соғыс 
жылдары (1941-1945 жж.) және сол соғыс туралы жазылған музыканың мәні және 
қуаты талқыланды. Сонымен қатар, музыка адам өмірінің сұлулық пен байлығын, ал 
ерлік 
адами 
рухының 
жоғарғы 
көрінісі 
ретінде 
ұсынылған. 
Қазақ 
композиторларының  шығармаларында  сол  жылдардың  қайғы-қасіретке  және 
ерлікке толы кезеңдері суреттеледі. Онда авторлар музыка арқылы жауынгерлердің 
жеңіс  жолындағы  аңызға  айналған  ерлік  істерін,  қайсарлықтары  мен      болашаққа 
деген  сенімдерін,  кісілік  келбетін  береді.    Оның  үстіне  өнерді  әлеуметтік  мәнді 
феномен  ретінде  жіктей  отырып,  мақала  авторлары  оны  қазіргі  кезеңде 
өзектілігімен  ерекшеленетін    ұрпақтар  сабақтастығындағы,  тіпті,  толықтай 
алғанда мәдениет пен қоғам арасындағы көркем тәжірибе ретінде қарастырады.  
Тірек сөздер: Музыка өнері, қазақстандық композиторлар, опера, батырлық, ерлік. 
 
Nusupova А., Temirton (Sadykova) G. 
Music of soldiery years as sociocultural phenomenon 
(on the basis of museum fund and display materials of the Center on the study 
of heritage of Ahmet and Gaziza of Zhubanov) 
In the article on the example of Kazakh composers’ composition meaning and power 
of  musical  art  during  the  war  (1941-1945)  are  considered.  Music  is  presented  as 
manifestation  of  beauty  and  richness  of  human  life,  and  heroic  feat  as  a  supreme 
magnification  of  beauty  and  strength  of  human  spirit.  On  the  example  of  musical 
compositions  tragic  and  heroic  pages  of  military  years  are  reviled.  And  authors  through 
their  music  transmit  to  the  next  generation  legendary  bravery  and  spiritual  courage, 
optimism and humanity of soldiers who fought for the victory. 
Key words: Musical art, composers of Kazakhstan, the opera, heroism, courage. 
 
 
ӘОЖ: 316.3(6) 
                                     Сулейменова Г.Б. – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент,  
М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
 
       Кумарова У.К. – М.Өтемісов атындағы БҚМУстуденті  
                                                        Е-mail: gulnarazkgu@gmail.com 
       АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Аңдатпа.  Бұл  ғылыми  мақаланың  басты  мақсаты  Африка  континентінің 
қазіргі таңдағы ғаламдық мәселелерін зерттеу болып табылады.Аталған мақсатқа 
қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер  қойылады: Африка елдерінің жаһандық және 
ғаламдық мәселелерін (кедейшілік, аштық, жұқпалы аурулар, көші-қон) талдау;   
Құрлықтағы  қарулы  қақтығыстар  мен  этникалық  шиеленістерді  зерттеу, 
ғылыми  жұмысты  жазу  барысында  бірқатар  деректер  тобы  пайдаланылды. 
Деректердің  бірінші  тобына  Африка  құрлығындағы  елдерге  қатысты  шетелдік 
және  ресейлік  ғалымдардың  еңбектерін  және  монографиялары  қаралды.  Түп 
деректердің  үшінші  тобын  африкалық  аймақтағы  қақтығысты  факторлардың 
және  босқындардың  әлеуметтік-экономикалық  көрсеткіші,  олардың  қауіптілік 
деңгейі  және  әлеуметтік-саяси  шынайылыққа  ықпалы  туралы  түсінік 
қалыптастыруға 
мүмкіндік 
берген 
статистикалық 
және 
анықтамалық 
басылымдар құрады.  
Тірек сөздер: Африка континенті , кедейшілік, аштық, жұқпалы аурулар, көші-қон. 
 
Жаңа,  үшінші  мыңжылдыққа  аяқ  баса  отырып,  дүниежүзілік  экономикалық 
жүйе  өте  қарама-қайшылықты  және  сол  себепті  шиеленісті  болып  қала  береді.  Бір 
жағынан, әлемдік экономиканың жаһандануы неғұрлым белсенді жүреді, бұл әлемнің 
көптеген  аймақтарының  әлеуметтік  дамуын  жеделдетеді.  Екінші  жағынан,  ХХ 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
310 
ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан тенденциялардың әрекет етуі жағдайында 
әлемді  неғұрлым  қауіпті  ететін,  жаңа  аймақтық  шиеленістер  тудыратын,  денсаулық 
және адамның қолайлы жағдайы үшін жаңа қауіптер туғызатын артта қалушылықтың 
ауқымды ошақтары сақталады. 
Артта  қалушылықтың  осындай  ошақтарының  бірі  Сахарадан  оңтүстікке 
қарайғы Африка аймағы болып табылады. Әлеуметтік мәселелердің алуан түрлілігі, 
көлемі  және  өзара  араласуы  бойынша  аймақ  дамушы  әлемде  айқын  ерекшеленеді. 
Сахарадан  оңтүстікке  қарайғы  Африкада  халық  қоныстануы  саласындағы  ұзақ 
қолайсыз  тенденциялар  кедейшілікпен,  табыстағы  үлкен  айырмашылықтармен, 
денсаулық  сақтау,  білім  беру  саласындағы  өте  қолайсыз  жағдаймен,  жұмыссыздықтың 
жоғары деңгейімен және ауқымды мәжбүрлі миграциямен астасып жатыр.  
2000 жылы БҰҰ мыңжылдық Декларациясының қабылдануынан кейін он бес 
жылдан  астам  уақыт  өтті.  Бұл  –  кедейшілікті  және  аштықты  жою;  жалпыхалықтық 
бастауыш біліммен қамтамасыз ету; гендерлік теңдікке қол жеткізу және әйелдердің 
құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша шаралар қабылдау; балалар өлімін қысқарту; 
ананы  қорғауды  жақсарту;  түрлі  аурулармен  ауру  деңгейін  төмендету;  экологиялық 
тұрақтылықты қамтамасыз ету; даму мақсатында ғаламдық серіктестікті қалыптастыру.  
«Мыңжылдық даму Мақсатына» (МДМ) қол жеткізу қарқыны бойынша елдер 
мен  аймақтар  арасында  айтарлықтай  айырмашылықтар  бар.  Сахарадан  оңтүстікке 
қарайғы  Африка  елдері  бастапқы  кезеңнен-ақ  бұл  тұрғыдан  басқа  дамушы 
аймақтардан біршама артта қалды. 1990 жж. (МДМ мониторингі үшін бастапқы жыл) 
Тропикалық Африка елдерінде кедейшілік деңгейінің барлық халық санынан 58%-ға 
бағаланғанын  айтсақ  та  жеткілікті;  абсолюттік  көрінісінде  бұл  кедейшіліктің  ең 
төменгі жағдайында, бір адамға күніне 1,25 доллардан аз табысымен өмір сүретін 300 
млн.-ға жуық адамды құрады.  
Соған  қарамастан  МДМ  бірқатар  бағыттары  бойынша  (бастауыш  біліммен 
қамту,  ЖИТС-пен  күрес  және  бала  өлімін  азайту)  аймақ  елдерінде  айтарлықтай 
прогреске  қол  жеткізілді.  ЖИТС-пен  және  басқа  да  жұқпалы  аурулармен  күрес 
бойынша  белсенді  шаралар  арқасында  Сахарадан  оңтүстікке  қарайғы  Африка  елдерінде 
жыл сайын жаңадан ВИЧ жұқтыратындар саны 1990 жж. ортасынан 25%-ға қысқарды, ал 
бес жасқа дейінгі балалар өлімінің деңгейі сол кезеңде 22%-ға төмендеді.  
Барлық  қалған  МДМ  бойынша  (кедейшілікті  және  аштықты  жою, 
жұмыссыздықты қысқарту, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, ана өлімін төмендету 
және  т.б.)  Сахарадан  оңтүстікке  қарайғы  Африка  елдерінің  көпшілігі  әзірге 
Декларацияда  белгіленген  мақсаттарға  қол  жеткізуден  алыста.  Оған  қоса,  барлық 
өңірлерде  кедейшілік,  аштық  және  жұмыссыздық  (салыстырмалы  көрсеткіштер 
төмендегенімен)  таралуда,  гендерлік  теңсіздік  деңгейі,  әсіресе  білім  беру  және 
жұмыспен қамту саласында, жоғары, ал ана өлімі төмендемей отыр. 
Солтүстік Африкадағы жағдай барлық МДМ бойынша іс жүзінде айтарлықтай 
ерекшеленеді.  Мыңжылдық  Декларациясында  қойылған  мақсаттар  мен  міндеттер 
орындалған, немесе белгіленген мерзімде (2015 ж.) аяқталуына жақын.  
Кедейшілік  деңгейі  бойынша,  яғни  халықтың  жалпы  санындағы  кедей  халық 
үлесінің  мөлшерімен,  Субсахаралық  Африка  елдері  көптеген  онжылдықтар  бойына 
барлық басқа дамушы аймақтарды басып озды. Мұндағы кедейшілік деңгейі тек 1990 
жж. соңынан бастап ғана төмендей бастады (1990 ж. 58%, 1999 ж. – 58% және 2005 
ж.  –  51%).  Неғұрлым  кейінгі  мәліметтер  әзірге  жоқ,  бірақ  кейбір  бағалаулар  2008 
жылға  қарай  бұл  аймақтағы  кедейшілік  коэффициенті  46%  дейін,  яғни  онжылдық 
кезеңінде 12%-ға төмендегені туралы болжауға мүмкіндік береді.  
Кедейшілік  деңгейінде  өмір  сүріп  жатқан  адамдардың  жалпы  саны  сандық 
көрінісінде,  Сахарадан  оңтүстікке  қарайғы  Африка  елдерінен  басқа,  дүниежүзінің 
барлық  аймақтарында  төмендеді,  Сахарадан  оңтүстікке  қарайғы  Африка  елдерінде 
халықтың  тез  өсу  қарқынының  салдарынан  ол  1990  жылдан  2005  жылға  дейін  390 
млн.-ды құрап, 100 млн. адамға артты. Ғаламдық дағдарыс бұл сандарға тағы 50-60 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
311 
млн.  адамды  қосты.  Осылайша,  1990  жылдардың  соңынан  басталған  Сахарадан 
оңтүстікке  қарайғы  Африка  елдерінде  кедейшілік  жағдайында  өмір  сүріп  жатқан 
халық  үлесінің  төмендеу  тенденциясына  қарамастан,  бұл  аймақ  кедейшілік  көлемі 
өсуін жалғастырып отырған жер шарындағы жалғыз аймақ болып қала береді (яғни 
халықтың  өсу  қарқыны  кедей  халық  үлесінің  төмендеу  қарқынынан  асып  түседі), 
және  басқа  дамушы  аймақтардан  ерекшелігі  мыңжылдық  дамудың  бірінші 
Мақсатына мұнда жалпы алғанда қол жеткізілмейді (мақсатты көрсеткіш – 29%).  
Солтүстік  Африка  елдерінде  мүлдем  басқа  жағдай  байқалады,  мұнда  күніне 
1,25 доллардан кем емес халықтың үлесі 1990 ж. бар болғаны 5%-ды, 1999 ж. - 4, ал 
2005  ж.  -  3%-ды  құрады.  Бұл  барлық  дамушы  әлемдегі  кедейшіліктің  ең  төменгі 
көрсеткіші (одан әрі Таяу Шығыс - 6% және Латын Америкасы – 7%).  
Кедейшілік  мәселесі  демографиялық  процестер  ерекшелігімен  шиеленісе 
түседі. Африка құрлығындағы халықтың өсу қарқыны бірнеше ондаған жылдар бойы 
дүниежүзіндегі  ең  жоғары  болып  қалып  отыр  (2,4%)  және,  олардың  баяулауына 
қарамастан  ХХІ  ғасырда  да  осындай  болуын  жалғастыруда.  БҰҰ  мәліметтері 
бойынша, қазіргі кезде Африкада дүниежүзіндегі барлық халықтың 15%-ға жуығы (1 
млрд.  адам)  өмір  сүріп  жатыр.  Қазіргі  тенденциялардың  сақталуы  жағдайында  жер 
шары  халқындағы  Африканың  үлесі  2025  ж.  қарай  17%-ға,  ал  2050  ж.,  болжамның 
орташа нұсқасы бойынша, - 24%-ға жетеді.  
Африка  халқының  өсу  қарқынының  жалғасуы  кедейшілік  көлемінің  одан  әрі 
кеңеюіне,  еңбек  нарығындағы  жағдайдың  шиеленісуіне  және  жұмыс  іздеуде 
эмиграцияның 
артуына 
қауіп 
төндіреді. 
Болжамдарға 
сәйкес, 
барлық 
африкалықтардың  ⅓-і  2060  ж.  қарай  да  бұрынғысынша  кедейшілік  жағдайында 
болады.  Басқаша  айтқанда,  құрлықтағы  созылмалы  кедейшілік  ұрпақтан  ұрпаққа 
көше отырып, ұзақ уақыт бойы өмірлік факті болып қала береді.  
БҰҰ  даму  Бағдарламасының  (ПРООН)  баяндамаларында  кедейлерді  елдер 
және  аймақтар  бойынша  бөлу  төмендегідей  көрініс  алған:  дүниежүзілік 
кедейшіліктің  жартысы  (827  млн.  адам)  Оңтүстік  Азияда,  төрттен  бір  бөлігінен 
астамы (29%, немесе 473 млн. адам) - Сахарадан оңтүстікке қарайғы Африкада өмір 
сүреді.  "2011  ж.  адамзат  дамуы  туралы  Баяндама"  мәліметтері  бойынша, 
кедейшіліктің  көпжақты  индексінің  ең  жоғары  көрсеткіштері  Тропикалық  Африка 
елдерінде  (Нигер,  Эфиопия,  Мали,  Буркина  Фасо,  Бурунди,  Сомали,  Орталық  АР, 
Гвинея, Сьерра-Леон, Либерия) тіркелген. Кедейшілік  деңгейі бойынша да елдердің 
бірінші  ондығына  да  африкалық  елдер  кіреді  (Либерия,  Бурунди,  Руанда,  Малави, 
Мадағаскар,  Танзания,  Нигерия,  Замбия,  Свазиленд,  Орталық  АР).  Адамзат 
дамуының  индексі  бойынша  әлемдік  рейтингті  де  осы  аймақ  елдері  тұйықтайды 
(Конго  ДР,  Нигер,  Бурунди,  Мозамбик,  Чад,  Либерия,  Буркина  Фасо,  Сьерра-Леон, 
Орталық АР, Гвинея) [1]. 
Қазіргі кезде 
Буркина-Фасо, Чад, Мали, Мавритания, Нигер, Камерун, Нигерия 
және  Сенегал  сияқты  мемлекеттердегі  біртұтас  буын  тамақ  жетіспеушіліген  пайда 
болған дертке шалдыққан. Жауын-шашынның аздығы, астық тапшылығы және азық-
түлік  бағасының  қымбаттауынан  аймақ  тұрғындары  әлсіреп,  ауруға  шалдығып, 
медициналық көмекті қажет ететін 
жағдайға жетті. 
2012 жылғы ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша, Чад территориясындағы Сахель 
аймағында  тұратын  5  жасқа  дейінгі  127  мың баланы  асқа  жарымаушылықтың  ауыр 
салдарынан емдеу қажет. 
Соңғы  кездері  ә
лемдің  бұқаралық  ақпарат  құралдары  араб  елдеріндегі  халық 
қозғалыстары,  Норвегиядағы  қырып-жою,  НАТО-ның  Қаддафи  әскери  күштеріне 
қарсы  операциялары,  Еуропадағы  қаржы  дағдарысы  мен  Америкадағы  қаржы 
тоқырауының  жалғасуы  сияқты  жалпы  тақырыптарға  көңіл  бөліп  отырған  күндері 
дүниенің  келесі  бір  бұрышында  тағы  бір  апатты  жағдай  орын  алуда.  Бұқаралық 
ақпарат  құралдарының кейбіреулері ғана бұл мәселеге мән беруде. Соңғы жылдары 
Африка мүйісі, оның орталығындағы Сомали бұрын-соңды болмаған құрғақшылыққа 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
312 
тап  болып,  бұл  құрғақшылық  осы  кезге  дейін  ондаған  мың  адамның  жанын  қиып, 
миллиондаған 
адамға 
аштық 
пен 
өлім 
қатерін 
төндіруде. 
Дүниежүзі 
қауымдастығының  көңіл  бөлмей,  көмектердің  дер  кезінде  жеткізілмеуі  себепті 
Сомалидің  жүздеген мың  азаматы  өліммен  бетпе-бет  келіп отыр. Бүгінде  Сомали  – осы 
күні қарны аш аналар мен ауру, қу сүйек балалардың өліміне куә болмау үшін оларды шөл 
далаға  тастап  кететін,  әлем  халықтарының  көмегіне  үміттеніп  отырған,  әйелдер  мен 
балалар зарының аймағына айналып отыр. Бұл жағдай мейлі ол мұсылман болсын, мейлі 
христиан, немесе басқа дінді жан болсын көкірегінде жүрегі бар әрбір тірі жанды қинайды. 
Бүгінгі күні Сомали – халқы бір рет ыстық тамақ жеп, салқын су ішуді армандап отырған 
аймақ.  Сомалидің  тарихында  мұндай  апатты  жағдай  сирек  кездеседі.  1990  жылы 
құрғақшылықтың күшейген кезінде Сомали құрдымға ұшырауға таяп қалды. Қазір аштық 
індеті Сомалиде тағы бір апатты жағдай тудырып отыр. Куәгерлердің айтуынша, уақытша 
лагерьлердің санитарлық жағдайы нашар және халық санының көп болуына орай, жұқпалы 
аурулардың көбею ықтималы да артып отыр. 
Аштық  Африка  елдерінде  жаңадан  пайда  болған  құбылыс  емес.  Көздерін 
ашуға  шамасы  жоқ  қу  сүйек  балалардың,  жануарлар  немесе  мәйіттердің  үстінде 
қонақтап отырған құзғындардың немесе құрғақшылықтан жарылған жердің суреттері 
-  таныс  бейнелер.  БҰҰ-ның  зерттеуі  бойынша,  Африка  мүйісінде  орналасқан 
Сомали,  Кения,  Эфиопия,  Судан,  Уганда  мен  Джибути  елдеріндегі  қазіргі 
құрғақшылық  -  соңғы  60  жыл  ішінде  бұрын-соңды  болмаған  жағдай.  Аймақтағы 
жауын-шашын мөлшерінің азаюы  – Сомалидің мұндай апатқа ұшырауының бірден-
бір себебі. Тағы басқа маңызды себептердің бірі - Сомалидегі ішкі соғыс, азық-түлік 
пен  жанар-жағармай  бағасының  өсуі.  Бұлардың  барлығы  дерлік  -  Батыс  үкіметтері 
саясаттарының  салдары.  Африка  мүйісіндегі  құрғақшылық  шамамен  12  млн. 
адамның, соның ішінде 2 млн. баланың жанына қауіп төндіріп отыр. 
Құрғақшылық пайда болған соң Африка мүйісінен қоныс аудару көбейіп кетті. 
Ондаған мың Сомали халқы Кения лагерьлеріне қарай ауысуда. Солтүстік Кенияның 
тек қана бір лагерінің өзінде шамамен 400 мың адам орналасқан. Бұлар халықаралық 
ұйымдардың  азық-түлік,  ауыз  су  мен  тамақтарынан  тұратын  көмектерін  пайдалана 
алады.  Сомалидегі  жағдайдан  Эфиопия  мен  Кенияға  қарай  бет  алғандардың  саны 
күніне  3500  адамға  жетіп  отыр.  БҰҰ  Сомали  астанасы  Могашитоға  азық-түлік 
жеткізу  жұмыстарын  бастады.  Сомалидің  әлсіз  үкіметі  Африка  Одағының  бейбіт 
күзет  күштерінің  сарбаздары  арқылы  ғана  астананы  бақылауға  алып  отыр.  Бірақ 
елдің  басқа  қалалары  мен  аймақтарында  мұндай  жағдай  көзге  түспейді.  Жауынгер 
топтар  Оңтүстік  Сомалиді  бақылауды  қолға  алып,  азық-түлік,  дәрі-дәрмек 
көмектерінің бұл аймаққа жеткізілуіне тосқауыл болуда. Теңіз қарақшылары, белгісіз 
қарулы адамдар мен өздерін Әл-Қаидаға қарасты деп санайтын Әл-Шабаб тобының 
әскери  күштері  –  орталық  үкімет  күштерінің  жоқтығын  пайдаланып,  Оңтүстік 
Сомалидің  басым  бөлімін  бақылауға  алып,  бұл  аймақтарда  өздерінің  қалаған 
заңдарын жүгізіп отырған үш ірі топ болып саналады. Мұндай жағдайда Сомалидің 
аштыққа тап болып отырған халқына көмек көрсету қиынға соғуда. Осы топтардың 
әрбірі  көмектердің  жеткізілуіне  түрлі  әдістер  бойынша  кедергі  келтіруде.  Халыққа 
көмек көрсетуші жәрдемшілердің басы да қатерге тігілген. Сомали премьер-министрі 
Мұхаммад Ибраһим: «Егер алдағы апталарда Оңтүстік Сомали халқына жедел көмек 
жеткізілмесе,  аймақ  халқының  көпшілігі  аштықтан  жан  тапсыруы  мүмкін,»-  деп 
мәлімдеді.  Көптеген  халықаралық  ұйымдардың  бұл  аймаққа  көмек  көрсетулеріне 
кедергі  жасалып,  ЮНИСЕФ  қана  аймаққа  көмек  жеткізуге  құқылы  болып  отыр. 
Сомалидегі  апатты  жағдайға  халықаралық  қауымдастықтың  көңіл  бөлмеуін 
Сомалидегі  аштық  дағдарысының  күшеюіне  қосу  керек.  Дүниежүзілік  азық-түлік 
бағдарламасы  қайраткерлерінің  бірі  бұл  апат  жайында:  «Сәуір  айының  ортасында 
Африка  мүйісінде  құрғақшылықтың  пайда  болуына  қатысты  алғашқы  ескертулер 
жасалды, бірақ бұл ескертулерге көңіл бөліне қойған жоқ,»- деді. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
313 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша, 2015 
жылдың  қаңтар  айының  соңғы  аптасында  Эбола  вирусымен  қамтылған  үш 
африкалық елде жұқпалы аурудың ошақтары қайта пайда болған.  
Жұқпалы аурумен тіркелген 124-тің 80-і Сьерра Леонда, 39-ы - Гвинеяда және 5-і - 
Либерияда. Ағымдағы жылдың ақпан айында сәйкесінше - 74, 52 және 2. 16 мыңнан астам 
бала вирустың осы үш елде таралуының нәтижесінде ата-аналарынан айырылып, жетімге 
айналды. 2013 жылдың желтоқсанынан бастап шамамен 10,5 мың адам өлді.  
«Ауру  жағдайының  өсуі  сөзсіз  қауіп  төндіреді,  бірақ  біз  лихорадканың  қайта 
өршитінін білдік», - деді Эбола бойынша БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі Дэвид Набарро. 
- Біз дұрыс жолдамыз, алайда бізге сақ болу қажет, өйткені инфекция ошақтары әлі де бар".  
2014 жылдың соңы және жаңа жылдың басына қарай ДДҰ аурудың неғұрлым 
төмен  санын  тіркеді.  Лихорадкамен  күрестің  қиын  сәттерінің  артта  қалғандығына 
үміт  артты. "Алайда денсаулық сақтау  қызметкерлерінің күдігі, әсіресе Гвинеядағы, 
және  вирусқа  қарсы  күрестің  сенімді  емес  жергілікті  тәжірибесі  Эболамен  күрес 
жолындағы кедергі болуын жалғастыруда", - деп атап өтті БҰҰ-да.  
Кезекті  рет  Гвинеядан  шығысқа  Кот-д'Ивуармен  шекарада  жерлеу  рәсімінің 
қорғаныссыз  өткізілуі  11  жаңа  жағдайдың  тіркелуін  туғызды.  Жерлеу  рәсіміне 
қатысқан туысқандары мен жақын адамдары ауру жұқтырған, өйткені қайтыс болған 
адамдармен физикалық байланыста болған.  
Гана президенті Джон Драмани Махама өзі басқарған Батыс Африка елдерінің 
Экономикалық  қауымдастығына  (ECOWAS)  қатысушы-елдер  атынан  Эбола 
вирусынан  неғұрлым жапа  шеккен  субаймақ  елдерінің  сыртқы  қарызын  «кешіруді» 
Халықаралық донорлық қауымдастықтан сұрады.  
Қарыздарын  алып  тастау  Либерия,  Гвинея  және  Сьерра-Леон  басшыларына 
құлдырау жағдайында тұрған экономиканы, әсіресе оның әлеуметтік-экономикалық секторларын 
қайтадан қалпына келтіруге және инвестиция тартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  
Ағымдағы  жылдың  қаңтар  айының  мәліметтері  бойынша  Ганада  Эбола 
лихорадкасына күдікпен 131 жағдай тіркелген. 15 қаңтарда Аккрада ECOWAS елдері 
өкілдерінің және батысафрикалық субаймақтағы Эбола вирусымен күресті үйлестіру 
мәселесі  бойынша  олардың  халықаралық  серіктестерімен  техникалық  кеңес  өтті. 
ECOWAS  мүше-елдер  өкілдерінің  жоғары  деңгейдегі  кездесуі  қарсаңында  өткізілген 
кеңестің мақсаты экономикалық қауымдастықтың денсаулық сақтау министрлерімен 
және  қызметтік  тұлғалармен  субаймақта  инфекцияның  таралуымен  байланысты 
реттеудегі жағдайындағы жетістіктерді және кемшіліктерді талқылау болды.  
2014  жылдың  сәуір  айынан,  яғни  вирустың  алғашқы  жағдайының 
батысафрикалық  субаймақта  ресми  тіркелуі  кезінде,  2015  жылдың  қаңтар  айының 
ортасына дейін ауру жұқтырғандар саны 21 086 мың адамға жетті, оның ішінде 8289 мың 
өлім жағдайымен негізінен Гвинея, Сьерра-Леон және Либерия сияқты елдерге сай келеді.  
2015 жылдың 16 қаңтар күні  ECOWAS мүше-елдер өкілдерінің және олардың 
халықаралық серіктестерінің жоғары деңгейдегі екікүндік үйлестіру кеңесі өтті, оның 
барысында  Эбола  лихорадкасының  эпидемиясына  жауап  ретінде  кешенді  аймақтық 
шаралар шеңберіндегі біріккен күрес қорытындылары шығарылды [2]. 
Сахарадан  оңтүстікке  қарайғы  Африкадағы  тағы  бір  күрделі  әлеуметтік 
мәселелердің бірі мәжбүрлі көші-қон болып табылады. Босқындар ісі бойынша БҰҰ 
Жоғары 
комиссариатында 
қабылданған 
бағытқа 
сәйкес, 
экономикалық 
мигранттардан айырмашылығы мәжбүрлі мигранттар (босқындар) деп саяси нәсілдік, 
діни,  ұлттық  себептері  немесе  белгілі  бір  әлеуметтік  топқа  жатуына  байланысты 
қудалауды  сезінетіндер  есептеледі.  Бағыттың  мәліметтеріне  сәйкес  Сахарадан 
оңтүстікке  қарайғы  Африкадағы  мәжбүрлі  миграцияның  тікелей  себебі  дағдарысты 
әлеуметтік-экономикалық  жағдайдан  пайда  болған  саяси,  этникалық,  діни,  және 
азаматтық  шиеленістер  болып  табылады.  Нақ  солар  Сахарадан  оңтүстікке  қарайғы 
Африка елдерінен халықтың айтарлықтай тобының кетуін туғызады. 2013 жылдың 1 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
314 
қаңтарында  дүниежүзіндегі  босқындардың  жалпы  саны  19,2  млн.  адам  деп 
бағаланды, олардың 4,9 млн.-ы аймақ елдерінің үлесіне сай келді. 
Сахарадан  оңтүстікке  қарайғы  Африкадағы  мәжбүрлі  миграция  аймақтық, 
сонымен қатар аймақаралық бөлшектен де көрінеді. Мысалы, 2013 жылы Босқындар 
ісі  бойынша  БҰҰ  Жоғары  комиссариаты  мәліметтері  бойынша  дүниежүзінде 
мәжбүрлі  көші-қонның  барлығы  10  негізгі  легі  болды.  Оның  5-уі  Сахарадан 
оңтүстікке  қарайғы  Африка  елдеріне  тиді  және  бұған  қоса  негізінен  ішкі  аймақтық 
сипатқа ие болды (төмендегі кестені қараңыз).  
Кесте 1. – Сахарадан оңтүстікке қарайғы Африкадан шыққан босқындар саны және оларды 
қабылдаған негізгі елдер (2013 ж.) 
Босқындар шыққан 
елдер 
Негізгі қабылдаушы елдер 
Саны 
Судан 
Эфиопия, 
Конго 
Демократиялық 
Республикасы,  Кения,  Орталық  Африка 
Республикасы, Чад 
730600 
Конго  Демократиялық 
Республикасы 
Танзания,  Замбия,  Конго  Республикасы, 
Бурунди, Руанда 
462200 
Бурунди 
Конго  Демократиялық  Республикасы, 
Руанда, Танзания, ОАР 
485800 
Сомали 
Кения, Йемен, Джибути, 
АҚШ, Ұлыбритания 
389300 
Либерия 
Гвинея, Кот-д’Ивуар, Сьерра-Леон, Гана 
335500 
Бірмезгілде аймақтан дамыған елдерге босқындар көлемі де жоғары. Мысалы, 
2001-2012 жж. кезеңде дамыған елдерден Сахарадан оңтүстікке қарайғы  елдерден 0,9 
млн. адам баспана беру туралы өтінішпен жүгінген. Бұл тек жүгінгені ғана. Шын мәнісінде 
бұдан да көп болуы мүмкін. Бұған қоса бұл жағдайда негізгі қабылдаушы елдер африкалық 
мемлекеттердің бұрынғы метрополиялары болып табылады [3].  
Сахарадан  оңтүстікке  қарайғы  Африкадағы  әлеуметтік  дағдарыс  көлемі 
аймаққа  әлеуметтік  саладағы  маңызды  мәселелерді  шешуге  бағытталған  айқын 
жүйеленген  саясат  қажет  екендігін  көрсетіп  отыр.  Мұндай  саясат  айқын 
басымдықтар  жүйесін  есепке  ала  отырып  жасалуы  тиіс,  бұл  әсіресе  дүниежүзіндегі 
ең кедей елдердің бірі болып табылатын аймақ жағдайында өте маңызды. Сахарадан 
оңтүстікке  қарайғы  Африка  мемлекеттерінің  аймақтық  және  ұлттық  әлеуметтік 
саясаты  міндетті  түрде  аймаққа  халықаралық  қауымдастықпен  берілетін 
халықаралық көмекке шоғырландырылуы тиіс.  
Африкалық елдердің жартысынан астамы азық-түлік көмегіне мұқтаж. Бұл туралы 
БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік және ауылшаруашылық бағдарламасы ескертеді.  
Мұндай  жағдай,  бірінші  кезекте,  түрлі  себептер,  әсіресе  құрғақшылық, 
немесе  Сомали,  Малави,  Нигер,  Кения  және  Зимбабве  сияқты  елдердегі 
шиеленістердің  салдары  болуы  мүмкін.  Шын  мәнісінде  ол  фундаментальды  жалпы 
жүйелік мәселелер көрінісі болып табылады.  
Африка құрлығының ауылшаруашылығы дағдарысты басынан кешіп жатыр, 
және  Азық-түлік  саясатының  Халықаралық  институтына  сәйкес,  нақ  осыған 
байланысты 200 миллион адам аштықтан жапа шегуде.  
Бұл тұрғыдан БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы мұндай жағдайдың 
басты  себептерін,  саяси  мәселелер,  азамат  соғыстары  сияқты,  сонымен  қатар  босқындар 
санының  көптігі,  27  елдің  15-інде  атайды,  оның  пікірі  бойынша,  олар  тез  арада  көмекке 
мұқтаж. Ал құрғақшылық осы 27 елдің тек 12-сінде ғана тіркелген. [4] 
Бұл  жерде  шығатын  бір  ғана  қорытынды:  африкалық  елдердегі  аштық  табиғидан  гөрі 
созылмалы соғыстардан, мемлекеттік төңкерістерден және азаматтық толқулардан туындап отыр.   
Африкалық  елдердегі  аштық  бірқатар  өзара  байланысты  факторлардың 
салдары  болып  табылады.  Африка  -  бұл  алып  құрлық,  және  мұнда  жекелеген 
елдердің жағдайын түсіндіретін қандай да бір себепті бөліп көрсетуге болмайды. Бұл 
үшін төрт басты жағдайды есепке алу қажет: 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
315 
1.  Елдегі  саяси  жағдайға  үлкен  ықпал  етпейтін  ауылшаруашылық 
аудандарында инвестициялардың жүйелі түрде жетіспеуі. Ірі қалаларда африкалық көсемдер 
саяси  қысымға  тап  болады.  Жемқорлықпен  және  шаруашылықтың  жоқ  болуымен  бірге 
алғанда бұл «мықты басқарудың жоқтығына» алып келеді, мұны донор-елдер де атап өтеді.  
 
«Нашар басқару – бұл халықты азық-түлікпен ұзақ мерзімді қамтамасыз ету 
үшін  күрделі  салдарлары  бар  көптеген  африкалық  елдердегі  басты  мәселе»,  -  деп 
айтылады азық-түлік саясатының Халықаралық институтының мәлімдемесінде.  
 
«Жемқорлық,  жасырын  келісімдер  және  топшылдық  сияқты  мәселелер 
биліктің экономикалық дамуға көмек көрсетуіне ықпал ету мүмкіндігін айтарлықтай 
әлсіретуі мүмкін» - деп көрсетіледі мәлімдемеде.  
2. Тұрақсыздық тудыратын және босқындардың пайда болуына алып келетін 
соғыстар және саяси қақтығыстар.  
2004 жылы Африкалық Комиссия төрағасы Альфа Умар Конаре Африкалық 
Одақ  саммитіне  қатысушыларға  соңғы  жарты  ғасырда  құрлықта  186  мемлекеттік 
төңкерістің және 26  ірі  соғыстардың болғандығын атап көрсетті. Босқындар  ісі  бойынша 
БҰҰ  Жоғары  комиссариатының  мәліметтері  бойынша,  қазір  Африкада  4,8  миллион 
босқындар және орын ауыстырған тұлғалар есепке алынған.  
3.  ЖИТС  және  АИВ-инфекциясының  салдарынан  көптеген  отбасылар 
асыраушыларынан айырылды. Әсіресе бұл мәселе Африканың оңтүстігіндегі елдерде 
өткір,  мұндағы  халықтың  жыныстық  қатынасқа  белсенді  тобының  30%-ға  жуығы 
АИВ-инфекциясын  жұқтырған.  Oxfam  қайырымдылық  ұйымының  мәліметтері 
бойынша отбасының бір мүшесі ауру болған кезде өндіріс өнімі 60%-ға қысқарады, 
өйткені бұл жағдайда әйелге ауылшаруашылық жұмыстарының тек негізгі бөлігі ғана 
емес, сонымен қатар ауруды күту ауыртпалығы да түседі.  
4.  Халық  санының  бақылаусыз  өсуі.  «Экваторлық  Африка  елдері  халқы 
соңғы  30  жылда  ЖИТС-тан  үлкен  көлемдегі  өлімге  қарамастан  басқа  аймақтарға 
қарағанда  жылдам  өсті»,  -  делінеді  халық  қоныстануы  бойынша  БҰҰ  Қорының 
есебінде.  «1975  жылдан  2005  жылға  дейінгі  кезеңде  олардағы  халық  саны  335-тен  751 
миллионға дейін өсті. Олардағы жыл сайынғы өсім 2,2%-ды құрайды», - делінеді есепте.  
Африканың кейбір аудандарында жер көп. Бірақ жерді өңдеу үшін жарамды 
жерлердің  жетіспеуі  күрделі  мәселеге  айналған  аудандар  да  бар.  Эфиопия  мен 
Эритреяның  таулы  аудандарындағы  жерлердің  өткен  кезеңдерде  белсенді 
өңделгендігі соншалық, оны ауылшаруашылық дақылдарын өсіру үшін қашан болса 
да пайдалануға болар ма екен?! Мәселе африкалық елдердегі топырақтың жағдайына 
байланысты  да  одан  әрі  ушыға  түседі.  Экваторлық  Африкада  жыртылатын  жерлер 
топырағының  шамамен  72%-ы  және  шабындық  жерлердің  31%-ы  "тозған"  немесе 
"жарамсыз жағдайға жеткен" деп жіктеледі [5]. 
 
Оған  қоса,  топырақта  кейбір  маңызды  элементтер  жетіспейді,  оның 
құнарлығы жылдан жылға азаюда. Бұл топырақты жуудан, эрозиядан және басқа да 
себептерден жоғалатын кейбір  элементтердің  қалпына келтірілмеуімен байланысты. 
Азық-түлік саясатының Халықаралық институтының мәліметтері бойынша, соңғы 30 
жылда топырақтағы құнарлы заттар құрамы қысқарған.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет