Боджау түсінігі, түрлері Болжау грек сөзі «алдын ала білу»



бет3/3
Дата30.01.2023
өлшемі20,45 Kb.
#63740
1   2   3
Сызықтық регрессия әдісі - екі айнымалылардың (жұпты корреляция эдісі) өзара байланысын талдауда х-факторлы көрсеткішінің варияциясының у-нәтижелі көрсеткішіне әсерін талдауда қолданылады:
У=а + bх

Теңдеудің а, b параметрлерін табу үшін дифференциалды теңдеулер көмегімен өте аз квадраттар әдісі талабының негізіндегі қалыпты теңдеу жүйесі құрлады


an+b∑x=y
a∑x+bx2=∑xy

мұнда:
а - нәтижелі көрсеткішке негізгі факторлардың әсерін сипаттайтын параметр;


b - нәтижелі керсеткішке жанама факторлардың әсерін сипаттайтын параметр;
n - бақылау саны.
∑x, ∑y, ∑xy, ∑x2 - берілген фактор мәліметтерімен есептелінеді.
Сараптамалык болжау әдістеріне төмендегілерді жатқызуға болады:
Интуиция - адамның зерттеу объектісі туралы, оның келешектегі жағдайына қорытынды жасау қабілеттілігі.
Интервью әдісі - болжау қызметін үйымдастырушының сарапшы-мамандармен бірге кәсіпорынның келешектегі жағдайы, оның ортасы жайлы әңгіме жүргізу.
Сараптамалық түсіндірмелі жазба әдісі сарапшы-болжаушы өзінің ой-пікірін жазбаша түрде кәсіпорынның жағдайы мен даму жолын бағалаумен бірге сараптамалық жүмыстарды өз бетінше орындайды. Бүл жағдайда мәселелер мен шешімдердің маңыздылыгын анықтау үшін мысалы, қалау, ранг эдісін пайдаланады. Қалау әдісін пайдалану барысында сарапшы мүмкін нүсқаларды рет-ретімен нөмірлейді: аса маңызды критерий - 1, онша маңызды емес - 2 санымен, т.с.с. белгіленеді. Ранг әдісін қолдану кезінде сарапшы қарастырылған нұсқаларды шкала бойы мен (мысалы, 0-ден 10-ға дейін) орналастырады.
«Милы батыл әрекет ету» мәселені шығармашылық жолмен шешу және ұжымдык ой-пікірлер ұсыну генерациясы әдісін пайдаланумен қатар келеді. Бұл әдісті қолдану нысандары:
Жалпы жиналыс жасау.
«Дөңгелек үстел» бойынша жиналысты өткізу.
«Милы штурм» әдісін қолдануда басымдылықты анықтау.
«Нақты жағдайды топтық талдау» әдісі. Үлкен топ (20 адам құрылып, топ арқылы барлық жағдайды олардың ішкі сезімде (интуиция) және дұрыс ойлау ңегізінде сандық баға беріледі жән топтық талқылау жүргізіледі.
«Сценарий құру» әдісі. Сценарий сөзін 1960 жылы Х.Кан ұсынған. Сценарий - бұл шындыққа жақын келетін келешекті алдын ала болжау аркылы сипаттау. Болжау көп жағдайда 3 сценарийден тұрады: оптимистік, пессимистік, орташа.
«Мақсаттар ағашы» әдісі ғылым, техника, технологияның дамуының мүмкін бағыттарын болжау үшін қолданылады.
«Мақсаттар ағашы» перспективалы мақсаттар мен әрбір иерархиялық деңгейдегі нақты шешілетін міндеттерді өзара байланыстырады.
«Матрицалық әдіс» жоспар мен болжауда кең қолданылады. Мысалы, маркетингте ол әдіс нарықтағы кәсіпорынның позициясын бағалау әдісі ретінде қолданылады, яғни мүмкін стратегияның бірін таңдауға мүмкіндік береді:

  • қолайлы позициядағы тойтарыс беру стратегиясы (С1);

- орташа белгісіздік позицияда қорғану стратегиясы (С2);

  • қолайсыз позицияда кейін шегіну стратегиясы (С3 ).

«Дельфи» әдісі жаңа ашылулар мен жетістіктер күтілетін әр түрлі аймақтардың келешектегі жағдайы туралы сарапшы топтарынан арнайы аноним сауалнамалар арқылы жеке-жеке жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет