БөЖ. №1 кейс (3-апта тапсырмасы) Мақсат



Дата08.12.2023
өлшемі16,1 Kb.
#134695
Байланысты:
БӨЖ-3 Назерке


БӨЖ. №1 КЕЙС (3-апта тапсырмасы) 
Мақсат: Тілдің пайда болуы туралы айтылған теориялардың қате теориялар екенін дәлелдеу.
Тапсырма:
3.1. Тілдің пайда болуы туралы айтылған теориялардың қате теориялар екенін дәлелдеңіз.
3.2. Олардың қателіктерін таба отырып мәселені шешіңіз.
Мақала
Қоғам тілдің дамуына әсер етеді, бірақ тілдің дамуы қоғамның даму заңдары бойынша емес, өз дамуының ішкі заңдары бойынша іске асады. Тілдің даму заңдары қоғамның даму заңдарына сәйкеспейді. Тілдің дамуы туралы қате көзқарастар болды. Мысалы , Н.Я. Марр тілдің дамуы туралы мәселеде “сатылық даму теориясын” ұсынды. Тілді қондырмалық құбылыстың қатарына жатқызған Н.Я. Марр тіл дамуының әр түрлі сатысы бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір қоғамдық формацияға сай келеді деп есептеді . Ол тілдің ескі сападан жаңа сапаға көшуі кенет қопарылыстар арқылы болады дейтін мүлдем қате көзқараста болды. Н.Я.Марр лингвистикалық заңдарды социологиялық заңдармен ауыстырған болатын. Өз сөзімен айтқанда , ол “ семантикада ғана емес , морфологияда да салмақты тілдік құбылыстардың әлеуметтік –экономикалық факторларға байланысты екендігіне аудара отырып, тіл дамуының ішкі заңдарының маңызын төмендетуді” көздеді. Тілдің даму қарқыны туралы мәселе де маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Бұл мәселе жайында Н.Я.Марр тілдің сатылық даму теориясын ұсынып , тілдің ескі сападан жаңа сапаға көшуі кенет жарылу жолымен болады деп есептеді. Бұл теорияның қате екендігі тіл білімі жайындағы 1950 жылғы дискуссияда көрсетіліп , тілдің дамуы бар тілді жойып , жаңа тіл жасау жолымен емес, бар тілдің негізгі элементтерін өрістету , жетілдіру жолымен болатындығы, ал тілдің бір сападан екінші сапаға көшуі жарылу жолымен де , бірденг ескіні жойып, жаңаны орнату жолымен де емес, тілдің жаңа сапасы мен құрылымының элементтерін бірте-бірте қорландыру жолымен болатындығы айтылып , бүтіндей тілдің эволюция жолымен дамитындығы дәлелденді. Алайда , тілдің даму қарқыны оның барлық дәуірлерінде бірдей болмауы мүмкін. Жүздеген жылдар бойында елеулі өзгерістерге ұшырамаған тіл белгілі бір дәуірде айтарлықтай өзгерістерге ұшырауы мүмкін.
Н.Я.Маррдың қателігі тілдің ескі сападан жаңа сапаға көшуі кенет жарылу жолмен болады деп есептегені.Себебі бұл ешқандайда кенет жарылу жолы емес.Жылдар бойы жиналып өзгерілетін тілдің жаңа сапасы.Тіл бірден өзгерілмейді.Көптеген уақытты талап етеді.Немесе әр түрлі халықтар бір-бірімен қарым-қатынаста өмір сүреді. Халықтардың арасындағы қарым-қатынас түрлі-түрлі салада – экономикада, сауда, мәдениет т.б салаларда- болуы мүмкін . Халықтардың өз ара бір-бірімен қарым-қатынас жасауының барысында олардың тілдеріде бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, бір тілден екінші тілге , екінші тілден үшінші тілге тілдік элементтер де ауысады. Тілдердің бір-біріне қарым-қатынасы тоғысу түрінде де , тілдердің бір-біріне әсер етіп, тілдік элементтердің бірінен екіншісіне жай ғана ауысу түрінде де болуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет