Натрий сульфиді мен алюминий хлориді; калий карбонаты мен темір (III) нитратын; натрий карбонаты мен алюминий хлоридін араластырғанда не байқалады?
Келесі заттардың (сулы ертінділері) арасындағы иондық реакция теңдеулерін құрыңыз: барий хлориді мен натрий сульфаты; калий гидроксиді мен күкірт қышқылы; натрий хлориді мен калий нитраты; мыс сульфаты мен натрий гидроксиді.
БӨЖ №14 Осмос қысымы, Вант-Гофф заңы бойынша есептер шығару 25 кезінде 100 г суда еріген 0,312 г мочевинаның осмос қысымын есептеңіз.
27 кезінде 1л судағы 0,3 моль глюкозаныңосмос қысымын есептеңіз.
27 кезінде 1л бензолдағы 0,3 моль мочевинаның ертіндісінің осмос қысымы неге тең?
Егер 68,4 г қант 100 г суда ерісе, 20 кезінде оның осмос қысымы неге тең?
68,4 г қант 1000 г суда еріген. Егер эбулиоскопиялық тұрақтысы 0,52 тең болса, бұл ертіндінің қайнау температурасы неге тең болады?
68,4 г қант 1000 г суда еріген. Егер криоскопиялық тұрақтысы 1,86 тең болса, бұл ертіндінің қату температурасы неге тең болады?
Қанттың 10%-дық сулы ертіндісінің қайнау температурасын анықтаңыз, егер судың эбулиоскопиялық тұрақтысы 0,52 болса.
БӨЖ №15 Фарадей заңдары тақырыбы бойынша есептер шығару Тұз қышқылы, мыс купоросы және күкірт қышқылы ертіндісі арқылы 1 А тоқ 1 сағат бойы өткен. Түзілген сутегінің, мыстың және оттегінің мөлшерін есептеңіз.
Мыс купоросының электролизі кезінде 10 сағат ішінде катодта 17,78 г мыс бөлінген. Ертінді арқылы өткен тоқ күшін табыңыз.
Натрий гидроксиді ертіндісі арқылы электролиз жүргізгенде 140 л қ.ж. оттегі бөлінген. Электролиз кезінде ыдыраған заттың массасын анықтаңыз.
Күкірт қышқылы ертіндісінің электролиз кезінде катодта 112 л қ.ж. газ бөлінген. Электролиз кезінде ыдыраған заттың массасын анықтаңыз.
Балқыған криолиттегі алюминий оксиді ертіндісінің электролизі кезінде 100 г алюминий бөлінген. Анодта қандай газ және қанша мөлшерде бөлінген?
78,5 мл 8%-дық (тығыздығы 1,075 г/мл) мыс хлориді ертіндісінің электролизі аяқталғанда катодта бөлінген мыстың массасы қанша?