Бөж 3 Тәрбие тұжырымдамасының тұлға тәрбиесіндегі маңызы



Дата07.04.2023
өлшемі102,02 Kb.
#80154

Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті



Бөж 3
Тәрбие тұжырымдамасының тұлға тәрбиесіндегі маңызы


Орындаған:Мұсағалиева Аруна
Жоспар:
1.Тәрбие туралы ұғым
2.Тәрбие тұжырымдамалық негіздері
3.Жеке тұлғаның қалыптасуындағы тәрбиенің рөлі
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. 
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді. 


  • Тәрбие мақсаты -ол педагогикалық процесс пен қоғамның қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты келеді. Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан басталса, ал оқушылар оқу іс-әрекетінің мақсатын нақты ұғына отырып, тапсырманы орындауын бастайды. 


  • Тәрбие мақсаты -бұл қоғамның бетбұрысына, қандай мұраттарына қол жеткізуіне бағытталған.


  • Тәрбие мақсаты -педагогиканың ең маңызды мәселесі.


Тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі- дүниетаным. Дүниетаным - адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу. 


Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстракттілі, ой операциялары талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру
Тәрбие адамдарға тән әлеуметтік категорияға жатады және тұлғаны дамытуда шешуші рөл атқарады. Тұлғаны қалыптастырудың тиімді жолдары баланы белсенді түрде демеп отырған жағдайда ғана сәтті болады. Баланың жеке басындағы әлеуметтік-психологиялық өзгерістер оның өзінің белсенділігін арттыру жолымен іске асырылады. Кез келген тәрбиелік міндет белсенділікті арттыру арқылы шешіледі. Мәселен, дененің дамуы дене шынықтыру жаттығулары арқылы, ал адамгершілік тәрбиесі адамгершілік тәрбиеге тұрақты түрде бағыттау арқылы іске асырылады. Тәрбие ісі екі жақты байланыс арқылы жүзеге асады.
Тәрбиенің екі жақты байланысы. Тәрбие жүйесіне оқушы мен оқытушың қатынасы екі жақты байланыс арқылы іске асырылады. Біріншіден, тәрбиешіден тәрбиеленушіге дейін тікелей байланыс арқылы іске асырылатын, міндетті саналатын іс-әрекет. Екінші, тәрбиеленушінің жауабы, іс-әрекеті арқылы тәрбиеші-ұстазға келіп жететін ақпараттар, білім, білік үлгілері. Мұны кері байланыс деп атайды. Тәрбиеші-ұстаздың қолында кері байланыс арқылы жинақталған хабарлар неғүрлым көп болса, тәрбиелік ықпалдың солғұрлым мақсаттылықпен іске асырылғанына айғақ болады. Сондықтан, оқу-тәрбие жүйесіндегі мұғалім мен оқушының қарым-қатынастық іс-әрекеті мұғалімнің шебер ұйымдастыра білуін қажет етеді. Тәрбие жүйесіндегі істің нәтижесі — оқушының сабақ үстіндегі белсенділігі мен оның мінез-құлық, іс-әрекетіндегі көрінісінен байқалады.

Тәрбие – қоғамның негізі қызметтерінің бірі. Жеке адамды, мақсатты қалыптасыру процессі, аға ұрпақтың тәжірбиесін кейіңгі ұрпаққа меңгертіп, оларыдң сана – сезімін, жағымды мінез – құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық тарихи өмірде жинақталған тәжірбиені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.


Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті,іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндірші күш – жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамадағы адамдардың өмір сүруі тәртібін меңгереді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың «22» сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген нормативтік- құқықтық құжат.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау. 
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің міндеттері: білім беру ұйымдары, отбасы және басқа әлеуметтік институттардың күшін біріктіру; – қоғамның тәрбиенің басым рөлін түсінуіне көмектесу; – білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәрбиенің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету.
Тәрбиенің тұжырымдалық негіздерінің әр тұлғаның дамуындағы мағызды рөл атқарады. Себебі, тәрбие адам бойындағы жақсы мінез қалыптастырушы.Адам дүниеге келгеннен бастап ата-анасының қамқорлығында болады яғни ата-ананың тәрбиесінде өседі.Адам өз бойына ата-анасы берген тәрбиені сіңіріп өсуі керек. Тәрбие ол адамның болашақ өміріне тікелей байланысты.Қазақ халқы жастарды тәрбиелеуде тәрбиеге аса мән берген.Қазақ халқы жастарды тек екі сөзбен тәрбиелеп отырған.Олар ұят болады,обал болады.Негізінен қарап отырсақ екі-ақ ауыз сөз бірақ бұл сөзде қаншама мағына жатыр.Адам жақсы мінез қалыптастыру арқылы,Абай айтпақшы бұл өмірдің бір кірпіші болып қаланады.Бұрынғы ата-бабаларымыз тәрбие-тал бесіктен деген ұғымды айтып кеткен.Яғни тәрбиеге біз адамның туылған кезінен бастау керек.Ал туылған кезінен бастап жақсы мінез қалыптастыра алған адам болашақта кез-келген жетістікке жете алады.Кішкентай бала мектеп өабырғасын аттағанша ата-анасының қарқорлығында,қарауында болады.Мектеп қабырғасын аттаған соң баланың тәрбиесіне оның ұстаздарының да ықпалы болады.Көптеген ұстаздар балаларға білімнен бұрын тәртіп керектігін түсіндіреді. Ал, бұл нормативтік-құжат әркімнің өз құқығын білуге мүмкіндік береді.
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.
• Бірінші бағыт - Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие.
• Екінші бағыт - Рухани-адамгершілік тәрбие.
• Үшінші бағыт - Ұлттық тәрбие. 
• Төртінші бағыт - Отбасы тәрбиесі. 
• Бесінші бағыт -Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие. 
• Алтыншы бағыт -Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие. 
• Жетінші бағыт -Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі. 
• Сегізінші бағыт -Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыруда күтілетін нәтижелер
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері: 
• Қазақстанда жеке тұлға іс-әрекетінің дұрыс уәждемелік-құндылықтық аясын; білім алушы жастарда қазақстандық патриотизм, азаматтық өзіндік сана, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, толеранттылық және рухани-адамгершілік қасиеттер қалыптастырудың артып отырған деңгейін; 
• жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арқылы мәдениет негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті; тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді; 
• бала тәрбиесінде ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыруды, жастарды салауатты отбасын құруға дайындауды; 
• білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамытуды; 
• тұлғаның дамыған экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын; 
• табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын; экологиялық сауаттылығы мен мәдениетінің жоғары деңгейін; 
• табысты әлеуметтенуді, өздігімен білім алуды және өзін-өзі жүзеге асыруды, өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тәрбиелеуін нығайтуға отбасы институтының саналы түрде қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.

Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мектептің, отбасының және ортаның тәрбиелік ықпалын ұштастыруда педагогикалық ынтымақтастық қажет. Әр жеке тұлға өзін өмірде сирек кездесетін тұтас бір ерекше жан (феномен) түрінде сезінеді. Бұл заңдылық мектеп мұғалімдерінің, отбасының және қоғамның педагогикалық күш-жігерінің бірлігі мен келісушілігін жүзеге асыруды күні бұрын белгілейді.


Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастармен анықталады. Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек қатынасы жағдайында қалыптасады. Нарықтық қарым-қатынас ата-аналардың отбасындаш бала тәрбиесіне деген жауапкершілік сезімін біртабан бәсеңсіткені байқалады. Соңғы кездері мектеп пен ата-аналардың байланысы да құрт төмендеп кетті. Оқушылармен тұрғын ауданда немесе мектептен тыс жерлерде, сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмысы түрлерінің төмендеуі байқалып отыр. Сонымен бірге, соңғы кезде отбасындағы тәрбиеге көмек ретінде елімізде демеушілер пайда болып, қайырымдылық қорлары ашылып, жетім балаларды әлеуметтік қорғау бөлімдері мен қамқорлық көрсету кеңестерінің жұмысы дамытыла бастады.
Тәрбиелік үрдістің күрделілігі, оның төтенше және дер кезівде түзету ендіруді қажетсінетін көшедегі теріс ықпалдардың етек алуы, нашақорлық, темекіге, ішімдікке, саудаға үйірлік, оқушы жастардың әдепсіздік, дөрекілік іс-әрекетгермен жиі айналысуына, бұзықтық жолға түсуіне мүмкіндік туғызып отырғанын да жасыруға болмайды. Олай болса, мектеп қоғамдық заң орындарымен, өкімшілік, үй басқармаларымен, баспасөз мекемелерімен бірлесе отырып, пәрменді тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолын қарастыруы қажет. Бұл жағдай тұлғаны тұтастай қалыптастыру идеясына бағындырылған тәрбие үрдісінің мақсатын, міндетін, мазмұнын, түрі мен әдісін бірлікте қарастырудың қажеттігін туғызды. Тәрбие жұмысы әр жеке тұлғаның қабілеті мен ынта-ықыласын ескере отырып, мектепте, тұрғын ауданда ұйымдасқан түрде жүргізілуі керек. Тәрбие жұмысының мазмұны мен мәні, жүргізу әдіс-тәсілдерін (оны бүгінде тәрбиенің технологиясы деп жүр. — С.Қ.) жан-жақты теориялық және практикалық тұрғыда қарастырған Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың Білім академиясының Тәрбие теориясы, этнопедагогика және жас ерекшелік психологиясы лабораториясының қызметкерлері жасаған “Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі” атты ғылыми көмекші құралды баспа арқылы шығардық. Онда тұлғаның сапалық қасиеттерін кешеңді түрде қалыптастыру және оған педагогикалық ықпал етудің жолдары сөз болған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет