Бөж орындаған: Мырзатай Арслан Қабылдаған: Құлахметов Болат Тақырыбы



бет2/10
Дата17.10.2023
өлшемі53,26 Kb.
#117187
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1.1 Бөлінгенге дейінгі тарихы
Корея тарихы б.з.д. 2333 жылы Чосон мемлекетінің құрылуынан бастау алады. Корей аңыздарына сəйкес Кочосон мемлекетінің негізін Тангун қалаған. Аңыз бойынша Маньчжурияның Ляолин аймағы мен Корей түбегінің солтүстік-батыс өңірінде көптеген тайпалар пайда болды. Тангун осындай тайпалардың бірінің басшысы болған және корей ұлтының негізін қалаған. Тангун көптеген кіші тайпаларды біріктіріп, Кочосон мемлекетінің негізін қалаған болатын. Кочосон елін б. з. д. 108 жылы қытайдың әйгілі Хань мемлекеті басып алып, елде 4 әкімшілік округ құрады.
Ертедегі үш патшалық және Кая
Қала негізіндегі мемлекеттер кейіндері тайпалық бірлестіктерге қосылып, күрделі саяси жүйе қалыптастыра бастады. Мұндай бірлестіктердің қосылуы – патшалықтардың пайда болуына себепші болды. Сондай алғашқы патшалық б. з. д. 37 – б. з. 668 жылдар аралығында өмірген сүрген Когурё мемлекеті. Мемлекет негізін Хань патшалығына қарсы шыққан Кореяның әйгілі қолбасшысы Тоңмёңсоң уаң (Жумоң уаң) қалаған. Жумоң уаң бүкіл корей халқын қытай басқыншылығынан азат етіп, бүкіл Корей түбегінің солтүстігін бір мемлекетке бағындырды.
Б. з. д. 18 – б. з. 660 жылдары өмір сүрген Пэкче мемлекеті де ертедегі үш патшалықтың бірі. Бұл патшалықтың негізін Тоңмёңсоң уаңның кенже ұлы Онджо уаң қалаған. Аталған патшалық Хангаң өзенінің төменгі сағасында, қазіргі Сеул қаласы орналасқан жердегі қаланың негізінде пайда болған.
Силла патшалығы (б. з. д. 57 – 935 жыл) Корей түбегінің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Бұл мемлекет сол кездегі үш патшалықтың ішіндегі ең әлсіз, әрі артта қалған болатын. Алайда Силла Қытайдан айтарлықтай шалғай орналасқандықтан мұнда Қытайдың ықпалы әлсіз болды.
Кая конфедерациясы Нактонган өзенінің сағасында мекендеген бірнеше солтүстік тайпалардың бірлестігі ретінде қалыптасты.
Біріккен Силла мен Пархэ
VI ғасырдың ортасында Силла мемлекеті Кая конфедерациясының құрамына кірген барлық қалаларды өзіне қосып алды. 668 жылы Силла патшалығы Қытайдың Тан әулетімен одақтастық туралы келісімге келіп, Корей түбегін толықтай өз бақылауына алды.
676 жылы Силла Тан әулетінің Когурё мен Пэкче патшалықтарын жаулап алу жоспарына тойтарыс берді. Бұдан кейін Пэкче патшалығынан шыққан тайпалар Пархэ мемлекетін құрды.
Корё
935 жылы ішкі талас-тартыстың нәтижесінде Силла мемлекеті ыдырап, Корей түбегінде жаңа Корё мемлекеті пайда болды. Бұл мемлекеттің алғашқы билеушісі Уаң әулетінің негізін салушы Уаң Гон (Тхэджон). Уаң әулетінің тұсында Корей түбегі алғаш рет бір мемлекеттің құрамына бірікті.
Чосон
Чосон— 1392 жылдан 1897 жыл аралығында Корей түбегінде өмір сүрген мемлекет. Бұл кезеңде елді Ли әулеті басқарған. Мемлекеттің ресми атауы — Ұлы Чосон Мемлекеті 1897 және 1910 жылдар аралығындағы атауы — Корей империясы.
Жапон басқыншылығы
XIX ғасырда Корея Батыстың дипломатиялық қатынас орнату талпынысына қарсылық көрсетіп келді. Осы кезде Азия мен Еуропа елдері Корей түбегіне билік жүргізу мүмкіндігіне ие болу үшін өзара бақталастық үстінде еді.
1910 жылы Қытай мен Ресейге қарсы соғыста жеңіске жеткен Жапония Кореяны жаулап алып, отаршылдық билік орнатты. Отаршыл үкімет Корея территориясында генерал-губернаторлық құрды.
1919 жылдың 1 наурыз күні елдің барлық өңірлерінде бейбіт шеру орын алды. Көтерісшілер үкіметтен елдің тәуелсіздігін талап етті, тарихта бұл оқиға «бірінші наурыз қозғалысы» немесе Самиль деген атаумен қалды. Жапон үкіметі аталған шеруді күшпен басты. Бұл оқиғадан кейін 1919 жылдың 13 сәуірінде Шанхайда корей ұлтшылдары Корея Республикасының Уақытша Үкіметін құрады. Қазіргі таңда Корея Республикасы 1 наурызда «Тәуелсіздік күнін» тойлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет