Бөж орындаған: Мырзатай Арслан Қабылдаған: Құлахметов Болат Тақырыбы



бет4/10
Дата17.10.2023
өлшемі53,26 Kb.
#117187
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1.4 Діні
Оңтүстік Кореяның негізгі діндері — дәстүрлі буддизм және жақында ғана елге енген христиан діні. Алайда 500 жыл бойы Чосон әулетінің ресми идеологиясы болып есептелген конфуциандық ілімі мен корей халқының негізгі діні болған шаманизм аталған екі ағымға да өз әсерін тигізді.
Оңтүстік Корея үкіметінің 2003 жылы жиналған статистикалық мәліметтеріне сәйкес халықтың 46% ешбір дінді ұстанбайды. Христиандықтардың үлесі 29,3% құрайды (18,3% — протестанттар, 10,9% — католиктер), ал буддизм дінін ұстанушылардың үлесі — 22,8% құрап отыр.
Елдегі өзге дін өкілдерінің үлесі 2,5% құрайды. Олар негізінен даосизм, конфуциандық және христиандық сияқты діндердің кейбір элементтерінен құралған Вонбульгё, Чхондогё сиықты мектептердің шәкірттері.
Сонымен қатар Оңтүстік Кореяда 150 мыңнан астам ислам дінінің өкілдері бар (0,1%), олардың ішінде 40 мыңы корейлер. Ислам дінінің Корея елінде пайда болуы – 1950 – 1953 жылдары орын алған Корей соғысына Біріккен Ұлттар Ұйымының атынан келген түрік әскерлерінің арасында болған Әбдіррахман, Әбділғафур Қараысмайылоғлы, Зүбайра Кош есімді имамдардың келуімен байланыстырылады. Сол кездері түрік әскерлеріне арнайы тұрғызылған уақытша шатырлы мешіттер корейлерге ислам діні жайлы ақпарат тарататын орынға айналды.
Соғыс аяқталғаннан кейін Кореяда шағын болса да белсенді умма қалыптасып, 1955 жылы ислам дінін халық арасына таратумен айналысатын Корей ислам қоғамы құрылды. Корей ислам қоғамының ұйымдастыруымен алғашқы Корейлік имам тағайындалды. Ал 1967 жылы елдегі 60-қа жуық мешітті басқаратын Корей мұсылман федерациясы құрылды. 1976 жылы Сеул қаласында ағылшын, корей және араб тілдерінде білім беретін медресесі бар Сеул Орталық мешіті ашылды.
1.5 Қазақстанмен қатынасы
Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылдың 28 қаңтарында орнаған. Сол жылы Оңтүстік Корея Алматы қаласында өзінің елшілігін ашты, ал 1996 жылы Қазақстан өз елшілігін Сеул қаласында ашты. Содан бері екі елдің арасындағы қарым-қатынас барлық салаларда қарқынды дамып келеді. Қазақстан Республикасының бұрыңғы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1995 және 2003 жылы екі мәрте ресми іс-сапармен Корея елінде болып қайтты. Оңтүстік Корея президенті Но Му Хён 2004 жылы және 2009 жылы Ли Мён Бак ресми іс-сапармен Қазақстанда болды. 2008 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты сауда айналымы 750 млн АҚШ долларын құрады, ал 1993 және 2008 жылдар аралығында, яғни 15 жылдың ішінде Кореядан Қазақстанға салынған тікелей инвестиция көлемі 3 млрд. долларды құрады. Қазақстанда 300-ге жуық бірлескен қазақ-корей кәсіпорындары жұмыс істейді.
Корея Республикасының экс-президенті Пак Кын Хе 2014 жылдың 19 маусымында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Кездесу барысында екі ел арасындағы визасыз режим орнату жөнінде және басқа да бірнеше келісімге қол қойылды.
2019 жылдың 21 сәуірі Оңтүстік Корея президенті Мұн Же Ен Қазақстанға мемлекеттік сапар жасап келді. Сапар аясында сауда-экономикалық қарым-қатынастарға қатысты екі жақты серіктестік мәселелері талқыланып, Корей түбегіндегі мәселе көтеріліп, бірнеше маңызды құжатқа қол қойылды. Солардың бірі — Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастықтың жаңартылған «Самал жел» бағдарламасы. Бағдарламаға сәйкес қос ел арасында жаңа технологиялар, инфрақұрылым, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында ынтымақтастық орнатылады.
Қазақстанда 2011 жыл – Оңтүстік Корея жылы болып жарияланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет