1.2 Бөлінгеннен кейінгі тарих Оңтүстік Корея тарихы 1945 жылдың жазында түбектегі билікті бөлісу жөнендегі Кеңес Одағы мен АҚШ арасындағы келісім-шарттың қабылдану сәтінен бастау алады. Келісім-шартта Корея түбегінен өтетін 38 параллельдің оңтүстік бөлігі АҚШ-тың құзыретіне, ал солтүстік бөлігі КСРО құзыретіне өтетіндігі жазылған
Корея Республикасының Конституциясы бойынша жапон басқыншылығы кезінде қудаланған Корея Республикасының Уақытша Үкіметі 1919 - 1948 жылдар аралығында мемлекетте билік құрған заңды үкімет болып табылады. Ел тарихында демократиялық және авторитарлы басқару кезеңдері алмасып отырды. 1948 жылы Ли Сың Ман Оңтүстік Кореяның бірінші Республикасын, яғни алғашқы тәуелсіз үкіметін құрады. Алғашқыда демократиялы ел болған Бірінші Республика 1960 жылдарға дейін автократты басқару жүйесін ұстанды. Қазіргі кезде мемлекет басында Алтыншы Республика билік етуде.
Оңтүстік Корея үкіметі тәуелсіз мемлекет болып құрылған сәттен бастап білім беру жүйесін, экономикасы мен мәдениетін дамытуда үлкен істер атқарды. 1960 жылдары аграрлы саясат ұстанған, кедей мемлекет қазіргі таңда дамыған өнеркәсіптік мемлекетке айналды. Экономикада бұл ғажайыпты «Хангаң өзені бойындағы ғажайып» деген атауға ие.
1.3 Конституция және Президенті Корея Республикасының тұңғыш Конституциясы 1948 жылдың 17 шілдесінде қабылданған. Осы күнге дейін көптеген саяси дүрбелеңдер мен төңкерістер салдарынан Конституцияға тоғыз рет өзгерту енгізілген. Ең соңғы өзгерту 1987 жылы 29 қазан күні жасалды.
Конституция Преамбуладан, 130 бап пен 6 толықтырудан тұрады. Құрылымы 10 тарауға бөлінген:
I тарау: Жалпы бөлім;
II тарау: Азаматтардың құқықтары мен міндеттері;
III тарау: Ұлттық жиналыс;
IV тарау: Атқарушы билік;
V тарау: Соттар;
VI тарау: Конституциялық сот;
VII тарау: Сайлау жүйесі;
VIII тарау: Жергілікті өзін-өзі басқару;
XIXтарау: Экономика;
X тарау: Конституцияға толықтырулар мен өзгерістер;
Президент Корея Республикасының мемлекет басшысы – президент болып табылады. 2017 жылдың 10 мамыры заңгер, саясаткер және мемлекеттік қайраткер — Мун Джэ Ин Корея Республикасының 12-президенті болып сайланды.