Бөж орындаған: Мырзатай Арслан Қабылдаған: Құлахметов Болат Тақырыбы



бет5/10
Дата17.10.2023
өлшемі53,26 Kb.
#117187
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Арслан Педагогика

1.6 Экономикасы
Оңтүстік Кореяның аралас экономикасы әлемде жалпы ішкі өнімнің номиналдық құны бойынша 11-ші орында, ал аларман қабілет тепетендігі бойынша 13-ші орынды алып отыр. Оңтүстік Кореядағы жан басына шаққандағы АҚТ бойынша жалпы ішкі өнім 100 АҚШ долларынан (1963 жылы) 35 000 АҚШ долларына дейін жетті (2014 жылы). Бұл көрсеткіштер Оңтүстік Кореяны G20 ұйымындағы ірі экономикалы елдер қатарына қосады.
Оңтүстік Корея жан басына шаққанда жоғары табысты экономикасы бар дамыған ел және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің арасындағы ең индустриалды дамыған ел.
Артықшылықтары: әлемдегі ең ірі кеме өндіруші ел (нарықтағы үлесі – 45%), Қытай Халық Республикасында корей тауарларына деген, әсіресе автокөліктерге сұраныс өте жоғары.
Әлсіз жақтары: сыртқы қарыздар және халықаралық капитал қозғалысына сезімталдылық, мемлекеттік сектор экономиканы ауырлатуда.
1940 жылдары мемлекет экономикасы ауыл шаруашылығын және жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бағытталған болса, соңғы бірнеше оңжылдықта мемлекет жеңіл өнеркәсіп пен халық тұтынатын тауарлар өндірісіне көшті. Ал XX ғасырдың 70-ші және 80-ші жылдардан бастап ауыр өнеркәсіпті дамытуды. Ел президенті Пак Чоң Хи 1962 жылы бірінші бесжылдықтың басталатындығын жариялағаннан бастап 30 жыл ішінде ел экономикасы қарқынды өсіп, экономика құрылымы үлкен өзгеріске ұшырады. 1960 — 1990 жылдардағы жоғары көрсеткіштер Корея Республикасын Сингапур, Гонконг және Тайвань сияқты «Азия жолбарыстарының» қатарына қосты.
1.7 Мәдениеті
Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея мәдениеттері дәстүрлі Корея мәдениетінен бастау алады, алайда 1945 жылы бөліну нәтижесінде түбекте қос мемлекет құрылғаннан кейін екі елдің мәдениеті әр түрлі даму толқынына түсті. Корея мәдениетінің дамуына Қытай мемлекетінің зор ықпалы тиген, дегенмен Корея мәдениеті бірегей құндылықтарымен ерекшеленеді.
Қарқынды индустрияландыру мен урбандалу үдерістерінің нәтижесінде Оңтүстік Корея халқының өмір сүру салты өзгеріске ұшырады. Бұл халықтың ірі қалаларға, әсіресе Сеул қаласына қоныстануына, ал ірі қалалардан тыс елді-мекендердің керісінше депопуляциялануына соқтырды. Euromonitor International компаниясының зерттеулерінің нәтижесінде Оңтүстік Кореяда бір апта ішінде ішілетін алкоголь мөлшері – әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда жоғары екендігі анықталған. Есептеулер бойынша Оңтүстік Корея халқы аптасына орта есеппен 13,7 рөмке ішімдік ішеді екен. Бұл көрсеткіш Оңтүстік Кореялықтардың Ресейліктерден екі есе көп, ал америкалықтардан төрт есе көп ішімдік ішетіндігін көрсетеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет