Іріңді перитониттің ауыр дәрежесінде өлім қаупі 25-30% құрайды, ал көп мүшелік жетіспеушілікте 80-90%
Перитонитте операция бірінші сағатта жасалса жазылу көрсеткіші 90%,бірінші күні-50%, 3 күннен кейін-10%
Қорытынды
Перитонит кезіндегі болжам негізгі ауруға байланысты болып келеді және де микрофлораның вируленттілігіне, операциялық араласудың уақытылы жүргізілуіне, өткізілген емнің дұрыстығына, ағзаның компенсаторлық мүмкіндіктеріне тікелей байланысты болып келеді. Бұл патологиялық жағдайды емдеудің сәттілігі көбінесе хирургиялық араласу уақытына және операциядан кейінгі емдеу көлемінің толықтығына байланысты. Экстенсивті перитонит кезіндегі өлім өте жоғары - әрбір екінші науқас қайтыс болады,ал өлім ауыр іріңді интоксикациядан және барлық органдардың істен шығуынан болады.
Перитониттің негізгі бөлігі қайталама болғандықтан, олардың алдын алу негізгі патологияны – асқазан жарасы, аппендицит, холецистит, панкреатит және т.б. дереу диагностикалауды және емдеуді талап етеді. Операциядан кейінгі перитониттің алдын алу үшін адекватты қан тоқтауды, перитонияның санитариясын, анастомоздардың өміршеңдігін бағалау қажет.