Перитониттің клиникалық көріністері көптүрлі варианттармен білінеді. Өйткені олар аурудың басталу мерзімінен, даму сатысынан, оның іш қуысында таралып, жәйілу көлемінен, микрофлораның вируленттігінен, пациенттің жалпы жағдайынан т.б. себептерден тәуелді болады. Сондықтан перитонит анықтау барысында ауру адамдардың анамнездерімен мұқият танысып, онда перитонит тудыратын жедел аурулар белгілерінің бар-жоғын анықтап, білуге көп көңіл бөлген жөн.
қан құрамында өзгерістердің пайда болып , ақ қан түйіршіктерінің мөлшері көбейіп, лейкоциттер саны 12-15,9/л дейін жетіп, эритроцит шөгу жылдамдығы көрсеткіштерінің көтерілуі.
Аурудың реактивті сатысында (24 сағ. дейін), әсіресе оның алғашқы кезеңінде, пациенттер күші өте жоғары дәрежелі (интенсивті) ауру сезіміне шағымданады. Аталмыш сезімнің ауру адамның сәл қозғалуынан, жөтелуінен немесе терең тіпті тыныс алуда күшейе түсуі анықталады. Перитонит тудыратын патологиялық ошақ іш қуысының жоғарғы қабатында орналасса ауру сезімінің арқа, жауырын асты, иық аймақтарьша таралуы (иррадиация) байқалады, ал енді ошақ кіші жамбас қуысында болған жағдайда, ауру сезімі жамбас, сегізкөз, бұтаралық аймақтарға қарай таралуы мүмкін.

Құсу белгісі бұл сатыда тұрақты кездеспейді, ал пайда болғанның өзінде көп қайталанбайды және құсудан соң ауру адамның жалпы жағдайы айтарлықтай жеңілдемейді. Құсу белгісінен бұрын пациенттер жүрек айну, жалпы әлсіздену, дене қызуының жоғарылағанына шағымданады.