Әлеуметтік кұзыреттілік - бұл өзгелерді түсіну, басқа адамдардың ойларымен және сезімдерін түсінуге қабілетті болу. Әлеуметтік сана – айналадағы адамдардың қажеттіліктерін анықтау және қанағаттандыру мүмкіндігін білдіреді.
Қатынастарды басқару. Басқалармен жақсы, үйлесімді қатынастарды дамыту әрі сақтау, оларды шабыттандырып, қолдау көрсегу, жанжалды басқара білу. Басқа адамдармен байланыс орнатуға және өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, эмодиялық интеллект - бұл өзінің және өзгелердің эмоцияларын түсіну, өзінің және өзге адамдардың эмоцияларын басқара білу қабілеті білімдерді белгілі бір мәселелердің туындау себебін анықтауда тиімді қолдану және оларды шешу. Адамның өмірдің қай саласында болмасын жетістіктерге кенелуі тек оның өмір тәжірибесіне, біліміне, дағды, қабілеттеріне ғана емес, сонымен қатар эмоциялық интеллект сапасына да байланысты деп тұжырымдаймыз.
Қолданылған әдебиеттер мен ресурстар: Бердібаева С.К. Тұлға психологиясы. – Алматы
Намазбаева Ж.И. Жалпы психологиясы. – Алматы
Жарықбаева Қ.Б., Сангилбаев О.С. Жантану втауларының сөздігі. – Алматы
Андреева И. Н. Эмоциональный интеллект: исследование феномена // Вопросы психологии 2006.
Гоулман Д. Эмоциональный интеллект. – М.: АСТ: АСТ Москва: Хранитель, 2008 – 478 с.
Андреева И. Н. Эмоциональный интеллект как феномен современной психологии. — Новополоцк: Полоцкий государственный университет, 2011. — С. 388. — 100 экз.
Алешина А., Шабанов С. Эмоциональный интеллект. Москва, Манн-Иванов-Фербер, 2014