Жоспар 1.Кіріспе
2. Дүниежүзілік сауда ұйымы беретін 10 мүмкіндік
3.Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды мүшесі болды
4. Халықаралық ұйымның Қазақстан экономикасына әсері қандай?
5. Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе Ғаламдық нарықтағы əлемдік сауданың дамуы əлем экономикасының барынша дамуына əсерін тигізбек. Бұл бағыттағы маңызды мəселенің бірі Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру болып табылады. Əлем экономикасындағы тауарлардың басым бөлігіне сыртқы сауда арқылы қол жеткізілетіндіктен, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру — қазіргі таңда əрбір ел үшін тиімді болмақ. Дүниежүзілік сауда ұйым əлемдік сауда қарым-қатынастарының шыңы, халықаралық сауда нарығына енудің бірден-бір жолы болып табылады. Дүниежүзілік сауда ұйымының басты қағидасы — отандық жəне шетелдік тауарлардың бірдей əлемдік сауда нарығында бəсекелестікке түсуі болып отыр. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру біздің елімізге, біріншіден, қазақстандық тауар өндірушілердің əлемдік нарықтағы болашағының өсуіне, екіншіден, Қазақстанның өз тауарлары мен қызметтерін сыртқа экспорттауына мүмкіндік береді. Алайда біздің тауарларымыздың халықаралық стандартқа сəйкес болуы шарт.
Дүниежүзілік сауда ұйымы 1995 жылдың 1 қаңтарында Швейцарияның Женева қаласында Уругвай раунды келіссөздерінің нəтижелері бойынша құрылған болатын. Дүниежүзілік сауда ұйымына 157 ел мүше болса, 30 мемлекет пен 60-тан астам халықтық ұйымдар оның əр түрлі бөлімшелерінің қадағалаушысы мəртебесіне ие. Қазақстанның да Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерісі 1996 жылғы 26 қаңтарда ұйым хатшылығына ресми өтініш беруден басталған болатын. 1996 жылдың ақпанынан бастап, Қазақстан қадағалаушы ел болып келеді.
Дүниежүзілік сауда ұйымы — бұл елдер арасындағы халықаралық сауда қатынастарын халықаралық ережелер көмегімен реттейтін халықаралық экономикалық ұйым. ДСҰ құрылымы жоғарғы орган — министрлік конференция негізінде құрылған. Конференция 2 жылда 1 рет шақырылады.