Шуылдың қатты шығуы науқастың отырып, жатуына байланысты өзгереді: қан ағу жылдамдығы жоғары болса, шуыл жақсы естіледі. Митральді қақпақша жетіспеушілігі кезінде систолалық шуыл науқас көлденең жатқанда қатты естіліп, тік тұрса, сол қарыншадан сол жүрекшеге келетін қан көлемі мен жылдамдығы төмендейді. Систолалық қақпақтық шуылдар науқас көлденең жатса, диастолалық шуыл тік тұрса қатты естіледі. Шуға терең дем алу, қатты күшену тәрізді факторлар әсер етеді.

Жүректе шуылдар бірнеше нүктелерден естілетін жағдайлар да кездеседі, мысалы, жүрек ұшында және екінші қабырға аралық төстің оң қырында систолалық шуыл естіледі.
Бұл жағдайда жүрек ұшынан аортаны тыңдайтын нүктеге қарай ойша сызық жүргізіп, осы сызық бойымен фонендоскопты бірнеше рет жоғары қарай жылжытып жүректі тыңдайды. Жүрек ұшынан шуыл оң екінші қабырғааралыққа қарай жайлап бәсеңдесе, онда тек митральді қақпақша жеткіліксіздігі жайлы ойлау қажет (шуыл аортаға иррадиация береді). Егер шуыл осы бағытта жайлап күшейсе, онда аорта сағасының стенозы болғаны (шуыл жүрек ұшына иррадиация береді). Егер шуыл басында бәсең, сосын белгілі бір жерден бастап күшейсе, онда екі қақпақшаның да ақауы болғаны.

айтылмыш жағдайда жүректің ұшы көкірекке тығыз жанасуына қарамастан бұл дыбыстың өтуін жеңілдетеді. Сол қарыншаның айқын дилатациясынан соң, сол қолтық астына иррадиация беріледі.