Тілдің алфавиті Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер (символдар) жатады.
Тіл ерекшіліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:
атаулар (идентификатор);
цифрлар;
айыру белгілері;
арнайы символдар.
Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады.
Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.
Арифметикалық амал белгілері:
(+) – қосу; (-) –азайту;
(*) – көбейту; (/) – бөлу.
DIV – және (логикалық көбейту) операциясы;
MOD – қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;
Логикалық амал белгілері: AND – және (логикалық көбейту) операциясы; OR – немесе (логикалық қосу) операциясы; NOT – емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы; XOR – арифметикалық немесе амалы; SHL – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін солға ығыстыру; SHR – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін оңға ығыстыру; Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшу) пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады.
Сонымен айыру белгілері: ____ (бос орын); , (үтір); . (нүкте); : (қос нүкте); ; (нүктелі үтір) ; ` (апостроф); (;); [;] ; {;}.
Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), (тең емес), (үлкен), = (үлкен не тең).
Программалау тілдерінде «өрнек», «операторлар», «тіл синтаксисі» мен «семантикасы» ұғымдары кең пайдаланады.
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалар атаулар, функциялар, жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады.
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлем – оператор деп аталады.
Тілі объектілерін, яғни программадағы пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны - программаның сипаттамасы болып табылады.