Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы



жүктеу 0.97 Mb.

бет3/7
Дата22.12.2016
өлшемі0.97 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Біріккен  сөздердің  емлесі  жайлы.  Сөздердің  бірге  не  бөлек  жазылуы  – 

емлеміздегі  шешімін  толық  таппай  келе  жатқан  мәселелерінің  бірі. 

«Орфографиядағы  өзге  қиындық  бір  басқа  да,  құрама  сөздердің  жазылуындағы 

қиындық  бір  басқа  деуге  болады.»  (

 

Н.Уәлиев,....Қазақ  орфографиясындағы 



қиындықтар.  А.,  1988  ж.  55  б.).    «Емле  ережесін  қанша  қамтыдық  десек  те, 

таразының басы қайда ауса, сол ережеге айналып, жазу нормасы болған тұстары 



да жоқ емес.» ( М.Балақаев. Қазақ әдеби тілі мен оның нормалары . 1984 . 157 б.). 

Шындығында да «жазуда қиындық туғызып келе жатқан жай ереженің өзі емес, 

сол    ережеге  бағынатын  біріккен  сөз  категориясын  ажыратуда  болып  келе 

жатыр» (


 

Р.Сыздықова. Емле және тыныс белгілері. А-ты. 1996 ж. 15 б.)

 

Жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  емле  ережелерінің  негізін  қалау  30-жылдар 



үлесіне тиді. Профессор Қ.Жұбанов 1935 жылы жазған бір мақаласында біріккен 

сөздердің жазылуында  қате  көп  кететінін, бұл мәселеде  таластың  көп  екендігін 

сөз еткен болатын ( Х.Жубанов. Исследование по казахскому языку. А-ты. 1996 

г., стр. 165)

 

Аталмыш  проблемаға  байланысты  С.Жиенбаевтың  да  «Тағы  да  біріккен 



сөздер  емлесі  жайлы»  (Халық  мұғалімі.1940  ж.7-8)  атты  мақаласында  біраз 

сындарлы 

пікірлер 

баршылық. 

Тіліміздің 

құрылымдық 

жүйесінде, 

методологиялық  негіздерінде  «аға  тіл»  әсерінің  немесе  өзіміздің  сол  тілге  көп 

әсіреленуіміздің  нәтижесі  жоқ  деп  айта  алмаймыз.  Бұған,  әрине, 

граматикамыздың  орыс  тіл  білімі  негізінде  жасалғандығы,  орыс  тілі 

граматикасының  бірден-бір  баламасыз

 

үлгі  алар  көз  болғандығы  себеп  болса 



керек.  Ал,  тіліміздің  ішкі  заңдылықтарын  туыстас  тілдермен,  тіл  тарихымен 

салыстыра зерттеу – 50-жылдардың жемісі. 

Сөзжасамның өнімді түрлерінің бірі – біріккен сөздердің емлесі мәселесінде 

де  орыс  тілі  емле  ережелерін  таза  калькалаудың  үлгісі  ретінде  30-жылдар 

оқулықтарындағы мына ережені алуға болады: «Екі сөз қосылғанда (біріккенде) 

бір  мағына  беретін  болса,  сондай  сөздер  біріккен  деп  есептелсін  де,  бірге 

жазылсын»

 

 



(Көрсетілген  мақала.1940)

   


С.Жиенбаев

    «


бір  сөзбен  айтуды  бір 

мағына берудің негізгі белгісі етіп қолдану» тілімізге  сай келе бермейтінін, орыс 

тілінде сөздер дәнекер арқылы тұлғасын өзгертіп біріксе, қазақ тіліндегі сөздер 

біріккенде  тұлғалық  не  сапалық  өзгеріске,  негізінен,  түспейтінін  дұрыс 

көрсеткен. Мәселен, орыс тіліндегі сельское хозяйство – сельскохозяйственный, 

красное  знамя  –  краснознаменный,  единая  кровь  –  единокровный,  весь  союз  – 

всесоюзный деп біріккен сөздерге сәйкес ауыл шаруашылығы, қызыл тулы деген 

сөздердің  қосылып  жазылуына  келіспейді.  Дәлел  ретінде  мынау  тектес  сөздер 

тізбегін береді: 

1.

 



Ауыл  шаруашылығы  –  мал  шаруашылығы,  егін  шаруашылығы,  орман 

шаруашылығы, т.т.; 

2.

 

Қызыл тулы – қызыл орамалды, қос орденді, т.т.; 



Ал, бүкіл союздық (бүкілодақтық – Б.Б) деген сөзді бірге жазатын  болсақ, 

бүкіл  қалалық,  жалпы  қалалық  сияқты  бөлек  жазылып  жүрген  сөздерге  де 

осындай  принципті  ұстауды  ұсынады.  Бүкілодақтық,  жалпыхалықтық  тектес 

сөздер  1957  жылғы  ереже  бойынша  бөлек  жазылып  келсе,  соңғы  ережелерде 

бірге жазылуы дәстүрге айналған сөздер ретінде қабылданып отыр. 

Біріккен сөздерге қатысты соңғы сөздікте де емле ержесіне қайшы келетін 

даулы жерлер жоқ емес. Бұнда бозторғай, қараторғай бірге, ал осы сияқты суық 


торғай, қара қарға, ала қарға деген сөздер бөлек жазылған. С.Жиенбаев осындай 

олқылықтарды жою үшін бұл сөздерді бөлек жазуды ұсынған. «Себебі – дейді ол 

–  мұндағы  анықтауыш  болатын  сөздер:  боз,  қара,  ала,  суық    -  бәрі  де 

анықтауыштық қызметінен айрылған сөздер емес» (Көрсетілген мақала. 1940 ж.) 

Қазіргі кезеңде бұл сөздерді бірге немесе бөлек жазу жөнінде қарама-қарсы екі 

көзқарас  бар.  Біріншісі  –  бозторғай,  қараторғай,  т.б.  сөздерді  қосып  жазайық, 

оның  себебі,  біріккеннен  соң  олар  (біріккен  компоненттер)  бастапқы 

синтаксистік  қатынасын  жойып,  жаңа  лексикалық  мағынаға  ие  болады,  яғни 

бұрынғы  мағыналық  дербестігін,  лексика-грамматикалық  мағыналарын, 

бұрынғы синтаксистік қатынасын да, байланысын да жояды, жаңа сапалы сөзге 

айналады дейді (Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесі. А., 1983 ж. 206-207 б.).  

Сонымен  қатар,  бұл  жаңа  сөздердің  көпшілігі  бастапқы  ұғым-қатынастарын 

мүлде  жойып  жібермейді,  әр  қайсысының  бастапқы  мағыналарын  (жігін 

ажыратқанда)  айқын  ұғуға  болады,  біріккен  құрамда  ол  мағыналары,  әсіресе, 

грамматикалық  мағыналары  күңгірттенеді  де,  жаңа  ұғым,  жаңа  мағына  пайда 

болады  деген  дүдәмалдау  қорытынды  жасап,  сол  ыңғайда  біріккен  сөздерді  – 

семантикалық  байланысын  үзбей  жасалған  біріккен  сөздер  (баспасөз,  келіссөз, 

бозторғай,  қараторғай  ,  т.т.),  мағыналық  байланысы  күңгірттенген,  немесе 

мүлдем  жойылған  біріккен  сөздер  (бізтұмсық,  қырықаяқ,  т.т.)  деп  екіге  бөледі 

(Көрсетілген  еңбек.  210  б.).  Бұрынғы  дау  тудыратын  сөздер    -  бірінші 

тобындағылар.  Бұларға  қарсы  пікірді  қолдаушылар  құрамындағы  әр  сөздің 

лексикалық  мағыналары,  тіпті,  лексика-грамматикалық  мағыналары  да  айқын 

дейді.  Ұстанатын  дәлелдері  де  С.Жиенбаев  пікірлерімен  үндес.  Бұл  жерде  осы 

екі пікірдің қайсысы дұрыс деп төрелік беру емес, солардың жазу тәжірибемізде 

қалай  қалыптасқанының,  әлі  де  болса,  объективті,  субъективті  себептерін 

зерттеу керек сияқты. 

Жоғарыда  аталған  мақалада  С.Жиенбавтың  әр,  еш,  бір  түбірлері  арқылы 

жасалатын  біріккен  сөздерге  бюайланысты  көтерген  мәселелері  қазіргі  емле 

ережелерімізде ара жігі ашылып, шешімін тапты. 

Ойын  қорытындылай  келе,  ол  біріккен  сөздерге  мынадай  ережелер 

ұсынады: 

1.

 



Кісі аттары қосылып жазылады. 

2.

 



Ауыл, жер-су аттары қосылып жазылады; 

3.

 



Жеке    айтылмайтын,  тек  қосылып  айтқанда  ғана  мағына беретін  сөздер 

немесе  жеке-жеке  айтқанда  басқа  мағына  беретін  сөздер  қосылып 

жазылады. 

Бұл  ережелердің  алғашқы  екеуі  толықтырылып  бекіді  де,  соңғысы  қазіргі 

құрама сөздер деп аталып жүрген сөздерге ортақ қасиет ретінде қалыптасқан. 

Ақтөбе, Ақтау, Ащысай, Алатау сөздерінің жазылуы мен айтылуы бірдей. Ал 

Сарыөзек, Қандыағаш, Қараөзек сияқты сөздердің  айтылуы мен жазылуындағы 

алшақтықты жою үшін сөздердің тұлғасын өзгертпей біріктіру принципін қайта 



қарауды  ұсынады.  Қараңыз:  «Сөз  бірікпеу  керек.  Біріксе,  оның  жігі  жоғалып, 

онан әрі кіруге жол ашылуы керек.». Соған сәйкес кісі аттарын айтылуына сай 

Амангелді,  Балгүміс,  Меңдіғара,  Ерғазы  деп  кіріктіріп  жазуды  ұсынады. 

Кіріккен  сөз  жөнінде  де  М.  Балақаев:  «...  екі  сөздің  бірігуі  нәтижесінде  іштей 

морфемалық, дыбыстық өзгерістерге ұшырап,  әбден жымдасып, тұтасып кеткен 

күрделі  (біріккен)  сөздің  бір  түрі»  -  дейді.  Сонымен  қатар,  «біріккен  сөздердің 

бірігуі  арқылы  тіпті  дара  тұлғаға  айналуы  тілімізге  тән  құбылыстардың  бірі» 

(М.Балақаев.  Көрсетілген  еңбек).  Олай    болатын  болса,  қатаң  морфологиялық-

таңбалық принцип жоғарыдағы айтылған тілімізге тән біріккен сөздердің кірігу 

процесіне  кедергі  жасап,  емле  ережесіндегі  қиындықтарды  көбейтуге  себепші 

болып отыр деп ойлаймыз. 

Қазіргі  қазақ  тіл  білімінде  еліміздің  тәуелсіздік  алып,  өз  алдына  дербес 

мемлекет  болып  орныға  бастауына  байланысты  жазуды  орхон,  латын 

әліпбилеріне көшіру жөнінде ғалымдар пікірлері өрістеп келеді. Олармен қатар 

жазудың қазіргі кириллица әліпбиі негізінде қала беруін қолдайтын пікірлер де 

жоқ  емес.  30-жылдары  латын  әліпбиі  арқылы  жазылған  әдебиеттерді  оқи 

отырып, осы әліпби негізінде қазақ әліпбиіндегі әріп таңбаларының санын елеулі 

түрде азайтуга болатынын, сонымен қатар осы графиканы қолдану арқылы батыс 

өркениетінің жетістіктеріне  жеңілірек қол жеткізуге болатынына көз жеткізген 

сияқтымыз.  Осы  ыңғайда  30-жылдардағы  емле  ерекшеліктеріне  қайта  үңілудің 

өзектілігі байқалады. 

Ал,  емле  мәселелері  бұл  тақырыпта  қалам  тартып  жүрген  жекелеген 

ғалымдардың ( Р.Сыздықова,  Н.Уәлиев, т.б.) еңбектерінде болмаса, жалпылық, 

бұқаралық сипаттан қалып барады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


                                                       

ПУНКТУАЦИЯ  МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

      Қазақ 



тілінің  пунктуациялық  жүйесі  мен  негіздері  орыс  тілінің 

пунктуациялық  үлгілерін  басшылыққа  алу  арқылы  қалыптасып  келгені  белгілі. 

«Пунктуация» деген терминнің мағынасы кең ауқымды. «Ол – тіл туралы ілімнің 

бір тарауы, тыныс белгілерінің қолданылуы туралы ережелердің жиынтығы және 

де  сол  белгілердің  жүйесі,  олардың  графикалық  бейнеленуі  туралы  ілім  . 

Пунктуация тіл туралы ғылымның бір тарауы ретінде ережелер жүйесін, тыныс 

белгілерінің құрамы мен қызметтерін зерттейді» (В.В. Бабайцева. Русский язык. 

Синтаксис и пунктуация. Стр.253) 

    Тыныс 

белгілерінің 

қолданылуы 

халқымыздың 

тарихының 

ерте 


қойнауларынан орын алады. Мәселен, көне және ескі жазба ескерткіштерінде бір 

сөзді екінші сөзден айыру үшін қызмет атқарған тыныс белгілерінің элементтері 

кездеседі.  Өткен  ғасырдың  аяғынан  бастап  сөйлемдердің  ара  жігін  айыруға 

аракідік сызықша (--), әр түрлі жұлдызшалар (*) сияқты шартты таңбалар қазақ 

баспасөзі беттерінен орын ала бастайды. Тыныс белгілерінің қазақша текстерден 

орын  ала  бастауын    ХIX  ғасырдың  орыс  миссионерлерінің  еңбектерінен 

кездестіруге болады. А.Қазембектің «Түрік–татар тілі грамматикасында » бірді–

екілі  сызықша,  жұлдызшалар  кездессе,  В.Радловтың  «Образцы  народной 

литературы  тюрских  наречий»  атты  еңбегінде  тыныс  белгілерінің  бірқатар 

түрлері  кездеседі  (үтір,  нүкте,  тырнақша,  сұрау  белгісі,  қос  нүкте,  сызықша). 

Бірақ, 

П.М.Мелиоранский, 



В.Катаринский 

еңбектерінде 

(В. 

Катеринский.Мелиоранский    Грамматика  киргизского  языка.  1897  г.  Краткая 



грамматика казах –киргизского языка, 1897.) 

тыныс  белгілері  қолданылғанымен,  пунктуациялық  жүйе  сақталынбаған. 

1915жылы шыққан «Жазу қағидалары» деген кітапшада тыныс белгілерінің жеті 

түрі  аталып  көрсетілген.  Бұларда  да  пунктуациялық  жүйе  сақталынбағанымен, 

пунктуациялық сараптаудың алғашқы нышандары көріне бастады. 

Тыныс    белгілеріне  байланысты  30-жылдары  баспасөз  беттерінде 

мақалалар  жиі  жарық  көре  бастады.  Олардың  ішінде  Ш.Х.Сарыбаевтың 

мақалалар  циклін  атауға  болады(«Ауыл  мұғалімі».  1938  ж.  N  7-8.«Қазақстан 

пионері»  мамыр,  1947  ж.).  Ол  өзінің  бірінші  мақаласында  тыныс  белгілерін 

оқыту  процесіндегі  бірізділікті  сақтаудың  қажеттілігін  айтса,  екінші 

мақаласында    тұрлаулы  мүшелердің  арасына    қойылатын  сызықша  туралы 

ережелер ұсынған. Ал  үшінші мақаласында   қаратпа сөздердің тыныс белгілері 

туралы бірден-бір дұрыс ережелер берген. Қазақ тіл білімі ақсақалдарының бірі 

Х.Басымов  «Сөйлемнің  тыныс  белгілерін  дұрыс  жаза  білейік»

 

(Х.  Басымов. 



«Ауыл  мұғалімі».  1939  ж.  №1-2.)  деген  мақаласында  көп  нүкте,  сұрау,  леп 

белгілерінің  қойылатын  орындары  және  олардың  қажеттілігі  туралы  түсінік 

беруді мақсат тұтқан. 

Сонымен  қатар,  С.  Жиенбаевтың  аталған  мәселеге  қатысты  екі  мақаласы 

қатарласа  жарық  көрді.  «Тыныс  белгілері»  деп  аталатын  бұл  мақалаларының 

алғашқысында  («Ауыл  мұғалімі».  1938  ж.  №7-8.) 

 

  үтірдің  қойылу 



ерекшеліктерін  сөз  етеді.  Мұнда  ол  тыныс  белгілері  толық  зерттелінбей  келе 

жатқан салалардың бірі екендігіне, тыныс белгілерінің мағынаны  ажыратудағы 

алатын  орнына,  тыныс  белгілерінің  синтаксистік  категория  екендігіне  назар 

аударады. Біздіңше, мақаладағы басты жаңалық бірыңғай мүшелердің бір тектес 



мүшелер  ретінде  танылуы.  «Аудандық  атқару  комитеті»  деген  тіркестегі  асты 

сызылған  анықтауыш  сөздердің  «комитеті»  сөзін  бірі  көлемі,  екіншісі  қызметі 

жағынан  анықтап  тұр,  яғни  олардың  қызметтері  бір  текті,  сондықтан  олар  үтір 

арқылы  ажыратылмайды  дейді.  Бұлайша  қатар  келген  сөйлем  мүшелерін  бір 

текті,  әр  текті  деп  атау  тілімізде  қалыптасқан  жоқ.  Ал  бірыңғай  мүшелердің 

жоғарыда  аталған  әр  тектес  мүшелерден  айырмашылығы  дұрыс  көрсетілмеген. 

Бірыңғай  мүшелердің  арасында  шылаулардың  қолданылуындағы  тыныс 

белгілеріне  қатысты  ерекшеліктерді  белгілі  бір  дәрежеде  атап  көрсетеді. 

Сонымен  қатар,  үтірдің  салалас,  сабақтас  құрмалам  сөйлемдерде,  қаратпа 

сөздерде,  одағайларда,  қыстырма  сөздер  мен  айқындауыш  сөздерде 

қолданылуына  анықтамалар  береді.  Салаластардың  қатарында  қазір  үлестес 

аталып  жүрген  сабақтас  құрмаластың  түрі  де  қарастырылған,  сабақтас 

құрамаластардың  үтір  арқылы  ғана  айырылатыны  атап  көрсеткен.  Ғалымның 

тыныс белгілеріне арналған екінші мақаласында («Халық мұғалімі». №17-18, 78-

94  беттер.  1939  жыл.)    үтірдің  қолданылуымен  қатар,  оған  қосымша 

сызықшаның  қолданылу  ерекшеліктеріне  анықтамалар  берілген.  Бұл 

мақаласында  ғылым  тыныс  белгілерінің  маңызына,  тыныс  белгілерінің 

синтаксистік  категория  екендігіне  баса  назар  аудартқан.  Үтірдің  қолданысына 

байланысты  алдыңғы  мақалада  айтып  өткен  бірыңғай  мүшелердің  арасына 

үтірдің  қойылатын  тұстарына,  салалас  құрмалас    сөйлемдердің,  айқындауыш 

мүшелердің,  қаратпа  сөз,  қыстырма  сөз  бен  қыстырма  сөйлемдердің  ішінде 

келетін үтірлердің қолданысына тағы да тоқталып өтеді. «Найманның асыранды 

бұлбұл құсы – Сараның айттырармын барлық сырын» дегендегі асты сызылған 

сөзді  сызықша  арқылы  айыру  керек  дейді.  Бұл  тұста  анықтауыш  пен 

айқындауыш  мүшелердің  ара  жігі  анықталмаған,  үтірдің  қойылуы  қате. 

Сондықтан  болар,  үтірге  байланысты  айтқан  пікірлеріне  өз  көзқарастарын 

білдіріп  отырады,  өз  пікірлерін  солармен  салыстыра  дәделдейді.  Бұл  ыңғайда 

баспасөз беттеріне жазылған пікірлер мен ұсыныстарға, мәселен, айтқандарына, 

әр түрлі бағдарламадағы берілген ережелерге сын көзбен қарайды. 

 

Сызықшаның,  бастауыш  пен  баяндауыштың  арасына  қойылуын  жақтық 



көрсеткішті айқындау үшін қажеттілігін дұрыс көрсеткен. Мысалы: 

1.

 



Мен пионермін 

Сен  пионерсің 

                  Ол  - пионер 

2.

 



Алай елі –тауда жүрген, жай жатқан, анқау ел (Асқар) 

3.

 



Бұл келе жатқан отрядтың командирі – Болат дейтін жігіт. 

4.

 



Ана келе жатқан – біздің колхоздың малы. 

Ш.Х. Сарыбаевтың : «Ол –зергер Сәлімді көрді. 

 

 

 



  Ол зергер  - Сәлімді көрді. 

 

 



 

  Ол – мұғалім Әлімге келді. 

  Ол  мұғалім - Әлімге келді.» 

деген  мысалдарындағы  (Ш.Х.  Сарыбаев.  «Ауыл  мұғалімі».  №7-8.  1938    ж.) 

екінші  сөйлем  мен  төртінші  сөйлемнің  еш  айырмашылығы  жоқтығын,  яғни 

екіншісіне  қойылған  сызықшаның  төртінші  мысалда  қойылмағаны  негізсіз, 

айырмашылықтарының 

жоқтығын 

ескерте 

отырып, 


бұл 

жерлердегі 

сызықшалардың  қойылуы  тиянақсыз,  бастауыштың  мағынасын  контекстік 

мағынадан айыруға болатынын айтады. Сызықшаның бұл  тұрғыда жұмсалуы әр 



түрлі  қолданылып  жүр.  Пунктуацияға  арналған  еңбектерде  осы  мәселе  көп 

жағдайда қағыс қалып келеді. 

 

Төл сөздегі сызықшаның қолданысына байланысты ғалымның айтқандары 



қазіргі  пунктуациялық  ережелерімізде  елеулі  өзгерістермен  қолданылып  жүр. 

Халық  әбедиеті  туындыларында,  тарихи  жазба  ескерткіш  нұсқаларында,  тіпті 

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы 30 –жылдарға дейінгі баспасөз 

материалдарының  тілдерінде  төл  сөзбен  төлеу  сөздерді  бір  –бірінен  айырудың 

қиыншылық  тудыратынын  атап  кетеді.  Төл  сөз  бен  бөгде  сөздің  ара  жігін 

айырудың қиындықтары: олардың төл сөз бен бөгде сөздің – ара жіктерінің бір –

бірімен қабысып кетуінде, төл сөзді сөйлем  мен жай  құрылымды (төлеу сөзге 

айналған)  сөйлемдердің  бір  –бірінен  мағыналық    айырмашылықтарының 

әлсіздігінде деп көрсетеді. Сонымен қатар , төл сөздің тыныс белгілерінің орыс 

тілінен айырмашылықтарын атап көрсеткен. Шын мәнінде, қазіргі қазақ тілі мен 

орыс  тіліндегі  төл  сөздің  орналасу  тәртібі  мен  тыныс  белгілерінің 

айырмашылығы  шамалы.  Осыған  сай,  оның  төл  сөзге  байланысты  ұсынған 

ережелерінің қолданыстан шығуы да заңды. 

       «Сызықша  бірыңғай  мүшелердің  жалпылауыш  түрі  жай  түрлерінің  арасына 

қойылады. Жалпылауыш сөз қалған бірыңғай мүшелердің алдына келгенде , екі 

араға  сызықша  қоймай,  қос  ноқат  қойса  да  қате  болмайды»  (С.Жиенбаев. 

Көрсетілген  мақала)    деген  ереже  ұсынады.  Бұл  –  қазіргі  пунктуациялық 

еңбектерімізде қалыптасқан қағида. Ал:  

                              «Мұхит, дария суларың, 

                                Бұлқынған бұлттай буларың, 

                                Нажағай атқан оқтарың

                                Электлі тоқтарың.-  

       Бағынып тоқсан толғанды (Тайыр, Күн тіл қатты)»(Көрсетілген мақала) –

деген мысалдағы сызықшаның қойылуын бұл жерде жалпылауыш сөз (бәрі де) 

болуға тиісті екендігі айқын көрініп тұр деп түсіндіруі – ойналарлық жайт. 

       Осы тақырыпта Ә.Хасеновтің (Ә.Хасенов . Тыныс белгілері. А-ты.1951ж.) , 

Р.Сыздықованың

 

 (Р.Сыздықова. Емле және тыныс белгілері.1996ж.), 



Ф.Мұсабекованың ( Ф.Мұсабекова. Жай сөйлем пунктуациясының негіздері. 

1959ж. Ф.Мұсабекова. Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы. А-ты. 1977ж.) ,  

Ш.Әуелбаевтың

 

  (Ш.Әуелбаев. Пунктуацияның қиын мәселелері. А-ты 1977ж.) 



еңбектері «жазу мен оқудың негізгі қаруы» боп саналатын, «оқырманға жазу 

тілін түсінуді жеңілдетуді мақсат ететін» (

 

В.В.Бабайцева. Көрсетілген еңбек. 



253б. ) тыныс белгілерінің қыр-сырын ұғынуға көмекші ретінде үлкен қызмет 

атқарды, атқарып та келеді. «тілдің лексикасы мен грамматикалық құрылысында 

және фонетикалық жүйесінде әр түрлі өзгерістер жасалып, бүтіндей тіл даму 

күйінде болады. ... Әдетте, тілінің грамматикалық құрылысы өте тұрақты , оның 

дамуы, онда болатын өзгерістер өте баяу болады. Баяу болса да, тілдің 

грамматикасының морфология саласында да, синтаксис саласында да өзгерістер 

болып, тілдің дамуы барысында оның , грамматикалық ережелеріміздің 

құрылысы жетіліп отырады»

 

(Қ.Аханов. тіл біліміне кіріспе. А-ты 1965ж., 552-



553 б.). Олай болатын болса, пунктуациялық ережелеріміз де әрі қарай жетілдіре 

түсуді, жыл өткен сайын қайта қарап отыруды қажет етеді. Пунктуацияның даму 

тарихында да тәжірибеден шығып қалған ережелер, ескірген пікірлер бар. 

Дегенмен, олардың ішінде де, әр түрлі сөз тудырушы формалардың  бірде 



көрініп, қолданыстан шығып қалатындарымен қатар, жаңарып, қазіргі кезеңде 

активтеніп, өнімді қызмет атқара бастағаны сияқты, сол кезеңде қолданылған 

тыныс белгілік ережелердің қайтадан актуальді болуы ғажап емес. Өткенді ой 

таразысынан өткізіп, қазіргі кезеңдегі пунктуация негіздерін одан әрі жетілдіре 

түсуге пайдаланған жөн бе деп ойлаймыз. Осы ретте 30-40 жылдардағы тыныс 

белгілеріне байланысты тілшілеріміздің, оның ішінде С.Жиенбаевтың 

пікірлерінен мынауы дұрыс, мына жері дұрыс емес деген сияқты сыңар жақты 

қарамай, ол ұсынған ілімнің қажетімізге жаратуға болатынын екшеп алуды 

мақсат тұттық.  

         Қазақ тілінің пунктуациясына арнап жазылған оқулықтардың 

тырнақалдысы – С.Жиенбаевтың 1940 жылы жарық көрген «Сөйлемнің тыныс 

белгілері» (А-ты. 1940ж.) атты кітабы . Бұл еңбек - 1951 жылы  А.Ысқақов және 

Ә.Хасенов авторлықтарымен шыққан «Тыныс белгілері» атты кітабына дейін 

оқулық қызметін атқарған бірден-бір дүние. С.Жиенбаевтың аталған кітабында 

жоғарыда сөз болған екі мақаласы жинақталып берілген, сонымен қатар екінші 

бөлімі оңашаланған мүшелерге арналған. Алдыңғы мақалаларындағы тыныс 

белгілеріне қатысты материалдардан ерекшелегі: біріншіден, тыныс белгілеріне 

қатысты алынған мысалдары толықтырылған болса, екіншіден, пунктуация 

негіздері туралы арнайы сөз болады. «Текстің негізі элементі - сөйлем»

 

 



(С.Жиенбаев. Көрсетілген еңбек. 3 б.) –деп, тыныс белгілерін сол сөйлем 

аясында қарастырады, сөйлемнен тыс тыныс белгілерінің қарастырылуы мүмкін 

емес деген байламға келеді. Пунктуациялық білім тілдің синтаксисін жете 

білумен тікелей байланысты ғана меңгерілетініне баса назар аударады. 



             Еңбектің негізгі тұжырымы интонация басты амалдардың бірі екендігіне 

тоқталып , «Дауыс ырғағы – сөздің сөйлемде тұрғандағы мәнісіне байланысты

сөйлемдегі сөздердің өзара байланысынан туатын мәселе. Әсіресе, сөйлем 

болмаған жерде жеке сөзді ақырын, қатты айтудың ешбір мәнісі, ешбір 

қажеттілігі жоқ»(

 

Көрсетілген еңбек 3 б.) - дейді. Алайда, интонацияны тыныс 



белгілерін тудырушы негізгі фактор ретінде қарамайды, тыныс белгілері туралы 

мынандай тоқтамға келеді: «Сөйлемдегі сөздердің арасында түрліше кідіріс 

болады – бірде аз, бірде көп. Олардың бәрі бірдей тыныс белгісі арқылы 

белгілене бермейді. Тыныс белгісі негізінде сөздердің синтаксистік байланысына 

сәйкес қойылады . Басқа жерлердегі тыныс (пауза) сөздің мағынасынан 

байқалады. Тыныстың ешбір жазба белгімен көрсетілмеген жерлері толып 

жатыр» (Көрсетілген еңбек. 3б.)

 

. Жалпы айтқанда , С.Жиенбаев  тыныс 



белгілерінің қойылуын сөздердің синтаксистік байланысына қатысты шешеді. 

Оның пікірінше, «Тыныс белгісі, негізінен, сөздердің синтаксистік байланысына 

сәйкес қойылады»(

 

Көрсетілген еңбек. 3 б.).  



       Автор  бұл еңбегінде өзіне дейінгі оқулықтарда қалыс қалған немесе өзі 

келіспейтін пунктуациялық ережелерге көбірек назар аударып, бұрынғыларды 

қайталамауды мақсат етеді . 

            Аталмыш кітаптың екінші бөлігі «Сөйлемнің оңашаланған мүшелері 

туралы» (Көрсетілген еңбек. 21-27 б.) деп аталады. Осы аттас мақаласы «Халық 

мұғалімі» журналының 1939 жылы 14-нөмірінде жарық көрген-ді, кітапқа, 

негізінен, сол мақала қайталанып басылған. Бұнда алдыңғы мақаладан гөрі сөз 

алды айқындауыш мүшелері туралы ойларын толықтырып, олардың тыныс 

белгілік ерекшеліктерін талдап көрсетеді. Қазіргі кезеңде дейін арнайы зерттеу 


нысаны болмай келген оңашаланған айқындауыштардың бұл түрі туралы 

ғалымның синтаксиске қатысты мұраларын әңгіме еткенде толығырақ 

тоқталатын боламыз. 

 

1



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 


1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал