Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы


ҒАЛЫМНЫҢ   ЛЕКСИКОЛОГИЯҒА   ҚАТЫСЫ



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата22.12.2016
өлшемі0,68 Mb.
#75
1   2   3   4   5   6   7

                                ҒАЛЫМНЫҢ   ЛЕКСИКОЛОГИЯҒА   ҚАТЫСЫ  

 

       Лексикология  саласындағы  ғалым  еңбектері  онша  көп  те  емес.  Солай  бола 



тұрса  да,  1945  жылы  8  мамырда  «Социалистік  Қазақстан»,  «Казахстанская 

правда»  газеттерінде  жарияланған  қазанамаларда  (оған  ірі-ірі  мемлекет,  ғылым 

және өнер қайраткерлері қол қойған) С.С.Жиенбаевты қазақ тіл біліміндегі, оның 

ішінде  лексикология  саласындағы  көшбасшы  ғалым  ретінде  ерекше  атап 

көрсеткен  («Соц.Қаз.»,  «Каз.  правда»  газеттері.  1945ж.  8мамыр.).  Қазақ  тіл 

білімінің  бұл  саласына  қатыстылығын  ғалымның  1944  жылы  1  қыркүйекте 

жазған өмірбаянындағы мынандай жолдар айғақтайды: «Припоминая периоды в 

моей  трудовой  деятельности,  я  бы  хотел  отметить  нашу  работу  над 

академическим словарем. Работа была начата еще 1935 году и в процессе своего 

зигзагообразного  движения  способствовало  (и  требовало)  усилению  внимания 

вопросам  казахской  лексики  (его  прошлому,  настоящему  и  всему  ходу 

исторического развития). И именно работа над академическим словарем больше 

всего  обусловила  избрание  мной  вопроса  ,  как  вопрос  лексики  казахского 

литературного языка» (ҚР ҒМ-ҒА архиві. С.С.Жиенбаевтың жеке іс-қағаздары.). 

        Қазақ  тілі  білімінде  лексикологияға  байланысты  ғылыми  еңбектер  30-

жылдардың  екінші  жартысынан  бастап  оқулықтар  көлемінде,  жекелеген 

мақалаларда жариялана бастады. Олардың қатарында Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, 

Ғ.Бегалиев, І.Кеңесбаевтардың есімдері аталып жүр. Ал, лексикологияның қазақ 

тіл  білімінде  жете  зерттеле  бастауы  –  50-жылдардан  кейінгі  кезең  жемісі.  Бұл 

ыңғайда  Ғ.Мұсабаев,  І.Кеңесбаев,  К.Аханов,  Ә.Болғанбаев,  Ә.Әбдірақманов, 

С.Омарбеков және т.б. білімпаздарымыздың есімдері аталады. 

 

Қолда бар архивтік материалдарға жүгінсек, С.С. Жиенбаев өмірінің соңғы 



жылдары лексикология саласында да зерттеу жүргізген. Ғылым докторы атағын 

алу  үшін  дайындаған  «Қазіргі  қазақ  әдеби  тілінің  лексикалық  құрамы»  атты 

диссертациялық жұмысы мынадай бөлімдерден тұрған: 

1.

 



Тілдің  сөздік  құрамы  және  оның  өзгеру  жолдары,  тіл  туралы  жаңа 

ілім аясындағы тілдің лексикалық даму заңдылықтары (Кіріспе бөлім). 

2.

 

Қазіргі  қазақ  әдеби  тілі,  оның  жалпы  сипаттамасы.  Қазақтың  халық 



ауыз әдебиеті жаңа әдеби тіліміздің қайнар көзі екендігі. 

3.

 



Қазақ  тіліндегі  лексикалық  топтар  (кәсіби  лексика,  өндірістік-

техникалық  лексика,  қоғамдық  лексика  және  т.б.),  олардың  дамуы.  Ішкі  және 

сыртқы әсерлер. 

4.

 



Қазақ  тіліндегі  кірме  сөздер.  Шығыс  тілдерінен  және  орыс  тілінен 

енген сөздер. Қазақ тіліндегі ғылыми және техникалық  жаңа терминология. 

5.

 

Орыс  тілінен  аударма.  Аудармалардың  грамматикалық  және 



лексика-стилистикалық  формалардың  дамуына  әсері.  Қазақ    тіліндегі 

советизмдер, олардың мінездемелері мен таралу аймақтары. 

6.

 

Кірме  (кері  енген  және  еуропалық)  сөздер  мен  жаңа  сөздердің 



фонетикалық және морфологиялық мінездемелері. 

7.

 



Кейбір  қазақ  сөздерінің  этимологиясына  арналған  материалдар 

(қосымша ретінде)(Көрсетілген архив материалдары).  

Диссертациялық жұмысы мазмұнындағы жекелеген мәселелерге ғалым әр 

жылдардағы  еңбектерінде  қалам  тартты.  1931  жылы  шыққан  «Қазақ  тілі» 



оқулығында лексиканың тараулары жөнінде, Орхон-Енисей жазба ескерткіштері 

жөнінде  мәлімет  берсе  (Педтехникумдарды  сырттан  оқушыларға    арналған 

«Қазақ  тілі»,  1931  ж.),  «Оқытушы,  оқушыларымыз  сөз  сөйлей  білсін»  атты 

мақаласында тіл мәдениеті мәселелері жөнінде пікірлерін ортаға салған («Ауыл 

мұғалімі».1931 ж.,№7, 30-32 б.)  

 

Диссертациясының  бір  тарауын  аударма  мәселелеріне  арнауы  да  негізсіз 



емес.  С.Жиенбаевтың  аударма  ісінің  шебері  ретінде  де  қолтаңбасы  бар.  Ғалым 

аудармасымен  5  кітап  жарық  көрген  (Аудармалары:  Дикштейн.  Әркім  өз 

еңбегімен  тұра  ма?  Орынбор.  1924  ж.,  Бухановский.  Американы  тану. 

Қызылорда.  1936  ж.,  Н.К.Крупская.  Бірінші  басқыш  мектепке  қандай  әліпби 

керек.  1930  ж.).  Қазақ  тілін  үйренушілерге,  орыс  мектептеріне  арналған  қазақ 

тілі  оқулықтарының  қазіргі  уақытқа  дейін      көріп  келе  жатқаны  оның  екі  тіл 

табиғатын  жете  меңгергендігі  болар  (Казахский  язык.  1996  жыл.  «Санат»)

 

Аударма  мәселелеріне  арналған  «Аударманың  тілі  туралы»  (ҚазССР  ҒА 



Хабаршысы  1946  ж.,  №4  30-36  бб.)

 

мақаласында  саяси,  ғылыми, 



публицистикалық  және  көркем  әдебиет  аудармаларындағы  сөзбе-сөз 

аударушылықты  мысалдар  арқылы  сынап,  олардағы  кемшіліктердің  мәнін, 

себептерін  ашып  көрсетеді.  Атап  айтқанда,  аударманың  дәлдігі  туралы:  «Бір 

тілден  екінші  тілге  аударғанда,  сол  түпкі  оригиналда  айтылғандар  өзгертілмей, 

дұрыс  берілуі  керек.  Бірақ  осы  дәлдік  деген  ұғымды  түрлі  түсінушілік  бар. 

Автордың  айтқан  сөзінің  ешқайсысын  қалдырып  кетпей,  бәріне  де  эквивалент 

тауып,  тіпті  оригиналдың  сөз  байланысына  дейін  сақтау,  сөйлемнің  сөйлемше 

(бір  сөйлемді  бір  сөйлем  етіп,  екі  сөйлемді  екі  сөйлем  етіп)  аудару  –  біздегі 

қазақшаға  аудару  тәжірибесінде  ереже  етіп  ұсталып  жүргендер  –  осылар,  ... 

эквиваленті  табылып  тұрғаннапн  кейін  біздің  аудармашыларымыз  көбінесе  сол 

әзір  сөздерді  әкеліп,  орны-орнына  қоя  салады.  Бұл  өзі  аударушыға  да  қолайлы 

нәрсе, уақытты да көп алмайды. Ал кейбір редакторларымыз басқаша емес, тап 

осылай  беруді  керек  қылады,  құйттай  еркіндеу  кетсең,  оны  ауа  жайылу  деп 

санайды. Міне осыдан келіп орысшаны қазақшалауға сөзіміз жетіп тұрса да, оп-

оңай аударып  шықсақ  та, аударманың не  сөзі  ауыр, немесе  мүлдем  қате  болып 

шығады.  Бұлай  болатын  себебі  –  сөз  де,  сөйлем  де  өлі  бұйым  емес,  бұлар  қай 

уақытта  болса  да,  қандай  жағдай  болса  да,  өлшемді  жеріне  әкеліп  қоя  беретін 

кірпіш емес, я машинаның дөңгелегі емес»

 

(Көрсетілген еңбек. 32-б.) - деп, реті 



келгенде  тіліміздің  сөз  байлығын  сарқа  пайдалануды,  тіліміздің  лексикалық, 

граматикалық және стильдік ерекшеліктеріне сүйену керектігін айтады. «Дәлме-

дәл аудару дегенді сөзбе-сөз аудару деп түсінбеу керек. Аударма дәл, дұрыс болу 

үшін оригиналдағы сөздің саны, басқа грамматикалық тұлғалары әр уақытта сол 

қалпынша екінші тілге көшіріле салынбай, жеке сөйлемде айтылған ойды аудару 

үшін  кейде  керек  болатын  өзгеше  грамматикалық  тұлға  мен  лексикалық 

элементтер  оригиналдағы  сөздің,  грамматикалық  тұлғаның  орнына  толық  жүре 

алатын  болсын»  («Жаңа  мектеп».  1930  ж.№12  С.Көбеевтің кітабына  сын)  - деп 

аударманың  негізгі  принциптерін  саралап  көрсетіп,  ондағы  орын  алған 

кемшіліктердің мәнін ашқан.    

 

С.Жиенбаевтың  сөз  өнерінің  білгірі  екендігіне  оның  балалар  әдебиеті 



туралы  рецензиясы  (Оқу  кітабы.  ІІ  жыл  үшін.  1937  ж.,  Оқу  кітабы  1935  ж.  ІІІ 

жыл  үшін),  бастауыш  мектептерге  арналған  оқу  кітаптары  М.Әуезов, 

Ә.Қоңыратбаев, С.Жиенбаев. ХІХ ғ. мен ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті. 7-жыл 


үшін  1933  жыл),  сонымен  қатар  Д.Сембаев  пен  С.Мұқановқа  балалар  әдебиеті 

туралы жазған хаттары қуә болса керек-ті. Өкінішке орай, жоғарыда аты аталған 

диссертациялық 

жұмысының 

картотекалық 

материалдарынан 

басқа 

қолжазбалары сақталмаған. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

                                          Сөздіктер жасау ісі 

 

 

Тіліміздің  зерттелу  тарихына  көз  салсақ,  зерттеушілер,  негізінен,  оның 



лексикалық  құрамына,  сөздердің  мән-мағынасына  зер  салды.  Яғни,  тіліміз 

туралы алғашқы еңбектер де сөздіктер болды. Тілімізді зерттеушілердің алғашқы 

легі  Х-ХҮ  ғасырлар  арасындағы  тілді  зерттеушілер  қаламынан  туған 

шығармалардың  ішінде  Махмұт  Қашқаридың  «Дивани  лұғат  ит-түрік»  (Түркі 

тілдерінің  жинағы  1052-1070),  авторы  белгісіз  Ідіғұт  тізбесі  (ҮІІІ-ІХ  ғ.), 

Әбілқасым  әз-Замахшаридің  «Мухаддимат  әл-әдеб»  (Әдебиетке  кіріспе  ХІІ  ғ.), 

Жамал-ад-диннің  «Кітаб  тәржиман  фарси  уа  турки  уа  моғоли»  (Парсыша, 

түркіше  және  моғолша  аударылған  кітап  ХІІІ  ғ.),  авторы  белгісіз  «Тәржіман 

түрки  уа  араби»  («Түркіше-арабша  сөздік»  1245  ж),  Андалузскийдің  «Китаб 

бұлғар  ал-мұштақ  фи  лұғат  ат-түрік  ва-қыпшақ»  («Түрік  пен  қыпшақ  тілдерін 

жақсы оқып үйренушілер үшін жазылған кітап» ХІҮ ғ.), авторы белгісіз «Китаб –

ат-Туһфа  аз  закия  фи-лұғат  ат-түркия»  («Түркі  тілі  туралы  жазылған  ерекше 

сыйлық»  ХІҮ  ғ.),    авторы  белгісіз  «Ал-каванин  ал-куллия  ли-дабт  ал-лұғат  ат-

түркия»  («Түркі  тілдерін  зерттеу  үшін  жазылған  толық  құрал»  ХІҮ-ХҮ  ғ.), 

авторы  белгісіз  «Китаб  ад-дурра  ал-мудия  фил-лұғат  ат-түркия  ат-тамам  бал-

камал»  («Түркі  тілі  туралы  жан-жақты  және  толық    аяқталған  інжу-маржан 

кітабы»    ХІҮ-ХҮ  ғ)  (

 

«Ескі  түркі  жазба  ескерткіштері»  (ХІ-ХҮ  ғ)  курсының 



программасы.  Құрастырған  Ә.Құрышжанов.  1986  ж  13-26  бб.)    және

   


ХҮІ 

ғасырларда      жазылған  ескерткіштер  ішінде  –  «Муһадмат  ал-лұғатайн»  («Екі 

тілдің айтысы»),  «Бадам л-лұғат» (Шағатайша-парсыша сөздік), «Лұғати түрки» 

(Түркі сөздігі), «Мантахаб  ал-лұғат» («Таңдамалы сөздер жинағы»), «Мабан –ил 

лұғат»  (Шағатайша-парсыша  сөздік),  Фатх  Алихан  Қаджаридің  сөздігі 

(шағатайша-  парсыша  сөздік),  т.б  осы  бағыттағы  сөздіктер  (Көрсетілген  еңбек

Қарағанды. 1986 ж . 28 б.),   Вильяминов-Зернов  1868 жылы бастырып шығарған 



белгісіз  «Шағатай  тілі  сөздігі»,  жоғарыда  аталған  еңбектер  негізінде  ХІХ-ХХ 

ғасырларда    жасалған  А.З.Будаговтың  «Сравнительный  словарь  турецко-

татарских  наречий»  (1869-1871  жылдар),  В.В.Радловтың  «Опыт  словаря 

тюркских наречий» (1888-1911 жылдар) атты туындылары да,

   

  жалпы  ҮІІІ-ХІІІ 



ғасырлардағы көне жазба ескерткіштерінің тіліне негізделіп 1969 жылы баспадан 

шыққан «Древнетюрксий словарь» 

  

атты  күрделі еңбек те түркі тілдеріне ортақ 



дүниелер, яғни тіліміздің тарихи көздері іспетті.  

 

Қазақ  тіліне  қатысты  кеңес  үкіметіне  дейінгі  жарық  көрген  сөздіктер, 



мәселен Н.И.Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизского (казахского – 

Б.Б)  языка»  атты  еңбегінде  берілген  сөздік,  сонымен  қатар  Ы.Алтынсарин  мен 

Ж.Көшербаев  жасаған  сөздіктер  (Т.Қордабаев.  Қазақ  тіл  білімінің  қалыптасу, 

даму  жолдары.  82  б.)        қазақ  тілін  оқып-үйренушілерге  арналып  жасалған 

алғашқы бастама болды. 

 

Жалпы  лексикография  дегенміз  –  тілдің  сөздік  қорын  түсіндіруші  ілім. 



Лексикография  теориясының  түп  қазығы:  сөз  туралы  ілім,  сөз  жүйесі  туралы 

ілім,  сөздің  атқаратын  қызметі  туралы  және  мағынасы  туралы    кең  ауқымды 

зерттеуді  қажет  ететін  ілім  екендігінде,  сонымен  қатар  оның  практикалық 


қажеттілігінде (П.Н.Денисов. Лексика русского языка и принципы его описания. 

М., 1980, стр. 205)

 

 

 



Лексикография  теориясының  басты  мәселелерінің  бірі  –  типология 

(сөздіктердің  типологиясы).  П.Н.Денисов  бұл  жайында:  «Основным  вопросом 

теории лексикографии является типология словарей, которые понимается в ней 

абстрактно,  как  модели,  образцы  (инварианты)  Четыре  основные  координаты 

определяют  типологию  словарей:  1)  лингвистическая,  2)  психологическая,  3) 

семиотическая, 4) социологическая. Каждая из этих координат имеет две области 

приложения:  1)  применительно    в  данному  типу  словаря,  2)  применительно  к 

любому  типу  словаря»  (П.Н.Денисов.  Көрсетілген  еңбек.  206  б.)

 

–  деп 


түйіндейді.  Сөздіктерді  жіктеудің  лингвистикалық  жағының  негізгі  принципі  

тілдің  лексикалық  жүйесін,  сөз  топтарын  және  қатарларын  ,  сонымен  қатар 

оларды біріктіретін  формальді белгілері мен мен семантикалық категорияларын 

әр  түрлі  аспектіде  анализ  жасау  арқылы  айқындау  болып  табылады. 

Психологиялық  жағының  мәні  оның  (сөздіктің),  біріншіден,  тілдің  иелеріне, 

екіншіден  үйренушілерге  және  үшіншіден  ,  ЭЕМ-ге  тиімділігіне,  болмаса  ол 

сөздіктің қажеттілігіне байланысты айқындалады. Семиотекалық жағы сөздіктің 

барлық  таңба  проблемаларын  ,  мәліметтерді  белгілі  бір  ретпен  жеткізу 

проблемаларын  шешу  бағытында  айқындалады  (П.Н.Денисов.  Көрсетілген 

еңбек. 207 б.).

 

 

 



Ал енді сөздік дегеніміз не? Олар қалай жасалады, оны жасаудың кандай 

жолдары бар, ол қандай принциптер арқылы жүзеге асады? Бұл сұрақтарға қазақ 

тіл  білімінде  лексикологияның  білгірі  ретінде  қалам  тартқандардың  бірі 

С.С.Жиенбаев  болатын.  Тіл,  әдемиет  және  тарих  институтының  тіл  секторы 

бөлімі  алдында  алғаш  құрылған  жылдары  тұрған  міндет  те  негізінен  сөздіктер 

жасау  ісі,  атап айтқанда,  аударма,  түсіндірме және диалектологиялық сөздіктер 

жасау  істері  тұрды.  С.Жиенбаевтың  авторлығымен  1942  жылы  бастауыш 

мектепке  арналған  орысша-  қазақша  сөздік  шықса

 

  (С.Жиенбаев.  Орысша-



қазақша  сөздік.  1946ж.

), 


осындай  орта  мектепке  арналған  1945  жылы  баспадан 

шыққан  орысша-қазақша  сөздіктің

 

(С.Жиенбаев,  Қоқымбаев.  Орысша-қазақша 



сөздік.  1946ж.)

 

авторларының  бірі  болды.  Сонымен  қатар,  1946  жылы  бірінші 



томы  жарық  көрген  екі  томдық  академиялық  орысша-қазақша  сөздікке  тікелей 

басшылық етті. 1951жылы теріліп дайын болған «Қазіргі қазақ тілінің сөздігінің» 

авторларының  бірі  болатын.  Қазақ  тіліндегі  лексикографикалық  жұмыстың 

басында  тұруы  –  С.Жиенбаевтың  осы  салада  басшы  мамандардың  бірі 

екендігінің дәлелі. 

             Сөздіктердің ішіндегі негізгісі тілдік түсіндірме сөздік болып табылады. 

Өзге  сөздіктер  әр  түрлі  ерекшеліктеріне  қарай  (мазмұнына,  сөздердің 

сұрыпталуына  қарай  ,  сөздерді  сұрыптау  тәсіліне,  сөз  тұлғаларының  өңделу 

көлеміне,  материалдардың  орналасуына,  уақыт  талабына,  қызметіне,  сөздік 

қамтитын тілдердің мөлшеріне қарай) түсіндірме сөздікке қатысты айырылады. 

Сөздіктердің  ішіндегі  негізгісі  болғанымен,  түсіндірмелі  сөздік  (бір  тілді)  өзге 

сөздіктерден  кеш  пайда  болады

   

  (И.С.Козырев.  Современный  русский  язык. 



1977.стр.39.) . Яғни түсіндірме сөздік – тілдің, белгілі бір ұлт тілінің әдеби тілі 

қалыптасып,  дамығандығының  көрсеткіші  және  сол  тілді  иеленуші  қоғамның 

белгілі  бір  дәрежеде  дамығандығының  белгісі  (Актуальные  проблемы  учебной 

лексикографий). 



           Лексикографияның қызметін 4 топқа бөлуге болады: 

1)

 



Тіларалық қарым–қатынасқа байланысты. 

2)

 



Белгілі бір тілді оқытуға , түсініксіз сөздерді ұғындыруға байланысты 

3)

 



Ана тілін түсіндіру және нормалауға байланысты . 

4)

 



Тілді  ғылыми  сараптауға  байланысты.  Соған  сәйкес  лексикография 

тарихын  сөздікке  дейінгі  кезең,  ерте  сөздік  кезеңі,  дамыған  сөздік  кезеңі 

деп бөлу кездеседі (Көрсетілген еңбек. М.,1977.стр.14.).

 

            Осы  ыңғайда  қазақ  лексикографиясының  тарихи  кезеңдерге  бөлсек  , 

тікелей  қазақ  тіліне  байланысты  қазан  төңкерісіне  дейінгі  орыс  миссионерлері 

дайындаған  сөздіктерді  бірінші  кезеңге,  қазан  төңкерісінен  бастап,  1945 

жылдарға  дейінгі  уақытта  екінші  кезеңге,  яғни  ертерек  сөздік  кезеңіне,  одан 

бергі уақыт аралығын дамыған сөздік кезеңіне жатқызуға болады . 

             Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігін  жасау  ісі  1935  жылы  Қазақтың  Ұлт 

мәдениеті  институтында  қолға  алына  бастаса,  оның  жүйелі  түрде  іске  асырыла 

бастауы  1942  жылы  ҚСРО    ҒА    Қазақ  филиалында  Тіл,  әдебиет  және  тарих 

институты құрылуымен байланысты. Осы институттың тіл секторын басқару ісі 

де  С.Жиенбаевқа  жүктелген  еді.  Тіл  секторының  кезек  күттірмейтін 

жұмыстарының  бірі  сөздіктер  жасау,  оның  ішінде    қазақ  тілінің  түсіндірме 

сөздігін жасау болды. Қай тілдің болмасын, түсіндірме сөздіктерін жазғанда, оны 

жасауға  бағыт  беретін  жобасы,  бағыттаушы,  нұсқау  құжаттары  болады. 

Сөздіктің  мақсатын  және  жасалу  принциптерін  айқындайтын,  бағыт-бағдар 

беретін бұндай нұсқауды жазу ісі, негізінен, лексикография саласының білгіріне. 

Осы саладағы жетекші маманға жүктелетіні дау тудырмас. 

 

Қазақ  тіліндегің  түсіндірме  сөздіктің  жасалуына  бағыт  беретін  осындай 



құжатты  жасау  да  қазақ  тіл  білімінің,  сөздік  жасау  ісінің  шеберлерінің  бірі  – 

С.Жиенбаевқа жүктелуі жайдан-жай нәрсе емес. Ғалымның «Сөздіктің мақсаты 

мен жасалу принциптері» (ҚазССР ҒА Хабарлары. Филологиялық серия.1945 ж.) 

  

 



атты  еңбегі  бастауын  1942  жылдан  алған  түсіндірме  сөздік  жасау  жұмысына 

тірек  етер  еңбек  болды.  Жұмыс  «Кіріспе»,  «Сөздіктің  лексикалық  составы», 

«Реестрге  алынатын  сөздер»,  «Сөздіктің  мағыналық  және  грамматикалық 

мінездемесі» және «Жазу техникасы» деген бөлімдерден тұрады. 

 

«Кіріспе»  бөлімінде  академиялық  сөздіктің  (түсіндірме  сөздіктің  бұлай 



аталуы  да  қалыптасқан.  Л.Щерба.  Опыт  оьщей  теории  лексикографии.стр.4) 

маңызы,  сөздіктің  түрлері  туралы  жалпы  мағлұмат,  академиялық  сөздіктің 

сипаттамасы,  олардың  шығарылу  тарихы,  оны  жасаудың  жалпы  принциптері, 

т.б.  мәселелер  қамтылған.  Академиялық  сөздіктің    маңызы  туралы  француз 

ойшылы Вольнейдің: «Халықтың ең бірінші кітабы - сөздігі» деген қанатты сөзін 

келтіріп, сөздіктің маңыздылығы – оның халқымыздың ірі мәдени мұраларының 

біріне айналуы тиістілігінде екендігін баса айтады. 

 

Сөздіктің  түрлері  туралы:  екі  тілді,  көп  тілді  сөздіктер,  терминология 



сөздігі,  энциклопедиялық  сөздік,  т.б.  деп  бөледі.  Оның  типологиясындағы 

бірізділіктің  болмауы  сөздік  туралы  жалпы  мағлұмат  беруді  мақсат  тұтуында 

болса  керек.  Осы  ретте  орысша-қазақша  сөздіктің  қазақ  тілін  үйренушілерге, 

қазақша-орысша    сөздіктің  орыс  тілін  үйренушілерге,  терминология  сөздігі 

терминдердің  мағынасын  түсіндіруге  арналатынын,  ал  энциклопедиялық 

сөздіктің  атаулар  жайында  мәлімет  беру  мақсатын  көздейтінін  айтады. 

Академиялық  сөздікті  бірінші  орынға  қояды.  Л.В.Щерба  да  академиялық 


сөздікті немесе нормативті-жүйелі сөздікті бірінші орынға қояды (П.Н.Денисов. 

Очерки по русской лексикографии. Москва. 1974, стр.61).

 

 

Қазақ  тілінің  түсіндірмелі  сөздігін  жасауда  орыс  тілінің  жасалып  жатқан 



түсіндірме 

сөздігінің 

жасалу 

принциптерін 



негізге 

алу 


керектігін 

мақұлдағанымен,  «Ана  тілінің  толық  сөздігі  деген  ұшан-теңіз  материал  және 

мұндай  сөздіктердің  жалпыға  танылған  стандарты  да  жоқ.  Сондықтан  негізгі 

ұстайтын принциптеріміз – сөздігіміздің құрылысын да, мазмұнын да, алдымен, 

өз  тіліміздің  ерекшелігіне,  соның  қасиеттеріне  бағындыру  болды.  Лайығы  жоқ 

жерде басқа сөздіктердің принцибіне ере беруді өзімізге міндет деп санағанымыз 

жоқ»  деп  ана  тілімізде  жарық  көргелі  отырған  түсіндірме  сөздіктің  негізгі 

бағыттарын көрсетіп берген. 

 

«Сөздіктің  лексикалық  составы»  атты  бөлімде  мынандай  ерекшеліктерді 



көрсетіп берген: 

1)

 



Сөздікке жазба әдебиет материалдарымен қатар ауыз әдебиеті материалдары 

да түгел енеді; 

2)

 

Сөздікте  диалектілерге  де  орын  бар;  бірақ  тым  шағын  аумақты  ғана 



қамтитын, көпшілікке түсініксіз сөздер енбейді; 

3)

 



Кірме  сөздер  қолданысының  жалпылығына  қарай  сөздікке  енеді,  бірақ 

тілімізде  орын  тебе  алмай,  кездейсоқ  қолданылған  сөздер  (жесім,  тауазағ, 

тәмсіл, тақдым, т.б.) сөздікке енбейді; 

4)

 



Терминдерге  қатысты,  оларға  жалпы  және  арнаулы  деп  бөліп,  олардың 

жалпыларын сөздікке енгізуді ұсынады; 

5)

 

Діни  атаулардың  жалпыға  ортақтарын  алуды  ұсынады  (хазірет,  имакм, 



молда, садақа, ораза, т.б.); 

6)

 



Сөздіктің нормалаушы қызметін негізге алып, кездейсоқ тізбектер, мәселен, 

простой, конкретный, обьективный, корабль, судно, комната, литература, т.б. 

сөздер  жабайы,  конкретті,  обьектив,  кеме,  т.б.  қазақша  баламаларымен 

жазылуы керек дейді; 

7)

 

Жер-су аттары. Қазақ еліне тарихи мәні бар атаулар ғана сөздікке енуі тиіс; 



8)

 

Ру  аттарына  байланысты.  Ірі  ру  аттары,  олардың  ұрандары,  таңбалары, 



қоныстану аумақтарына сөздікте орын беріледі

9)

 



Кісі аттарына қатысты. Қазақ елінеп белгілі атағы бар кісі аттары алынады; 

10)


 

Мекеме аттарын, жаргон сөздерді алуға болмайды. 

Париж университетінің профессоры Ж.Дюбуаның пікіріне сүйенсек, «сөздік 

тек  хабар  (информация)  емес,  орындалуға  тиіс  бұйрық.  Егер  сөздік  қателессе, 

оны  қабылдаған  қоғам  мүшелеріне  де  қателесуге  мүмкіндік  бередің...  кейбір 

құрылымдардың,  түсініктердің  қалыптасуына    жол  ашады,  кейбір  сөздердің 

қолданысқа  түсуіне  жолдама  береді,  оларға  заң  күшін  береді.  Сөздіктің 

материалы – қарым-қатынас құралының тарихи және ұжым ішінде қалыптасқан 

нәрсе»  (Көрсетілген  еңбек.  Москва,  40-44  б.).  Сөздіктің  лексикалық  құрамына 

мән  берілген  бұл  бөлімде  осы  аталғандар  ішінар  қамтылған.  Мәселен  сөздік 

материалының  тарихи  және  қазіргі  кезең  ескерткіштерінен  алынуға  тиістігі, 

сөздік материалының заң күшілік әсері, тілдік ерекшелік, т.б. 

3-бөлімде  сөздердің  реестрге  алыну  тәртібі  (алфавиттік  жүйе,  мағыналық 

қатар),  реестрге  жеке  сөздер  мен  сөзтізбектерінің  алыну  ерекшеліктері,  реестр 

тәртібінің  сақталмайтын  тұстары  туралы  айтылған.  Түбірлес  сөздердің  бір 


реестр ұясына кірістіру (жаз, жаз-ыл, жаз-ғыз, т.б.). Мұндай принцип мынандай 

жағдайларға байланысты  дейді: 

1.)

 

Түбірлес  сөздерді  бір  жерге  беру  арқылы  қазақ  тілінің  негізгі  құрылысы 



айқынырақ  көрінетін  болады  да,  онымен  бірге,  семантикалық 

ерекшеліктері  де  осы  тұлғалық  ерекшеліктеріне  байланысты  екендігі 

білінеді (жалғамалы тіл); 

2.)


 

Түбірлес  сөздерді  бас-басына  реестр  етіп  ала  берсек,  анықтамалардың 

көбінде мағыналық байланыс болмай, ылғи қайталауға айналады... «Бірақ 

түбірлес сөздердің мағыналары жақындығы күштілері ғана бірлестіріледі, 

басқалары  жеке-жеке  өз  орындарына  қойылады.  Түбірлес  сөздердің  

мағыналық алыс-жақындығы, біріншіден, жұрнақтың түріне байланысты, 

екіншіден,  сол  туынды  сөздің  мазмұнына  байланысты,»    -  деп,  оларды 

мысалдар  арқылы  дәлелдеген.  Немесе  идиомалық  тіркестердің  реестрге 

алыну  ерекшеліктері  туралы:  «Ондайлар  реестрге  алдыңғы  сөзінің 

алфавитімен,  я  болмаса  соңғы  сөздерінің  алфавитімен  беріледі.  Бұл 

жөнінде  тізбектегі  сөздердің  ішінде  негізгісі  қайсысы  екендігі  есепке 

алынады.  Мысалы:  көз  салу,  құлақ  салу,  т.б.  немесе  бой  жеткен,  бой 

билету, т.б.» - деп көрсеткен. 

4- бөлімі «Сөздің мағыналық және грамматикалық мінездемесі» деп аталып, 

онда  сөздік  мақаласының  жазылу  жолдары  жан-жақты  талданып  көрсетілген. 

Мысалдарын  қараңыз:  Бас.1.Бірдемені  үстінен  басу,  қысу,  жаншу;  2.  Бірдемені 

бірдемеге  тигізіп  алу  (мөр  басу,  таңба  басу,  т.б);  3.  Кітап,  газет    бастырып 

шығару; 4. Бірдемені тоқтату, тыю (көңілін басу, желігін басу, мал басу). Қәзір-

қазірді  қараңыз.  Қосынды.  1.  Қосылғаннан  құралған  нәрсе  (негізгі  мағына), 

қосарлардың жамғысы (математика термині). 

«Сөздік  картотекасына  цитат  теру  жайындағы  инструкция»  атты  бөлімде 

сөздік  картотекасының  анықтамасы,  картотекаға  цитаттар  теру  тәртібі, 

картотеканың мазмұны, картотекаға жазушының мамандануы, цитата алынатын 

көздер,  сөздіктердің  материал  ретінде  қолданылуы,  сөздердің  қолданылу 

жиілігіне  қарамай  алынатындығы,  термин  сөздердің  терілуі,  жаңа  сөздердің 

тілімізге  ену  кезеңі,  сөздердің  мағыналық  таралымына  қарай  іріктелуі,  цитата 

алынатын  әдебиеттерді  екшеу  мәселесі,  сөздің  мағынасын  айқындаудағы 

контекстің  алатын  орны, цитаттың  көлемі,  цитаттың  алыну  жолдары,  цитаттың 

қолданылу  аясы,  сөздің  мағынасын  айқындаудағы  цитаттың  маңызы,  цитаттың 

обьективтілігі,  цитатқа  алынатын  сөйлемнің  таралымды  болу  шарттылығы, 

цитатқа алынатын сөйлемнің тым шұбалаңқы болмауы, сөздікке алынған сөздің 

цитат ішінде  орналасуы, цитаттың сапалылығы, цитаттың көлемі, цитатқа енетін 

сөздердің  нормалану  дәрежесі,  архаизмдердің  алынуы,  цитатқа  енгізілетін 

сөйлемнің  өзгеріссіз  алынуы,  цитаттың  көлемін  ықшамдау  жолдары,  т.б. 

мәселелер қамтылған. 

«Жазу  техникасы»  бөлімінде  карточкалардың  сапасы,  стандарттары,  қара 

сөз,  өлең  сөз  текстерінің  картотекаға  толтырылу  ерекшеліктері,  цитаттың 

орфографиялық  және  пунктуациялық  ерекшеліктері,  таңба  (семиотика 

мәселелері),  драмалық  шығармалардың  картотекаға  терілу  ерекшеліктері, 

картотеканың    толтырылу  тәртібі,  жұмысты  бастау,  оны  жоспарлау,  т.б. 

ерекшеліктері  сөз  болған.  Осында  ғалым:  «Цитат  карточкалар  жалғыз 

академиялық  сөздікке  ғана  емес,  онан  кейінгі  де  талай  мәселе  жөнінде  іске 



жаратылатын  деректі  документ  болып  табылады»-  деп,  көрегендік  пікір 

білдіреді. 

Н.И.Фельдман  барлық  шағын  сөздіктерде  кездесетін  ортақ  20 000  сөз  бар 

деп  көрсетсе  (  Н.И.Фельдман.  О  специфике  небольших  двуязычных  словарей. 

Вопросы  языкознания.  1952,  2,  с.69.),      Р.М.Фрумкина  жиі  қолданылатын  1000 

сөз  қолданыстарының  60-70  пайыздайында  кездеседі  (Р.М.Фрумкина. 

Вероятность  элементов  текста  и  речевое  поведение.  Москва.  «Наука».  1971г.)

 

деген  пікір  білдірген.  Ал  С.Жиенбаевтың  академиялық  сөздіктің  картотекалық 



қорына  біраздаған  материалдардың  қалдырғаны  белгілі.  Олай  болса,  олар  әлі 

қолданыста деуге болады. 

Жалпы  алғанда,  С.С.Жиенбаевтың  «Сөздіктің  мақсаты  мен  жасалу 

принциптері»  атты  еңбегі  сөздіктің  оқырманға  немесе  пайдаланушыға 

қажеттілігі  мен  пайдалылығын,  кейбір  мағыналалардың    жан-жақты 

айқындалуын,  бұған  дейінгі  тәжірибелерді  есепке  алу  жағын,  белгілі  бір 

стандартқа сәйкестігін, ой шашыраңқылығын болдырмау, яғни үнемділік жағын, 

сөздіктің  қарапайым  тілмен  берілуін,  тіліміздің  сөздік  қорын  мейлінше  толық 

қамту  мәселесін,  оның  тиімділігін  және  мағыналық    толымдылығын  көрсететін 

қазақ лексикографикасының алғашқы әліпбиі, жолашары болды. 

Әрине,  жиырмасыншы  жылдар  мен  отызыншы  жылдарда  жарық  көрген 

кітаптардың,  газеттердің,  журналдардың,  т.б.  басылымдардың  саны  мен 

сапасында, қарқынында қандай өзгешелік болса, қазіргі кездегілердің де  сондай 

үлкен  айырмашылықтары  болады.  Дей  тұрғанмен  де,  отызыншы,  қырқыншы 

жылдары С.Жиенбаев араласқан академиалық сөздік жасау ісі кейінгі 1959 және 

1974  жылы  жарық  көрген  10  томдық  «Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігіне»  негіз 

болды. 1988 жылы Мемлекеттік сыйлық алғандармен қатар С.С.Жиенбаевтың да 

еңбегі  бар.  Бұл  туралы  профессор  Мәулен  Балақаев  өзінің  «Зерде 

баспалдақтары» атты естелік еңбегінде айтып кеттенін жоғарыда ескерттік. 

Ғалым  лексикология  саласының  ірі  маманы  деп  кезінде  аталғанымен, 

өкінішке орай, оның бұл салада жазған еңбектерін табу әзірге мүмкін болмады. 

Сонда  да  болса,  жоғарыда  біз  тоқталып  өткен  ғалымның  лексиканың  бірқатар 

мәселелеріне  арнаған  еңбектерінің  өзі  сол  кездегі  осы  саланың  зерттелу 

деңгейіне  сай  маңызы  болды.  Демек,  лексикология  саласында  да 

С.С.Жиенбаевтың белгілі дәрежеде орны болды деу қажет сияқты.   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



      ІІ ТАРАУ. С.С.ЖИЕНБАВТЫҢ  ГРАММАТИКА  САЛАСЫ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет