90
аудармаға байланысты талдау жұмыстарына жасай отырып, тағы да білімді де
білікті-әдебиетші екендігін дәлелдей түседі.
Ескі мұраны игеру туралы мәселе қазақстанда, әсіресе жиырмасыншы
жылдардың
бас кезінде көтеріліп, бұл шараларға жазушылар,
қоғам
қайраткерлері, ағартушылар жаппай
қатысқаны белігілі. Бұл
үрдіске
Т.Шонанұлы да ат салысқан. Ол халық ауыз әдебиеті, оның жай-күйі, сипаты
туралы сан-салалы ой қозғап отырды. Мәселен, «қазақ халық ауыз әдебиеті»
атты орыс тілінде жазылған мақаласында бұл әдебиетті жасаушы халық
екендігін, сандаған өнер иелерінің ел арасыннан шығатынын айтқан. Фольклор
үлгілерінің ішінде эпостардан, «Ер сайын», «қамбар батыр» жырларына, лиро-
эпикалық поэмалардан «қозы Көрпеш- Баян сұлуға», «Қыз Жібек» пен «Айман-
Шолпан», ертегілер мен аңыздарға, мақал-мәтелдерге тоқталған. Т.Шонанұлы
ауыз әдебиетінің жекелеген кейбір үлгілері туралы да арнайы еңбек жазған. Бұл
салада қаламагердің «Қазақ әдебиеті» газетінің 1935 жылғы 9 мамырдағы
санында жарық көрген «Қыз Жібектің шығарушысы» атты әдеби сын мақалсын
айтуға болады. Осы аталмыш мақалсында «Қыз Жібек» жырының бізге қалай
жеткендігі туралы және оны кім шығарғандығы жөнініде көңілге қойылуы
жауап береді. Мақалада:«ауызша таратылған жырды басқа айтыушылар өзінше
өңдейді, қосады, кемітеді, өзгертеді. Жылдар зымырап, ғасырлар өткен соң, ол
жырды кім шығарғандығы солғандап, ізі тотығады. Жырға әр заманның
ақындары, айтушылары жақсылы, жаманды ат салысқан болып шығады. Соңғы
ақындарда өз табының қараблынан ол жырды өңдейді, қосады, өзгертеді.
Сондай жырдың бірі «Қыз Жібек» деуге қақымыз бар» дей келе, Телжан бұл
жырды шығарушыларды және жырды жеткізушілерді сөз етеді [189].
Зерттеуші Т.Шонанұлының ең маңызды және көлемді еңбегі-«Қазақ жері
мәселесінің тарихы» атты зерттеуі. Зерттеу 1923 жылы жазылып, 1926 жылы
қызылордада басылып шыққан. Бұл көлемді зерттеу қазақтарды қоныстандыру,
отырықшылдандыру, оларға жер бөліп беру сияқты 1920 жылдардағы ең
көкейтесті мәселелерге байланысты жазлыған дүние. ғалымның еңбегі тарих
тәжірбиесі мен бүгінгі өмірді сабақтастыруда өзекті мәнге ие болды. Автор
қазақтың көшпелілігі тарихи-табиғи жағдайға пайда болғанын, ұлтты көшпелі
деп кемсіту, олардың өмір салтын түсінбегендердің теріс ойы екенін дәлелдеуге
тырысады. Зерттеуші жер мәселесі қоғамның ежелден шешілмей келе жатқан
ең негізгі әлеуметтік және ұлттық мәселесі екенін жете ұғынады. ғалымның
түсіндіруінше «қазақ жерін көп талаған, қазақ шаруасына көп кесірі тиген-
ресми отарлау»-екендігін тілге тиек етеді. Автор қазақ жерін отарлауды екі
үлкен дәуірге бөліп көрсеткен:1.Орысқа бағынғаннан бастап ХІХ ғасырдың 80-
жылдардың басында дейін. Бұл қазақтардың, әскердің пайдасына жер алу
дәуірі.2.80-жылдардың аяғы 90-жылдардан бастап патша құлағанға дейін, «қара
шекпенділер» үшін жер алу дәуірі [190,17].
Достарыңызбен бөлісу: