Болат әбдікәрімұлы асаубаева ақГҮл кенжебекқызы саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары



Pdf көрінісі
бет27/45
Дата26.07.2023
өлшемі1,25 Mb.
#104812
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
Санжар Асфендияров
жауапты партиялық
жұмыстар, мемлекеттік
міндеттерді атқара жүріп халыққа білім беру жүйесі мектептер туралы да
бірқатар еңбек жазған. Мысалы, «Мектептегі төңкеріс іс мейрамдары» 1920
жылы, «О вопросах школьного краеведения», «Жоғары дәрежелі техникумдар
үлгілі ісі үшін күресейік» 1935 жылы жарық көрді. С.Асфендияров ертеңгі


91
білікті маман, бүгінгі мектеп
қабырғасында дайындалатыны жайлы:
«Мұғалімдерді қайта даярлау ісін жақсарту керек, өйткені техникумдарда,
жоғары оқу орындарында студенттерді яғни, болашақ ұлттық мамандарды
даярлау тікелей мектеп мұғамімдерінің жұмысын сапасына байланысты
болмақ. Мектеп жұмысы (әсіресе мұғалімдердің сапасы) нашар жолға қойылған
жағдайда, оқу-ағарту ісінің барлық саласына зиян тигізеді. Сол арқылы сапасыз
мамандардың шығуына жол беріледі»[191,34],–дей келе, мектеп ісінің кең
жолға қойылуына басты назарын былай деп баяндайды:««Егерде мектептің
материалдық базасына (мекетеп ғимараты, құрал-жабдық, шеберханалар,
оқулықтар т.б.) көз жіберетін болсақ, көп жағдайда мектеп базасының әлі толық
құрылмағанын көреміз, мектептерді
қажетті
құрал-жабдықтармен толық
қамтамасыз ету үшін халыққа білім беру саласының қызметкерлері барлық істі
басқару органдарына аудара бермей, өздері де бұл саланың жандануы үшін
белсенді атсалысулары керек»[192,44]. Алғашқы қазақ ғалымдарының бірі
С.Асфендияров тарих мәселесіне да арнап құнды ғылыми еңбектер жазған.
Оның ең басты ғылыми еңбегінің бірінші томы «История Казахстана с
древнейших времен» деген атпен 1935 жылы Алматыда орыс тілінде баспадан
шыққан. Бұл кітаптың бірінші томында біздің эрамызға дейінгі ІІІ ғасырдан
1917 жылғы ақпан революцияына дейінгі аралықтағы қазақ елінің тарихы
қамтылады. «Қазақстандағы 1916 жыл ұлт азаттық көтерілісі»[193,15] атты
кітабында патша үкіметінің қазақ отарлау саясатының бер пердесін жеріне
жеткзіе ашып береді. Бұл еңбегінде орыс әкімдеріне қазақ жерінде жүргізген
озбырлығын, олардың
парақорлығын,
әділетсіздігін
әшкерелеп, нақты
мысалдармен сипаттай отырып жазды. Сөйтіп, өмір шындығына жіті көзбен
ғалым Ресейдің қазақ жеріндегі отарлау саясатын сол кездің өзінде-ақ
әшкерелеп әрі халыққа батыл түрде жеткізе біледі.
Республикадағы
қоғамдық ғылымдардың
көш бастаушысы, белгілі
тарихшы ғалым ретінде профессор С.Асфендияров өскелең ұрпақты тәрбиелеу
мен білім берудегі қоғамдық пәндердің маңызына тоқталады. «Болашақ жастар
өмір сүріп отырған мемлекеттін өткені мен келешегін, оның алдында тұрған
жоспарларды жақсы білуі
қажет,-дейді С.Асфендияров,-сонымен бірге,
оқушыны өз елінің басынан кешкен қиындықтармен танысып қана қоймай,
сондай қиындықтан елін, халқын алып шығуға белсене қатысып, оған өзінің
үлесін қосатындай болып тәрбиеленуі керек»[191,32]. Профессор еліміздің 20-
30жылдары қоғамдық-саяси өміріне белсене ат салысқан белгілі қоғам
қайраткері, педагогикалық бай мұрасының ішінде мектептердегі өлкетану ісін
дамытуға
қосқан
үлесі 
ерекше.
өйткені,
өлкетану 
оқушылардың
дүниетанымының қалыптасып, білім деңгейінің артуына, сонымен бірге жан-
жақты дамуына ықпалын тигізетін білім беру мен тәрбие ісінің негізгі
бөліктерінің бірі болып табылды. С.Асфендияров кең байтақ Қазақстанның әр
ауданының табиғи ерешеліктерін, экономикасының дамуын зерттеп, жинақтау,
сонымен 
бірге 
тарих 
ескерткіштер 
турал 
мәліметтерді 
жинау
өлкетанушылардың алдындағы үлкен әрі жауапты міндет деп білді. өлкетану
ісінің оқушылар танымын арттырудағы маңызын жоғары бағалап, оларыдң өз
Отанын, ұлтын сүюге, оның табиғи байлықтарын игеруге әрі сақтауға


92
көмектесетін бірден-бір пән деп есептеді. ғалым- педагог өлкетануды туған
өлкенің тарихын, этнографиясын, әдебиетін, мәдениетін, табиғатын, халық
шаруашылығын оқып-үйренуді бірлестіретін, яғни оқыту мен тәрбиелеудің
маңызды бір педагогикалық құрамы ретінде кешенді пән ретінде қарастырады.
«өз
өлкеңді барлық
жағынан: геологиялық,
этнографиялық,
фольклор,
география және гидрологиялық білуде өлкетану ісі түсінікті әрі қарапайым
мектеп болып табылады»[194,6],-деп жазды. Ол сонымен бірге, мектептегі
өлкетану ісі дұрыс жолған қойылған жағдайда оқушылардың Отанына, ұлтына
деген патриоттық мақтаныш сезімін арттыруға нәтижелі үлес қосады деген
пікірге келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет