93
аударсылсын;4)кеңес үкіметінің жергілікті мекемелері арқылы осы күнде
бұқара
халықтың
оқуға
аңсары
дұрыс
пайдалансын.
Мысалы
ұлт
оқытушыларының белсеніп, кірісіп ұлт мектебіне көмек көрсететін ұйымдар
ашылсын;5)ұлт
республикаларының аймақтарының, ұсақ ұлттардың шаруасын
көтеруге тым-ақ керек кәсіп (профтехника) қара шаруа мектептерін ашуға
күшті назар салынсын;6)ұлттардың оқытушы даярлайтын техникумдары,
институттары болуыдың үстіне осы күнгі оқытушыларының қоғам ілімі саясат
жағынан ғана емес, таза өзінің оқыту педагогикалық жағынан да білімдерін
толықтыруға жыл сайын үзбей курс ашылсын;7)ордада да. жер-жерде де кіатп
басу ісі көркейтілсін. ұлт мектептеріне оқу кітаптары,
оқу құралдары,
оықтушыларға
оқыту,
тәрбие
әдісін
үйрететін
кітаптар
жеткілікті
болсын...»[197,69].
1924 жылы Орынбор қаласында өткен қазақ білімпаздары съезінің күн
тәртібіндегі мәселенің бірі латын әліппесі туралы болды. Аталмыш съезді
қазаққа латын алфавитін алу керектігін жайында Н.Төреқұлов баяндама жасап,
«Қазақ әдебиетіне де, мәдениетіне де, тіліне де латын алфавитінен келетін зиян
жоқ, қайта ол оқып, жазуға қолайлы, білімімізді алға жылжытады» деген пікірін
айтады. Осы жылы «Жаңа әліппе неге керек?»деген кітап шығарып онда араб
әрпінің 10 түрлі кемшілігін көрсетеді:
1. оқу жағынан көрінген міндері.
2. жазуға қолайсыздық.
3. медицина, денсаулық жағынан айып
4. санмен қатар келгенде қолайсыздық
5. білім кітаптарын жазғандағы қолайсыздықтар.
6. музыкада қолданып болмағандығы.
7. баспа ісінде бұл қаріптің жарамағандығы.
8. жазу машинкасы мәселесі.
9. Европа типография баспа ісіне кіргізетін жаңалықтарын ілесе алмайды.
10.Европа тілдерін үйренуге қиындық келтіреді[198,173].
1926 жылы «Жат сөздер туралы» деп аталатын кітапшада «баяғы заманнан
бергі қазақ Еділ-Тарбағатай. Сырдария-Ертіс арасында жүрген кезде жан-
жағынан қытай, монғол, араб, парсы, европа мәдениеттері қазақтың тіліне,
әдетіне шаруасына» қалай әсер еткенін талдай келе, жат сөздердің қазақшаға
айналғандығы өзгері заңдылықтарын қарастырған.
Қазақ халқының көркемдік шығармашылығы саналатын халық ауызекі
шығармашылғы халықтың еңбек және әлеуметтік тәжірибесінен жинақтаған
білімі мен даналығының көрінісі болған. Ондағы әрбір сөз мазмұнды, шынайы,
таза болыр келеді. Осы ретте Н.Төреқұловтың «қазіргі қазақ фольклоры» еңбегі
[199,340] үлкен қызығушылық тудырады. Онда ғалым қазақ фольклорының
поэтикалық (ән, толғау, дастан, айтыстар);прозалық (ертегілер және ертегі емес
проза);дидактикалық сипаттағы ұсақ жанр (мақалдар, мәтелдер,
афоризмдер,
жұмбақтар, жаңылтпаштар) формасында болатынын айтып, оықрмандарға
кеңес кезеңіндегі қазақ фольклорының жанрлық құрылымы туралы мағлұмт
беруге тырысқан. 1916 жылдың 12 ақпанында «Қазақ» газетінде жарық көрген
«Әдебиетімізге көз салу» мақаласында қазақ әдебиетінің келешек заманда жүзі
94
жарық болашағы үшін ұлт мектебінің негізін түзу қамын ойластырған. Халық
әдебиетіміздің негізнде жаңа тіл, дәлірегі жаңа әдеби тіл, жасамақ керектігін,
жаңа сөздер, жаңа түрлер, жаңа кестелер жетпейтінін ескертеді. Аталмыш
мақалада:«...Абай әдебиетіміздің атасы, бұл жолдың қорқынышсыз, біздер үшін
пайдалы екенін сезіп, сол жолға бұрылды. әйтпесе Абай үшін араб, ғажам жолы
да ашық еді...»[200,39]. Бұдан Нәзірдің абай дәстүрін-ағартушы санаткерлердің
жолын ұстанғанын анық аңғарамыз. «... Ұлт әдебиетімізді майданға шығармақ
үшін
ең әуелі
өз тұрмысымызды білгіміз,
үйренгіміз, ел аузындағы
әдебиетімізді жиып тәртіпке-белгілі сарынға салмағымыз, өз жұртымызды әр
жақтан білмегіміз керек. қазақ зиялылары бұл күнге шейін бұл туралы не
қылды? Бізге ұят: халқымыздың бай әдебиетін, оның ертегілерін, мақалдарын,
күйлерін, жырларын... білуге, жинауға құштарлығымыз жоқ. Көңіл қойсақ
бұларды
жию қиын іс емес, әрбір оқып-жаза білетін кісінің қолынан келетін
жұмыс. Егер халық аузынан жазып бір жерге жинасақ, оларды тәртіпке салсақ
әдебиетіміз, ғылымыз үшін бір пайда шығара алатын кісілер табылып қалар
еді»[200,40 б],-деп зор қоғамдық пікір тудырды. қорыта айтқанда, көрнекті
қайраткер Н.Төреқұловтың шығармашылық мұрасы мыналармен шектелмейді.
Оның мұрасы қазақстан мен Орта Азия ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы
өзекті мәселелердің бір арнасы деп білеміз.
Саяси куғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялылары 30-жылдары
қазақстандағы оқу-ағарту ісінің негізгі қырларын аша тұра, қазақ жерінде
ағартушылық идеяларды жетілдіруге ерекше назар аударған. Сол кездегі қазақ
жеріндегі ағартушылық науқынының ортасында жүріп, сауат ашу мақсатында
ағартушылық қызметтер мен оқулықтар, оқу құралдарын жазуды ұсынады.
Саяси куғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық
идеяларын
болашақ ұстаздардың
даярлық үрдісіне
ендіру жолдарын
қарастырудың теориялық мәнділігі зор. Сондықтан, келесі тарауда осы
мәселелер қарастырылады.