STEM ЭЛЕМЕНТТЕРІН САБАҚТА ҚОЛДАНУ БАРЫСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР 1. Үлгі құру (тақырып бойынша модель жасау)
2. Мазмұнды жеткізу үшін технологияны қолда-
ныңыз: бейнелер, онлайн ойындар, KAHOOT.
3. Технология: мультимедиялық презентация-
лар және анимация күрделі тақырыптарды түсін-
діру үшін қолданылады
4. Деректерді жинау үшін далалық жұмыс
5. Эксперимент: гипотеза жасау, қарым-қаты-
нас табу, есептеу
STEM білім беру нәтижелері:
1. Студенттердің зертханалық пәндерді оқытуға
қызығушылығын арттырып, тілді дамытады.
2. Студенттердің сыни ойлау қабілеттерін же-
тілдіреді, стандартты емес тапсырмаларды әртүрлі
эксперименттерді тестілеу және өткізуді үйренеді.
Студенттердің болашақ мамандық иесі ретінде,
алуан түрлі проблемаларды шешуге мүмкіндік бе-
реді.
3. Студенттердің қарым – қатынас дағдыларын
белсендіреді. Бұл жүйені енгізу ұжымдық жұмыс
жасау дағдыларын дамытады. Білім алушылар бір-
лесіп зерттеу жүргізіп, өз модельдерін жасайды.
Олар аудиториялармен диалог құруды үйренеді.
Khan Academy – Biology, KAHOOT сияқты инте-
рактивті онлайн ойындарды, белгілі бір тақырып
бойынша Flashcards және (worksheet) жұмыс па-
рақтарын пайдаланамыз. Translanguaging (тілдер-
дің кезектесуі немесе тілдерді ауыстыру).
Студенттер ақпаратты (INPUT) (мысалы, оқы-
лым және тыңдалым) бір тілде алады және басқа
тілде сөйлейді (OUTPUT) (мысалы, айтылым және
жазылым). Support vocabulary (тақырып бойынша
көмекші сөздік қоры) қолданылады. [Жетписбаева
Б.А., 2008, 299 – 300 б. ]
Осылайша, студенттердің ана тілінде және
оқып үйренетін тілде оқыту бір тұтасты құрайды.
Ағылшын тілі арқылы жаратылыстану, биология,
химияны, тағы бірқатар басқа пәндер оқытыла
алады. Осы пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін
таңдап алынуы толық негізделген.
ҚОРЫТЫНДЫ Жоғары кәсіби мектеп аясында көптілді білім
берудің ұйымдастыру негіздері сақталады, бірақ
өзіндік ерекшелікке ие болады. Оқытудың кредит-
тік жүйесін ұйымдастыру кезінде студентке, көптіл-
ді тұлға ретінде, оған қажет қай тілде оқытылатыны
маңызды емес, оған курстың өзі маңызды, бұдан
басқа оған курсты ұсыну тілінен гөрі, оқытушының
кәсіби деңгейі жоғарғы дәрежеде маңызды болып
табылады [Иманғалиев Е.Т., Қонтаев С.С., Ашимов
Е.М. 2009, 18 – 19 б. ].
Үш тілдіктің маңызын түсіне білген адамның
еліміз үшін болашақтағы алары да,берері де мол.
«Біз Ағылшын тілін игеруде серпіліс жасаумыз ке-
рек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франксын» меңге-
ру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз
жаңа мүмкіндіктерді ашады.» делінген.
Зерттеудің нәтижесінде студенттердің интел-
лектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын тех-
нологиясын әдістемеде қолдана отырып сабақты
үш тілде жүргізудің тиімділігінің зор екендгіне көз
жеткіздік.