219
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
ҒЫЛЫМЫ
МЕН
Ө
М
ІР
І •
НАУКА
И
ЖИЗНЬ
КАЗАХСТАНА
•
SCIENCE
AND
LIFE
OF
KA
ZAKHST
AN
КІРІСПЕ
Жаһандану жағдайындағы қоғамдық өмірде
тіл аясы өзгерістерге ұшырағыш болып келеді.
Бұл саяси, экономикалық және мәдени жүйелер-
дің өзгеру сипаты мен қарқыны әрбір жеке елге
тән тіл, этномәдениеттік, әлуметтік және басқа
нақты тарихы жағдайларға бағынышты бола-
тындығымен түсіндіріледі.
Мемлекттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту
тұжырымдамасы, оның бәсекелесу қабілеттілігін
көтеру мемлекттік тілді үйрену сапасын жақсар-
туға, барлық қоғамдық өмір айналасында мем-
лекттік тілдің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге,
ұларалық келісімді және қазақы отаншылдықты
нығайту факторларын жоғарлатуға бағытталған.
[Кадирбаева Д.А. 2019. № 6 /1. – С. 123 б.].
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім ака-
демиясымен үш тілді білім беру саласында-
ғы ғылыми зерттеулер бағдарлама жобасында
тиімді ықпалдастық етуге бағытталған бірнеше
мүмкіндіктер қарастырылған. Атап айтқанда,
2015 – 2020 жылдарға арналған үш тілді білім-
ді дамытудың жол картасын іске асыру оқу бағ-
дарламалары мазмұнын білім берудің барлық
деңгейлерінде жаңартылуын қамтамасыз етеді;
үш тілді білімді тиімді еңгізу үшін педагогикалық
кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін
жетілдіруге; Қазақстанда үш тілді білім саласын-
да тиімді ғылыми зерттеулерді жүргізуді қамта-
масыз етуге, «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени
жобасын жұртқа танытуға мүмкіндік береді де-
лінген [Иманғалиев Е.Т., Қонтаев С.С., Ашимов
Е.М. 2009, 15 – 16 б.].
Үш тілді білім беруді ғылыми – әдістемелік
қамтамасыз ету аясында үш тілді білім беру сала-
сындағы ғылыми зерттеулерге бағытталуы керек:
– көптілді білім берудің позитивті шетелдік
тәжірибесін зерттеу және қорытындылау және
оны отандық білім беру жүйесіне бейімдеу бо-
йынша ғылыми негізделген ұсыныстарды әзір-
леу;
– үш тілді білім беру жағдайында тіл емес
пәндердің болашақ мұғалімдерін лингвистика-
лық даярлау әдістемесін жасап, оны ғылыми не-
гіздеу;
– екінші тілде оқыту әдістемесін әзірлеу (жа-
ратылыс – ғылыми пәндерді/сабақтарды ағыл-
шын тілінде, Қазақстан тарихын, қазақ әдебиетін
– қазақ тілінде және т.б.);
– оқу материалдарын (біріктірілген оқу –
әдістемелік кешендерді) ағылшын тілінде және
оларды қолдану бойынша әдістемелік ұсыным-
дарды әзірлеу;
– тілдерге (қазақ, орыс, ағылшын) кәсіби ба-
ғыттап оқыту мазмұнын жасау және ғылыми не-
гіздеу;
– үш тілді білім беру жағдайында жұмыс жа-
сау үшін педагогикалық мамандық студенттері-
нің тіл дайындығы
технологияларын әзірлеу;
– үш тілді білім беру жағдайында студенттер-
дің оқу жетістіктері нәтижелерін бағалау меха-
низмдерін дайындау;
– тілдерге оқытудың инновациялық техно-
логияларын қолдану бойынша әдістемелік ұсы-
нымдарды дайындау;
– үштілді білім беру жағдайында оқытуға қа-
білетті педагогтың үлгісін жасау;
– үш тілді білім беруді есепке алумен жоо пе-
дагогикалық маман дықтарының білім беру бағ-
дарламаларының мазмұнын жаңарту (білім беру
бағдарламаларының әдістемелік модульдерін
жасау және т.б.) [Қазақстан Республикасының
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стан-
дарты., 2016 7 б.].
Тілдік білім беру процесін ақпараттық – тех-
никалық қамтамасыз ету айтарлықтай жақсарып
келеді: мектептер мен ЖОО мультимедиялық
лингофонды кабинеттермен, интербелсенді тақ-
талармен және өзге мультимедиялық аппарату-
рамен жабдықталған. Тілдік білім беруді ұйым-
дастыруда қол жеткізген жетістіктерге қарамас-
тан республикада шешімі ғылыми негізделген
ұсынымдарды талап ететін белгілі проблемалар
бар. Көптілді білім берудің мәні инновациялық –
педагогикалық қызмет ретінде негізделген бол-
ғандықтан, ұйымдастыру – басқару аспектілері
бүгінгі күні ғылыми – педагогикалық білім беру-
дің жаңа салаларын көрсететін педагогикалық
менеджмент және педагогикалық инноватика-
ның теориялық көз қарасынан әзірленуі керек.
Үш тілділікті енгізудің мақсаты – кәсіби бағыт-
талған бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және
мәдени тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Алға тартқан мәселелерді шешу үшін, үш тілді
білім беруді енгізу және теориялық – әдіснама-
лық, әдістемелік негіздерді әзірлеу қажеттілігі
туындады.
Қазіргі кезде өзекті мәселелерде төмендегі-
дей қарама – қайшылықтар кездеседі:
– қоғамның көптілді тұлғаға қажеттілігі және
көптілді білім беру жүйесінің оқыту жағдайында,
оны дайындау процесі арасындағы байланыс-
тың болмауы;
– көптілді білім беру жүйесін әзірлеу қажет-
тілігін және оны нормативтік – құқықтық және
ғылыми – әдістемелік қамтамасыз етудің фраг-
менттілігі;
– көптілді білім берудің ғылыми – әдістемелік
базасын жетілдіру қажеттілігі және оның теория-
лық – әдіснамалық негіздерін қалау қажеттілігі.
Ғылыми – әдістемелік қамтамасыз ету құры-
лымында дәстүрлі түрде мынадай компоненттер
бөлінеді:
– құзыреттілік жедел жағдайында оқытушы-
лардың арнайы теориялық, әдіснамалық және
психологиялық дайындығы;
– оқытудың мазмұнына студенттердің кәсіби
құзыреттілігін, студенттер мен оқытушылардың
жаңа жағдайларда өзара іс – қимыл тәжірибесін
енгізу;