Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет78/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   395
    Бұл бет үшін навигация:
  • Keywords
Ключевые слова: образование, самообразование, самообучение, непрерывное образование, 
профессиональное самообразование.
Summary.  In  the  article  the  problems  of  self-education  of  teachers  universities  as  an  object  of 
psychological and pedagogical research; the concept of the definition of “self-education”; discusses the 
role and importance of self-education in professional educator. 
Keywords: education, self-education, self-study, continuing education, professional self-education.
КІРІСПЕ
Қоғамның  заманауи  дамуы,  оқыту  мен  тәр-
биенің мазмұнын жаңартуға және жаңа техноло-
гияларын  жасауға  бағытталған  білім  беруді  жа-
һандандыру жоғары мектепте педагогикалық ма-
мандарды даярлауға жаңа талаптар қойып отыр. 
Осыған  байланысты  кәсіпқойлықтың,  құзы-
реттіліктің  жоғары  деңгейіне  ие,  ғаламдық  бі-
лімді қалыптастыру мен дамытуға, конструктивті 
идеялар  мен  мәселелерді  шешудегі  болжауға, 
ақпараттың артып отырған ағынын практикада 
пайдалануға қабілетті педагогтарға деген сұра-
ныс артып отыр [Калаков Н.И., 2010].
Бүгінде маман алған білімдерін жемісті қол-
дануы,  оны  инновациялық  технологияларға 
өзгерте  білуі,  сыни  ойлай  білуі,  креативті  және 
коммуникативті қабілеттерге ие болуы, шет тіл-
дерін меңгеруі, ақпараттық жүйелермен жұмыс 
істей  білуі  және  бүкіл  өмір  бойына  білім  алуға 
мотивацияға ие болуы тиіс. 
Заманауи жағдайларда білім алушыларға бі-
лім  беру  мен  тәрбиелеу  сапасын  арттырумен 
байланысты  кәсіби  білім  беруді  жаңарту  педа-
гогтардың үнемі өз бетінше білім алуларын же-
тілдірулерін  талап  етеді.  Өз  бетінше  білім  алу 
педагогтың  кәсіби  іс-әрекетінің  өсуінің  қажетті 
шарты  болып  табылады.  Қоғам  әрқашан  педа-
гогтарға  ең  жоғары  талаптарды  қойып  келді, 
қоятын да болады. 
Жас  ұрпаққа  білім  беру  сапасы,  оның  өмір-
ге дайындығы педагогтың кәсіби және тұлғалық 
мәдениетінің деңгейіне, тұрақты түрде тұлғалық 
және кәсіби өсу қабілеттілігіне тәуелді. 
Өзгелерді  оқыту  үшін  басқалардан  да  көп 
білу  керек.  Педагог  кәсіби  оқыту  мен  тәрбие 
әдістемесін меңгеріп қана қоймай, жақын ғылы-
ми  білім  салаларынан,  қоғамдық  өмірдің  түрлі 
салаларынан  терең  білімі  болауы,  жаһандауға, 
болжам жасауға, заманауи саясатқа, экономика-
ға және басқаларға бағдарлана білуі тиіс. 


47
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
Сондықтан мұғалімнің өз бетінше білім алуы 
қоғамның білім беруге қатысты әлеуметтік тап-
сырысы  және  оның  тұлғалық-кәсіби  өсуінің 
факторы  болып  табылады.  Заманауи  қоғамның 
ғылыми  және  әлеуметтік  үдерісі  маманның  өз 
бетінше білім алуына да тәуелді екені айқындала 
түсуде. 
Сонымен бірге, педагогикалық мамандардың 
өз бетінше білім алуы мәселесін зерттеу ғылыми 
әдебиеттерде  және  практикада  зерттеу  көпте-
ген  мұғалімдерде  өз  бетінше  білім  алуға  деген 
қажеттілік деңгейінің төмендігі тән екенін, олар 
оң тәжірибені игеруге, өз жұмысының тиімділігін 
бағалауға  қиналатынын  көрсетеді.  Мұғалімдер 
арасында олардың өз бетінше білім алуы – бұл 
шығармашылыққа, өзін-өзі көрсетуге, педагоги-
калық  қызметтің  бірегей  дербес-шығармашы-
лық стилінің қалыптасуына апаратын жол екенін 
дұрыс бағаламайтындар кездеседі. 
Істің  мұндай  жағдайы  болашақ  мұғалімдер-
де тұрақты түрде өз бетінше кәсіби білім алуға 
деген қажеттіліктерін қалыптастыруға жеткілікті 
дәрежеде бағдарланбаған қазіргі күнгі мұғалім-
дерді даярлау жүйесі мен шынайы мәнінде өзін 
және өздерінің оқушыларын «жасауға», тұрақты 
түрде шығармашылық өз бетінше білім алу жұ-
мысына  деген  қажеттілігінің  негіздері  қарасты-
рылған  мұғалім  мамандығының  ерекшеліктері 
арасындағы  қарама-қайшылықпен  түсіндіріледі 
[Арымбаева К.М., 2019].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет