Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет79/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   395
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана 4 6 2020

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазіргі күнгі психологиялық зерттеулер адам-
ның жасына қарамастан бүкіл өмірі бойына бі-
лім алуға қабілетті екенін дәлелдеп отыр. Осы-
ған байланысты заманауи жағдайда мұғалімнің 
өз бетінше білім алу жұмысы мәселесін зерттеу 
қажеттілігі туып отыр. 
Жаңа міндеттер аясында білім беруді жаңар-
ту  мен  жаһандандырудың  өткір  проблемасы 
ересектерге білім беру қыры болып отыр, өйт-
кені қоғамдық және экономикалық жүйелердің 
заманауи дамуы олардан үздіксіз білім алуды та-
лап етеді. 
Білім  беру  келесідей  негізгі  идеяларды  бас-
шылыққа  алуы  тиіс:  демократияландыру,  үздік-
сіздік,  иілімділік.  Білім  берудің  басты  мақсаты 
болашақ  ересек  адамды  өз  бетінше  білім  алу 
мен өз бетінше іс-әрекеттің түрлі формаларына 
дайындаудан тұрады [Широких О.Б., 2017].
Философиялық тұрғыда «білім беру» сөзінің 
өзі  екіжақты  қарастырылуы  мүмкін:  «бейнесі 
бар»  (образ)  ретінде  және  «өз  бейнесін  құру» 
ретінде, әрі екі жағдайда да кілт сөз «бейне» бо-
лып табылады. 
Философия  «білім  беру»  сөзінің  мағынасын 
ең  алдымен,  өзіне  өзі  білім  беру  ретінде  аша-
ды. Бұл күрделі үрдістің бастапқы кезеңі өзін-өзі 
тану болып табылады. Бұл күрделі мәселені ше-
шумен таным теориясы айналысады. Білім беру 
үрдісі – сәйкес білім мен біліктерге қол жеткізу 
арқылы  бекітілген  білім  мен  білікті  алу  және 
жеткізу үрдісі. 
Сонымен, философиялық көзқарас тұрғысы-
нан  алғанда,  өз  бетінше  білім  алу  –  бұл  таным 
теориясының негізгі заңдылықтарына бағынды-
рылған  таным  үрдісі,  оның  нәтижесі  интеграл-
ды,  құрылымдық  құраушысы  рефлексия  болып 
табылатын  жаңа  білімдер  болады.  Өз  бетінше 
білім  алудың  негізгі  сипаттары  келесілер  бола-
ды:  қажеттілікті  іштей  тану,  жеке  тұлғаның  ішкі 
еркіндігі, мақсаттылық, өзін-өзі іске асыру. 
Мәселеге педагогикалық тұрғыда талдау жа-
сай отырып, келесі жайтты атап көрсету қажет: 
философияда өз бетінше білім алудың маңызды 
сипаттамалары алынған. 
Педагогикалық ғылым жеке тұлғаның өз бе-
тінше білім алу үрдісінде қалыптасуының техно-
логиялық жағын зерттейді.
Сондықтан  педагогиканың  зерттеу  пәні  өз 
бетінше білім алу үрдісі, өзін-өзі дамытушы тұл-
ғаны  дамыту  шарттары  мен  құралдары,  өз  бе-
тінше  білім  алу  қызметін  басқару  мен  өзін-өзі 
басқарудың жолдары мен құралдары, адамда өз 
бетінше білім алу үрдісінде қалыптасатын түрлі 
психикалық  құрылымдардың  даму  деңгейлері 
болады. 
Қоғамның  әрбір  мүшесінің  өз  бетінше  білім 
алуы оның іскердік біліктілігінің артуына ықпал 
ететіндіктен, жалпы білім беру жүйесі әрқашан 
көпшілік  өз  бетінше  білім  алуды  іске  асыруға 
мүдделі және нақты әлеуметтік жағдайға байла-
нысты түрлі белсенділік дәрежесімен оны ұйым-
дастыруға қатысады. 
Білім беру жеке тұлғаны дамытуға және оған 
өмір  бойына  білім  беруге  құрылуы  тиіс.  Білім 
беру – қоғамның тіршілік әрекетінің әлеуметтік 
қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет ететін 
ерекше саласы. 
Білім беру адамзат тәжірибесін зерттеудің, за-
манауи  қоғамның  барлық  әлеуметтік  топтарын 
мәдениет  пен  өркениетке  қатыстырудың  әлеу-
меттік-педагогикалық үрдісі қызметін атқарады. 
Заманауи жағдайда өз бетінше білім алу кә-
сіби иілімділік пен жинақтылықты және өзгеріп 
отырған  жағдайлар  мен  кәсіби  білім  берудің 
кәсіби  еңбек  мазмұнына  бейімделуге  мүмкін-
дік беретін деңгейін қалыптастыруға, сондай-ақ 
жеке  тұлғаның  өзін-өзі  жемісті  іске  асыруына 
жағдайлар құруға бағдарлануы тиіс. 
Бүгінде тиімсіз білім берудің себептерінің бірі 
білімділік  пен  оқығандықтың  арасындағы  бай-
ланыстың үзілуі болып отырғанын түсіну маңыз-
ды.  Адамдардың  білімділігінің  деңгейі  олардың 
оқығандығының деңгейінен едәуір артта қалып 
отыр. Бұл артта қалу адам іс-әрекетінің шынайы 
мәнінің жоғалуына әкеледі. 
Өз  бетінше  білім  алу,  қоғамның  және  мем-
лекеттік  білім  беру  қызметінің  белсенділігінің 
өзараәрекеттестігі білім берудің шынайы жұмыс 


48
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
істеп отырған жүйесінің біртұтас келбетін анық-
тауға,  онда  жүріп  жатқан  үрдістердің  динами-
касына талдау жасауға, оның дамуын осындай 
білім беру белсенділігінің анықталған жаңа ке-
лелі факторларын есепке ала отырып болжауға 
мүмкіндік береді. 
Осылайша, бүгінде дәстүрлі бірреттілік білім 
берудің  орнына  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің 
келбеті келеді, онда дипломнан кейінгі оқу жү-
йесіне маңызды орын беріледі. 
Мамандардың  білімі  мен  кәсіби  деңгейін 
арттыру  мәселелерін  жылдам  шешу  тұрғы-
сынан  алғанда,  инновациялық  технологиялар 
спектрі  арасында  дамудың  анағұрлым  келелі 
векторы  ХХ  ғ.  аяғындағы  іргелі  және  қолдан-
балы  жетістіктеріне  негізделген  қашықтықтан, 
жоғары оқу орнынан кейінгі және кәсіби білім 
беру болып табылады. 
Дәстүрлі түрде гуманитарлық ғылымда ірге-
лі жұмыстардың деңгейі педагогикадағы өз бе-
тінше білім алу мәселелерін зерттеу мүмкіндігін 
қамтамасыз  етеді.  Әдебиеттерде  «өз  бетінше 
білім алу» ұғымына берілген оннан аса анықта-
маларды кездестіруге болады. 
Олардың  көпшілігіне  айқынсыздық,  белгі-
лердің жеткіліксіздігі тән: «өз бетінше білім алу 
–  бұл  сырттан  арнайы  жетекшіліксіз  білім  алу 
үрдісі», «бұл өз бетінше жұмыс арқылы оқу ор-
нынан тыс қол жеткізілген білім, «өз бетінше та-
ным» [Гершунский Б.С., 1998].
Өз  бетінше  білім  алу  танымдық  іс-әрекет-
тің  білім  алушылар  өздерінің  ішкі  тілектеріне, 
алдарынына  қойған  мақсаттарына  сәйкес,  қол 
жеткізілген өз бетінше жұмыс істеу біліктерінің 
негізінде  олардың  біртұтас  дүниетанымының 
негізінде жататын жаңа білімдер мен біліктерді 
игеруге ұмтылады, сонымен бірге өзінің рухани 
қабілеттері  мен  саналы  еңбек  мүмкіндіктерін 
жетілдіреді. 
Поляк педагогы В.Оконь келесідей анықтама 
береді:  «Өз  бетінше  білім  алу  –  мақсаты,  маз-
мұны,  шарттары  мен  құралдары  субъектінің 
өзіне тәуелді болатын оқыту түрі. Бұл адамның 
мүлде өз бетінше білім алу үрдісі». В.Оконь адам 
«өз бетінше білім алудың оңтайлы деңгейіне ол 
адамның  тұрақты  өмірлік  қажеттілігіне,  оның 
бүкіл өмір бойына білім алуының негізіне, оның 
мінез-құлқы мен өмір салтына айналғанда қол 
жеткізеді» деп есептейді [Оконь В., 1990].
Өз  бетінше  білім  алу  мәселесімен  айналы-
сатын  зерттеушілер  әрқашан  өз  қалауынсыз, 
сыртқы факторлардың ықпалымен оқуға бола-
тынын  атап  көрсетеді,  ал  өз  бетінше  білім  алу 
әрқашан  білім  алуға  деген  қажеттілікке  жауап 
ретінде және өз бастамасы бойынша пайда бо-
лады. 
Өз бетінше білім алуды анықтай келе О.И.Ган-
ченко бұл құбылыстың екі түсінігін ажыратады, 
бұл  бір  жағынан,  бүкіл  адам  өмірі  үнемі  өзін-
өзі  дамыту  және  өз  бетінше  білім  алудың  көзі 
болып  табылады,  екінші  жағынан,  өз  бетінше 
білім  алу  дегенде  белгілі  бір  тұлғалық  немесе 
қоғамдық  маңызды  білім  беру  мақсаттарына 
(жалпымәдени  және  кәсіби  қызығушылықтар 
мен танымдық қызығушылықтарды қанағаттан-
дыру, біліктілікті арттыру) қол жеткізуге бағыт-
талған  арнайы  ұйымдастырылған,  харекетшіл, 
жүйелі  танымдық  іс-әрекет.  Өз  бетінше  білім 
алу – бұл соңынан адамгершілік өзін-өзі жетіл-
діруді қоса алып жүретін ақыл-ой және дүние-
танымдық  өзін-өзі  тәрбиелеу  [Ганченко  И.О., 
2005].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет