11
24 шілде
№30 (458)
СЕРГЕК
СЕРГЕК
Бәрекелді!
ТАЛАСТЫҢ ТҮЛЕГІ ТАЭКВАНДОДАН
ТАЛАСТЫҢ ТҮЛЕГІ ТАЭКВАНДОДАН
ТҰҢҒЫШ ƏЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
ТҰҢҒЫШ ƏЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Хабарландыру
ЖАҢА СТАНДАРТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
ЖАҢА СТАНДАРТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
ТӨРТ КЛУБ БІРДЕЙ ЖЕҢІЛІССІЗ КЕЛЕДІ
Еуромаусым
Еліміздің қарқынды дамуының дұрыс бағыты мен сара
жолының нақтылы белгіленуіне Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауында ерекше мəн беріп, атады.
Жолдауда Жер қатынастары саласындағы мемлекет тарапынан
қызмет көрсетілуінің сапалы болу, ол индустриалды-инновациялық
жəне инвестициялық жобаларды іске асыру жолында маңызды
үлес қосатындығын атап өтті.
Осы салада «Жер ҒӨО» РМК Жамбыл филиалы Жамбыл
облысының аймағы бойынша жер қатынастарын реттеу мəселелері
бойынша ерекшелік маңыздылығына байланысты жұмыстарды
атқарып келеді. Жерге орналастыру жұмыстарын жаңа стандарт
талаптарына сəйкес озық технологияларды пайдалана отырып,
халыққа сапалы қызмет көрсетудің басты маңыздылығын
жан-жақты қарап, «Жер ҒӨО» РМК Жамбыл филиалының
қызметкерлері жаһандық бəсекелі рейтинг саласындағы кəсіби
қызметтің сапасын көтеру мақсатында бар күш-жігерін жұмсап,
жерге орналастыру жұмыстарын жүргізіп келеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жер қатынастары,
геодезия жəне картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін
қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 16
сəуірдегі №358 қаулысы негізінде мүдделі жеке жəне заңды
тұлғаларға мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетіп, еліміздегі
жүргізіліп жатқан жер реформасының нəтижелі болуы қашан да
жергілікті жерде жер кадастры, жерге орналастыру мамандарының
араласуымен
түрлі
жұмыстардың
сапалы
атқарылуына
байланысты екендігі анық. Бұл салада «Жер ҒӨО» РМК-ның
Жамбыл филиалы ұжымының айтулы істері баршылық.
Құрамында 5 негізгі бөлім, 11 аудандық жер кадастрлық
бөлімшелері, құжаттарды қабылдау жəне олардың орындалуын
бақылау, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған
ақпараттық жүйесінің облыстық орталығы, мемлекеттік сатып
алуды ұйымдастыру секторы, коммерциялық жұмыстарды жүргізу,
стратегиялық дамуды жоспарлау бөлімдері бар филиал бүгінде
білікті де тəжірибелі жас мамандармен толығып, барлығы 220
адам қызмет атқаруда.
Еліміздің индустриалды-инновациялық жоба бағыттарын
нығайту жолында «ЖерҒӨО» РМК Жамбыл филиалы
облыс аумағында жер қатынастарына байланысты негізгі
мамандандырылған
кəсіпорыны
болғандықтан
атқаратын
жұмыстарының ауқымы жыл сайын ұлғайып келеді. Жер
учаскелеріне сəйкестендіру құжаттарын əзірлеу, жерді кадастрлық
бағалау жəне өзге де жерге орналастыру жұмыстарын жүйелі
түрде жүргізіп, 2013 жылы «ЖерҒӨО» РМК Жамбыл филиалында
жұмыс түрлері бойынша 23 422 тапсырыс берушілердің өтініштері
қанағаттандырылды, кəсіпкерлік мақсаттар үшін 515, ауыл
шаруашылығы мақсатында 239, барлығы 1020 жер учаскесі жеке
меншікке сатылып, қаржы бюджет есебіне 430 147 мың теңге
аударылды.
2007 жылдан бастап облыстың барлық аудан орталықтарында
МЖК ААЖ орталықтары ашылды. Бүгінгі таңда аталған
орталықтарда сəйкестендіру құжаттарын дайындау жəне беру
толықтай жолға қойылған. Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік
жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (МЖК
ААЖ) ақпараттар базасы облысымыздың 11 ауданында жөне
Тараз қаласында орналасқан жер кадастрлық бөлімшелері,
сондай-ақ, орталық филиал арқылы толықтырылып, облыстық
база бойынша 265 896 жер телімі туралы мəлімет жинақталып
сақталуда.
Облысымыздағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен
тығыз байланыста жұмыстар атқарылуда. Бұл бағытта жер
кадастры, геодезия жəне картография саласындағы мемлекеттік
қызмет көрсету мақсатында ХҚКО жəне «ЖерҒӨО» РМК-
ның Жамбыл филиалы арасында меморандум жасалынып,
2014 жылдың 5 айлық қорытындысы бойынша ХҚКО арқылы
4 мемлекеттік қызмет түрлерінің жұмыстары атқарылып, жер
учаскесіне жеке меншік кезінде – жер учаскесіне жеке меншік
құқығына, тұрақты жер пайдалану кезінде – тұрақты жер пайдалану
құқығы, уақытша өтеулі жер пайдалану /жалдау/ кезінде – уақытша
өтеулі /ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді/ жер пайдалану /жалдау/
құқықтары бойынша жəне уақытша өтеусіз жер пайдалану кезінде
– уақытша өтеусіз жер пайдалану құқықтарын рəсімдеудегі жер
телімдерінің актілері жасалынды.
Жер учаскесінің сəйкестендіру құжаттары болып табылатын
5933 сəйкестендіру құжаттары əзірленіп, оның 123 мемлекеттік
сəйкестендіру актісі ХҚКО арқылы рəсімдеу жұмыстары
орындалды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері жөніндегі
анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-
30-17.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері жөніндегі
бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері жөніндегі
«ЖерҒӨО» РМК Жамбыл филиалының байланыс телефоны: 8
(7262) 45-85-93.
Қазіргі уақытта еліміздің əлеуметтік жəне экономикалық
дамуы барысында ең маңызды мəселелердің бірі – сыбайлас
жемқорлықпен күрес. Жамбыл филиалында өз қызметкерлері
арасында əрдайым жемқорлыққа қарсы күрес мəселелері
бойынша іс-шаралар ұйымдастырып отырады. «Нұр Отан»
партиясы, сот органдары, прокуратура, қаржы полициясы,
əділет басқармасы жəне өзге де құзіретті органдар өкілдерінің
қатысуымен өткізілген дөңгелек үстел, басқа да насихат
жұмыстары жүргізілуде. Қызметкерлер арасында ең əуелі талап
етілетіні кəсібилік, қызметіне адалдықпен қызмет атқаруға талап
қойылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Жамбыл филиалы орналасқан ғимаратта сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күреске байланысты үгіт-насихат құралдары
қазіргі талаптарға сəйкес жарақтандырылған.
«ЖерҒӨО» РМК Жамбыл филиалының алдыға қойған
мақсаты – тапсырыс беруші азаматтардың жаңа стандарт
тəртібінің талаптары бойынша жерге орналастыру жұмыстарын
сапалы жүргізіп, өтініштеріндегі белгіленген уақыт мерзімінде
сəйкестендіру құжаттарын əзірлеп, қызмет түрлері бойынша
нақты кеңес беріп халықтың көңілінен шығу жұмыстары
қарастырылып, облысымыздың аудан орталықтарындағы жер
кадастр бөлімшелерінде «Бір терезе» қағидасы бойынша,
құжаттар қабылдау бөлмелерінде жаңа стандарт бойынша
құжаттар үлгісінің стендтері халық назарына қойылған.
Осы жаңа стандарттық қызметті жетілдіру мақсатында
«ЖерҒӨО» РМК Жамбыл филиалының директоры Н.Ж.
Артаевтың қолдауымен филиал ғимаратының жанынан халыққа
қызмет көрсетуге арналған көлемі 72,42 ш/м болатын қосымша
ғимараттың құрылыс жұмыстарын жүргізу колға алынған.
Осы мақала арқылы Жамбыл облысының тұрғындарына
«ЖерҒӨО» РМК Жамбыл филиалының сенім телефонына 8
(7262) 453575 тікелей хабарласу мүмкіншілігінің бар екендігін
хабарлаймыз.
Мəулен ТОҚСАНБАЕВ, «ЖерҒӨО» РМК Жамбыл
филиалы директорының орынбасары.
Фəнидің
жалғандығына
амалсыздан мойынсұндық. Тоғыз
ай, тоғыз күн құрсағында көтеріп,
бізге жарық дүние сыйлаған асыл
анамыз арамыздан алыстағалы
да, міне он жыл өтіпті. Уақыт
шіркін, неткен жүйрік едің.
Жуалы
ауданының
Шақпақата ауылының тұрғыны
болған, біздің аяулы анамыз
Қалдықыз
Бекмырзақызы
Пайғамбар жасына жеткенде
мəңгілік
сапарға
аттанды.
Жаратқанның
ісіне
қолдан
келер қайран жоқ, шарасызбыз.
Əйтпесе, кім анасын алысқа
аттандыруға
қиюшы
еді.
Əр перзент үшін Ана деген
адамзаттың ішіндегі асылы емес
пе? Біз осылай жазмыштың
бұйрығымен
асылымыздан
айырылып қала бердік.
Жылдар
жылжып,
күн
артынан күн өткен сайын
анамызға деген сағынышымыз
арта
түседі.
Сыбдырлаған
желдің
дыбысына,
жаңбыр
тамшысының
үніне,
шашымыздан сипап, бетімізден
өбіп
өткен
самалға
да
анамыздың ыстық алақаны,
мейірімді үні ме деп елеңдейміз.
Бұл дүниеде жоқ дегенге əлі де
сенгіміз келмейді, амал нешік?!
Қара шаңыраққа жиналып,
бəріміздің басымыз қосылғанда,
асыл
анамыздың
сөздерін,
істерін айтып, еске аламыз.
Жаннатта
болғыр
жанына
сауап болып тисін деп Құран
бағыштаймыз. Жаратқан Иеміз
иманын саламат еткей!
Жаның пейіштің төрінде
нұрлансын, асыл Ана!
Сағына еске алушылар:
ұл-қыздары.
БИЫЛҒЫ ЖЫЛҒЫ ДҮБІРЛІ ДОП
ДОДАСЫНЫҢ БАСТЫ ЕКІ АЛАМАНЫНДА
ЕЛІМІЗДІҢ ТӨРТ БІРДЕЙ КЛУБЫ БАҚ
СЫНАСЫП ЖАТЫР. ҚАЗАҚСТАННЫҢ
БЕС ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ «АҚТӨБЕ»
КЛУБЫ ЕЛ НАМЫСЫН ЧЕМПИОНДАР
ЛИГАСЫНДА ҚОРҒАСА, ЕЛОРДАЛЫҚ
«АСТАНА», ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ «ШАХТЕР»,
АЛМАТЫЛЫҚ «ҚАЙРАТ» ЕУРОПА
ЛИГАСЫНДА ТАМАША ОЙЫНДАРЫМЕН
КӨЗГЕ ТҮСУДЕ. ƏЗІРГЕ БІЗДІҢ
ФУТБОЛШЫЛАРЫМЫЗ 10 КЕЗДЕСУ
ӨТКІЗІП, ОНЫҢ 7- ДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ.
АЛ, ҮШ КЕЗДЕСУ ТЕҢ АЯҚТАЛДЫ.
Иə, бұл тамаша көрсеткіш. Турасы қазақ
футболының тарихында болмаған жетістік.
Енді өткен ойындарға аз-кем тоқталып кетсек.
«Астана» Еуропа лигасының екінші електік
сатысындағы бірінші ойынын жеңіспен бастап,
өз алаңында «Хапоэль» клубын 3:0 есебімен
ойсырата жеңді.
Негізі, «Хапоэль»
оңай
шағылатын
«жаңғақ» емес еді. Алайда, Тель-Авив клубы
«Астананың» алғашқы қарқынына төтеп бере
алмады. Таңат Нөсербаев алғы шепте емін-
еркін ойқастағанда, олар ойын ережесін бұзуға
мəжбүр болды. Ресейлік төреші Сергей Иванов
та батыл екен, «Хапоэль» ойыншысын ойын
басында-ақ қызыл қағаз көрсетіп жазалап,
алаңнан қуды. Пенальтиді Каньяс мүлтіксіз
орындады. Есеп – 1:0.
Бəлкім, осы сəт қонақтарымызға əсер етіп,
аптықтарын басқан да болар. Өйткені, бұдан
кейінгі ойын біздің жігіттердің «жазуы» бойынша
өрбіді. Екінші таймда Таңат Нөсербаевтың
шірене тепкен соққысы əдемі голға айналды.
Ол теңбіл допты қақпа ішіне тоғытып, «Астана-
Арена» стадионына жиналған көрермендерді
қуанышқа бөледі. Таңаттың бұдан кейін тағы
да гол соғатын тамаша мүмкіндігі болған. Бірақ,
қас-қағым сəтте допты қақпаға енгізе алмай,
мүлт кетті.
Есесіне, көп ұзамай Абзал Бейсебеков
тағы да бір əдемі гол соқты. Есеп – 3:0. Осыдан
кейін қонақтардың есепті қысқартатын бір-
екі мүмкіндіктері болды. Бірақ, қақпашы Эрич
пен қорғаушыларымыз олардың ойланып-
толғануларына ерік бере қойған жоқ.
Қарымта матч бүгін Кипрдің Ларнака
қаласындағы
«Антонис
Пападопулос»
стадионында өтеді. «Астана» бейтарап алаңда
үш гол айырмасын уысынан шығара қоймас
деп сенеміз.
Ал, «Қайрат» Еуропа лигасының екінші
електік сатысындағы алғашқы матчында біз
күткен нəтижені көрсете алмады. «Эсбьерг»
клубымен тең түсті. Есеп – 1:1.
Даниядан
келген
«Эсбьерг»
осал
команда емес екен. Тіпті, тəжірибелі ұжым
болып шықты. Ойыншыларының техникалық
шеберліктері жоғары екендігі ойын басында-ақ
көрінді. «Қайрат» өз алаңында көсіле сілтеуге
тырысып еді, оған «Эсбьерг» көндіге қоймады.
Қарсы шабуылдарымен алматылықтардың
қорғанысын піспектеумен болды. Бірінші тайм
алма-кезек шабуылмен аяқталды.
Екінші таймның басында Бауыржан
Исламханның тепкен добы дат қорғаушысының
қолына тиіп, төреші пенальти белгіледі. Осы
жерде Украина төрешісі Александр Дердоға
риза болдық. Əлбетте, мұндай жағдайларда
төрешілер пенальти бермейтін...
Йосип Кнежевич 11 метрлікті мүлт
жіберген жоқ. «Қайрат» осылай алға шықты.
«Эсбьергтің» əлеуетін байқап, алматылықтар
есепті еселемек тұрмақ, осы есепті ұстап
қалса деп едік. Алайда, бұл тілегіміз де
орындалмады. Дат клубы жеңілу үшін
келмегендерін дəлелдеп, матч соңында
шабуылды үдете түсті. Ақыры өз дегендеріне
жетіп тынды. Ойынның соңғы минуттарында
таразы басын теңестіріп кетті.
Əлгі төреші болмағанда, жеңісті өңгеріп те
кетер ме еді... Ойынның соңғы секундтарында
қонақтар
шабуылға
шығып,
олардың
алға ентелеген ойыншысын «Қайраттың»
қақпашысы Хомич шалып жыққандай болды.
«Эсбьерг» ойыншылары мен бапкерлері шулап
қоя берді. Бірақ, төреші пенальти бермей,
ысқырығын шалып, ойынның тəмамдалғанын
білдірді.
Иə, ойын бітпей қалғандай болды. Не
болса да, бұл тартысты доданың жалғасы
– Эсбьергте. Əрине, енді «Қайратқа» оңай
болмайды. Түзде «Эсбьергтен» тактикалық
тұрғыда айласын асыру керек. Десек те,
біз үмітімізді үзбейміз. «Қайраттың» қайрат
көрсетеріне сенеміз, өз əлеуетін толық жүзеге
асырмағанын білеміз.
Дəл сондай, «Шахтер» Еуропа лигасының
осы кезеңіндегі бірінші ойынын түзде «Атлантас»
клубымен өткізіп, 0:0 есебімен тең түсті.
Бұл ойында «Шахтер» басымдық танытты.
Қарағанды клубы көп шабуылдады, соққыны
да көп бағыттады. Рас, алаң иелерінің де гол
соғатын тамаша екі мүмкіндігі болды. Оның
біреуінде доп қақпа бағанасына тиіп, кері
серпілді.
Десек те, «Шахтер» олардан асып түспесе,
кем түскен жоқ. Гол соғатын мүмкіндіктері көп
болды. Қазақстан клубының да бір соққысы
қақпа бағанынан қайтты. Əрі кеншілер
шабуылдары əлдеқайда қауіпті болды. Бірақ,
доп қақпаға енбей қойды...
Осылай жоғары қарқында өткен матч тең
аяқталды. Енді бұл кездесудің жеңімпазы өз
алаңымызда анықталатын болады. «Шахтердің»
шамасын жанкүйерлер жақсы біледі. Сондықтан
жеңісті қолдан бере қоймас.
Осылайша, жалпы есепте «Астана» клубы
3 кездесу өткізіп, жеңіске жетсе, «Шахтер» 3
ойын, 2 жеңіс, 1 тең нəтижеге, «Қайрат» 3 ойын,
бір жеңіс 2 тең нəтижеге, «Ақтөбе» 1 ойын өткізіп
1 рет жеңіске қол жеткізді. Осы нəтижелердің
арқасында Қазақстан УЕФА-ның коэффиценттер
көрсеткішінде 2,125 ұпай жинап, бұл маусымда
Еуропа елдері арасында ең көп ұпай жинаған ел
болып тұр.
Осы көрсеткіштің арқасында Қазақстан
қазіргі
таңда
УЕФА-ның
рейтингінде
32-сатысына жайғасты. Бұл ел футболы
тарихындағы ең үздік көрсеткішіміз. Дегенмен,
32-ші орынды Қазақстан Грузия құрамасымен
бөлісіп тұр. Екі құраманың да соңғы бес жыл
ішіндегі ортақ ұпай сандары – 9,125 тең келеді.
Рейтингте Венгрия, Əзірбайжан, Словакия
құрамалары бізден жоғары тұрса, артымызда
Исландия, Молдавия секілді елдер келеді. Енді
біздің клубтар бір рет жеңіске жетсе, Грузияны
басып озып, Əзірбайжан құрамасының алдына
шығуға зор мүмкіндік туып тұр.
Сөзсіз, биылғы Еуромаусымды біздің
клубтарымыз өте сəтті бастады. Тіл-көзіміз
тасқа, əрине. Өйткені, осы уақытқа дейін
Қазақстан
Еурокубоктардың
бірінші
не
екінші айналымы былай тұрсын, жалпы
қорытындысында 1 ұпайды əзер жинайтын.
Сөзіміз дəлелді болу үшін өткен жылдардағы
көрсеткіштерге көз жүгіртсек. 2010-11 жылғы
маусымда Қазақстан намысын Чемпиондар
лигасы мен Еуропа лигасында төрт клуб
қорғады. Бірақ, клубтарымыздың көрсеткіштері
мүлде нашар болды. Ол жылы біздің клубтар
жабылып жүріп небəрі 0,875 ұпай жинаған. 2011-
12 жылы – 1,625 ұпай, 2012-13 жылы – 1,375
ұпай алған біздің ұжымдар. Ал 2012-13 жылғы
маусымда қарағандылық «Шахтер» Еуропа
лигасының топтық кезеңіне шығып, қоржынға
3,125 ұпай салған еді.
Салыстырмалы түрде алып қарайтын
болсақ, бұл алдыңғы үш жылға қарағанда үлкен
жетістік. Бірақ, бұл жетістікті биыл да қайталап,
тіпті басып озуға зор мүмкіндік туып отыр.
Бірақ, қазірдің өзінде 2,125 ұпай алып,
Еуропа елдері арасында ең көп ұпай жинаған
ел болып тұрмыз деп, арқаны кеңге салуға
болмайды. Себебі, бір өздері алты-жеті
клубтарын қатыстыратын Англия, Испания,
Италия, Германия сынды елдер турнирді əлі
бастаған да жоқ. Бұл негізі Еуропада футболы
қарқынды дамыған, ала доп өнеріндегі алпауыт
елдер. Бірақ, бізге бұлармен теңесу əзірге оңай
шаруа емес.
Дұрысы, біз бұл турнирге клубтары əлі
алғашқы ойындарын өткізбеген, бірақ тізімде
бізден жоғары тұрған Венгрия, Болгария,
Норвегия, Кипр секілді елдердің клубтарының
алдын орайық. Сонда ғана деңгейіміздің де,
ұпайымыздың да өсері анық. Сол кезде, жоғарғы
лига төңірегінде сөз қозғауға болады.
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ТАЭКВАНДОДАН МƏСКЕУ
ҚАЛАСЫНДА БЕСІНШІ РЕТ ӨТКЕН ƏЛЕМ БІРІНШІЛІГІНЕ ҚАТЫСҚАН ЖЕРЛЕСІМІЗ
НЫШАН ӨМІРƏЛІ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ТАРИХЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЧЕМПИОНДЫҚ
ТҰҒЫРҒА КӨТЕРІЛІП, СПОРТТЫҢ ОСЫ ТҮРІНЕН ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ.
Нышан туабітті сол қолының кемістігіне
қарамай, спортты жанына серік етті. Ол үшін
таэквандо спортының əліппесін алғаш ашқан
марқұм Ернұр Нарбеков еді. Жаттығудан
жалығуды білмейтін Нышанды Ернұр да аяған
жоқ, спорттың осы түрінің қыр-сырын үйретуден
жалықпады. Одан кейін Ернұрдың тағы бір
шəкірті Сауран Ахметовтың қарамағында да тер
төкті.
Əлем біріншілігінің алдында Алматыда
жүрген Нышанды жеке жаттықтырушы Алмаз
Əбдікариев шақыртып алады. Ондағы себеп
– интернет желісі арқылы Мəскеу қаласында
маусым айының соңында мүмкіндігі шектеулі
таэквандошылар арасында əлем біріншілігі
өтетінін оқып, білген. Нышанды осы дүбірлі
додаға қатысуға ұсынды. Ол да бірден келісті.
Екі ай Тараз қаласында жаттыққан олар
Мəскеу қаласына аттанып кетті.
Нышанға алғашқы кездесуде қарсыласы
болмай, бірден екінші айналымға шықты.
Мұнда оны əзербайжандық Александр Полищук
күтіп тұр еді. Қарсыласын 8:5 есебімен тізе
бүктірген Нышан ақтық жекпе-жекте Австралия
спортшысы Стивен Кюрримен бетпе-бет келді.
Мұнда да жерлесіміздің мерейі үстем болып,
12:7 есебімен жеңіске жетті.
Осы қос жекпе-жектен кейін қасына келген
бапкері Алмаз Əбдікариев:
– Нышан, сен не «бүлдіргеніңді» білесің бе?
– деп сұрайды.
Шынында да бірдеңе бүлдіріп қойған
екенмін деп қысылған ол:
– Жоқ, – дейді.
– Александр Полищук өткен əлем
біріншілігінің күміс жүлдегері де, ал, Стивен
Кюрри əлем чемпионының өзі болатын, – дейді.
Нышан бапкеріне таңырқай қарағанымен,
олардың шын мəнінде азулы қарсыластар
екенін білмепті, бапкері жекпе-жектер алдында
оның көңіліне қобалжу кірмесін деген ниетпен
айтпаса керек.
Бір қызығы, Нышан бұған дейін не бір
дүбірлі додаға, не бір байрақты бəсекеге
қатысып көрмепті. Алғаш қатысқаны да осы
əлем біріншілігі болса керек. «Барды». «Көрді».
«Жеңді», – деген осы.
Жеңімпаз ұлын жерлестері мен ата-
анасы күтіп алды. Спортшыларымыздың
əкесі құрылысшы Елубай Өмірəлиев, анасы
аудандық балалар емханасының аға медбикесі
Күнменай Бексұлтанованың қуаныштарында
да шек жоқ. Ұлдарының əлем біріншілігі биігін
бағындырғанына əлі де сене алмайтындай.
Ал, Нышан болса сол аңқылдаған қалпында,
қатарымен қауқылдасып, қуанышын бөліскен ел
ағаларына рахметін айтуда.
Міне, осылайша Таластың тағы бір түлегі
Мəскеуден əлем чемпионы болып оралды.
Дүйсен ЕРМАШҰЛЫ.
Талас ауданы.
Жаңа туынды
МЕССИ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ЖАРЫҚ КӨРДІ
МЕССИ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ЖАРЫҚ КӨРДІ
Алекс да ла Иглесиа режиссерлік еткен
туынды даңқты футболшының суреттерін,
сұхбаттарын, бұрын жарияланбаған видеоларын
көрсетеді.
Сондай-ақ,
көптеген
танымал
тұлғалар Месси туралы пікірімен бөліседі.
– Мен тек фильм түсірушімін, тіпті сценарий
де жазбаймын. Бірақ, таныс емес салада өзімді
сынап көргім келеді. Түсіру туралы өтініш түскен
соң шамам келгенше барымды салдым. – дейді
деректі фильмнің режиссері.
Лионель Мессидің балалық шағын сомдау
Хуан Игнасио Мартинес есімді балақайға
бұйырды. Оған қоса, Хорке Вальдано, Диего
Марадона, Цезар Луис Менотти, Алехандро
Сабелья, Йохан Кройф сынды даңқты
футболшылар да фильмге түсті. Андрес
Иньеста, Жерар Пике, Хавьер Маскерано, Хосе
Пинто секілді «Ла Пульганың» командалық
əріптестерін де кадрлардан көруге болады.
Түсірілім
жұмыстарының
басым
бөлігі
Аргентинаның Росарио мен Буэнос-Айрес
қаласында өтті.
Фильмнің премьерасы 2 шілде күні Рио-де-
Жанейро қаласында болды. Таяу арада əлемнің
басқа кинотеатрларында «Месси» фильмі
көрермен назарына ұсынылады.
Аргентина ұлттық құрамасының жəне «Барселона» футбол клубының
шабуылшысы Лионель Месси туралы фильм көрерменге жол тартты.
ЕРТЕҢ «ТАРАЗ-АРЕНА» СПОРТ САРАЙЫНДА МЕМЛЕКЕТ
ЖƏНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ Д.А.ҚОНАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА
Достарыңызбен бөлісу: |